25 қараша 2016 ж жұма №130 (18492) 2-бет. Жандос



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата05.02.2017
өлшемі7,23 Mb.
#3480
1   2   3   4   5

25 қараша 2016 жыл

Сарғайған жапырағы мұңайса бақ,

Алмайсың көргеніңнен қалай сабақ?!

Айналған сыбызғыға аяқ асты

Қурайлар жүр өздерін Құдай санап.

«Шоқты да, – десе көсеу, – келем көсеп»,

Біреуге бойы аласа көлеңке сеп.

«Ең мықты ағашпын!» – деп сықырлайды,

Кісінің астындағы емен төсек.

Қатпайды болмашыға миымыз көп,

Тапқан мәз олжасы мен сыйын іздеп.

Шұлғаулар  шұлықпенен  жағаласса,

Ұлтарақ мақтанады киізбін деп.

Жемқорлар жең ұшынан жағаны ашып,

Бауындай тонның ішкі араласып

Жатқанда сандықтағы торқа,жібек

Күйеге жем болыпты қара басып...

,,,,,,,,,,,,,,

,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

Жер бетіне келіп, жүріп, тұрғалы,

Ұрлықшылар байлығымды ұрлады.

Тонады олар малқораны, үйімді,

Тонады олар үстімдегі киімді.

Ұрылардың жырындысы, сұмдары

Алтын, күміс, жақұтымды ұрлады.

Қой терісін жамылатын қулары

Ырысымды, несібемді  ұрлады.

Ұры деген мұнымен де тынбады,

Ең қымбатты уақытымды ұрлады.

«Ұры сол!» – деп ешкім батып айтпады,

Ұрлатқаным маған кері қайтпады.

Жемқорларды құрту керек десек те,

Бар ұрыны алу қиын есепке.

Ұрылар бар абақтыға тап болған,

Ұрылар бар мерзім өте ақталған.

Әр заманның сұрқылтайы ұрылар

Заманға сай әккіленер, шынығар.

Жердің үстін, жердің астын тонаған

Ұрыларды кісі бар ма сабаған?!

Ішкен асын зорлықпенен табатын

Ұры қолын кісі бар ма шабатын?!

Алдап-арбап өткізсе де тірлікті,

Олжа дейді кейбір мықты ұрлықты.

Халқымызды тонап жатқан ұры кім?

Анық білмей жүргендердің бірімін.

Қиянатқа қалай көніп жатамыз,

«Ұрлық түбі 

– қорлық» деген атамыз.

Бірақ, қанша тайрандасын ұрылар,

Түбі келіп бір пәлеге ұрынар.

Қатты керек алаңға жиылыпты көп сұйық,

Бойшаңдарды ысырып, мықыр отыр түксиіп,

Жылу керек жерде де, жарық керек жерде де

Майшам жатыр жантайып, сығырайып, сықсиып.

Астан-кестен төңірек, жер сілкінген секілді,

Аурудың емі жоқ, ел сергелдең секілді,

Көрген көзде жазық жоқ, айтқан тілде қазық жоқ,

Тек Жаратқан жар болып, қолдай көрсін ниетімді.



Ақылбек ШАЯХМЕТ

r

Ұрылар



Көрген көзде жазық жоқ

Айдың нұрын сағынсақ, күннің көзін сағынсақ,

Әр нәрсе өз орнында, оның аты  әлімсақ.

Әлімсақтан сақталған ережені бұзуға,

Қағиданы сызуға біреулер жүр барын сап.

Суға жайып жылқыны, қырда өсірген балықты

Көзің жетіп көрдің бе көшіп-қонған халықты?!

Бас төменде, аяғың жоғарыда болса егер,

Өмір сүре алар ма ең тіршілікте қалыпты?

Қандай сезім ойнайды көтеріңкі кеудеде,

Кітап неге симайды ат шаптырым бөлмеге?

Табаныңды жылытар түгі қалың кілемді

Қоямыз-ау төрге іліп қойғандай-ақ көрмеге.

Қылымсыған бойжеткен бай жігітті «арқандап»,

Ажырасқан әйелдер қалтасы бар «шал» таңдап,

Суға кеткен тал қармап, басқа қонған шортан-бақ

Шабақтарды қылғытып, жемқорлар жүр талтаңдап.

Өмір


 

Өмір, өмір өзіңе алаңдадым,

Бәрі есімде тағдырға таланғаным.

Әлі есімде кірпіш боп қалғаным,

Жар сүйіп бала сүйіп рахат кешкен,

Өмірім – өлеңім, қалам алдым.

Балалық шақ ақ шабақтай тулағаны,

Жастық шақ шағаладай шулағаны.

Жасырмаймын өтті өңештен ащылар да, 

Өкпені көк түтінмен улағаны.

Қақтым мен тым ертерек қанатымды,

Балалық па, сезбеппін талантымды.

Жетер-жетпес он бес жаста бітіріп мектеп,

Отырдым ұстазым отырған орындыққа,

«Көк» дегендей кеуде қақтым Болатынды.

Жоғарғы оқу орнын оқымадым,

Көп дегендей өзімше тоқығаным. 

«Қолынды кеш сермедің» деген Абай, 

Мен бүгін ойланып та отырғаным.

Сүрттім де бұлдыраған жанарымды,

Қарасам әкем үнсіз, анам мұңды.

Көзімді жұмып тағы да ұйықтап кеттім,

Түсімде үлкен атам ұсынып тұр,

Жердегі түскен қағаз бен қаламымды.

Бір уақытта күңіреніп қобыз сарнап, 

Айырбастардың арамдыққа адалыңды.

Шалаптай шайқалттың-ау талабыңды,

Талаттың тағдырыңа таланыңды,

Келтірдің бойындағы барлық құнды.

Жолдас болды-ау арың емес, арақ жынды,

Орал, ботам, ортаға орал енді.

Қамытты-ау қара түнек қарағымды, 

Деген бір мен естідім қоңыр үнді.

Рас, рас күйзелдім жараландым, 

Шөлдедім су, у іздеп жағаладым.

Ойлы қырлы соқпақты араладым,

Ақыл айтса жек көрдім ағаларым.

Тыңдадым, ештеңеге қарамадым,

Түсімді көзді жұмып сараладым. 

Жасқа толды еріксіз жанарларым,

Аруағына бас идім бабалардың. 

Айналайын, аруағыңнан қара нарым,

Деген бір ақ ниетті тілегім мен,

Мен сүйдім жан атамның жайнамазын.

Бүгін мен белеске биіктедім,

Қуанып шашу шашты сүйікті елім.

Табиғат көңіл ашар күйін тартып,

Сүйіншілеп елестеді киіктедім.

Әнім үйім, жырым панам әр кезде, 

Дей алмаймын бәрін-дағы  бітірдім.

Мұқағали, Төлеген, Шәміл Кеңшілік,

Жыр жолыңда мені әр кез күттірдің.

Өмір – өлең, өзен болып аға бер,

Өзім емес, Алла қояр үтірін.

Болат МОЛДАШҰЛЫ,

ақын, сазгер.

Арқалық қаласы.

Лев Толстой

34 жасар Лев Толстой 18 жасар жаңа түскен әйелі Софья Берспен 

неке түнінің алдында күнделігіндегі өзінің өзге әйелдермен, әсіресе кре-

постной шаруа әйелдерімен махаббат шытырмандары егжей-тегжейлі 

жазылған беттерін оқуға мәжбүрлеген. Толстой әйелі екеуі арасында 

ешқандай құпия болмағанын қалаған. 

***

Лев Толстой романдарына сыни көзбен қараған, оның ішінде «Соғыс 



пен бейбітшілік» те бар. 1871 жылы ол Фетке хат жібереді: «Бұдан былай 

«Соғыс» сияқты ұзын-сонар түкке тұрмайтын шығармаларды жазбайты-

ныма қуаныштымын».

***


Лев Толстой ішкі кресттің орнына француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо-

ның суретін тағып алып жүретін болған. 

Агата Кристи

Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ол әскери госпитальда медбике 

болып жұмыс істеген. Кейін дәріханада жұмыс істеген, себебі уларды жақ-

сы айыра алған және кітабындағы көптеген өлім осы у ішкеннен болған.

*** 

Агата Кристи дисграфиямен ауырған, яғни қолмен жаза алмайтын 



болған. Оның барлық танымал романдары айтып отыруы бойынша жа-

зылған. 


***

Агата Кристидің танысы Браян Алдисс бірде оның әдістері жайлы 

былай айтып берген: «Ол кітапты соңғы тармағына дейін жазып шығатын 

да, кейін ең алмағайып күдіктіні таңдап, оны аяқтан шалу үшін бастапқы 

тармағындағы кейбір жерлерін өзгертетін болған».

Антон Чехов

Антон Чехов аса ыждаһаттықпен пошта маркаларын топтастырған. 

Ол өмір бойы оларды жинап өткен. 

***

Чехов  3-ші сыныпта ауызша әңгімелеуден нашар болғандықтан екін-



ші жылға қалған.

***


Чехов шығармаларын жазар алдында мерекелік киім киіп алатын 

болған. 


Артур Конан Дойл

Шерлок Холмсты ойлап тапқан Артур Конан Дойл оккультист болған 

және кішкентай қанатты перизаттардың өмір сүретініне сенген. 

***


Артур Конан Дойл Шерлок Холмс жайлы әңгімелерінде кримина-

листиканың сол кездері полицияға мәлім болмаған көптеген әдістерін 

сипаттайды. Олардың ішінде темекі тұқылдары мен күлін жинау, басу 

машинасын идентификациялау, оқиға болған жердегі іздерді лупа арқылы 

қарау. Кейін полиция қызметкерлері Холмстың осы және өзге де әдістерін 

пайдалана бастайды. 

***

Артур Конан Дойл бірде Шерлок Холмс жайлы « Бірде-бір сүйкімді  



қасиеті жоқ,  нашақор» дегені үшін Бернард Шоумен нашар қарым-қа-

тынаста болған. 

***

Артурдың Дойлдың қабірі үстіндегі құлпытасында жесір әйелінің 



өтініші бойынша серілік ұран жазылған: Steel True, Blade Straight («Бо-

латтай сенімді, дәл қылыштың жүзіндей»).

Оскар Уайльд

Оскар Уайльд Диккенстің шығармаларын ешқашан байсалды қабыл-

дамаған және әр себеппен мазақтап күлетін. Жалпы, заманауи жазушылар 

Чарльз Диккенске ешқашан британияның үздік жазушыларының тізіміне 

кірмейсің деген. 

***


  Өлер алдында Уайльд кейбір себептерге байланысты атын Себас тьян 

Мельмот деп ауыстырған.

Эрнест Хемингуэй

Эрнест Хемингуэй пейрафобиямен (көпшіліктің алдында сөйлеуден 

қорқу) ауырған және оқырмандарының жылы лебіздері мен мақтау сөз-

деріне ешқашан сенбеген. Тіпті достарына да сенбеген. 

***

Хемингуэй бес соғысты бастан кешкен, төрт көлік және екі әуе апа-



тына ұшыраған. 

− Адамзат баласы, қасірет! 

Қасірет! 

Халық түсінбей тұр. Аса тая­

ғы шошаңдаған дәруіш олардың 

арасында жүгіріп жүр. Мен де 

мектептен шыққан болатынмын. 

Елдің бәрі мәдениет үйінің ал­

дына жиналып қалыпты. Жолым 

осылардың үстін басып өтетін 

болғандықтан  жиылып  тұрған 

жандардың  санын  көбейтіп, 

қастарына келіп тұрдым. 

− Қарғыс атты бізді! Қарғыс 

атты! Ұғасыңдар ма пенделер, 

бізді қарғыс атты! 

Пенделер! Адамзаттық ақыл­

ой дәрежесінің шыңына шығып 

алып тырбаңдаған тіршіліктен 

арыла алмаған пенделерге тө­

беден қарап тұрған не 

қылған әулие екен де­

ген қызығушылықпен 

үлкендерді итере­ми­

тере  ортаға  кірдім. 

Көрдім. 


Қайдан  тауып 

алғаны  белгісіз, 

дәруіш  басына  шо­

шақты  киіз  қалпақ, 

үстіне  етегі  тозған 

сұрғылт шапан киіпті. 

Бет­бейнесі бұрынғы 

бақсыларды елестет­

кендей. 

− Не, не боп қал­

ды,  түге?,  −  деді 

жақында ғана зейнет­

ке  шыққан  матема­

тика пәнінің мұғалімі 

Зейнеп апай. Дәруіш 

екіленіп  сөйлей  жө­

нелді. 

−  Ақырзаман  болмайтын 



болды! Болмайды! Қасірет ада­

мазат! Қасірет! Соры қалың сор­

маңдай адам! 

Біздің ауылдың тұрғындары 

өзара күбірлесіп кетті. Дәруіштің 

сөзіне қайғырып тұрған бірі де 

жоқ. Қайта күлімдей түскен. Шат­

танатын жөндері де бар. Өйткені 

бұл ауылда мен ғана қорықпай­

тын (өзім солай топшылайтын­

мын) «Биыл ақырзаман болады 

екен» деген қауесет сөз жайлап 

алғалы қашан. Оған да санаулы 

ғана уақыт қалғандықтан кейбір 

аңқаулардың үйіндегі бар малын 

сатып, жиған­тергенін шашып, 

қалаға барып оңды­солды жыр­

ғап  қайтқандары  да  бар.  Дәл 

қазір олардың осынша дәулетін 

шашып, сарыла күткен ақырза­

манының болмайтынына қуан­

басы  анық.  Енді  қайта  құрал­

майтын  есіл  байлықты  ойлап, 

екі­үшеуі  топтан  жырақталып 

шыға бастады. Бұл өсектің екпіні 

біздің ауылдағы талай жастың 

бөтелкемен достасуына да әсер 

еткен­ді. «Ақыры өледі екенбіз, 

осы кезде ішіп қалмағанда енді 

қай кезде ішеміз» деп көшенің 

бұрыш­бұрышында  жігіттер 

гөй­гөйлететін.  Құдайысын 

беріп, малын сойып, араздасқан 

ағайындарымен  бақұлдасып 

қалмақ ниетпен талай сараңдар­

дың  үйінде  дүрілдеген  той  да 

болған. 

Әр  жерден  естіліп  қалған 

жадыраңқы дауыстар адамдар­

дың бағанағы пәс тартқан көңіл­

дерінің бұлттан шыққан күндей 

шуақтана  бастағанын  анық 

сездіріп тұр. Мен түсіне алма­

дым. Қуану керек емес шығар 

деп  түйдім.  Мойындаймын, 

бұл менің даналығымнан емес, 

басқаларға  ұқсағым  келмей­

тін, біреудің ойы мен әрекетіне 

қарсы келіп жүретін тоңмойын 

қырсық  мінезімнен  туындаған 

болатын. Басқалар қуанса менің 

қайғыруым, қайғырса қуануым 

керек. Мен сонда ғана адамдық 

кейіптен ауытқымаймын, қалып­

тан шықпаймын деп ойлайтын­

мын.  Қуанғаным,  менің  ойым­

ды  оқып  қойғандай  осы  кезде 

дәруіш мәре­сәре болған менің 

ауылдастарыма қарап: 

− Ағайын, − деді, − неге қуа­

насыңдар? 

Расыменен­ақ  не  үшін  мәз 

мыналар? 

−  Қуанбай  ше,  −  деді  Зей­

неп апай, − зәремізді зәр түбіне 

кетірген ақырзаманның келмей­

тіндігіне қайғыруымыз керек пе? 

−  Соры  қалың  сормаңдай 

адам, сорлы пенделер! 

−  Ойбай­ау  тағы  не  боп 

қалды?, − деді бағанадан бері 

дәруішті  ұйып  тыңдап  тұрған 

менің сыныптасым Әсеттің апа­

сы. 


− Құдай бізді тастап кетті. 

− Не дейді, көтек?! − Әсет­

тің апасы жағасына түсіп тұрған 

жау лығының ұшын ұстады. 

− Біз енді Жаратушысыз өмір 

сүреміз. 

− Қалай­қалай? 

−  Пешенеміздегі  жазудың 

бәрі өшірілген. Тап­таза. 

− Өй, мынауың не оттап тұр 

өзі?  Қайдағы  пешене?  Өзінің 

ақыл­есі сау ма? 

−  Қорқынышты  емес  пе,  − 

деді  дәруіш  екі  қолын  жайып, 

алдыға қарай сәл еңкейе түсіп, − 

құдайсыз өмір тым қорқынышты. 

Онсыз  да  қатігез  қоғамда 

жоғарғы күштен қорықпай өмір 

сүретін адам баласы енді шы­

ныменен қасқыр болатын бол­

ды.  Құдай  болмаса  әр  адам 

өзінше құдай болуға тырысады. 

Жерді құдайлар билейді. 

− Қорқынышта өмір сүрген­

нен, өзіңмен­өз болғанға не жет­

сін, тәйірі. − Елдің бәрі Зейнеп 

апайға жалт қарасқан. Артынша 

шуласа жөнелді. − 

−  Дұрыс  айтасыз  мұғалім 

апай. 


− Зейнептікі дұрыс. 

−  Құдайдың  мақсаты  адам 

баласын қорқыныш пен үрейде 

ұстау ма? Одан да құдайсыз әрі 

қорқынышсыз  өмір  кешкеніміз 

абзал емес пе. − Нәсіп молда 

қолындағы таспиғын жерге атып 

ұрды. − Ендігі амал жасаудың 

қажеті шамалы болды ғой. Тіпті 

жақсы... − Ол үндемей қалды. 

Ел  ішіндегі  өлім­жітімді  шыға­

рып салу міндетін атқаратын осы 

шалдың  жұма  намаздан  кейін 

Бабеляндағы жүгері арасында 

арақ ішіп жататынын шөп шабуға 

барғанда талай көргем. 

−  Тоқтатыңдар!  −  Дәруіш 

жерді таяғымен салып қалған. 

−  Топырлаған  тобырлар.  Сен­

дердің бұл сөздерің де құдайдың 

бізді тастап кеткендігін еселей 

дәлелдеуде.  Ей,  бейшаралар, 

адам істеген күнәсі үшін қорқушы 

еді ғой. Ұят пен ардың сұрауы 

кімнен? Жаратқан болмаса жа­

нымыз қайдан сая таппақ? 

−  Қойыңдар,  −  деді  ауыл­

дың бригадирі, − жүріңдер одан 

да біздің үйге. Бәріңді шақыра­

мын. Тойлатамыз! − Ақырзаман 

болмайды және де құдай бізді 

тастап кетті деген жаңалықтан 

гөрі  бригадирдің  үйіне  шақыр­

ғанына таң қалған біздің ауыл­

дың  тұрғындары  аңтарылып 

қалды.  −  Рас  айтамын,  −  деді 

қасқа  бас  бригадиріміз  жүзін 

жылытып, − осы уақытқа шейін 

істеген  күнәларымның  сұрауы 

болмайтындығына қуанып тұр­

мын. Менде бәрі жетеді, жүрің­

дер үйге. 

Осы кезде мәдениет үйінің 

алдына көшенің шаңын бұрқы­

ратып полиция автокөлігі келіп 

қалған. Ішінен ресми киімдегі екі 

адам түсті. 

− Адам іздеп жүрміз, − деді 

шіли қара, көзі шүңірейіп кеткен 

тәртіп сақшысы. − Осы ауылды 

бетке алған деген дәйек бар. Бү­

гін таңертеңмен жындыханадан 

қашып кетіпті. 

Біздің ауылдың тұрғындары­

ның бет пердесін ашып кеткен 

әлгі  жындыны  сол  күні  тәртіп 

сақшылары  мәшинелеріне  са­

лып алып кеткен болатын. Мә­

шинеге отыра бере ол: 

− Пенделер, сендердің пеше­

нелерің тап­таза. Құдай бізден 

жерініп кетті, − деп айқайлады. 

Жүрегіндегі  Жаратқанын 

жоғалтып алған адамзат бала­

сы оны іздеуді артық әрекет деп 

тап қан сыңайлы. Бәрі шайтан­

мен қолтықтасып кетіп барады. 

...Ең алдында мен... 

...Бағытымыз – бағдарсыз... 

Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ.

9

25 қараша 2016 жыл

,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,



ӘЙГІЛІ ЖАЗУШЫЛАР ӨМІРІНЕН

ЗАМАНАУИ   ӘҢГІМЕ

ПЕШЕНЕ


10

25 ќараша 2016 жыл

"Ќостанай тањыныњ"

єзіл-ќалжыњ, сын-сыќаќ беті

Аќыл – санасы бар адамбыз

ѓой. Айтатын бір м±њым бар.

Арызданды, шаѓымданды деме-

њіздер! Ќазір μзі сμз айтуѓа да

ќорќасыњ... "Сμйледіњ, аќша

тμле!" деп біреу жаѓадан алатын

сияќты. Д‰ниеніњ бєрі сатулы.

Жарайды ол – бμлек єњгіме.

 Ешкім ауыздан ќаќпаса μзімді

мазалап, жаныма байыз таптыр-

май ж‰рген м±њымды айтайын.

Мен мынау "дыбыс" деген бєле-

ден зардап шегіп ж‰рген жан-

мын. "¦йќымен μлі тењ" деген.

Ќашан ќатты ±йќыѓа кеткенше

ќ±лаќ байѓ±сќа бір дамыл жоќ.

Бейнебір, кім кμрінген кіріп-шыѓа

беретін есігі жоќ ‰й сияќты...  Кей-

де ойлаймын "Б±л тек мені ѓана

мазалаѓан ой ма?" деп. Ќ±лаѓы

ќ±рѓыр ќалќандай ѓой. Мате-

риалды аямай, мол пішіп бере

салѓан. Кешегі кењестік заманнан

ќалѓан ќ±лаќ ќой. Б±л байѓ±с не

естімеді десењізші! Єттењ, кеш

туып д‰ниеден бос ќалѓан.

Єйтпесе, "Жапонныњ тыњшысы"

Ќ±рдасыныњ мінезін жаќсы

білетін Абай:

Беделім т‰сті дегенше,

Ќадірім ќашты десейші.

Ќадірім ќашты дегенше,

Албасты басты десейші.

Албасты басты дегенше,

Бір шайтан жармасты де-

сейші,– деген екен.

"Абай Ќабікенов, Абай

Ќажиев, Абай Байшин  бєрі

де оќыѓан-тоќыѓандары бар

жаќсы азаматтар" депті ауыл

аќсаќалы бір отырыста. Сон-

да Абай Ќайѓыныњ Абайы-

ныњ жаманы жоќ,

Маќтамасќа шалдардыњ

амалы жоќ,– депті.

Аќын Тоѓайбай Бабырдыњ

Ќайѓыдан шыќќан тума та-

лант, μмірден ерте озѓан Ќас-

ќырбай Тортаев жайлы ес-

телігін газеттен оќыѓан Абай.

"Ќ±рдас, сен б‰гін дайын "Ќас-

ќырбайтанушысыњ", ертењ

мен μткенде "Абайтанушы"

боласыњ"– депті. "Астапы-

ралла, олай деме,Єбеке",–

депті Тоѓайбай шошынып.

Сонда Абай: "Жаман айт-

пай, жаќсы жоќ. Меніњ жыр-

ларымды, сырларымды се-

нен артыќ кім біледі. Сеніњ

мыќты "Абайтанушы" бола-

тыныњды атыњныњ μзі айтып

т±рѓан жоќ па. Ќайѓыныњ бір

шоќ аѓашы жоќ Абайы Аман-

ќараѓайдыњ сыњсыѓан тоѓай-

ыныњ  ішінде ж‰р. Яѓни, мен

сеніњ "ішіње" б±дан ќырыќ

жыл б±рын кіріп кетіппін.

Сонда мені сен жаќсы білме-

генде кім жаќсы біледі?" –

деген екен.



 Д. ТІЛЕУЌАБЫЛ.

2016 жылдыњ 1 ќазанын-

да Абай сиырын ќосатын та-

бынныњ баќташысы мал ба-

ѓудан бас тартыпты. Абай-

дыњ кμршісі Аманќараѓай-

дыњ имамы Серікбай ќажы

єкімге барып, сμйлесіп,

ж±ртќа ертењ малдарыњды

шыѓарыњдар, єкім баќташы

жіберетін болды деп хабар-

ландыру айтыпты.

Ертењіне єкім жіберген

Яшка деген сыѓан табынды

ќабылдап алыпты. Сонда

Абай Серікбай ќажыѓа ќарап:

Жаќсы баќташы табылды,

Сыѓанѓа бердіњ табынды.

Таба алмай ќалып

ж‰рмейік,

Яшка менен малыњды,–

депті.


Тμртінші кітабын баспаѓа

тапсырып, ќызметтестеріне

дастархан жайып отырѓан

отырыстыњ ‰стіне досы Бау-

ыржан Єбдіков келіпті.

"Єбеке,  дастарханды жайна-

тып жіберіпсіњ ѓой, неніњ

ќ±рметі?" деп с±рапты ол.

Сонда Абай Ќажи:

Абай б‰гін мырза,

Халќы оѓан ырза.

Жасалып жатќан ќ±рмет,

Мєртебелі жырѓа.

Ал, ќанеки, сμйлеп ќой,

Мањќиып ќарап т±рма,–

депті.


Абайдыњ бір ќ±рдасы

ауылдыќ орта мектепке тμрт-

бес ай директор болып, т‰сіп

ќалыпты. Кездескенде:

"Єбеке, м±ѓалімдер ‰стімнен

арыз жазып, беделімді

т‰сірді" деп шаѓым айтыпты.

"Інім, сонда не істейсіњ?"

Олар б±л μлењін біреу арќылы  Сейітке

бергізіпті. ¤лењді оќып шыќќан Сейіт табан ас-

тында бір шумаќ μлењмен былай деп жауап ќай-

тарыпты:

‡стімнен бір т‰спейсіњ,

Реті келсе тістейсіњ.

Келмей ќойсам ж±мысќа,

Інім, сонда не істейсіњ?

Кейін Ќ±рманѓали інісі Сейіт аѓасы туралы "Б±л

Секењніњ аѓалыѓын, жасы ‰лкендігін, туыстыѓын

базына етіп жазѓаны еді" – депті.

Аќын-жазушы еркін ж‰ріп-т±рѓанды ќалайды

емес пе. Кейде ж±мыс барысында, ќажет кезде

Секењді таба алмай ќалатын Ќ±рманѓали інісі

басшы ретінде єрі ќаѓытып ќалѓан єдетінше Се-

кење ж±мыста тоѓызда болыњыз дегенді тіке айт-

пай, Шμптібай аѓасы екеуі єзілге айналдырып,

мынадай бір шумаќ μлењ жазады:

Єњгіме айтса ж‰зі жылы н±рлы адам,

Ќатарынан алда т±рѓан бір ќадам.

Онбірде кеп тоѓыздаѓы ж±мысќа,

Онекіде жењгемізге зырлаѓан.

Сейіт айтќан екен!

жайлы тиіп, сылдырап жатќан

б±лаќтыњ суы жоќ...  Тоњазыт-

ќыш тоњќылдайды. Кір жуатын

мєшине ќоњќылдайды. Шєйнекті

газѓа ќойсањ шуылдайды, тоќќа

ќоссањ μкіреді.

Телевизор деген пєле-бєле –

ќ±зѓананыњ бєрін ‰йіп тμгеді.

Т±рмыстыќ техниканыњ ќай-ќай-

сын пайдалана ќалсањ болды,

дарылдап миыњды ашытады. Ет

тартатын машинаныњ дыбысы

трактордікінен кем емес. Шањ-

сорѓыш ќосылса ‰йіњнен безіп

кетесіњ. Безіп кетпесењ бμлме-

бμлмені кезіп кетесіњ. Далаѓа

шыќсањ жμњкілген кμліктер. Осы-

лардыњ бєрін осыдан бєлен жыл

б±рын болжаѓан Мμњке би баба-

мыз не деген кμріпкел?!..

Ќазір кμшеніњ кμк шμбін де

техника шабады. Ал, оныњ дау-

ысы ќабаѓан итше ќабады. Кμњіл

кμтерейін деп концертке бара

ќалсањ "фонограммамен" ба-

ќырѓан бірдењелер. Дыбыс

к‰шейткіші ќ±лаѓыњды сындыра-

ды. Абай айтќандай "Ќ±р айќай

баќырѓан"...  Сауда жасасањ са-

тушылар аќырады. ‡ндемей μтіп

бара жатсањ, алыпсатарлар ай-

ќайлап шаќырады.

Шек ш±рылдайтын болды.

Оныњ ќамын ойлайтын мойын

б±рылмайтын болды. ¤йткені,

соныњ бєрін басќаратын бас бос

емес. ‡немі "занято"! Кμпке

т‰сінікті болсын деп осылай ай-

тып жатќаным ѓой. Ќазір бμтен

сμз ќоспай сμйлейтін кісі ќалма-

ды десе болады. Мода! Ќ±лаќ –

ќ±лаќ, тіл – тіл емес. Бірді айтып

бірге кетпейін. Б‰гінгі таќырып –

ќ±лаќ. Ќ±лаќтыњ мєселелері

с±раќ?!


 Тіл туралы таѓы бірде айтып

берермін.  Хош сау болыњыздар!

 М±рат БЕКЕТ¦ЛЫ.

Арќалыќ ќаласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет