34. Сүрлем микрофлорасын талдауға молекулалық-генетикалық тәсілдерді қолдану Сүт қышқылды бактериялар: сүт қышқылды ашудың қоздырушы агенттері екі топқа бөлінеді: 1) гомоферментативті - негізінен қанттан сүт қышқылының түзілуі; 2) гетероферментативті - сүт қышқылынан басқа сірке қышқылы, көміртегі диоксиді, кейде этил спирті түзіледі.
E. coli тобының бактериялары – гетероферментативті сүт қышқылды ашу процесіне қатысады және көп мөлшердегі газдарды түзеді. Азықтық массада олар сүрлеменің басында кездеседі және сүт қышқылының жинақталуымен олардың саны төмендейді. Олардың өмірлік белсенділігі нәтижесінде қанттың төмен құнды өнімдерге айналуы жүзеге асырылады, бұл қоректік азықтардың құндылығын төмендетеді.
Аммонификаторлар (Шірік бактериялары) – әрқашан өсімдік бетінде болады (пішен, картоп, қырыққабат, және басқа да таяқшалар, Escherichia және Proteus) Олар процесстің басында рН мөлшері 4,5-4,7 болғанда ақуыздардың энергетикалық ыдырауын тудырады. Ақуыздардың баяу қышқылдануы кезінде аммонификаторлар белсенді көбейіп, ақуыздарды ыдырататын өнімдерді жинақтайды. Олар жануарларды уландыруы мүмкін.
Ашытқы - әрдайым өсімдік массасында болады. Олар қантты спиртке айналдырады және азыққа жағымды иіс пен дәм береді. Осылай жануарлар тәбетін шақырады. Сонымен қатар, микроорганизмдер дамуына әсер ететін дәрумендер мен басқа биологиялық активті заттарды түзеді. Бірақ, ашытқылар өз өмірі үшін қантты қолданады, осыған орай сүт қышқылының түзілуін төмендетеді. Тіпті кейбір ашытқы түрлері органикалық қышқылдарды ыдыратып, сүрлеу процесін тежейді. Негізінен ашытқылар сүрлеу процесінің басында белсенді көбейеді, кейін олардың саны азайып кетеді.
Зең саңырауқұлақтары.Сүрлемелік массада ұзақ сақталмайды. Олар аэробтар болса да, қышқылдық ортаға төзімді. Ауа болған жағдайда зең саңырауқұлақтары белсенді көбейеді және сүт қышқылын, тағы да басқа органикалық қышқылдарды қолданады. Бұл pH мөлшерін көбейтіп, микробтардың споралы формалары – майқышқылды бактериялар мен аммонификаторлардың дамуына жағдай жасайды. Нәтижесінде азық жануарларға берү үшін жарамсыз болып қалады.
Майқышқылды бактериялар (клостридин) - топырақтан өсімдіктерге түседі. Қатаң анаэробтар болғандықтан, сүрлемелік массаны қатты тығыздағанда олардың дамуына жағдай туады. Олар қантты май қышқылына, көміртек диоксиді мен сутекке ыдыратады. Одан бөлек, сірке қышқылы, пропионды және құмырсқа қышқылдары, спирттер (этил, бутил, ацетон) түзілуі мүмкін. Майқышқылды бациллалар сүт қышқылын май қышқылына айналдыра алады. Ол азыққа ащы дәм мен жағымсыз иіс беретіндіктен, жануарлар жақсы жемейді. Мал азықтарының құрамындағы майқышқылды бактериялар сүт немесе сүт өнімдеріне түскен жағдайда олардың сапасы төмендейді. Майқышқылды бактерияларда ауадағы молекулалық азотты сіңіретін қуатты ферментативті ақпарат бар. Ph мөлшері 4,7 немесе бұдан төмен болғанда майқышқылды бациллалар дами алмайды.
Сірке қышқылды және целлюлоза ыдыратушы микробтар – аэробтар болып саналады және жақсы сүрленген азықтарды дами алмайды. Сірке қышқылы кейбір сүтқышқылды бактериялардың әсерінен пайда болатындықтан, ол әрқашан сүрлеме құрамында болады. Целлюлоза ыдыратушы микробтар қышқылды ортаға төзімсіз, сүрлемеде көбеймейді және жасушаның өзгерісіне әсер етпейді.