8
Ақжолтай
Корректор - Айнұр Таңжарыққызы
Дизайнер - Жұмабек Айқынұлы
Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде
28.03.2013 жылы тіркелген
Куәлік № 13498-Г
Газет Өскемен қаласы «Рекламный Дайджест» баспасында
10 000 данамен бастырылды
Редакцияның мекен-жайы: Семей қаласы, Ленин көшесі 9, офис 504 «б».
Байланыс телефондар:
8(7222) 52-31-77,
87023400077
email: akzholtaigazeti@mail.ru
Меншік иесі: ЖК «Омаров Р.А.»
Редактор - Ералы ҚАНАФИЯ
Жарияланған мақала авторларының
пікірлері редакция көзқарасын
білдірмейді. Қолжазбалар өңделмейді және
қайтарылмайды.
№8/Мамыр/ 2015 жыл
№29 жалпы білім беретін орта мектепте 30 сәуір күні
Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған мере-
ке өтті.Ол мерекеге қазақ тілі қоғамының төрағасы Какимов
Ерғали Рахымбердіұлына және мүшелері Сариев Махмуд
ата мен Сариева Евдокия апамыз , «Ақжолтай» газетінің
редакторы Рахат Алтай орыс тілі қоғамының мүшесі Ря-
зяпова Раиса Генадьевна сондай-ақ Білім бөлімінің әдіскері
Байсарина Нүргүл Сайлауқызы қатысты.Мереке мектеп
ұжымының орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық
айы» хорымен басталды. Концертті қазақша,орысша,
ағылшынша жүргізушілер жүргізді. Мерекеде қонақтар
оқушыларымыздың қазақ тілінде орындалған әдемі
әндерімен күйлеріне, мың бұралған әр халықтың билерін та-
машалады. Қонақтардың көңілінен Колмыкова Маргаританың
орындауындағы «Туған жер» әні және Банукова Алисаның
« Отан ана» орындауындағы және Соснин Михайлдің
«Балбырауын» күйімен баурап алды.Сондай-ақ әр тілдегі
монтаждар мен М.Мағауиннің «Бір атаның балалары »
көрінісі көрермендердің көңілінен шықты. Мерекені бала-
лар хоры «Фонарики дружбымен» аяқтады.Келген қонақтар
өз ризашылықтарын білдіріп тілектерін айтты . «Ақжолтай»
газетінің редакторы Рахат Алтай мектеп әкімшілігі
мен мұғалімдеріне және оқушыларға өз тілегін ,шексіз
ризашылығын білдіріп жоғары баға берді.11сынып оқушысы
Банукова Алиса мен 8 сынып оқушысы Соснин Михайлге
«Қазақ тілі» қоғамының белгісін табыс етті.
№29 жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қәбділкәрімова Қ.Ж.
ДОСТЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛ
Казахску
ю игру играют
Алтыбакан все дети знают
Все дети улыбаются
Как в колыбельке все качаются
Ержанқызы Ерке 3 «А» класс
КГУ «СОШ № 47»
Учитель ру
сского языка: Сарке
нова Н.О.
Моя семья большая,
Веселая и озорная,
Папа, мама, брат и я,
Все мы дружная семья.
Папа с братом любят играть фут-
бол,
Я считаю забивший гол,
Я маме помогаю,
Глажу и убираю дома.
Трудолюбивая моя семья,
С уважением относятся,
Все родные и друзья.
Кит живет в воде,
Лошадка в конюшн
е,
Лиса живет в сво
ей норе,
Живут деревья на горе,
И у меня есть тоже дом
,
Двухэтажный тольк
о он,
И виден из окна берег Иртыша,
Хорошо жить в нем
.
Корсакова Айдана 3 «А» класс
КГУ «СОШ № 47»
Учитель: Саркенова Н.О.
Балаңыз сіздің сөздеріңізді қалай қабылдайды?
Балалармен сөйлескенде біз олардың біздің
айтқандарымызды қалай қабылдайтынына аса мән
бере бермейміз. Елестету қиын бірақ біздердің(ата-
аналардың) сөзіміздің үлкен күші бар. Бір ғана сөз ба-
ланы жұбатып немесе үмітін су сепкендей басуы мүмкін.
Біз баламызға…
-Абайла құлап қаласың!
-Итке жақындама қауып алады!
Баланың түсінуі…
Айналадағы барлық нәрсе қауіпті ең жақсысы ешнәрсе жасамау.
Сіз басқаша айтыңыз…
-Өзіңіді өзің күт, өзіңді сақта. Ықтият бол.
Біз баламызға…
-Бол енді тездет! Асықсаңшы! Тыныш! Тоқта! Жауап бер!
Баланың түсінуі…
Сен маңызды емессің. Үлкендердің айтқаны ғана болуы тиіс.
Сіз басқаша айтыңыз…
-Менің 10 минут уақытым ғана бар еді. Саған қанша уақыт
керек?(Келісуге тырысыңыз)
Біз баламызға…
-Бұртыйма! Айқайлама! Күлме! Жылама!
Баланың түсінуі…
Сен өз сезіміңді көрсетпе.
Сіз басқаша айтыңыз…
-Мүмкін сен шаршаған шығарсың. Сен бір нәрседен қорықтың
ба?(Баланың сезімдерін түсінуге тырысыңыз)
Біз баламызға…
-Қанша мәрте қайталауға болады(түсіндіруге)
Баланың түсінуі…
Сен ақымақсың, еш нәрсе түсінбейсің.
Сіз басқаша айтыңыз…
-Сенің қолыңнан барлығы келеді, тағы бір қайталап көр. Егер
қаласаң көмектесіп жіберемін.
Біз баламызға…
-Ұялмайсың ба!
Баланың түсінуі…
Сен жамансың , сенде бір нәрсе дұрыс емес.
Сіз басқаша айтыңыз…
-Барлығымыз қателесеміз. Қателік жасау арқылы біз үйренеміз.
Біз баламызға…
-Көрсей жұрттың баласын қандай ?
Баланың түсінуі…
Сен басқа балалардан қарағанда жамансың.
Сіз басқаша айтыңыз…
Біз сені қандайсың сол күйіңде жақсы көреміз.
(Бірінші әңгіме)
Қиясбай бірде Абайдың үйіне кіріп келіпті.
Басына киген қызыл елтірінің жүнін сырты-
на қаратып, пұшпағынан байлап қойыпты.
Абай оның басына қараса Қиясбай:
- Абай аға, сені білгіш дейді, менің басыма
кигенім ненің терісі, тапшы? – депті. Абай
күліп:
- Мен қайдан білейін, өзің айтпасаң, - депті.
Қиясбай:
- Бәлі, Абай аға, бұл аң-таңның терісі емес
пе, - депті. Абай көзінен жас аққанша күліп:
- Жүрген жерің күнде ду,
Сыртың – аңқау, ішің – қу, - депті.
- Таптың, Абай аға, таптың, - деп Қиясбай
басын изеп күліпті. Сонан кейін:
- Абай аға, маған мына қағазыңды,
қарындашыңды берші, жазайын, - депті.
- Қияс, жаза ғой, - деп Абай қағаз, қарындаш
беріпті.
Қиясбай қағаздың бетіне иір-иір етіп
шұбыртып шимайлап шығыпты да:
- Абай аға, сені жеті жұрттың тілін біледі
дейді, мына жазуды оқышы, - депті. Абай:
- Әй, Қиясбай, мына жазғаның оқуға
келмейді ғой, - деп күліпті.
- Әй, Абай аға-ай, сізді ел босқа мақтайды
екен, бұл айғыр тышқанының ізі емес пе, -
депті.
(Екінші әңгіме)
Қиясбай сыбызғышы болыпты. Оның
қонышында жүретін ырғайдан ойып,
өңешпен қаптаған сыбызғысы болады екен.
Бір күні Қиясбай сыбызғысын тартып келе
жатқанын Абай естіп, бір жігітке:
- Ана Қиясбай келді, шақыр, - депті.
Қиясбай келіп отырғаннан кейін Абай:
- Қиясбай, сені ақын дейді ғой, өлең айтшы!
– депті. Қиясбай сыбызғысын ойнап, өзінше
өлеңдетіп қоя беріпті:
- Ақ сиырдан туады жирен айғыр,
Қойға қасқыр шабады шоқаң-шоқаң.
Көктен жауып келеді боталы інген,
Буынғаным белімде сексен арқан.
Абай көзінен жас аққанша күліп, өлеңін
қайта айтқызыпты.
(Үшінші әңгіме)
Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс
шонжарлары Абай үйінде мәжіліс құрып
отырады. Осы мәжіліс үстіне кенет Қиясбай
кіріп келеді. Ешкім оны келдің-ау, кеттің-ау
деп елемейді. Қиясбай сәл бөгеліп тұрады
да:
- Уа, игі жақсы тақсырлар, - дейді дауыстап,
- Абай ағамда оңаша айтарлық бір шаруам
бар. Барлығың да шыға тұрыңдар!
«Мына неме не дейді?» дегендей, төрде
отырғандар терісіне сыймай дүрдиісіп
Абайға қарайды. Абай:
- Иә, Қиясбайдың оңаша айтарлық шаруасы
болса, шыға тұрыңыздар, - дейді.
Жұрт амалсыздан дүрлігіп сыртқа беттейді.
- Немене, Қиясжан? – дейді Абай оңаша
қалған соң.
- Абай аға, маған ұрыса көрме, жаңағы
иттердің мені адам құрлы көрмеді. Соларға
өзімнің күшімді көрсетейін деп, әдейі айтып
едім, - дейді Қиясбай.
- Қияс, ризамын. Тапқырлығың үшін қой
берейін, алып кете аласың ба? – дейді Абай
ішегі қатқанша күліп.
- Алып кетпейтін несі бар, - дейді Қиясбай
қулана жымиып, - Абай ағам өңгертеді
деймісің, айдатады да жіберді.
- «Сөз тапқанға қолқа жоқ», - деп Абай оған
он шақты қой айдатып жіберіпті.
(Төртінші әңгіме)
Қиясбай сақа жігіт болғанша үйленбепті.
Бір күні Абай оған:
- Осы сенің не ойлағаның бар? Үйленетін
уақытың жетті емес пе? – депті.
- Ұнатқан қызымды әперсең, үйленемін.
- Әперейін.
- Алдымен қыз қарап көрейін. Содан соң
ұнатқанымды өзіңе келіп айтармын.
Бір күні қазанның қара бораны соғып
тұрғанда, Қиясбай ебіл-дебіл боп Абайдың
үйіне жетіп келіпті.
- Абай аға, тезірек шықшы, ұнатқан
қызымды көрсетейін.
Абай шапанын жамылып сыртқа шықса,
жамыраған бұзауына қарай жүгіріп бара
жатқан қызды көрсетіп:
- Анау! – депті Қиясбай.
- Екеуің бірігіп, шаруа ұрып кете аласыңдар
ма? – дейді Абай сәл ойланып.
- Несі бар, сізге ұнамай тұр ма?
- Қайдам…
- Ендеше, өз көзіңізді былай алып қойып,
орнына менің көзімді салып тағы бір
қараңызшы, - депті Қиясбай.
- Сезім айнасы – көз, әділет қазығы – ата-
лы сөз, - депті Абай, - Айтқаның болсын.
Құдалыққа кісі жіберейін.
(Бесінші әңгіме)
Ертеде Абаймен замандас әрі рулас
Қиясбай деген кедей болыпты. Ол өзінің
тапқырлығымен, күлдіргіштігімен, әзілімен
атағы шыққан адам екен. Абай осының осы
қасиеттерін терең бағалап, қатты сыйлапты.
Бір күні Қиясбай Абай ауылына келеді. Абай
оны жақсылап қонақ етеді. Қиясбайдың
тапқырлығына қызыққан Абай әдейі сөз
тартып, аттанарында оның бұйымтайын
сұрапты. Қиясбай балаларына көже-
қатық сұрай келгенін айтады. Сонда Абай
бәйбішесіне:
- Мына Қиясбайды етханаға кіргіз,
қалағанынша ет алып шықсын, - дейді. Ет-
ханада біраз кідірген Қиясбай қойдың басы
мен төрт сирағын ғана алып шығады. Бұған
таңданған Абай оның мәнісін сұрағанда,
Қиясбай қолма-қол:
- Басы, төрт аяғы бар қой жетекке жүре бер-
мей ме? – деп жауап береді. Сөзден жеңілген
Абай:
- Ендеше, қорадан таңдап бір қой ал, -
дейді. Қиясбай қорадағы қойды ол шетінен
бұ шетіне бытыратып қуа береді. Бірақ
ешқайсысын ұстамайды. «Мұнда бір мән
бар шығар» деген оймен Абай оны тоқтатып
алып, себебін сұрайды. Сонда Қиясбай:
- Алдыма салып айдап әкетемін десем,
жалғыз қой отардан шығатын емес, - деген
екен.
Сонша малдан жалғыз қой ұсынғанына
қысылған Абай:
- «Сөз тапқанға қолқа жоқ», - деп, сол жолы
Қиясбайға айдап кететіндей оншақты тұяқ
беріпті.
Бабалар сөзі: Жүзтомдық.
«Фолиант», 2013.
Абай мен Қиясбай жайлы бес әңгіме