Красота спасёт мир.
лики. Назовите его.
1. Шаяхметов. 2 .Кастеев. 3. Кенба-
ев.
ональных музыкальных инструментов.
1. арфа. 2. домбра. 3. кобыз.
жиссером.
1.Асанали Ашимов. 2.Шакен Айма-
нов. 3. Кененбай Кожабеков.
V-тур.
Астану. (1998 г.)
“Astana’ , listening the dialogue.
atmosphere in the classroom.
1. Organization moment
2. Home task . Find information?
Photos and pictures about Astana.
3. Warming- up
Never put of till tomorrow. What can
4. New theme.
Teacher: we’ll, have a flight to Astana.
visit Astana. Welcome to Astana .
5. Song : Astana.
6. Describe Astana.
G: Hello! My name is…. This is your
group of tourists. They are from different
countries, welcome to the bus. We are
starting our journey around Astana.
ASTANA
Astana is the capital of Kazakhstan. It is
river Esil. It has a population of over seven
hundred thousand people. Today we
listening the information about Astana.
G: Oh, dear friends look here. Who
entertainment center of Duman.
G: Dear friends, look at the Akhorda.
of Peace.
let’s play a game. Your task is to
words.
Great Britain.
T: let’s play the national game Baiga.
is Kazakh.
T: The next game is polyglot. Say
these words in three languages.
T: The next game. Listen to the text
and translate. Text Astana.
T: The next game. Match the words
with the pictures.
The next game. Find the pictures and
complete the sentences.
Astana is the capital of Kazakhstan.
London is the capital of Great Britain.
the letters.
G: The next game. Unscramble the
G: Oh, enough, enough. It’s time for
our dinner. Come on to the canteen.
I was glad to see you in our city.
Good-bye.
7. Conclusion
Г. АКТОБЕ
29 сәуір 2016 жыл
16
АШЫҚ САБАҚ
ОТКРЫТЫЕ УРОКИ
Музыка
Гүлнұр АЛДАНОВА,
Шалқар қаласындағы Қазанғап
Тілепбергенұлы атындағы саз
мектебінің қобыз класының
мұғалімі
Қобыз - қазақ халқының кең байтақ
өлкесінде емін-еркін сайрап келген
өнер аспабы. Мыңдаған жылдар бойы
халық қобыз аспабын киелі санап, оны
құдіретті күшке балаған. Өткен дәуір-
лерде көптеген майталман қобызшы-
лар болған. Олардың өнерлері ұрпақ-
тан-ұрпаққа жалғастырылып біздің за-
манға жетті.
1934 жылы бүкіл Қазақстан өнерпаз-
дарының бірінші слетінен кейін 25 шілде
айында арнайы үкімет қаулысымен
тұңғыш рет қазақтың халық аспаптар
оркестрі құрылды. Осы бір игілікті істің
үйтқысы болған талантты дирижер, та-
лапты ұйымдастырушы Ахмет Жұбанов
оркестрдің көркемдік жағын басқарушы,
әрі бас дирижері болып тағайындал-
ды. Оркестр құрамына атақты қобыз-
шылар Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев
және Ж.Қасымов шақырылды.Оркест-
рге лайықталған қобыздың түрлерін
жасау жұмысы 1937 жылдан бастап
қолға алынды. Бұл жұмысты ағайынды
Б.И.Романенколар және Қамар Қасы-
мов қолға алған. Қыл қобыздың жалпы
құрылысын, аспаптың жасалу негізін
сақтады. Сол әдіс арқылы ескі аспап-
тың дыбыс ерекшелігін сақтауға тыры-
сты. 1937 жылы тамыз айында оркестр
нотамен ойнауға көшірілді, әрі прима-
қобыздың алғаш үлгісі жасалынды.
1945-46 жылдар ішінде үш ішекті
қобызды ұстап ойнау әдістері анықта-
лып, аспап ішегіне саусақтар орналас-
тыру әдісінің жаңа жолы қалыптасты.
Петербург консерваториясының түлегі,
атақты скрипач Л.С.Ауэр шәкіртіИ.А.-
Лесман, 1935-1951 жылдары Алма-ата
музыкалық техникумының скрипка кла-
сы бойынша сабақ бере отыра, прима-
қобызда ысқышты үстау, оны жүргізу
тәсілдерін қалыптастырды. Иосиф Ана-
тольевич ысқыш ұстаудың әдісін скрип-
ка ысқышын ұстау методикасына ұқса-
стырды. Сол қол қойылымы, ішекке са-
усақ қалыптастыру жұмыстарын анық-
тай келе, бұл аспапқа оқулық жазуға
кірісті. Гаммалар жинағын жазды. Оған
саусақ белгілерін қойып, жеңіл штрих-
тер пайдаланды. Сөйтіп, қобызда ой-
нау өнері үшін оқулық жазудың алға-
шқы қадамы жасалды.
1944 жылы Алматы мемлекеттік кон-
серваториясы ашылып, оның жанынан
қобыз класының үйымдастырылды.
Ғасырлар бойы әркім өз бетімен ойнап
келген қобыз аспабына жаңа бағыт
қарастырылды. Әр жерден қобыз кла-
стары ашылып, аспапты меңгерудің
профессионалдық жолдары пайда
Гаухар САРСЕНОВА,
Шалкар аудандық
көркемсурет лицейінің мұғалімі
Мақсаты: Отбасылық тәрбиенің үздік
үлгілерін насихаттау.
Отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығу-
шылықтарын дамыту, жанұядағы сыйластыққа,
адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
І-жүргізуші: Көктем келсе сағынған қарашаны,
Ерке қыз жеңгесімен жарасады.
Бәріне бақ-береке біз тілейміз,
Қарсы алыңдар, қол соғып тамашаны.
ІІ – жүргізуші: Қазіргі заман қыз тәрбиесіне
ерекше мән беруді қажет етеді. Әрбір қыз бала
бойжетіп, ата – анасының жанында бұлғақтаған
дәуренін қалдырып, басқа үйге келін болып түсуі
– өмір заңдылығы. Әсіресе қыз анасы немесе жең-
гелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс –
тұрыс сыпайлығы, әсемдік, жинақтылық пен таза-
лық , өз бойын күту мен ашық қабақтылық туралы
үйретіп жүрегіне ұялатуға күш салады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші
шаңырақта дұрыс тәрбие көрмеген сәби ертеңгі
күні сол тамырсыз тәрбиені өз отбасында қайта-
лайды. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ақылшы әже,
әулеттің ұйытқысы.
І – жүргізуші:
Ағайынға аймақ болған жеңешем,
Абысынға қаймақ болған жеңешем.
Жасық болмай жайнап жүрші, жаным деп
Қайын сіңлісіне қайрат берген жеңешем!
Еркем-ау, ақмаралым, күн мен айым,
Сен сұрасаң мен неге құр қалайын,
Жіберсе біреуден хат-хабарын,
Талай рет түн жамылып жорғалайын.
Ауылыма көрік берген жеңешем,
Бақ құсындай келіп қонған жеңешем.
Қиынын да, қызығын да тең бөліп,
Жақсы ағаға көрік болған жеңешем.
Ақ жеңешем үлгі-өнеге көзіндей,
Қазағымның дәстүрлерінің өзіндей.
Қалпыңменен жет келешек ұрпаққа,
Көнермейтін кемеңгердің сөзіндей. – дей келе
ортаға жеңге мен қайын сіңілілерді шақырамыз.
І – жүргізуші: Олай болса сайысымыздың І
кезеңі. Таныстыру .
ІІ- жүргізуші: ІІ кезең.
Өнері өрге жүзер талаптының,
Таланты талмай ұшар қанаттының,
Әртістер бар өмірде даңқы асқан.
Көрейік біз өнерін әртістердің – деп бұл шар-
тымызда сайыскерлеріміз алдарымызға өз бой-
ындағы өнерлерін көрсетеді.
І – жүргізуші:
Сайыстың үшінші бөліміне өтейік. «Анадан
өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алма-
ған ұл жаман» дейді атам қазақ. Сөзге де ше-
бер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен
өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – оның
қолөнері. Бұл бөлімнің шарты бойынша жеңгелер
ұршық иіреді , аруларымыз ою ояды. Күрделі әрі
ұқыпты ойылған ою жоғары бағаланады.
ІІ – жүргізуші:
Ән: « Ана»
Келесі шартымыз «Тығырықтан шығу» деп ата-
лады/Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі. өз
пікірлеріңізді білдіресіздер./
Жеңгелерге:
• Сіздің қайынсіңіліңіз озат оқушы.Үй шаруа-
шылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе
істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
Қазақтың ұлттық бас киімдерін атаңыз.
• Сіз үлгермей жатырсыз қайынсіңіліңіздлі кешкі
ас дайындап, ыдыс жууы керек болды. Оның ор-
нына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай
әрекет қолданасыз?
• Қайынсіңіліңіз туған күніне достарын шақыр-
ғысы келді, бірақ ата- анасы қарсы. Бұл жағдай-
ды қалай шешер едіңіз?
• Қайынсіңілін қонуға келді. Түннің ортасында
ол шығып кетеді. Шығып кеткенін білмей қаласыз,
бірақ таңата үйге кіріп келе жатқанын көресіз.
Сіздің әрекетіңіз.
Жеңгелермен қайынсіңілілер дайын болғанша
кезекті әнге береміз:
Ән : «Байқоңырым» орындайтын Көркемсу-
рет лицей оқушылары Қазиев Алмат пен Ораза-
лин Наурызбек
І – жүргізуші: Жеңге қайынсіңіліредің жауап-
тарын тыңдайық.
ІІ – жүргізуші:
V кезеңі «Сұлулық сыры» деп аталады.
Бұл кезеңде жеңгелері қайынсіңілілеріне киім
үлгісіне сай шаштарын сәндеп беруі керек.
Сайыскерлеріміз дайын болғанша, музыкалық
сәлемдеме. « Ал құрбым»
ІІ –жүргізуші:
VІІ кезең. Үй тапсырмасы. Бұл шартта үйде
дайындап әкелген заттарын қорғайды.
Әділқазының шешімі дайын болғанша кезекті
әнге береміз.
Ән: «Аcтана»
I-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу
жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды
анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
болды. Сондай оқу орындарының бірі
К.Байсейітова атындағы музыка мек-
тебі еді. Бұл кездері үш ішекті прима-
қобыз мамандар ортасында үлкен сен-
імге ие болган еді, дегенімен кемшілік-
тері ойнау барысында: оның кеңістік
диапазоны, прима партиясын орында-
уында қиындық тудыратын аппликату-
ра, ми ішегінің жоқтығына байланыс-
ты жоғарғы регистрлі прима партиясы-
ның міндетін орындай алмайтындығы-
айқындалды. Прима-қобызға төртінші
ішек қосып өзгеріс еңгізу, оны скрип-
каға айналдыру деген талас- пікірлер
кезінде дискуссияға айналып, аспапты
өзгертуіне көп адамдар қарсылық
білдірген.Мектеп шеберханасында
жаңа қобыз түрлері жасалып, олар сы-
наудан өтіп, нәтижесінде 1953-54 жыл-
дары төрт ішекті прима-қобыз алғаш
рет К.Байсейітова атындағы музыка
мектебінің бастамасымен іс жүзінде
қолданылып, кейіннен Құрманғазы
атындағы Мемлекеттік академиялық
халық аспаптар оркестрі мен Мемле-
кеттік консерваторияға да қабылдан-
ды.
Қобызға тағылған төртінші ішек ас-
паптың диапазонын кеңейтіп, оны кең
көлемді, мүмкіншілігі мол аспапқа айнал-
дырды. Оның сыртқы мазмұны, ұлттық
үні, конструкциялық формасы, орындау
ерекшелігі түгілімен сақталып қалды.
Прима-қобыздың диапазоны төрт ок-
тавадан асып, әрбір позицияның өзінде
екі октавадан артық дыбыстар пайда
болды. Осыдан кейін бұл аспапта при-
ма үшін жазылған партияларды ойнау
ойдағыдай жеңілдеді. Скрипка аспабы-
ның аппликатурасын игерудің нәтиже-
сінде қос нота, аккордтар алу мүмкіндігі
туды. Ең бастысы скрипка оқулықтарын
қабылдай алатын болды.Ұлттық
өнердің осыншама қыруар жетістіктер-
іне жетуіне, прима-қобыз аспабының
дамуына көп үлес қосқан Досымжан
Тезекбаевты атап кетпеу мүмкін емес.
Д.Тезекбаевтың класынан Ғ.Молдака-
римова, Р.Мұсақоджаева, Ғ.Шілдеба-
ева т.б атақты прима-қобызшыларса-
бақ алған.
Атадан мұра болып келе жатқан
қобыз өнері осы күнге дейін ұрпақтан-
ұрпаққа жетіп, Ахмет Жұбанов жер-
лесіміздің халық аспаптарды қайта жа-
ңғыртып шығаруының арқасында ке-
мелі мол аспапқа айналды.Осы күні
прима-қобыз халқымыздың сұранысы-
на иеленіп, домбыра мен қатар тұрған
аспаптардың бірі болып келеді. Өз тың-
даушысын тауып, шет мемлекеттерді
өзіне тән нәзік үнімен таңдандырды.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
Айтмағамбетова Дариға
Қонашқызы
Қазанғап атындағы балалар
өнер мектебінің
домбыра класының оқытушысы.
Қазақтың күйшілік өнерінің үлкен екі
арнасы – төкпе және шертпе болып
бөлінетінін жоғарыда айтып кеттік. Біздің
әңгімеміздің өзегі осы арнаның бірегей
түрі – шертпе күй туралы болмақ.
Шертпе күй – аты айтып тұрғандай
шертіліп тартылатын күй, мұндағы
сөздің түбірі – «шерту» етістігі, музыка-
лық сөздікке кейіннен енген атау (ерте-
де күйді бөле атау үрдісі жанрлық ерек-
шелігіне байланысты болған, мысалы –
жыр күйлер, би күйлер, ойын күйлер т.б.)
Кейбір зерттеулердегі «шер» сөзінен
шыққан , іштегі шерді қозғайтын күй
деген анықтаманың көңілге қонуы қиын,
төкпе болсын, шертпе болсын, қазақта
шер қозғамайтын күй бар ма?
Қысқасы, шертпе – тарту техникасы
көбінесе бір ішекті саумалай шерту
әдісіне құралған күйлер. Мінезіне келсек
– жалпы ұлттық күйшілік дәстүрге ортақ
қарекеттің барлық белгілері бар, біржақ-
ты «жуас» деу жаңсақ ұғым, себебі –
шертпе мектебінен шыққан екпіні төкпе-
ге барабар әбжіл күйлер толып жатыр
(мысал үшін – «Салкүрең», «Дайрабай»,
«Ыңғай төкпе», «Көкбалақ» т.б.) Сон-
дықтан, шертпе күйдің табиғатын тану-
дың бір амалы – аймақтық мектептерін
анықтау.
Қазақтың тамаша күйшілік мектеп-
терін орнықтырып кеткен ұлы
күйшілердің шығармашылығын барла-
ғанда - әуені мен тартысына қарап қай
өлкенің тумасы екенін анықтауға әбден
болады, өйткені, ғасырлар бойы қалып-
тасқан белгілі бір сарындар тобы сол
топырақтың ғана меншікті мақамына ай-
налып кеткен, күй қай аймақта, қай
уақытта туса да қазақтың құлағы оны
жазбай танитынысодан. Әрбір аймақ-
тың тілінде, киімінде, қолөнері мен тұты-
натын заттарында сол жерді мекенде-
ген елдің қауымдық ерекшелігіне тән
айырмашылықтар болатынын этног-
рафтар да жоққа шығармайды, алай-
да, бұл факторлардың болатынын ұлт
мұрасының тұтастығына нұқсаны жоқ,
керісінше, мәдениетіміздің байлығы мен
байтақтығы болып саналады.
Қазақ тарихын түркі заманынан бас-
тап зерттеген орыс ғұламасы - Л.М.Гу-
милев шығыс өркениетінің Алтай жері-
нен бастау алғанын жазады, қазіргі ке-
зеңге дейін жетіп отырған алтайлық
әндер мен күйлерді тыңдағанда олар-
дың көне түркілік сазға құрылғанын
аңғару оңай. Музыкатанушы – ғалым
ПРИМА ҚОБЫЗДЫҢ
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ДАМУЫ
П.Шегебаев бұл мектеп туралы мына-
дай пікір айтады: «...Шығыс аймақта
дамыған аспаптық үлгі қазақ музыка
мәдениетіндегі ерекше құбылыс. Мұны
тарихи тағдыры бір түркі мұңғұл халық-
тарынан қалған мәдениет деп тануға
әбден болады. Аспаптық шығармалары-
ның обертонға бай, тембрлік бояулары-
ның қою (қоңыр) болатыны соның әсе-
рінен». (Шығысқазақстандық аспаптық
музыканың стильдік ерекшеліктері. Ма-
қала. Музыкальное искусство: Наука и
образование. Ғылыми еңбектер жи-
нағы, Астана – 2004.) Шертпе өнерінің
белді өкілі – Байжігіттің күйлерінен тек
Шығыс өлке емес қазақтың барлық күй
мектептеріне ортақ қайырымдарды кез-
дестіруге болады. Айтпағымыз, қазіргі
шертпе күй мектептерінің қалыптасуы-
ның басы – қасиетті Алтай жерінен ба-
стау алады деген тұжырым.
Қазақтың шертпе күйлерінің аймақ-
тық ұяларын былайша тарқатуға бола-
ды:
1. Шығыс Қазақстандық (Алтай – Тар-
бағатай) күйшілік мектеп;
2. Арқа күйшілік мектебі;
3. Жетісу күйшілік мектебі;
4. Қаратау күйшілік мектебі;
Жеке тұлғалардың орындаушылық
мектептері:
1. Байжігіт мектебі;
2. Тәттімбет мектебі;
3. Қожеке мектебі;
4. Сүгір мектебі;
Өнерде ерекше ізі қалған күйшілердің
мәнерлік мектептері:
1. Әбікен мектебі;
2. Жаппас мектебі;
3. Мағауия мектебі;
4. Төлеген мектебі;
5. Нұрғиса мектебі;
6. Уәли мектебі.
Әлбетте, осы аттары аталған
күйшілердің тартыс үлгілері қазақ музы-
касының алтын қорында сақтаулы, сон-
дықтан кейінгі орындаушылардың шер-
тпелік өнерде бірден – бір бағыт алар
бағдары болып отыр. Оның үстіне осы
үлгілерге еліктеп өскен бір қауым
күйшілер буыны өсіп жетілді.
Қазіргі уақытта шертпе дәстүрін да-
мытып, аймақтық күйшілік мектептердің
салтын сақтап жүрген домбырашылар-
дан – Боран құл Қошмағамбетов
(марқұм), Мұхаметжан Тілеуханов, Та-
ласбек Әсемқұлов, Дәулетбек Садуақа-
сов, Білал Ысқақов, Секен Тұрысбеков,
Рымхан Әбілханов, Базарәлі Мүптеке-
ев, Саян Ақмолда, Сәрсенғали Жүзба-
ев, Мұрат Әбуғазин, Қайрат Айтбаев,
Арман Қадырбектердің есімдерін атауға
болады.
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ АЙМАҚТЫҚ ҰЯЛАРЫ
Сабақтың мақсаты: Өне-
рдегі көркемдік бейнелерді айқ-
ындау. Жыр, күй, сурет өне-
ріндегі батырлардың көркемдік
образдары жайлы әңгімелеу.
Электрондық оқулық арқылы
ойлау, есте сақтау, көру қабілет-
терін дамыту; ой түйіндеуге, шы-
ғармашылықпен жұмыс істеуге
жұмылдыру; ой - өрісін кеңейту.
Дәулеткерейдің «Көрұғлы» және
халық күйі «Қарасай» күйлерін
тыңдата отырып, ерекшелігін
табу. Ән айту дағдысын қалып-
тастыру. Қазақ батырларының
ерлігін жырлау арқылы, ерлік-
терін қастерлеуге баулу. Қазақ-
тың тарихи тұлғаларын біліп,
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Әндетіп амандасу.
2. Психологиялық тренинг.
3. Ой қозғау стратегиясы.
- Балалар, қазақ халқының
даңқын қандай батырлар шы-
ғарды
- Қандай ерлік, Отан туралы
мақал – мәтелдер білесіңдер?
Сабақтың тақырыбы мен мақ-
сатымен таныстыру
2. Ой шақыру. «Қазақ батыр-
лары» тірек - сызба арқылы
жұмыс
ІІ. Мағынаны тану. Баяндау
әдісі.
1. Өнердегі қазақ батырлары-
ның көркемдік бейнесі. (Қазақ
батырлары туралы видеофиль-
мнен үзінді көрсету)
2. Музыка тыңдау.
Дәулеткерейдің «Көрұғлы»
күйін «Мұрагер» фольклорлық
ансамбілінің орындауында тың-
дап көрелік!
3. Музыка тыңдау.
Енді халық күйі «Қарасай»
күйін тыңдайық.
4. Біліп ал!.
Евгений Сидоркин (1930 -
1982) — график - суретші. Қазақ-
станның халық суретшісі атағы-
на ие болған. Суретшінің басты
бағыты литография және линог-
равюра. Е. Сидоркиннің көпте-
ген жұмыстары кітаптарды су-
ретпен безендіруге арналған.
Суреттерінің тақырыбы: «Қазақ
халық ертегілері», «Көңілді ал-
дампаздар», «Қазақ эпосы»,
«Қазақ халық ойындары»,
«Сәкен Сейфуллинді оқыған-
да», «Абай жолы» т. б.
5. Түсініп ал!
- Графика – тушьпен немесе
қарындашпен салған сурет
өнерінің түрі. Суретті салуда 1
немесе 2 ғана түсті қолданады.
- Гравюра – графиканың бір
түрі. Сурет кескінін ағаш, лино-
лиум, тас немесе металдан
ойып оны қағазға басып салу ар-
қылы жасалатын сурет түрі.
- Литография – үгітілмелі
жұмсаз тасқа сурет кескінін
қашап салып, қағазға басып
шығаратын сурет түрі.
- Линогравюра – линолиум-
де сурет кескінін ойып, қағазға
басып шығаратын сурет түрі.
6. Галереяға саяхат.
Суретші Сидоркиннің «Ба-
тыр» «Жекпе - жек» т. б. шығар-
маларымен таныстыру.
ІV. Сергіту сәті. Жалғасын тап!
Мақал - мәтелдің жалғасын
табу.
Батыр бір рет өледі.....
Қорқақ мың рет өледі.
ӨНЕРДЕГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ
КӨРКЕМДІК БЕЙНЕСІ
Достарыңызбен бөлісу: