Қарадым келген көктемге.
Ауылға жеттім, бөктерге.
Қызғалдақ гүлге оранды-ау.
Мүмкін бе? Елге оралмау.
Жүргізіп соқа мен үшін.
Қол созым жерде жеңісім.
Ат болған шығар арқалы.
Сайранды Сарыарқаны.
Жолшы» кеуде белгісімен марапатталған.
күтуіңе болады.
зушы болуды армандады. Міне, соғыс, майдан.
Отанды ойлай аттанамын!».
тұрғанын айтады.
сталды.
қаза тапты»,- деген хабар жіберді...
бармадым...».
жау әскерін жайратты.
қондырғысын жойып жіберді.
шағын өздерімен бірге ала кетті.
май, қатарда қызмет етті.
тағзым жасауда.
№8 /Мамыр/ 2015 жыл
Жау жағадан алғанда елін, жерін
қорғау – әрбір азаматтың Отан
алдындағы парызы екенін ескер-
сек, 1941-1945 жылдардағы сұрапыл
соғыста талай қандастарымыздың
ерлікпен қаза тауып, қаншамасының
қыршыннан қиылғаны тағылымды
тарихтан аян. Солардың бірі – Отан
үшін отқа түсіп, ерлік көрсетіп, Кеңес
Одағының батыры атанған Жүнісбай
Каипов. «Адам ұрпағымен мың жа-
сайды» дегендей, қан майданда қаза
тапса да, Жүнісбай Каиповтың ізін
жалғар артында ұрпағы қалған. Оның
жиен немересі бүгінде елдегі тәртіпті
күзететін
шенді
полицейлердің
бірі. Ол - «Семей таңы» газетінің
ардагері Мұхамедқан Имашевтың
ұлы, Қазақстан Республикасы ІІМ
Семей қаласындағы оқу орталығы
бастығының оқу ісі жөніндегі орын-
басары, полиция полковнигі Қайрат
Мұхаметқанұлы Имашев.
... 1943 жылдың қаңтар айының
таңы. Синявский биіктігінде мыңдаған
Кеңес әскері қаруларынан оқ борат-
ты. Жүздеген тонна металл жаудың
бекінісіне түсті. Каиповтың да қаруы
атқылауды бастады. Оның алдын-
да елдімекен жолын жауып тұрған
жаудың екі нысанын, яғни станкалық
пулемет пен ДЗОТ-ты талқандау
міндеті тұр. Үш рет атқаннан кейін-ақ
станкалық пулемет жойылды. Біздің
сарбаздар жаудың траншеясына ба-
сып кірді. Немістер ДЗОТ-тан оқ жа-
удыра берді. Бір жерде тұрып оны
жою мүмкін болмады. Сондықтан
Каиповтың жауынгерлері қаруды
алдыға қарай сүйрете бастады. Жау
одан да бетер оқ жаудырды. Сол сәт
оң жақ флангтан жаудың пулеметі де
атқылай бастады. Негізгі мақсатты
орындау үшін, Каипов алдымен
пулеметті құртуды бұйырды. Қаруды
жылдам бұрып: «Бір, екі, үш!!!» деп
атуға команда берілген соң жаудың
оқ жаудырып тұрған орны жалын
құшағында қалды. Тағы да алға жылжу.
Тағы бір талпыныс. Тағы бір күш салу.
Міне, ДЗОТ-та алақандағыдай көрініп
тұр. Ату жөнінде бұйрық берілді. ДЗОТ
талқандалды. Бұйрық орындалды.
Үздік жауынгерлік қызметі үшін байла-
ныс командирі Каиповқа алғыс жари-
яланды. Каиповтың командалығымен
бұл жолғы ұрыста 2 автоматшы, жал-
пы, 37 фашистпен бірге жаудың 2
минометті батареясы, 2 ПТО қаруы, 9
ДЗОТ, 4 пулеметтік нысан, 1 автокөлігі
мен 1 танкісі жойылды. Бұл старши-
на Каиповтың майдан даласында
жасаған ерліктерінің тек бірі ғана...
Жүнісбай Каипов 1907 жылы Алма-
ты облысы қазіргі Еңбекші ауданының
Қазақстан ауылында, қарапайым
шаруа отбасында дүниеге келген.
Қазақстан ауылында оқып, сегіз
сыныптық білім алған ол соғыс ба-
сталмай тұрғанда Шелек ауданындағы
Социалистік Қазақстан колхозында
ауыл кеңесінің хатшысы болып қызмет
атқарған. 1941 жылдың желтоқсан ай-
ында Кеңес Одағының Қызыл әскер
қатарына шақырылып, артиллерист
мамандығын алып шыққан.
Л е н и н г р а дт ы қ - Н о в го р одт ы қ
стратегиялық шабуыл операциясының
барысындағы ұрыста ерекше көзге
түскен 20-шы жеңіл артиллериялық
бригадасының
54-ші
жеңіл
артиллериялық полкінде қару-жарақ
командирінің міндетін атқарған стар-
шина Каиповтың ерлігі де әсте елеусіз
қалмаған. 1943 жылдың 23 қаңтарында
Жүнісбай Каиповқа Кеңес Одағының
батыры атағы берілген. Алайда бұл
жоғары марапат туралы батырдың
өзі естігенмен, оған салтанатты түрде
табысталудың сәті түспепті. Анығында
үлгермеген, ол күнді көру маңдайына
жазылмаған. 1944 жылы 6 ақпанда
қарсылас артиллериясының орнын
атқылау кезінде Жүнісбай Каипов
ерлікпен қаза тапқан. Ж.Каиповтың
денесі Новгород облысының Батец-
кий кентіндегі бауырластар қорымына
жерленген.
Бүгінде Батецкий кентінде Ка-
ипов есімімен аталатын көше бар.
Онда батырға арналып мемори-
алды белгі қойылған. Новгород
облысындағы мектептердің біріне де
жақында Жүнісбай Каиповтың есімі
беріліпті. Сонымен қатар туған жері
Алматы облысының Шелек ауылын-
да батырдың ескерткіші орнатылған.
Ондағы өзі оқыған мектеп те бүгінде
Ж.Каипов атымен аталады.
- Ата-анамның көзі тірісінде
Ресейдің Новгород облысына жыл
сайын арнайы шақыртулар бойын-
ша барып тұратынбыз. Ата-анамыз
бақилық болғаннан кейін ол жақпен
біраз жыл байланыс үзілген болатын.
Ұзақ жылдардан соң үзіліп қалған бай-
ланысты қайтадан жандандырдық.
Ал атамыздың туған жері Алматы об-
лысымен тығыз байланыстамыз. Ол
жақтағы ескерткішіне барып, ата ру-
хына тағзым жасап тұрамыз, - деген
Қайрат Имашев, - нағашы атам тура-
лы анам айтып отыратын. Анам мені
өзінің әкесі сияқты әскери қызметкер
болғанымды қалаған еді. Ол мені
құрсағында көтеріп жүргенінде түс
көріпті. Түсінде анам айнаға қараса,
әскери киім киіп тұрған екен. Сол түсін
жақсыға жорыған анам нағашы атам
сияқты менің де әскери қызметкер
болғанымды қалайтынын айтып еді.
Алайда мен әскери қызметкер бол-
масам да, форма киіп, шен тағып, по-
лиция қызметкері болдым, - дейді сөз
арасында.
«Жігіттің жақсысы нағашыдан».
«Әке көрген оқ жонар». Бұл сөздер бе-
керге айтылмаса керек. Тегіне тартып
туған ұл нағашы атасы, Кеңес Одағының
батыры Жүнісбай Каиповтың өр мінезі
мен қайсарлығын, табандылығын
бойына қондырса, әкесінің тағылымы
мол тәрбиесін көрген. Бойындағы
ұстамдылық, тұрақтылық, адалдық,
еңбекқорлық сияқты қасиеттері де
әкесінен дарыған. Айта кету керек,
әкесі Мұхамедқан Имашев қаламы
қарымды қаламгер, білімдар азамат
болған. «Семей таңы» газетінде табан
аудармастан 20 жыл қызмет атқарған.
- Әкем мен анам Алматыдағы
ҚазМУ-де оқып жүрген кездерінде
танысып, отбасын құрыпты. Әкем
журналистика факультетінде, ал анам
Ләззат Жүнісбайқызы филология
факультетінде оқыған. Содан 1967
жылы Жарма ауданындағы Белтерек
ауылында мен дүниеге келгенмін.
Отбасында 4 ағайындымыз. Ата-
анамыз бізді қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқыттырмай өсірді.
Мен мектепке бармай тұрып, Семей-
ге көшіп келдік. Әкем «Семей таңы»
газетіне орналасып, онда ұзақ жылдар
қызмет атқарды. Ал анам ұстаздық
жолында еңбек етті, - дейді Қ.Имашев
ата-анасы жайлы.
Семейдегі № 30 және № 7
орта мектептерінде білім алған
Қайрат Мұхаметқанұлы қаладағы
училищелердің бірінен фотографтық
кәсіптік мамандық алып шыққан.
Одан кейін біраз уақыт фотограф бо-
лып жұмыс істеген Қайрат Имашев
1986 жылы әскерге шақырылып, 1988
жылға дейін Эстонияда, Ресейдің Мур-
манск қаласында Отан алдындағы бо-
рышын өтеп келеді. Әскерден кейін
бір жылдай көтерме жұмыс істеп,
нәпақасын тапқанын да жасырмады
кейіпкеріміз. Ал 1989-1993 жылдары
Н.Крупская атындағы педагогикалық
институтында педагогика-психология
мамандығы бойынша білім алған
Қайрат Мұхаметқанұлы Имашев
Қайрат Имашевтың құқық қорғау
саласындағы еңбек жолы бұрынғы
Семей облысының ІІБ Затон ІІб кадр
тобының инспекторы лауазымынан
басталған. Содан кейін түрлі орта
басшы құрамда қылмысты іздестіру
қызметінде, Қазақстан Республикасы
ІІМ Семей заң колледжінің Әкімшілік
құқық және ІІО-ның әкімшілік қызмет
кафедрасында оқытушы, аға оқытушы
қызметінде болады. Ал 2009 жылы
аталған кафедраның бастығы бо-
лып тағайындалады. 2011 жылы
Қазақстан Республикасының ІІМ-нің
Оқу орталығында (Семей қаласы) «Ар-
найы пәндер» циклінің бастығы лау-
азымында қызмет атқарады. Бүгінде
батырдың жиені, полиция полковнигі
Қайрат Имашев Қазақстан Республи-
касы ІІМ-нің Семей қаласындағы Оқу
орталығы бастығының оқу ісі жөніндегі
орынбасары болып жастарды, яғни
елдің тәртібін күзететін полицейлерді
тәрбиелеуде жемісті еңбек етуде.
.... Полиция подполковнигі Ардақ
Аманғазин басшылық ететін меке-
меде 100-ге жуық адам жұмыспен
қамтылған. Оның 58-і аттестатталған
құрам. Қайрат Имашевтың айтуынша,
мұнда жылына 600-ге жуық полиция
қызметкерлері дайындық курсынан
өтеді екен. Соның ішінде 2 айлық және
3 айлық курстар бар. Мәселен, тек қана
Шығыс Қазақстан облысы аумағында
қызмет ететін жоғары білімді әрі
офицерлік құрамдағы мамандар 2
айлық дайындық курсынан өтсе, 3
айлық дайындық курсынан еліміздің
әр өңірінен келген орта білімді, сер-
жант шеніндегі тәртіп сақшылары өтеді
екен. Өздерінің болашағын еліміздің
тәртібін күзетуге арнағысы келетін
мамандар мұнда полицейге артылар
зор міндеттерден бастап Қазақстан
Республикасының
Конституциялық
Заңын, түрлі қиын жағдайларды рет-
теп, тұрғындарды сабырға, ал құқық
бұзушыларды тәртіпке шақыруда
қолданылатын
моральдік
және
физикалық тәсілдерді үйренеді екен.
Сондай-ақ полиция қызметкері сала
бойынша лауазымы ауысқанда да
оқу орталығынан міндетті түрде
дайындық курсынан өтетінін айтады
Қайрат Мұхаметқанұлы. Ол үшін бұл
жерде барлық жағдай да жасалған.
Өмірдегі түйгені мен көргенін
жас буын өкілдеріне үйретуден
әсте жалықпайтын Қайрат Имашев
жанұясында аяулы жар, үлгілі әке. За-
йыбы Айгүл Қалибекқызымен 1994
жылы отасып, шаңырақ көтерген.
Бүгінде қыздары Әсел Имашева
қаладағы музыка мектебінің бірінде
сабақ береді. Тектінің тұяғы, асылдың
сынығы Қайрат Имашевтың еңбегіне
жеміс,
отбасына
береке-бірлік
тілейміз.
Гүлжан МАСАЛОВА,
Нұрдәулет КӘКІШЕВ.
ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ, АСЫЛДЫҢ
СЫНЫҒЫ
День Победы – Великий праздник счастья и радости,
боли и грусти, преклонения перед Подвигом страны и на-
рода.
В Казахстане нет ни одной семьи, в чью историю Ве-
ликая Отечественная война не была бы вписана черными
датами. Война сломала, изуродовала, искалечила судьбы
многих. Сколько жизней загублено, сколько пролито слез,
сколько страданий выпало на долю поколения военного
времени.
Мы много знаем и помним о Великой Отечественной
войне, о бесчисленных подвигах миллионов людей Совет-
ского Союза и всего мира.
Казалось бы, эта война должна была дать всему миру
довольно весомый незабываемый урок и сплотить весь
мир в единое целое.
Однако, во многих точках мира до сих пор не утиха-
ет материнский и детский плач, до сих пор гибнут люди.
Жертвы исчисляются тысячами.
Самое страшное, то, что во всех этих конфликтах страда-
ют невинные дети и старики.
Самое страшное, то, что дети умеют убивать и нести
смерть.
Самое страшное, что война уже где-то рядом, не в Аме-
рике или Австралии, а в соседней когда-то бывшей постсо-
ветской Украине.
Самое страшное то, что за что воевали наши деды и
прадеды пытаются забыть и перечеркнуть.
Кто-то может возразить, что у противоборствующих сто-
рон свои идеи, взгляды, мнения, идеалы, позиция. Какими
бы не были те или иные точки зрения нельзя допускать ги-
бели населения. Наверное, нам надо всем вспомнить про-
писные истины, указанные во всех священных духовных
источниках (Коран, Библия). Если каждый человек будет со-
блюдать хотя бы третью часть всех заповедей, то, думается,
что конфликты сами себя исчерпают.
По большому счету человечество должно задуматься
о своем будущем. Оно должно бороться с угрозами иного
характера. Экологические проблемы, дефицит природных
ресурсов, различные инфекции и болезни с каждым годом
ощущаются все острее и острее не только в Африке, но и во
многих регионах планеты.
Мы знаем, что наши прадеды не таким видели наш
мир, когда боролись с фашистками захватчиками. Буду-
щим поклонениям хотелось бы напомнить их заветы.
Помните о подвиге миллионов людей, воевавших и по-
гибших на полях сражений !
Помните о безымянных солдатах, оставшихся далеко за
пределами своей отчизны.
Помните о подвиге детей, матерей и стариков, кругло-
суточно стоявших у станка!
Помните о тысячах погибших в застенках гестапо и кон-
центрационных лагерей фашисткой Германии!
Помните о сломленных судьбах множества семей!
Помните о тысячах обездоленных сиротах, оставшихся
без отцов и матерей!
Помните! Помните! Помните!
Исмаилова Г.К., и.о. профессора кафедры
«Иностранная филология»,
Хасенова К.Е., и.о. ассоциированного
профессора кафедры «Финансы»
Койлыбаева А.Н., старший преподаватель
кафедры иностранной филологии
Государственного университета имени
Шакарима города Семей
Ветеранам Великой
Отечественной
войны посвящается
1997 жылдан бастап «31-мамыр – са-
яси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
күні» болып ресми бекітілген болатын.
1937-1939
жылдар
аралығында
қазақтың бас көтерер зиялы қауымының
көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айнал-
ды. Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын»
атты өлеңінде:
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
–деп жырлағандай, қазақтың басы-
нан өтпеген зұлмат кемде-кем. Алай-
да, тоталитарлық саясаттың машинасы
бәрінен асып түсті. Қазір осы датаны аза
тұту күні ретінде атап өту парызымыз.
Себебі өткенін ұмытқан ұлттың болашағы
да жоқ.
Сондықтан мамырдың 31-і күні
Қазақстанның түкпір-түкпірінде қуғын-
сүргін құрбандарының ұрпақтарымен
кездесулер өтіп, түрлі іс-шаралар болып
отырады. ҚР Парламенті Мәжілісінің де-
путаты А.Смайыл былтыр 31-мамыр жап-
пай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
күнін «жаппай қуғын-сүргін және аштық
құрбандарын еске алу күні»,– деп қайта
рәсімдеуді сұраған. Алайда ол туралы
түрлі кереғар пікірлердің тууына байла-
нысты мәселе аяқсыз қалған.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993
жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси
қуғын-сүргін құрбандарын ақтау тура-
лы» Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданады. Содан бері 20 мыңнан аса
мұрағаттық қылмыстық іс зерттелінген
көрінеді. Алайда, «саяси қуғын-сүргін
құрбандарына арналған мұражайдың»
жекешеленіп кетуінен аталмыш та-
рихи оқиғаға мемлекеттік деңгейде
баға берілмей жүргенін білуге болады.
Мұражай қызметкерлері болашақта төл
ғимараттарының қайтадан өздеріне
қайтарылатынына сенімдері мол. Себебі,
– дейді мекеменің басшысы Н.Жақауова:
«НКВД-ның бұрынғы ғимараты саяси
қуғын-сүргін құрбандарының соңғы демі
қалған жер, тіпті бөлмелерінде қанның
ізі бар еді. Меніңше, бұл көрініс келген
адамдарға қатты әсер беріп, өткен тари-
хымызды бағалауға мұрындық болар еді.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ба-
лалары 3-4 жастарында әке-шешелеріне
тамақ тасыған жер. Мәселен, Томск
қаласында НКВД-ның бұрынғы ғимараты
сол қалпында сақталынып, саяси қуғын-
сүргін құрбандарының мұражайына айна-
лып отыр.
31-мамыр күнін біз жыл сайын атап
өтеміз. Алматы қаласының осы зұлматты
бастан өткерген отбасы ұрпақтары Ал-
маты облысының «Жаңалық» ауылын-
да қаралы митингке жиналады. Онда
НКВД қолымен атылған 3 мыңнан астам
адам жерленген. 1990 жылы бұл жерге
тас белгі қойылса, 2002 жылы ескерткіш
орнатылған».
1937-1938 жылдардағы қанды оқиға
жаңғырығы мәңгі ел жадында. Нақақтан-
нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу
азаматтары «ұлтым» деймін деп – «ұлы
қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп –
«халық жауы» деген жала жабылып аты-
лып кетті. Талай бейбіт отбасыларының
оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды.
Түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін,
аштық, өзге ұлттардың депортаци-
ясы барлығы тоталитарлық жүйенің
орыстандыру-шоқындыру, бүтіндей бір
ұлтты жою саясатының нәтижесі.
Мәселен, Қазақстанға 1936-1957 жыл-
дары 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19
мың кәріс, 507 мың Солтүстік Кавказ
халықтарының өкілдері жер аударыл-
ды. Қырым татарлары, түріктер, гректер,
қалмақтар мен басқалар да өз еркімен
келген жоқ. Барлығы 1,5 млн адам көшіп
келді.
Ол заманда солақай саясат шындығын
айтуға болмайтын, ал қара халықтың
тілек-мүддесі мүлде ескерілмейтін. Оны
төменде берілген эпизодтан да көре ала-
мыз.
Бірде ел-жұртты 32-ші жыл зұлматы
күңірентіп тұрған кезде пойызбен
Мәскеуге, әлде Алматыға өтіп бара
жатқан Филипп Голощекин Ақтөбе вокза-
лында «контрреволюционер-байлардың
малды қырып тастаған зымиян әрекеті»
туралы әшкере-сөз айтып тастауға ниет-
тенсе керек. Бірақ, ол вагонынан түсер-
түспестен, алдынан алғашқы Қазревком
мүшесі, әділет комиссары, қызыл пар-
тизан ретінде кеңес өкіметін қорғауға
көп еңбек сіңірген қалжыраңқы ардагер
Бақытжан Қаратаев жайдақ арбамен
шыға келеді. Тізесі қалт-құлт етіп, та-
рантас үстінде бойын түзейді. Сосын
дімкәс қарт алаңда жиылған халықтың
көз алдында, баяғы 2-Дума мінберінде
тұрғандай өжеттікпен Голощекинге ашы-
на түйіліп, сөйлеп береді. Ол больше-
вик-патшаны елді аштан қырып жатқан
қылмысы үшін айыптайды. Сонда Голо-
щекин: «Шал шаршап қалыпты», – деген
күбірмен вагонына кері кіріп кетеді…
Бас көтергендерге жазалау шара-
лары жүргізіледі. 1929-1931 жылдары
көтерілістер мен толқуларға қатысқаны
үшін НКВД органдары 5551 адамды сот-
тап, оның 883-ін атып жібереді. Жалпы
алғанда, күштеп ұжымдастыру кезінде 10
мыңнан астам адам жазаланады.
Осылайша, қазақ халқы атажұртында
отырып-ақ
ана
тілінен,
ұлттық
ерекшелігінен, дінінен айырмақшы болған
қауіпті қара сызықтың келесі жолағын
аттаған болатын.
1932 жылғы тамызда ҚАКСР Халық
Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Ораз
Исаев Сталинге хат жолдаған. Онда
қазақтардың аштан қырылу, босып кету
деректерін бүкпей баяндап, өлкелік
комитеттің көзбояушылыққа жол беріп,
аштыққа апарған әсіре науқаншылдығы
мен оны үстей түскен ауылдардағы шолақ
белсенділікті жасырмай әшкереледі.
Бар айыпты бір адамға үйіп-төгуге бол-
майтынын ескертті. Күйзеліске өлкеком
бюросы түгел, оның ішінде, басшы
қызметкер ретінде, өзінің де белгілі
дәрежеде жауапты екенін мойындай оты-
рып, басшылықты жаңарту қажеттігін
айтты. Бірінші хатшының айрықша рөлі
баршаға белгілі екенін атап көрсете келе,
О. Исаев Голощекинді өз қателіктерін
түзетуге қауқарсыз деп ойлайтынын да
жазды. Ол Бас хатшы И.В. Сталиннің
тікелей өзіне осындай пікірін ашық жол-
дап, Қазөлкекомның бірінші хатшысы
Голощекинді ауыстыру қажеттігін тұңғыш
та дара, әрі жалғыз көтерді.
1933 жылғы 9 наурызда Т. Рысқұлов
көсемге Қазақстандағы ауыр жағдай
мен оның себептерін баяндап, тұйықтан
шығарар ұсыныстар қорытқан екінші
хатын берді. Ұзамай республикада Ле-
вон Мирзоянның басшылығымен, ше-
телдерге асып кеткендер мен аштықтан
қырылғандарды ауызға алуға тыйым
салулы ахуалда, ашаршылық зардапта-
рын мал шаруашылығындағы жағдайды
жақсарту арқылы жоюға бағытталған
жұмыстар жүргізіле бастады…
Тарихшылардың бағалауынша, одақ
бойынша 1927-1953 жылдары 60 милли-
он адам, оның ішінде Қазақстан бойынша
103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған.
Олардың 25 мыңы атылды. Тізімдегі 631
атылған адамның 80 пайызы қазақтың
белгілі адамдары болған. Көбі алаштың
арыстары.
1929-1933 жылдары Қазақ АССР
ОГПУ саяси өкілінің үштігі 9 805 іс қарап,
22 933 адам жөнінде шешім қабылдаған,
соның ішінде 3 386 адамға ең жоғары
жаза – ату жөнінде үкім шығарған.
Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы
бойынша 1937 жылы 853 адам қуғынға
ұшырап, оның 335-і атылған, қалғандары
әр түрлі мерзімдерге еңбекпен түзеу
лагерлеріне жіберілген. 1938 жылы 936
адам тұтқындалып, 690-ы атылған, 246-
сы сотталған.
1937-1938 жылдары лагерьлерде 20
мың әйел жазасын өтеді. Олардың ара-
сында бұрынғы көрнекті партия-кеңес
қайраткерлерінің Әзиза Рысқұлова, Зи-
наида Тухачевская, Дәмеш Жүргенова,
Әбиша Қабылова сияқты әйелдері
болды. Мыңдаған жазықсыз жандар
Ақмола маңындағы Малиновка ауылы-
на Мәскеуден, Ленинградтан, Одессадан,
кең байтақ Кеңес Одағының барлық
түкпірінен ағылды. 1938 жылдың жиыр-
ма сегізінші ақпанында алғашқы этап
келді: аяқтарына жеңіл аяқ киім киген,
сәнді де кербез әйелдер Ақмоланың сыз
басқан қытымыр табиғатына аяқ басты.
Олар мал бақты, бақшада жұмыс істеді,
қырқыншы жылдары майдандағы әскерге
киім тікті, қамыс шапты.
Қазақ зиялыларының жікке бөлінуі
қолдан жасалған және бірнеше кезеңге
созылған күрделі процесс. Ең алғаш
большевиктер
Әлихан
Бөкейхан
бастаған
Алашорда
қайраткерлерін
биліктен ығыстырып шығарды. Одан
кейін бұл үрдіс 1925-1930 жылдары қайта
жалғасты. Үшінші кезеңде 1937-1938 жыл-
дары шарықтау шегіне жетті. Осы жылда-
ры қазақ зиялылары: Тұрар Рысқұлов,
Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин,
Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов,
Абдулла Розыбакиев, Магази Масанчи,
Ілияс Жансүгіров, Левон Мирзоян, Сәкен
Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел
Досмұханбетов, Жаханша Досмұханбетов
атылды.
Алаш қозғалысының басты мақсаты
– Қазақ елінің өзін-өзі басқару, ұлттық
мүддесін қорғай алатын мемлекеттік
жүйе құру құқын метрополияға мой-
ындату, түбінде дербес мемлекет
құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден
қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық
тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі
мал шаруашылығын өркендету, сонымен
қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын
қамтамасыз ету, нарықтық қатынастарға
жол ашу, жеке адам құқығын және басқа
демократиялық
принциптерді
қадір
тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу
жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарт-
тар түзу болды. Қазақты «ұлт» ретінде
сақтап қалу болды. Солардың бірқатары
туралы нақтылы деректер келтіре кетсек.
Алашордалықтарды
ұлтшылдар
ретінде 1929-1931 жылдар аралығында
құрта бастады. Олардың ішінде Ах-
мет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймау-
ытов, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтар
секілді алаштың арыстары болды.
Міржақып Дулатов (1885-1935) –
Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы
ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті
мен әдебиетінің ірі өкілі, ақын, драма-
тург. Қостанай облысының Жангелдин
ауданында туған. Алғашында ауыл мол-
дасынан хат танып, кейін Торғайдағы
Ы.Алтынсарин ықпалымен ашылған
2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде
білім алды. Ауыл мұғалімі деген куәлік
алып, ауылда бала оқытты. 1904 жылы
Омбы қаласына қоныс аударып, онда
А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхановпен та-
нысты. Омбы, Қарқаралы, Орал, Пе-
тербор қалаларында көрнекті қоғам
қайраткерлерімен
пікірлесу,
саяси
қозғалыстарға араласу оның саяси-
әлеуметтік көзарасының қалыптасуына
ықпал етті. Ол 1905 жылы қазанның 17-
інде Ресей үкіметіне қазақ халқы аты-
нан жолданған Қарқаралы құзырхатын
дайындаушылардың бірі болды. 1906
жылы Конституциялық демократтар
партиясы
делегаттары
қатарында
Петерборға барады. Түрлі сипатты жи-
ындар мен саяси күштер ұйымдастырған
көше шерулеріне, ереуілдерге қатысады.
Осы кезден бастап Ресей үкіметі құпия
полициясының саяси сенімсіз адамдар
тізіміне ілінеді.
1928
жылдың
желтоқсанында
қамауға алынып, екі жылдан кейін ату жа-
засына кесіледі, кейін он жылға абақтыға
ауыстырылады.
Беломор-Балтық
арнасының құрылысы бойында Сосновск
стансысындағы лагерьде жазасын өтейді.
1935 жылы қазанның 5-інде осы лагерьдің
лазаретінде ауыр науқастан қайтыс бол-
ды. Сүйегі 1992 жылы қыркүйектің 1-18
аралығында Торғай өңіріндегі өз есімімен
аталатын ауыл бейітіне әкелініп, қайта
жерленді.
Ахмет
Байтұрсынов
–
қоғам
кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, линг-
вист, аудармашы, публицист, ағартушы-
ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы, қаңтар айында Қостанай
облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек
деген жерде дүниеге келді.
1886-1891
жылдары
Торғай
қаласындагы екі сыныптық мектеп-
те, 1891-1895 жылдары Орынбордағы
мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
1913 жылдан 1917 жылға дейін
М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін
шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары
патша үкіметі орындарына жақпаған
басылымның
редакторы
ретінде
А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жа-
былады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ
зиялыларымен бірігіп, ұлттық «Алаш»
партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған
соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің
мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты
жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның
төрағасы болып сайланады.
Орынбор,
Ташкент,
Алматы
қалаларындағы педагогикалык жоғарғы
оқу
орындарында
сабақ
береді.
Голощекиндік асыра сілтеу саясатына
қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары
екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз
атылды.
1927-1953 жылдарға дейін саяси
қуғын-сүргін құрбаны болған адамдардың
қаралы тізімін әрі қарай жалғастыра
беруге болады… Ұзақ жылдардан
кейін ғана көптеген алаштың ардақты
азаматтарының есімдері халқымызға
қайта оралды.
Осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын,
оның
жазықсыз
құрбаны
болған
адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай,
оларды әрқашан есте сақтау, өткенге
салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына
тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ
парызы.
Достарыңызбен бөлісу: