33. Азықтарды сүрлеу әдістері Сүрлеу - (испан тілінен аударғанда silos-сүрлеме) - бұл сүтқышқылды ашыту негізінде азықтарды сақтаудың биологиялық әдісі.
Сүрлеу технологиясы: 1)Өсімдіктерді шабу және ұнтақтау; 2) Жасыл өсімдіктерді сүрлейтін орынға жеткізу ; 3) Қоймаға жинақтау,тегістеу және жарамды массаны тығыздау; 4) Қойма толтырылып болған соң тығыз жабу және жарамды өнімді оқшалау.
Сүрлемені жүгеріден ажыратып алады,сүрлеме біржылдық және көпжылдық түрінде, кейде аралас түрінде де кездеседі.
Сүрлеудің артықшылықтары: 1) Шырынды өсімдік массасын кез-келген ауа райында сүрлеуге болады. Осыған байланысты қарапаым шөпті дайындағанмен салыстырғанда негізгі құрам бөліктерін, атап айтқанда дәрумендерді жоғалтуы төмен болып келеді. 2) Дұрыс ашытылған мал азықты жануарлар жақсы жейді, соған байланысты олардың өнімділігі жоғарылайды.
3) Жемшөптердің мынандай түрлерін сүрлеуге болады(қызылша шыңдары,картоп,өндірістік крахмалдың қалдықтарын),шаруашылықта көп қолдана бермейтін түрлер.
4) Сүрлендірілген азық көп уақыт сақталады,тіпті кейде он жылға дейін сақтауға болады.
5) Дұрыс дайындалған сүрлеме сапасы жоғары деңгейде болады.
Мал азықтық сүрлеудің әдістері: 1) Суық тәсіл - бұл 25-35ºС температурада өтеді. Содан кейін ұнтақталған сүрлеме массасын ауа өтпейтіндей тығыздайды. Бұл тәсіл біздің елімізде кең таралған.
2) Ыстық тәсілі - бұл 50ºС температурада өтеді. Шөпті жұмсақ түрде салады. Бқл микробиологиялық процесстердің дамуына жағдай жасайды. Әдістің кемшілігі – азықтық заттардың көп мөлшері жоғалады.
Негізгі консервант- сүт қышқылы. Микроорганизмдер қантты сүт қышқылы, сірке қышқылы, пропионды және басқа қышқылдарға айналдыра алады, бұлар азыққа өткір ерекше иіс береді. Қанттардан басқа өсімдіктерде ақуыздар, амин қышқылдары, минералды тұздар бар. Олар қалыптасқан қышқылдарды бейтараптандырылады, байланыстырады және буферлік агенттер ретінде қолданылады.
Өсімдіктердің сүрлемелік деңгейі қанттың минималды мөлшерімен анықталады.
Өсімдіктерде қанттың көп мөлшері және ақуыздың жетіспеуі сүрлемені қышқылдандырады және жануарлар оны жемейді.
Сүрлемелік массадағы артық ылғалдылық мөлшері сұйықтықтың көп мөлшерін жинақтауға әкеледі. Ферментативті процесстреден сақтау үшін сүрлемелік массаны қоймаға салады және ауа өпейтіндей тығыздайды.