25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет10/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
бас мүфти

25 ұстаным
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
77
Біздің ең жоғары бағалайтын байлығымыз – Тәуелсіздік!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
Т
әуелсіздік – халықтың ең басты байлығы. Ұлы Даланың небір асыл текті ұлдары 
мен қыздары тәуелсіздік үшін күресіп, осы жолда жандарын құрбан етті.
Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан әлемдегі құрметті әрі танымал елге айналды. Бұрын 
ешкім білмеген Қазақстан туралы енді экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан, татулық 
пен келісім салтанат құрған, әлем жұртшылығын толеранттылыққа шақырып отырған ел 
ретінде айта бастады. «Қазақстан», «Астана» және «Назарбаев» сөздері тұрақтылықтың, 
орнықты даму мен ашықтықтың символына айналды.
Біздің  ел  ЕҚЫҰ  саммитін,  қысқы  Азиаданы  жоғары  деңгейде  өткізді,  Әлемдік  және 
дәстүрлі дін көшбасшыларының съездері мен Астана экономикалық форумының тұрақты 
ұйымдастырушысы  болды.  Сонымен  қатар,  2017  жылы  посткеңестік  кеңістікте  бірінші 
болып  «ЭКСПО-2017»  халықаралық  мамандандырылған  көрмесін  және  Дүниежүзілік 
универсиада ойындарын өткізгелі отырмыз.
Еуразия  кіндігіндегі  Қазақстаннан  бастау  алған  идеялар  беделді  халықаралық 
бірлестіктерге  айналды.  Олардың  қатарында  ТМД,  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы, 
Еуразиялық экономикалық одақ, Кедендік одақ, Түркі кеңесі секілді ұйымдар бар.
Қазақстан тәуелсіздіктің арқасында спортта, мәдениет пен өнерде, білім мен ғылымда 
зор  серпіліс  жасады.  Әлем  біріншіліктері  мен  Олимпиада  ойындарында  сан  рет  жеңіс 
тұғырына  көтерілген  саңлақ  спортшыларымыз  еліміздің  көк  байрағын  желбіретіп, 
әнұранымызды шырқату арқылы қазақ деген елдің қандай екенін дүйім жұртқа танытты. 
Ал мәдениет пен өнер саласындағы түрлі шығармашылық ұжымдар ұлт руханиятының 
байлығын шетелдерге паш етті. Қазақстан ғалымдарының да есімі әлемге таныла бастады.
Қысқасы, Қазақстан азаматы болу, көк түсті ұлттық төлқұжат иелену мақтан тұтарлық 
биік  мәртебеге  айналды.  Аз  ғана  жылдың  ішінде  іргесін  бекітіп,  ынтымағы  мықты 
қоғам  қалыптастырған  және  қарқынды  даму  даңғылына  түскен  мемлекетіміздің  тату 
тірлігіне, бақуатты өміріне көршілер қызығып қарайтын болды. Қазақстанға келіп жұмыс 
істеуге, осында орнығып қалуға талпынатындар көбейді. Егемендіктің елең-алаңындағы 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың  ауырлығынан  шетелге  кетуге  мәжбүр  болған 
отандастарымыздың елге қайта оралу үрдісі басталды. Мұндай жағдайға көптеген елдер 
елу-алпыс, жүз жылда ғана жетеді. Кейбір халықтар дәуір толқынына төтеп бере алмай, 
тарих  қатпарларында  жоғалып  та  кетіп  жатады.  Сондықтан  біз  Тәуелсіздігімізді  көздің 
қарашығындай қорғауға тиіспіз. Әрбір азамат елдігімізді нығайтуға қызмет ету керек.
Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ,
тарих ғылымдарының докторы
профессор

25 ұстаным
25 БЕЛЕС
78
Ата-бабамыздың  қанымен,  терімен  келген  тәуелсіздікті  біз  ешкімге 
бере алмаймыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
Ә
р  адамның  өмірінде  туған  жері   үлкен  орын  алатыны  белгілі.  Бұл  оны  өзінің 
туып-өскен  елімен,  өткенімен  және  болашағымен  байланыстыра  алады. 
Сондықтан да балалық шақтан бастап-ақ адамның Отанға деген махаббаты,  сү-
йіспеншілік сезімі оянады.
Біздің туып-өскен жеріміз – қасиетті Қазақстан. Ол – көне замандардан басталатын тарихы 
бар, аса бай ел. Қазақ жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Қазақ ер 
жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық екенін барлық әлемнен келген жұрт біледі 
және мойындайды.
Біз  бір  шаңырақ  астын  мекендеп  отырған  көпұлтты  мемлекетке  білектің  күшімен, 
найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған 
ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында жеттік. Рас, біраз қиын-қыстау замандарды 
бастан кештік. Сондықтан да біз сол жауынгер ата-бабаларымыздың ұрпақтары саналамыз. 
Демек, оңайлықпен сақталмаған жерімізді, елімізді, дініміз бен ділімізді, тарихымызды, 
салт-дәстүріміз бен тілімізді одан әрі дамытуымыз қажет. Түптеп келгенде, ел Президенті 
Н.Ә. Назар баев тың жоғарыдағы пікірін жалғаған сөзімен айтсақ, біз Тәуелсіздікті «қасық 
қанымыз қалғанша қорғауымыз керек».
Бүгінде  біз  –  қанатын  кең  жайған  егеменді  елміз.  Көк  туымыз  желбіреп,  сол 
жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек өз әуенін қосып, әнұранымыз 
асқақтай  шырқалуда.  Қазақстандықтардың  қалауы  мен  ұстанымы  –  бірлік,  ұлтаралық 
келісім  және  саяси  тұрақтылық.  Төзімділік  пен  тыныштықтың  арқасында  өзгелер 
қызығатын елге айналдық.
Адамзат баласының татулығына ұмтылу қазақстандықтар санасында ерекше дамыған. 
Бұны  қазақ  жерінің  кеңдігінен,  жомарттығынан,  осы  өлкеге  тағдыр  әкеліп  қосқан 
адамдарды құшағын айқара ашып, қарапайым да байсалды, кең пейілді мінезімен қарсы 
алған қазақ халқының менталитетінен байқауға болады. Соған орай елімізде тұратын өзге 
ұлт өкілдерінің барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін сыйлап, білуі 
керек деп  ойлаймыз. Өйткені, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтың татулығы мен 
бірлігінің мәні осында.
Елбасымыз айтып кеткендей, «Отан деген үлкен ұғым. Отанды қорғау дегенде, әрине, 
адам  баласы  алдымен  өзінің  шаңырағын  ойлайды.  Әкеңді,  шешеңді,  бауырларыңды, 
балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. 
Сондықтан  тарихыңды  білген  жөн  болады.  Тарихын  білмеген  ұлттың  болашағы  да 
бұлыңғыр  болуы  мүмкін».  Біз  осы  ойды  толығымен  қолдаймыз  және  болашақта  осы 
ұстанымды жадымыздан шығармай, келесі ұрпаққа жеткізуге тырысамыз.
Қадыр АХМЕТОВ,
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор

25 ұстаным
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
79
Тарих  бізді  көпұлтты  етті.  Бәрінің  басын  қосып,  Қазақстанның 
бірлігін сақтап, төзімділік танытып, экономикамызды өркендетіп, өсе 
беретін болсақ, келешек қазақтың қолында болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
Э
кономикалық  өркендеуіміз  бен  тәуел сіздігіміздің  болашағы  татулық  пен 
келісімді  қамтамасыз  етуге,  толеранттылық  идеясын  белсенді  насихаттауға 
 тікелей байланысты. Бұл ретте біз  тәуелсіз Қазақстан деп аталатын ортақ үйіміздің 
тиімді әрі қайталанбас қырларының мән-маңызы мен ерекшелігін үнемі түсіндіріп 
отыруға тиіспіз.
Қазақстандағы  ұлтаралық  тұрақтылық  пен  келісім  негізінен  бірнеше  факторға 
сүйенеді.  Соңғы  130  жыл  көлемінде  біз  көп  ұлтты  және  алуан  мәдениетті  қоғамға 
айналдық, қазір бізде негізгі ұлт – қазақ этносымен бірге көптеген диаспоралар татулық 
пен келісімде өмір сүріп жатыр. Бейбіт өмір мен тату көршіліктің, өзара құрмет пен 
өзара  толығудың  қайталанбас  дәстүрлері  қалыптасты.  Елдегі  барлық  диаспоралар 
жайлы әрі оңтайлы, әрі қауіпсіз әрі еркін өмір сүріп жатыр. Әлбетте, қолданыстағы 
заңдар мен жалпыға ортақ ережелер аясында.
Н. Назарбаев еліміздегі өзге этностар мен мәдениеттер өкілдеріне қатысты толерантты 
көзқарас қалыптастыру саясатын тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап мақсатты әрі 
жүйелі түрде жүргізіп келеді. Сонымен қатар, біздің Президент мемлекет құраушы қазақ 
халқы өзге этностардың қауіпсіздігіне жауапты екенін де үнемі айтумен келеді. Болашақ 
ұрпақтың  міндеті  –  татулықты  сақтау  және  қадірлеу.  Ол  үшін  бір-біріне  төзімділік 
танытып,  елде  тұрып  жатқан  барлық  халықтың  мәдениетіне,  тіліне  құрметпен  қарау 
керек. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін солай етуге тиіс.
Көп  нәрсе  қазақтардың  дәстүрлі  ділі  мен  ұлттық  мінезіне  байланысты.  Берекелі 
Қазақстанның аумағында соңғы 5 ғасыр бойы көшіп-қонып, мал баққан көшпелі халықтың 
бойында әлемге ашықтық, төзімділік, қонақжайлық, өзге этнос өкілдеріне деген құрмет 
секілді ұлттық ділдің айрықша сипаты, этникалық мінезі қалыптасты. Көшпелі қазақтың 
аралас-құраластыққа  бейім  өмір  салты  көрші  халықтармен  жақсы  байланыс  орнатуға 
мүмкіндік берді. Бізде іс жүзінде ешқандай астамшылық пен жалған сенім болған жоқ: Біз 
айналаны сол қалпында қабылдадық. Осы қасиеттерді бүгінгі қазақ, біздер, сақтап қана 
қоймай, әрі қарай жаңғыртып, өркениетті рухта дамытып жатырмыз.
Қазақ  исламның  сүннитік  бағыттағы  ханафи  мәзхабын  ұстанатын  болғандықтан, 
әуелден-ақ  толеранттылыққа  бейім.  Сосын  Қазақстандағы  диаспоралардың  едәуір 
бөлігі күштеп қоныс аударылып, саяси қуғындалып келгенде өздерін қалай жақсы қарсы 
алғанын жадында ұстайды. Бұл да татулық пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді. 
Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ,
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор

25 ұстаным
25 БЕЛЕС
80
Экономика өсіп-өнбесе, басқа шаруаның бәрі шешілмейді. Тіл де, дін 
де жайына қалады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
П
резидент  Н.Ә.  Назарбаевтың  сара  саясатының  негізгі  бағыттарының  бірі  – 
мемлекеттің  экономикалық  дамуына  қол  жеткізу,  сол  арқылы  халықтың  әл-
ауқатын арттыру. Бұл – Елбасының тәуелсіздіктің бастапқы жылдарынан бері айтып 
келе жатқан берік қағидасы. 
Кеңестік кезеңдегі социалистік шаруашылықтың орнына нарықтық қатынастардың 
келуі, әрине, экономика саласындағы түбегейлі міндеттерді ең алдымен шешуді қажет 
ететін.  Осыны  мықтап  түсінген  Мемлекет  басшысы  бұл  салада  ірі  реформаторлық 
жұмыстарды дер шағында атқарды. Мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан аса ірі 
шаралар,  бағдарламалар  осы  саясаттан  өрістеп  жатады.  Өз  еліміздің  экономикалық 
мүмкіндіктерінің  және  әлемдік  экономикалық  саясаттың  да  білгірі  ретінде 
Н.Ә. Назарбаев экономика саласындағы өзекті мәселелер шешілмей, жалпы халықтың 
тұрмысы түзелмей, басқа салалардың өз кезегінде орындалмайтынын айқын аңғарып, 
жоғарыдағы пікірін айтқан болатын.
Президенттің  осы  қағидасының  өте  дұрыс  екенін  уақыттың  өзі  айғақтап  берді. 
Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында жаңа да жас мемлекеттің өзіндік бағыт таңдауы 
жөнінде қоғамда сан алуан пікірлердің де болғаны белгілі. Қоғамды тым саясиландыру, 
елдің  сол  кездегі  жағдайымен  санаспау,  қалыптасқан  халықаралық  ахуалды  елемеу 
сияқты  ойлардың  да  байқалғанын  білеміз.  Дегенмен,  көреген  басшы,  үлкен  стратег 
ретінде Елбасы өзінің нық сенген бағытынан айнымады. Бүгін осы сарабдал саясаттың 
жемісін татып отырмыз.
Бүгінде  Қазақстан  көптеген  экономикалық  жетістіктері  мен  көрсеткіштері  жағынан 
қарқынды  дамып  келе  жатқан  ел  екенін  барша  әлем  мойындады.  Біздің  экономикалық 
жетістіктеріміз жалпы еліміздің халықаралық қауымдастықтағы беделін, танымалдығын 
арттыруға оң ықпал етті. Әлбетте, бұл жаһандану дәуіріндегі халықаралық байланыстар 
үшін аса тиімді имидж.
Қай  мемлекеттің  болсын  экономикалық  мүмкіндіктері  қуатты  болған  сайын,  басқа 
салалар  да  дамиды,  өркендейді.  Мәселен,  ірі  мегажоба  ретінде  Астана  қаласының 
бүгінгі  келбеті,  өңірлердегі  жетістіктер,  жалпы  халықтың  әл-ауқаты,  білім,  денсаулық 
сақтау, мәдениет және тағы да басқа әлеуметтік салалардағы оң өзгерістер – Мемлекет 
басшысының табанды да баянды саясатының нәтижелері.
Экономика  өсіп-өркендемесе,  ешқандай  істің  ілгерілемейтіні,  тіл,  діл,  дін  секілді 
құндылықтардың дами қоймайтыны – бүгінде барша жұрттың көзі әбден жеткен анық ақиқат.
Ербол ТІЛЕШОВ,
филология ғылымдарының кандидаты

25 ұстаным
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
81
Қазақстанның  болашағы  өте  жарқын!  Біздің  балаларымыз  бен 
немерелеріміз бұдан да керемет елде өмір сүреді деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
Б
із  қазір  өркениетті  қоғамда,  берекелі  заманда  өмір  сүріп  отырмыз.  Қой  үстіне 
бозторғай  жұмыртқалаған  бүгінгідей  бейбіт  заманның  қадірін  сезінуіміз қажет. 
Міне, біз осындай нығметтің қадіріне жете білуіміз керек. Қаншама елдерде бүлік, 
тұрақсыздық орын алуда.
Қазақстан – болашағы зор мемлекет, Орталық Азия елдерінің жетекшісі. Түптің түбінде 
күш-қуаты  мұнан  да  күшейіп,  халықаралық  абырой-беделі  арта  түссе,  әлемнің  мықты 
мемлекеттерімен иық тірестіріп, онымен санасар алып елге айналу мүмкіндігі мол. Бұған 
еліміздің небары жиырма үш жылдық аяқ алысы мен халықаралық ауқымдағы батыл да, 
ізгі қадамдары айқын дәлел.
Ешкімге  жалтақтамай,  Жаратушыға  емін-еркін  құлшылығымызды  жасап,  діни 
рәсімдерді атқарып келеміз. Еліміздің тарихында бұрын-соңды болмаған еңселі мешіттер 
елордамызда, облыс орталықтарында салынды. Мұнарасы биік, сәулеті жарасымды зәулім 
мешіттерде білімді, білікті имамдар ел игілігі үшін қызмет етуде. 
Өзімізде  шетелдік  діни  оқу  орындарынан  кем  түспейтін,  имамдарды  дайындайтын 
университет аштық. Медреселеріміз шәкірт тәрбиелеуде. Мешіттердің есігі жамағат үшін 
айқара ашық. Кейбір көрші елдердегідей «мешітке барма» деп тыйым салып жатқан ешкім 
жоқ.  Осындай  үлкен  нығметке,  жетістікке  жетуіміз  Алланың  қалауы  мен  Елбасының 
берекелі бастамасының арқасы. Бұл – тәуелсіздігіміздің жемісі, бірлігіміздің нәтижесі.
Көнекөз  қарияларымыз,  ақ  жаулықты  аналарымыз  куә  ғой,  кезінде  емін-еркін  намаз 
оқи алмаған жағдайлар да болды. Дінге қысым жасалып, жасырын құлшылық еткендер 
жазаланып  отырды.  Ал  қазіргі  жағдайымызға  шексіз  шүкіршілік  айтуымыз  нағыз 
мұсылмандық  емес  пе?  Қазыналы  қарияларымыз:  «Бұдан  да  жаман  күнімізде  тойға 
барғанбыз», – деп ұрпақты Құдайға шүкір етуге, қанағатшылдыққа тәрбиелеп отыратын.
Осы Отанда нәпақамызды тауып, бала-шағамызды асырап, тыныш тіршілік етіп отырған 
соң мемлекеттің іргесі бекем болуына баршамыз жанашырлық танытуымыз – адамгершілік 
қасиет. Жақсы ниеттің өзі үлкен мәнге ие.
Елбасы  Исламның  негізгі  қайнар  көзі  –  хадиспен,  яғни  асыл  дініміздің  қағидасымен 
қабысатын  ұлағатты  сөз  айтты:  «Бақытсызбын»  деген  адам  бақытсыз  болады. 
«Бақыттымын»  деп  жүрсе,  бақытты  болады».  Ал  хадис  тәлімі  мынадай:  «Адам  қандай 
ниет қылса, соған жетеді, пенде әр нәрсені өз ниетінен табады». Халқымыз: «Жақсы сөз – 
жарым ырыс», – деп бекер айтпаған.
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары 
діни басқармасының төрағасы, 
бас мүфти

25 ұстаным
25 БЕЛЕС
82
Өткен  ғасырлардың  қасіретті  қателіктерін  қайталауға  жол 
бермей,  әлемді  соғыс  қатерінен  түпкілікті  арылту  үшін  бүкіл  әлем 
үкіметтерінің,  саясаткерлерінің,  ғалымдарының,  бизнесмендерінің, 
өнер  қайраткерлерінің  және  миллиондаған  адамдарының  күш-жігерін 
жұмылдыру  қажет.  Іс-әрекетсіз  отыру  немесе  бітімгершілік  қызметпен 
айналысқан кейіп көрсету – әлемдік апатпен барабар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінен.  АҚШ, Вашингтон қаласы, 4 сәуір, 2016 жыл
XVIII
 
ғасыр аяқталарда немістің әлемге мәшһүр философы Иммануил Кант 
«Мәңгілік әлемге» – «К вечному миру» трактатында «Егер соғыс үшін 
қарулану осылай жалғаса берсе, адамзат баласы алдынан бір ғана нақты таңдау 
шығады: не соғыс атаулыдан бас тартып, бейбітшілікті таңдайды, не өркениетті 
жалмаған ортақ зиратта бастары тоғысады» деген ой айтады. 
Бейбіт мақсаттарды жүзеге асыру үшін ол адамзат баласын ортақ мүддеге біріктіретін 
дүниежүзілік федерация құруды ұсынды. Канттың бұл еңбегі Наполеон соғысы алдында 
туған болатын. Одан кейінгі екі ғасырда адам баласы осы философ атап өткен үрдіске келе 
жатқанын байқаймыз. 
XXI  ғасыр  басында  адамзат  өркениеті  экономикалық,  саяси,  құқықтық,  ақпараттық 
тұрғыдан  құрылымы  күрделі  болғанымен  тұтас  жүйеге  айналып  келеді.  Алайда,  бұл 
жолда  кері  кетушілік  те  жоқ  емес,  жаңа  сын-қатерлер,  қайшылықтар,  соғыс  ошақтары 
туып, мемлекеттер бүлініп, адамдар бас сауғалаған босқындарға айналуда. Осының бәрін 
жеңу әлем жұртшылығынан зор күш-жігерді талап етеді. Әлемде бұрын-соңды болмаған 
жалпыға қатер төндіретін қару түрлері жасалып, әлем тыныштығына қатер болуда.
Президент  ұсынған  «Әлем.  XXI  ғасыр»  манифесінің  өмірге  келуі  –  әлемнің  бейбіт 
қалыпта өрістеуіндегі маңызды құжат. Онда әлемдегі ты-ныштықты сақтау жолында не 
істеу керектігі хақында нақты ұсыныстар, планетадағы өркениеттердің бір-бірімен бейбіт 
қатынаста болуы үшін әлемдік азаматтық қоғам мен мемлекет басшылары неге баса назар 
аударуы қажеттігі көрсетілген.
Адамзат  бүгінде  өз  арнасынан  асып-тасыған  ақылының  азабын  тартуға  айналды. 
Қарышты қадаммен дамыған ғылым мен техника алты құрлыққа бөлінген алып планетаға 
қауіп төндіріп тұр.
Манифест – соғыссыз әлем құруға ұмтылған ұлы мақсаттан туындаған ордалы ойдың 
жемісі.  Дүбірге  толы  дүниенің  түкпір-түкпірінде  түтіндеп  жатқан  терроризм  ошақтары 
көбейіп,  қанды  қақтығыс тар  белең  алғаны  еске  түскенде  бойыңды  еріксіз  үрей  билейді. 
Әлемдегі  әскери  блоктардың  бір-бірімен  текетіресі  тереңдей  берсе,  оның  аяғы  қайда 
апарып соғатынын ешкім болжай алмайтын жағдайға жеттік. Осындай алмағайып уақытта 
Қазақстан  көшбасшысының  ғаламдық  деңгейіндегі  көкейкесті  мәселе  көтеруі  –  тарих 
бетінде таңбалануға тиіс аса маңызды оқиға. 
Мырзагелді КЕМЕЛ,
қоғам қайраткері, 
экономика ғалымдарының докторы, 
профессор

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы. Алматы, 30 қыркүйек, 1992 жыл
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР

25 БЕЛЕС
Ордабасы тауында өткен қазақтың үш биі – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би 
рухын ұлықтауға арналған салтанатты жиын. 28 мамыр, 1993 жыл

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын. 
Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл

25 БЕЛЕС
Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған ғылыми конференцияда. 
Түркістан, 20 қазан, 2000 жыл

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
Түркістан 
қаласының 
1500 жылдығына 
арналған ғылыми 
конференцияда. 
Түркістан, 
20 қазан, 
2000 жыл

25 БЕЛЕС
Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған салтанат 
кезінде Бәйдібек бабаға ескерткіш ашу сәті. 
Тараз, 26 қыркүйек, 2002 жыл

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезіне қатысушылармен бірге.
Астана, 23 қыркүйек, 2003 жыл

25 БЕЛЕС
Астана қаласында Керей мен Жәнібек хандар ескерткішінің ашылуы. 1 маусым, 2010 жыл

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
Астана қаласында Керей мен Жәнібек хандар 
ескерткішінің ашылуы. 1 маусым, 2010 жыл

25 БЕЛЕС
V Астана экономикалық форумы. 23 мамыр, 2012 жыл

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР

25 БЕЛЕС
Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз 
әлемге» атты халықаралық конференция. 29 тамыз, 2012 жыл

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР

25 БЕЛЕС
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Назарбаев Университеті студенттерімен кездесуі. 5 қыркүйек, 2012 жыл

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
Түркияда өткен қазақ-түрік бизнес-форумы. 12 қазан, 2012 жыл

25 БЕЛЕС
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін 
Астанада өткізу туралы шешім қабылдауына байланысты Қазақстан халқына үндеу 
жариялаған сәті. 6 желтоқсан, 2012 жыл

25 бастама

25 бастама
25 БЕЛЕС
100
Жаңа  Қазақстан  бақуатты,  ал  онда  тұратын  адамдар  бақытты, 
ертеңгі күніне сенімді болуы тиіс. Басқаша айтқанда, мен Қазақстанды 
көппартиялық  негізде  сайланған  кәсіби  парламенті  бар,  орталық 
және жергілікті атқарушы билігі күшті, демократиялық, президенттік 
республика ретінде көремін.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Хоккайдо Симбун» (Жапония) басылымына берген сұхбатынан. 
2 қазан 1991 жыл
Қ
азақстан  тәуелсіздіктің  бел-белестеріне  табыспен  көтеріліп  келеді.  Елбасы 
Н.Ә.  Назарбаевтың  көреген  де  салиқалы  басшылығымен  елдің  әл-ауқатын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет