27.Өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу сызбасының нақтылығы Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды бірлесіп өртеу кезінде (соның ішінде тұндырма және паста тәрізді консистенцияларда) жанудың үлестік жылуын, күлділігін, жарылыс қауіптілігін, тұтану, балқу температурасын және басқа да көрсеткіштерді ескеру қажет, бұл ретте әрбір жағдайда өнеркәсіптік қалдықтардың мөлшері мен жекелеген компоненттердің қасиеттері көрсетілген отын жоспарын жасау болып ұсынылады.
Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстанда жыл сайын 5 миллион тоннадан астам тұрмыстық қалдық пайда болып, оның 9 пайызы ғана қайта өңделеді екен. Бұл еліміздегі тұрмыстық қатты қалдықтардың қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, экологиялық ахуалға айтарлықтай нұқсан келтіріп жатқанын көрсетеді.
Әрине кейбір бизнес құрылымдары тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеп, игілікке жарату жобаларын жүзеге асыруда. Осы бағыттағы шетел тәжірибесін зерделеп, озық технология үлгілерін енгізген кәсіпкерлер де бар. Алайда аз болған соң олардың әлеуеті шектеулі, сондықтан тұрмыстық қатты қалдықтар көлемінің шектен тыс ұлғаюы алаңдатарлық ахуал.
Жаһанға зер салсақ, АҚШ, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған елдерінде қоқысты жағу арқылы энергия қуатын алады. Бұған халықтың тығыздығы мен қуатты логистика да мүмкіндік береді. Мәселен, Швецияда тұрмыстық қалдықтардың 99 пайызы кәдеге жаратылады екен. Сондықтан Елбасы тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда да тұрмыстық қалдықтарға бейжай қарамай, оны ел экономикасына пайдалану жағын ойластырған абзал.
Қоқысты шығару міндеті жеке ұйымдарға берілгенімен, олар қызмет құнының төмендігіне байланысты оны қайта өңдеу мен утилизациялау орындарына жеткізе бермейді. Бұл өз кезегінде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына алып келуде. Елімізде қоқысты жекелеп жинау, сұрыптау мен қайта өңдеу инфрақұрылымы дамымай отыр.
Біріншіден, елді мекендердің санитарлық жағдайы мен айналасындағы қоқыс үйінділеріне мемлекеттік органдар ерекше көңіл аударуы, тиімді шаралар қабылдауы тиіс.
Екіншіден, тұрмыстық қалдықтар орналасқан орындарды бақылауға алып, оның қоршаған ортаға әсеріне мониторинг жүргізген жөн.
Үшіншіден, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратумен айналысатын кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолдау көрсету керек.
Төртіншіден, халықтың экологиялық сауатын жетілдіру шараларын белсенді жүргізу жолдарын қарастырған абзал.
Қатты қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және санын қысқарту ережелеріне сәйкес қалдықтардың рециклдері АҚШ-тың ҚТҚ жағу жөніндегі жаңа заңнамасына енгізілді. Атап айтқанда, жағу алдында міндетті түрде сұрыпталуы тиіс қалдықтардың 25% нормасы белгіленген. Бұл ретте қағазды, картонды, шыныны, қара және түсті металдарды, пластмассаны және басқа да бағалы материалдарды қайта пайдалану үшін қалдықтарды сұрыптауды ұйымдастыруға байланысты жұмыстарға арнайы кредиттер бөлінеді.