26. Дамыған елдердегі өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу сызбасының нақтылығы


Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтардың пайдаға асырылуы



бет11/15
Дата18.10.2022
өлшемі144,85 Kb.
#43778
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
38. Өндіріс орындарынан шыққан қалдықтардың пайдаға асырылуы
39 Биомасса мен қалдықтардың метанға және органикалық тыңайтқыштарға биоконверсиясы
40.Өсімдік шикізатының ферменттер және микроорганизмдермен биоконверсиясы
41. Тұрмыстық қалдық сулардың құрамы мен бағалау критериялары
Қалдық су деп - бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауылшаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы басқа ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су. Қалдық су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты қалдық сулар үш негізгі категорияларға: шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.
Қалдық судың шаруашылық - тұрмыстық ластағыш түріне байланысты зәр-нәжістік (физиологиялық қоқыстармен ластанған) ластанған және шаруашылық (раковина, ванна, монша, кір жуатын жерлерден түсетін) ластанған болып ажыратылады. Негізінде минералды заттектермен қатар олардың құрамында органикалық заттектер, бактериялар, микроорганизмдер болады. Өндірістік ақаба сулардың құрамы технологиялық процестер мен қолданыланын материалдар түріне және шикізаттың химиялық қасиеттеріне тәуелді. Өндірістік қалдық су ластанған және нормативті таза (тазалаудан өткізіп қайта пайдалануға жататын) болып ажыратылады. Атмосфералық қалдық су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді .
Табиғи суларда олардың өздігінен тазару құбылысы жүреді. Бірақ бұл процесс өте жай жүреді. Өндірістік-тұрмыстық қалдықтар мөлшері салыстырмалы аз болған кезде өзендерде өздігінен тазару құбылысы жеткілікті дәрежеде жүрген болар еді. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі таңда ғылыми - техникалық революцияның қарқынды дамуынан судың ластану деңгейінің қарқыны өте жоғарылап отыр. Сол себепті, қалдық суларды тазарту және оларды қайтадан пайдалану қажеттілігі туындап отыр
Сонымен судың ластануы дегеніміз пайдалануға белгіленген су телімінде судың құрамындағы шектеуге жататын қоспалардың (компоненттер) көбеюі. Солай десек те суды ластайтын заттар ретінде ондағы кез-келген мөлшердегі қоспалар емес, тек судың сапасына белгіленген норманы бұзатын артық мөлшердегі қоспалар ғана жатады. Қалдық судың органолептикалық қасиеттері өзгеруінен, оның құрамында адамға, малға, құсқа, балыққа, әр түрлі пайдалы организмдерге зиянды заттар пайда болады. Судың температурасы өзгеруі себепті судағы фаунаның тіршілік жағдайы өзгереді. Мұндай жағдайда суды пайдаланатын жерде оның сапасын нормаға сәйкес келетіндей дәрежеде ұстап тұруды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру қажет болады. Cy нысандарында судың сапасына қоятын негізгі талап - белгіленген РШК-ны(рауалы шектелген концентрация) сақтау. Ол қоршаған ортаның жалпы күй-жайын бағалайтын экологиялық стандарттардың РШК деп химиялық қосылыстардың ұзақ мерзімде организмге күн сайын кешенді эсер еткенде экожүйедегі биологиялық қалыпты жағдайды бұзбайтын концентрациясын айтады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет