№2(70)/2013 Серия филология


Поэмы великого казахского поэта Магжана Жумабаева



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата15.03.2017
өлшемі1,59 Mb.
#9788
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Поэмы великого казахского поэта Магжана Жумабаева 
В  статье  проанализированы  замечательные  поэмы,  написанные  Магжаном  Жумабаевым,  благодаря 
которым  творчество  поэта  вошло  в  духовную  сокровищницу  народа.  Отмечено,  что  в  своих  поэмах 
поэт  уделял  внимание  большому  разделу  социальной  сферы — истории  духовного  развития 
казахского народа и его положению при колониальной системе правления. Сделан вывод о том, что в 
поэмах  поэта,  появившихся  в  основном  в  двадцатые  годы  ХХ  столетия,  были  продолжены 
демократическо-просветительские  традиции  путем  обогащения  их  идеями  свободы.  Кроме  того, 
описано, как в поэме «Батыр Баян» погиб один из выдающихся казахских полководцев XVIII века ба-
тыр Баян — организатор многих побед в казахско-джунгарской войне. 
R.S.Karenov 
The poems of great Kazakh poet Magzhan Zhumabayev 
It is shown that the exit of prominent representatives of the national intellectuals to the sociopolitical and 
cultural arena was significant manifestation of public and philosophical thought of Kazakhstan the beginnings 
of the XX century. It is noted that among them the special place is occupied forever remained in memory of 
the people by the great poet and the educator with immense talent Magzhan Zhumabayev. The remarkable 
poems written by it and thanks to which creativity of the poet was included into a spiritual treasury of the 
people are analyzed first of all. It is proved that in the fine poems he paid attention to the big section of the 
social sphere — sitoriya of spiritual development of the Kazakh people and to its situation at colonial system 
of board. The conclusion that in its poems which have appeared generally in the twenties of last century, 
democratic and educational traditions by a way of enrichment by their ideas of freedom were continued is 
drawn. It is described in the best-known poem «Batyr Bayan» as one of outstanding Kazakh commanders of 
the XVIII century the Bayan Batyr — the organizer of many victories in Kazakh dzhungar to war was lost. 

С.У.Такиров, А.Р.Акеева 
86 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 821.512.122 (510)+(517) 
С.У.Такиров, А.Р.Акеева 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: sarzhan68_zhan@mail.ru) 
Шет елдегі қазақ əдебиетінің қазіргі зерттелу үдерісі 
Мақалада қазіргі қазақ сөз өнерінің асыл арнасын құрайтын шетел қазақ əдебиетінің зерттелу үрдісі 
мен даму барысы қарастырылды. Шет елдегі қазақтардың əдеби-мəдени жетістіктерінің ерекшеліктері 
мен көріністеріне сипат берілді. Атамекеннен алшақ жүріп қазақ əдебиеті игілігіне жұмыс атқарушы 
азаматтардың бірқатар еңбектері басшылыққа алынды, сондай-ақ Қытай, Монғолия елдеріндегі қазақ 
əдебиетінің  көркемдік-эстетикалық  даму  бағытын,  тақырыптық-идеялық  өзегін  екшеген  ғылыми 
зерттеулері талданды. Қазіргі қазақ əдебиетінің көркемдік өркендеуіне айрықша үлес қосып отырған 
шетел қазақ əдебиетінің өзіндік орны айқындалды. 
Кілтті сөздер: қазақ диаспорасы, шетелдегі қазақ əдебиеті, Қытайдағы қазақ əдебиеті, Монғолиядағы 
қазақ  əдебиеті,  қазақ  əлемі,  əдеби  байланыс,  көркемдік  ықпалдастық,  əдеби  сын,  сын  эстетикасы, 
көркемдік даму үрдісі. 
Халқымыздың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  көркем  тарихы  бар.  Тарихтың  көркемдігінің  өзі  де 
шынайылықта  жатыр  емес  пе?  Ендеше,  сан  ғасыр  тарихқа  қиянат  жасалып  келді  десек  те, 
қателеспейміз.  Себебі  саф  алтындай  бағалы  мұраларымыздың  кешегі  өткен  кеңес  дəуірінде 
қараланып келгені шындық. Қазақ халқының ұлттық рухының шын мəнінде өзін-өзі билеуіне мүдделі 
болмаған  саяси  əрекеттер  де  жеткілікті  еді.  Осы  жолда  халқымыздың  басынан  нендей  қиын күндер 
өтпеді.  Бүкіл  ұрпақтың  сай-сүйегін  сырқыратар  тарихи  оқиғалар  асыл  бабаларымыздың  көрген 
қасірет-қайғысын айқындап береді. Тіпті, өзектілігін бүгінге дейін жоғалтпай келген мəселелер бар. 
Біздің қарастыратын мəселе де солардың бірі — қазақ халқының аса көп бөлігінің басқа этникалық 
кеңістіктерге  əр  түрлі  тарихи  себептермен  ауысып  кетуіне  қатысты  деректер  болмақ.  Ал  бұл  өз 
алдына  қазақ  диаспорасы  мəселесін  туындатады.  Қазақ  елінің  өзін-өзі  ұлт  ретінде  сақтап  қалуға 
мүмкіндік  беретін  жері  Қазақстан  Республикасы  болғандықтан,  этнодиаспоралық  кеңістіктерден 
Атамекенге  қоныс  аудармақшы  болған  ұлт  өкілдеріне  мемлекет  тұрғысынан  заңды  түрде  көмек 
көрсетілгені  жөн.  Бұл  құбылысты  реттеудің  өзіндік  қисыны  мен  бағыт-бағдары  əрбір  тұлғаның 
өмірлік  таңдау  еркіндігі  мен  құқығы  сəйкестенгенде  ғана  ұтымды  жүзеге  асады [1; 510]. «Елге  ел 
қосылса — құт»  дегендей,  қазақ  диаспорасы  өкілдерінің  ХХ  ғасырдың 90-жылдарының  басында 
Атамекенге  ағылған  ұлы  көшінің  нəтижесінде  Отанымызда  қандастарымыздың  үлес  салмағы  сан 
жағынан  едəуір  артты.  Шетелдегі  қандастарымыз  арасында  осылай  сең  бұзып,  атажұртқа  бет  бұру 
көші басталғанымен, əлемдегі күллі қазақ келіп жеткен жоқ [2; 5]. 
Əлемде  жаппай  жаһандану  үрдісі  жүріп  жатқан  кезеңде  қазақ  жеріндегі  қазақтар  жəне 
шетелдердегі қандастарымыз өзіндік этникалық келбетін жоғалтпаудың жолдарын іздеуде [1; 492–510]. 
Мұның басты себебі тек мынада — əлбетте, адамзат тарихында үлкен, дамыған халықтар саны аздау 
ұлыстарға қай жағынан болса да өз ықпалын жасап отырған жəне болашақта да əсер ете бермек. Бұл 
«жаһандану» (ғаламдану) үрдісі. Қандастарымыздың осындай ықпалдардың əсерінен жат елге сіңіп, 
құрып кетпеудің амалдарын жасап, ұлттық болмысын сақтап жүргендерінің өзі үлкен ерлік. Əлемнің 
қырықтан  астам  елінде  шашылып  жүрген  қазақ  диаспорасы  мəселелерін  зерттегендер  жоқ  емес, 
жұмыс жүріп жатыр. Бірақ нақты, жүйелі түрде мəселені шешу əлі де қолға алынбай келеді. Ұлттық 
дəстүрден  нəр  ала  отырып,  даланың  мөлдір  бұлағынан  сусындаған  қандастарымыз  да  тарихи-əдеби 
үрдістерге  өз  үлестерін  қосып  келеді.  Шет  елдегі  қандас  бауырлар  əдеби  байланыс,  көркемдік 
ықпалдастық, əдеби сын, сын эстетикасы, көркемдік даму үрдісі сияқты төл сөз өнерінде жан-жақты 
қаралатын мəселелерге өзіндік сипатпен, өзіндік пікірмен келетіні даусыз. Ендеше Қытай, Монғолия 
елдеріндегі қандас бауырларымыздың жат елде жүріп көркейткен өнеріміздің, мəдениетіміздің ең бір 
қастерлі үлгісі — сөз өнерінің дамуына тоқталғанымыз жөн. 
Шығыс  Түркістан  қазақтары  тағдыр-тауқыметімен  «қытай  қазақтары»  деп  аталғаннан  күннен 
бастап,  ең  əуелі  өз  күнін  өзінше  көрудің,  дұрысын  айтқанда,  өлмеудің  қамына  көшті.  Осы  əрекет, 
əрине,  сан  сала  бойынша  тырбануға,  еңбектенуге,  күресуге  жетеледі.  Ондағы  қазақ  əлемі — Алаш 
арыстары,  айдарлы-айбарлы  баһадүр  перзенттер  ауыл  іргесінің  амандығын,  аймақ  топырағының 
бүтіндігін сақтау жолында атқа қонған болса, қазақ сөз өнерінің қасиеті дарыған, наркескен намысы 

Шет елдегі қазақ əдебиетінің қазіргі ... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
87 
бар  ақын-жыраулар  сол  жат-жұрттықтар  шеңгелінде  қалған  шөкімдей  қазақты  өсіре  алмаса  да 
өшірмеудің,  рухани  аштыққа  ұшыратпаудың  қамына  шыңдап  кірісіп  еді.  Өйтпейінше  жырынды 
жаудан  жырымдалған  жұртты  аман-есен  сақтаудың  мүлде  мүмкін  емес  екенін  олар  жақсы  білетін. 
Əрине,  олар — ұлт  азаматтығын  армандаған  ақындар  мен  жазушылар — тағдыр  талайының 
қытайлармен байланысты болуын мың жерден қаламағанымен, тыныс-тірлігі былайғы жерде бəрібір 
қытай елінің елдік саясатымен, саяси-əлеуметтік қам-қарекетімен байланысып, қабысып жатты [3]. 
Қазақ əдебиетін тек мемлекет көлемімен шектесек, сыңар жақты көзқарас болары айқын. Оның 
бір  себебі,  қазақ  əдебиеті  əлемдегі  «қазақ»  атты  ұлт  қоныстанған  барлық  елде  өз  өркенін  жайып, 
тамыр  тарту  үстінде.  Екі  миллионға  жуық  қандастарымыз  қоныстанған  қытай  елінде  де  біздің 
əдебиетіміз өз жетістігімен өзгешеленеді, əрі қазақ əдеби мұраларының құнды да құнарлы қазынасы 
сақталған алып əдеби орта саналатыны ақиқат. Ал, біз кейде сондай əдебиетіміз бен мəдениетіміздің 
мəйегі болған қандастарымыздың құнды еңбегін бағалай алмай жатамыз. 
Қытай  қазақтарының  əдебиеті — күллі  қазақ  əдебиетінің  бір  бұтағы  іспетті.  Шетелдегі  қазақ 
əдебиеті,  қытай  əдебиетімен  қатар, «мəдениет  зор  төңкерісі»  делінетін  əсіре  солшыл  он  жылдық 
ойранның  аяқталып,  реформалау,  есік  ашу  саясаттары  жолға  қойылғаннан  кейін  ғана  өзіндік  даму 
жолына  түсті.  Тек  осы  кезден  бастап  ақын-жазушылар  шығармашылықпен  алаңсыз  шұғылданды. 
«Соның нəтижесінде 1978 жылдан 2000 жылға дейінгі қысқа ғана 22 жыл ішінде жүзге тарта роман, 
жүздеген  əңгіме,  повестер  жинағы,  дастан,  өлеңдер  жинағы  жарық  көрді.  Қытай  қазақ  əдебиеті 
тарихындағы едəуір үздік шығармалар сол кезеңде туды. Ертеректе өткен қаламгерлердің де бірқатар 
шығармалары  осы  дəуірде  жарыққа  шықты.  Тарихта  өткен  Ақыт  қажы,  Таңжарық  ақын  іспетті 
бірегейлеріміздің  де  бірқатар  томдары  осы  дəуірде  баспадан  шықты.  Ендеше,  сексенінші-
тоқсаныншы жылдар Қытайдағы қазақ əдебиетінде біршама гүлденген, өлмес шығармалар тудырған 
кез саналмақ» [1; 113–126]. 
Қытайдағы  қандастарымызды  қаншама  жылдар  рухани  аштықтан  сақтап  келген,  ұлт  азаттыққа 
жеткізген біртуар тұлғалардың өмірін білу кейінгі ұрпақтың парызы. Себебі бүгінде Қытайдағы қазақ 
əдебиеті  қазақ  халқының  рухани  бай  қазынасынан  сусындап,  мазмұны  тұрғысынан  байып, 
жанрларының барлық түрі дамып, ұлт əдебиетіне өзіндік үлесін қосуда. 
Шерхан Мұртаза ағамыз «Монғол қазағы, қытай қазағы деген қазақ жоқ, дүниеде бір ғана қазақ 
бар, ол — қазақ!» — деген еді. Бүгінгі күні қазақ əдебиеті сөз болғанда да «Қытай қазақ əдебиеті», 
«Қазақстан  қазақ  əдебиеті», «шетел  қазақ  əдебиеті»  деген  ұғым  қолданысқа  сіңіп  кеткендігі 
аңғарылады.  Түптеп  келгенде,  Шерхан  ағамыздың  сөзі  ең  орындысы  болар.  Себебі  қазақы  əдебиет 
тек біреу ғана. Ол — бір ғана қазақтың əдебиеті. Қалихан Ысқақ ағамыз да өзінің берген сұхбатының 
бірінде: «Шет елде жүрген қазақтардың мəдениеті, əдебиеті дейтін болсақ, бөле-жарып қаралмайтын 
қазаққа тəн бір-ақ дүние. Олай болатыны — бір халықтың ғана əдебиеті мен мəдениеті. Барлығының 
түбірі  бір»  дей  отырып,  қазыналы  əдебиетімізге  лайықты  баға  берген.  Осы  аталып  отырған  шетел 
қазақ əдебиеті дегеніміз — шын мəнінде, қазақ əдебиетінің Қытайдағы, Монғолдағы бұтағы немесе 
өркені  болып  есептеледі.  Ахмет  Жүнісұлы  «Əдебиетіміздің  Шынжаңдағы  бір  отауы»  мақаласында 
жаңағы  «бұтағы», «өркеніне»  балама  «отауы»  атауын  алғанын  көреміз.  Олай  болса,  ендігі  жердегі 
зерттеу  еңбектерінде  оны  «Шынжаң  қазақ  əдебиеті»  немесе  «Монғол  қазақ  əдебиеті»  деудің  еш 
əбестігі  жоқ.  Бұл  зерттеуге  қолайлы  болу  үшін  алынған  географиялық  атау  екенін  ескертеміз. 
Жоғарыда  аталған  Ахмет  Жүнісұлының  еңбегінде: «Əр  орманның  бұлбұлы  өзінше  сайрайтындай 
Шынжаң  қазақ  əдебиетінің  де  өзіндік  үні,  өзіндік  тобы  бар.  Бұлар  өз  халқының  құлақ  құрышын 
қандыруда,  көкейлерін  көбексітуде,  мұрындық  болып  жетелеуде.  Тарихының  өткеніне  айна, 
келешегіне  құбыланама  болуда  мығым.  Осы  мығымды  сөз  ету — тайлаққа  емес,  атанға  жүк.  Бұған 
мақала емес, үлкен зерттеу керек», — дейді [4]. 
Қалам  ұстау — ұлтқа  қызмет  етудің  бастауы.  Ұлт  əдебиетінің  гауһар  қазынасы — əлемдік 
руханият пен мəдениетке барып қосылатын елеулі үлес іспетті. Қытайдағы қазақ əдебиеті атты асыл 
арнаға төл əдебиетіміздің бірегейлері де соқпай өтпеген. Атап айтқанда, Сəбит Мұқанов 1956 жылы 
Қытай жерінде болып, ондағы қазақтардың əдебиеті мен мəдениетіне барынша көңіл аударған. Оны 
Сəбеңнің  «Алыптың  адымдары»  атты  очерктер  жинағынан  айқын  көре  аламыз. 1957 жылы  Ғабит 
Мүсірепов те Қытайдағы қазақ қаламгерлері арасында болып қайтқан. Онан кейінгі жерде профессор 
Рахманқұл  Бердібай,  профессор  Тұрсынбек  Кəкішев,  академик  Серік  Қирабаев,  ғалымдар  Рымғали 
Нұрғали,  Бақытжан  Майтанов,  ақын-жазушылардан  Мұзафар  Əлімбаев,  Қабдеш  Жұмаділов,  Ахмет 
Жүнісов  сияқты  бірқатар  қаламгерлерді  де  аталмыш  тақырып  тереңнен  толғандырған.  Аталған 
авторлар  өз  еңбектерінде  қытай  жəне  монғол  қазағындағы  қазақ  əдебиетіне  аз  да  болса  зерттеулер 

С.У.Такиров, А.Р.Акеева 
88 
Вестник Карагандинского университета 
жасап, олардың озық ақын-жазушыларының шығармаларына тоқталады. Бірақ арнайы зерттеу емес. 
Əсіресе Шынжаң қазақтарындағы қаламгерлердің көркемдік деңгейі мен шығармашылығын зерттеу-
талдау, оны ортақ игілікке жарату, əдебиеттану ғылымына кіргізу мəселесі əлі де жоқтың қасы. 
Белгілі қаламгер Қалихан Ысқақұлы ағамыздың: «Шетелдегі жазушылардың деңгейін көшбасы 
дей  алмаймыз.  Өйткені  мен  оларды  оқыған  емеспін…  Поэзиясына  келер  болсам,  дауым  жоқ. 
Прозасында стилистикалық жағынан, форма жағынан бізге ілесе алмай қалғаны анық. Заманға ілесе 
алмай қалған жерлері көп. Олар нені жазамын дегенді біледі. Осыны қалай, қайтіп жазамын дегенде 
орашолақ…  Олар  көбінде  ХVІІІ  ғасырдағы  билеріміз  сияқты  құр  сайрай  береді.  Сайрай  беру 
прозаның міндеті емес», — деген өткір сынмен айтылған ой түйткілінде шындық жатыр [5]. 
Шетелдегі  қазақ  əдебиетінің  ұлтым  деп  еміренген  бөлігі  болған  Шынжаң  қазақтарының 
əдебиеттану ғылымына келсек, ол 1940 жылдардан бастау алады. Қытайдағы қазақ жазба əдебиетінің 
алғашқы  өкілдерінің  бірі  Нығмет  Мыңжанидың 1942 жылы  «Шынжаң  газетінде»  жариялаған  «Қыз 
Жібек  жөнінде»  атты  зерттеу  мақаласы  осы  саладағы  алғашқы  ізденіс  еді.  Н.Мыңжанидың 1946 
жылы  жазған  «Қазақ  тарихы» («Шанхай»  журналында  қытай  тілінде  жарияланған)  мақаласы 
толықтырылып  қайта  жазылып, 1949 жылы  қазақша,  ұйғырша,  қытайша — үш  тілде  кітап  болып 
шыққан. Кейіннен жазған «Қазақ халқының ауыз əдебиеті» (1980), «Қазақ тіл-əдебиетінің қалыптасу 
жəне  даму  дəуірлері» (1981), «Қазақ  қиссасы  «Бақтияр»  жəне  оның  қырық  бұтағы» (1982), «Қазақ 
əдебиетінің қисса-дастан жанры» (1982), «Қазақ халық дастандарының тарихына тəн кейбір деректер 
жайында» (1982), «Қорқыт ата» кітабы жəне қазақтың Қорқыт жыры жайында» (1984), «Қазақтың ел 
аузындағы екі жүз дастаны» (1986), «Қазақтың мифтік аңыздары» (1996) атты еңбектері əдебиеттану 
ғылымына  қосылған  елеулі  еңбек  саналмақ [2; 23–31]. Сонымен  қатар  Н.Мыңжанидың  ізін  басып 
өмірге келген Əуелхан Қалиұлы, Ахметбек Кірішбаев, Омархан Асыл, Əзімхан Тішанұлы, Бексұлтан 
Кəсейұлы, Мырзахан Құрманбай, Ғазез Райысұлы, Қаусылхан Қамажанұлы сынды қаламгерлер тобы 
Шынжаң  қазағының  əдебиеттану  ғылымына  өз  үлестерін  қосты [6; 43–51]. Шетелдегі  қазақ 
əдебиетінің  Қазақстан  топырағындағы  əдебиеттану  ғылымы  ретінде  зерттелуіне  көз  жіберсек, 
«Шынжаң  қазақтарының  əдебиеті»  төңірегінде  еңбектер  жазған  Тұрсынбек  Кəкіш,  Зұфар 
Сейітжанов,  Мұхтархан  Оразбай,  Дүкен  Мəсімхан,  Омарəлі  Əділбек,  Бекқожа  Жылқыбек  секілді 
азғана  топты  көреміз.  Мұнын  өзі  аз  да  болса  жоғарыдағы  ізденді  «ақтаңдақтарды»  толтыруға 
арналған ұлағатты еңбектер саналатыны ақиқат. Əрі əдебиеттану ғылымының дəрежесіне көтерілген 
маңдай тердің таза жемісі [6; 37–44]. 
Дербес еліміздегі қазақ əдебиеті алып бəйтерек саналса, Монғолиядағы қазақ əдебиеті сол алып 
бəйтеректің  бір  мəуелі  бұтағы  болып  табылады.  Моңғол  жеріндегі  қазақтар  арасынан  жиналған 
фольклорлық мұра 5 том кітап боп жарыққа шыққан. Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 
30-дан  астам  халық  ақындарының  шығармалары  жинастырылып,  зерттеліп,  ел  игілігіне  айналды. 
Тауданбек  Қабанұлы (1830–1908), Төлебай  Бөжекұлы (1858–1924), Мешел  Қожекеұлы (1858–1928), 
Отарбай  ақын (1882–1953), Нəжікеш  Таңқайұлы (1885–1953), Оңашыбай  Ірбітұлы (1892–1953), 
Бұрқасын  Тауданбекқызы (1905–1968) сияқты  халық  ақындарының  шығармашылығы  арнайы 
зерттеліп,  оқырман  қауымына  ұсынылған.  Ал,  Монғолиядағы  жазба  əдебиеттің  даму  кезеңін  екіге 
бөліп қарастыруға болады: І-кезең: 1940–1970 жылдар. Бұл жаңа əдебиеттің пайда болып қалыптасу 
кезеңі. ІІ-кезең: 1970 жылдан бүгінге дейінгі уақыт. Бұл жазба əдебиетінің толысу дəуірі. 
Монғолиядағы  жазба  əдебиеттің  негізін  салушы — Ақтан  Бабиұлы (1897–1973). Ақын 1940 
жылдан  бастап  «Өркендеу»  газетіне  өршіл  үнін  қосып,  жаңа  заманның  жаршысы  болумен  бірге 
мəдениет  пен  өнерге  қарымды  үлесін  қосқан  сергек  саналы  қайраткер  болды.  Оның  оннан  астам 
жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мəйегіне айналды. Құрманхан 
Мұқамадиұлы (1923–1964) əдеби  қызметін  өлең  жазумен  бастады.  Оның  «Құттықтау», «Қыс», 
«Октябрь  тойына», «Қазақстандық  достарға» «Тау  қойнында  жеке  дара»  секілді  өлеңдері  бар. 
Əйткенмен  ол  қаламгерлік  қабілетін  драма  саласында  көрсете  білді.  Ақын,  драматург  Арғынбай 
Жұмажанұлының алғашқы жинағы  «Тақпақтар» деген атпен 1949 жылы Ұланбатырда жарық көрді. 
Содан  кейін  «Ертіс  жырлары» (1960), «Біздің  өлкеде» (1972), «Меңдікөл» (1979) жинақтары 
оқырманға  жетті.  Ақын  Даниял  Дікейұлының  «Жетілген  жетім», «Таң  алдында», «Солдат  сөзі», 
«Алтай  аясында»  секілді  поэмалары,  Имашхан  Байбатырұлының  «Телқоңыр» (1967), «Аққу  əні» 
(1970) секілді жинақтары, Шабдарбай Қатшанұлының «Көрімдік», «Шығыстағы алау», «Майлы жер» 
поэмалары,  Дайын  Қалаубайұлының  «Жас  дəурен», «Гүлсім»  сияқты  жинақтары  поэзияның  аяқ 
алысын байқатқан айтулы туындылар болып  есептеледі. Сондай-ақ  аға  буын қаламгерлер Ж.Байыт, 
И.Жəбенұлы,  Қ.Кəп,  М.Егеухан,  А.Қауия,  І.Яки,  орта  буын  өкілдері  Ж.Кəкей,  Ш.Зуқай,  Р.Шынай, 

Шет елдегі қазақ əдебиетінің қазіргі ... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
89 
І.Кеңес,  Қ.Тойлыбай,  Қ.Бодаухан,  О.Солдатхан,  Ж.Қуанған,  М.Зүлкафил,  Б.Мұрат,  Ə.Дəулетхан, 
Р.Зұрғанбайұлы  секілді  ақындардың  туындылары  өлең  өнерінің  биік  үлгіде  дамуына  баспалдақ 
жасады. Монғолиядағы қандастарымыздың əдеби сын, зерттеу саласында филология ғылымдарының 
докторы  Қабидаш  Қалиасқарұлы,  филология  ғылымдарының  кандидаты  Қуанған  Жұмаханұлы, 
филология  ғылымдарының  кандидаты  Есенгүл  Кəпқызы  секілді  ғалымдардың  атқарған  қажырлы 
еңбектерінің Атамекендегі əдебиет үшін орны ерекше. 
Қандас  бауырлардың  Монғолиядағы  соңғы  буынына  келсек,  Қазақстан  тəуелсіздігінен  кейін 
Рысбек  Зұрғанбайұлы,  Жүкел  Қамайұлы,  Сұраған  Рахметұлы,  Бақытбек  Бəмішұлы,  Абай 
Мауқараұлы,  Есенгүл  Кəпқызы,  Дəулеткерей  Кəпұлы,  Жандос  Бəделұлы,  Бақытгүл  Баймолдақызы 
секілді ақын-жазушылардың көбі тарихи отанына оралып, əдебиет саласында еңбек етіп отыр. 
Түйіндеп  айтқанда,  Монғолиядағы  қазақ  əдебиеті  қазақ  пен  монғол  халықтарының  рухани  бай 
қазынасынан  терең,  əрі  тең  сусындап,  мазмұны  байып,  жанрларының  барлық  түрі  дамып,  ұлт 
əдебиетінің алып дариясына құятын мөлдір бұлаққа айналып отыр. 
Өзіміздің  Қытай  асып  кеткен  бауырларымыз,  Қытай  жерінде  өмір  сүріп  жатқан 
қандастарымыздың  саны  бүгінде 1,2 миллионнан  асады  екен.  Иə,  Қытайдың  идеология  саласында 
біздің  елдің  бағдарынан  біраз  айырмашылықтар  бар.  Бұл — қазақтардың  Бірінші  дүниежүзілік 
құрылтайға Қытайдағы қазақ диаспорасы өкілдерінің келе алмауынан-ақ айқын көрінеді. Қытайдағы 
қазақтардың  өзіндік  санасының  сипаттамасына  тоқталатын  болсақ,  олар  негізінен  батыс 
мəдениетінен  гөрі  шығыс  мəдениетінің  (қытай,  ұйғыр,  дүнген  жəне  т.б.)  мұсылмандық  салт-
дəстүрлердің  ерекшеліктеріне  көбірек  бетбұрыс  жасаған  деуге  болады.  Өзінің  ежелден  келе  жатқан 
мал шаруашылығымен айналысу дəстүрін сақтаған, ауыз əдебиеті мен жазба əдебиетіне деген, өнерді 
құрметтеу  сияқты  қасиеттерін  жақсы  жандандыра  білген.  Бірақ  əлеуметтік  саладағы  этникалық 
бəсекелестікте  кенже  қалуға  итермелейтін  құбылыстар  көптеп  кездеседі.  Қытайдағы  қазақтардың 
ұлттық санасында болашаққа деген сенім біртіндеп орнығып келеді. Себебі екі елдің арасында қазіргі 
кезеңде  бірталай  саяси,  құқықтық  мəселелер  халықаралық  деңгейде  шешімін  табуда.  Болашақта 
шешім  күтіп  тұрған  мəдени  қатынастардың  шектеулілігі  сияқты  күрделі  мəселелер  де  өте  көп. 
Қытайдағы атажұртқа оралуды аңсаған қандастарымыз əлі де алдағы уақытта отанына қайтып келер 
деген үміттеміз. Себебі гуманистік тұрғыдан алғанда отанын тастап кету оңай іс емес, олар үшін жат 
елде босып жүргеннен өз елінде өлген артық болған ғой. Ата-бабамыздың осынау қасіретін айнытпай 
көз  алдымызға  əкелетін  керемет  шығарма — Тұрсынəлі  Рыскелдиевтің  «Ұлы  көш»  романы [7]. 
Романда  сексеннен  асқан  Ақтоты  əженің  басынан  кешкен  тағдыр  талайы  сөз  болады.  Романның 
басты  кейіпкері  Ақтоты  алты  жасында  қанды  көшпен  Қытайға  келіп,  ұзақ  ғұмырында  атажұртын 
есіне  ала  жүріп,  Қытайдан  отанына  қайта  оралады.  Жазушы  осы  жолдағы  Ақтотының  басынан 
кешкендерін,  жақындарының  жан  шошырлық  азапты  сапарын,  көштің  қилы  тағдырын  заман 
өзгерісімен қатарластыра суреттеген. Жазушы жат елге көшіп бара жатқан көш арқылы халқымыздың 
салт-санасы, əдет-ғұрпы, наным-сенімдері, дін, ұлттық психология, ел тарихы, дала мəдениеті, ауыз 
əдебиеті,  шипагерлік  өнері  сияқты  мəселелерді  романда  шебер  тоғыстырған.  Тұрсынəлі 
Рыскелдиевтің «Ұлы көш» романының жалғасы іспеттес болған шығарма — Қабдеш Жұмаділовтың 
«Соңғы  көш»  дилогиясы.  Жазушы  Қабдеш  Жұмаділов  романда  Қытайдағы  қазақтар  өмірінің  сан-
қырлы сəттерін суреттеген. Шығармада ХХ ғасырдың орта шеніне дейін Қытайдағы қазақтарда ғана 
сақталған  көшпенділер  тұрмысы  көрініс  тапқан.  Жазушының  басты  негізге  алғаны — шекара 
сыртындағы  қандастарымыздың  азаттық  жолындағы  күресі,  олардың  ұрпақ  қамын  ойлаған  бір 
бөлігінің ата жұртқа келіп қосылуына қатысты мəселелер. Бүгінде білім қуып Қазақстанға Қытайдан 
келіп  жатқан  жастар  өте  көп.  Олардың  келгендегі  нақты  мақсатын  сұрағанда: «Біз  ұрпағымыздың 
нағыз қазақ болып туғанын, ұрпағымыздың тек өз ұлтымызға қызмет еткенін қалаймыз», — дейді. 
Қазақ  поэзиясының  жарқын  жұлдыздарының  бірі,  өршіл  рухты  ақын  Жұбан  Молдағалиев 
айтқанындай, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының «мəңгі өлмеске» біржола бойын тіктеп, «ақ 
түйенің  қарны  жарылып»,  тəуелсіздікке  қол  жеткізгеніне  де  жиырма  жылдан  асты.  Еңбектей 
жылжып,  талпына  қаз  тұрып,  есейе  ержетіп,  өмір  ұсынған  сынақтардан  тəжірибе  жинақтап,  есесі 
кеткен  кешегі  балаңдықтан,  есебін  түгендер  естілікке  қол  жеткізе  бастаған  жас  мемлекетіміздің 
болашағына деген сеніміміз де нығая түсуде. 
Өткен  тарихымызға  үңіліп,  мұқияттап  отыру — парасаттылық  белгісі.  Себебі  өмір,  тарих 
дегеннің өзі өткен күн, бүгінгі ғұмыр мен болашақ атты үштіктің бірлігінен құралмақ. Өткен күннің 
сабағы  бүгінгіге  қорытынды.  Тарихымызды  таразылап,  ақтаңдақтары  мен  кем-кетікті  тұстарын 
толтыру,  ұлттың  тарихи  санасына  орныққан  жасанды  мазмұн,  жалаң  пішіндерден  арылту  сияқты 

С.У.Такиров, А.Р.Акеева 
90 
Вестник Карагандинского университета 
жұмыстар  баяу  болса  да  ілгерілеп  жүріліп  келе  жатыр.  Тəуелсіздікке  қол  жеткізген  мерейлі  сəттен 
бастап ғылым салаларының дамуына деген шектеуліктердің жойылуы да айқын көріне бастады. 
Алыс жəне жақын шетелдерде өмір сүріп жатқан қандастарымыздың өзіндік ұлттық санасының 
əр  түрлі  деңгейдегі  көріністері  жəне  оралман-репатриант  (репатриант — белгілі  бір  тарихи 
себептермен  елін  тастап  кетуге  мəжбүр  болып,  орайы  келгенде  қайтадан  атажұртқа  қайтқандар) 
қазақтардың  этникалық  дүниетанымындағы  күрделі  өзгерістерді  зерделеу,  шетелдегі  өмір  сүрген 
халқымыздың бірегей, батыр тұлғаларымыздың өмірімен таныс болу, əдебиеті мен мəдениетінің даму 
деңгейіне көз салу — өзекті мəселелердің бірінен саналады. Əлемнің əр түрлі мемлекеттерінде ғұмыр 
кешіп  жатқан,  өздерінің  ұлттық  негіздерін  ұмытпаған  қазақ  диаспорасының  өкілдері  ерекше  атап 
өтуді талап етеді. Осы орайда Тəтімовтың «Дербестігіміз — демографияда» атты кітабындағы айтқан 
ойына  тоқталсақ: «Тілі  мен  діні,  нəсілі  мен  тегі  өзімізге  жақын  түркі  тілдес  бауырларымызды 
алыстатпай, бəріміз бір дінді мұсылмандармыз десек, олар қатарымызды «қарайтып», өсіре берер еді. 
Еті  тірі,  санасы  ширақ,  намысы  биік,  діні  ұшқыр,  мерейі  кең  менталитетті  ұлттар  өзінің  санын 
осылайша алда əлі де тез өсіре беретіні хақ! Саны қалың, сапасы мықты, санаты биік, саясаты икемді 
ұлт боламыз десек, алдымен көшіп келген өз бауырларымызды тіл мен дін, мəдениет пен азаматтық, 
елдік пен жерлік, мемлекеттік пен менталитеттік, дəстүр мен ділдік əсерлер арқылы өзімізге барынша 
жақындатып, бойымызға біртіндеп сіңіріп, қазақ деген кең ұлтты жоғары көтеріп, жас мемлекетімізді 
сан жағынан өсіре аламыз. Кең болсақ — кем болмаспыз!» — деп үлкен ой салады [1; 510]. 
Қазақстаннан  тыс  жерде  өмір  сүріп  жатқан  қазақтардың  басым  бөлігі  қазақ  ирреденталарына 
жатқызылады.  Қазақ  диаспорасы  қазақтардың  Қытайға,  Орталық  Азия  мемлекеттеріне,  Ауғанстан, 
Иранға, одан əрі Үндістан, Пəкістан, Түркияға қоныс аударуының нəтижесінде дүниеге келді. Құлбек 
Ергөбек  өзінің  «Көзайым» («Шетелдегі  қазақ  əдебиеті  жайында  бірер  сөз»)  атты  мақаласында 
келесідей ойлар өрбітеді: «Тағдыр айдауымен сырт елдерге кеткен бауырлар қайта оралып, бауырмал 
құшақтар  қайта  айқасып  мəре-сəре  болып  жатқан  жайымыз  бар.  Əрине,  арадағы  елу-алпыс  жыл, 
өскен  орта,  жүрген  жер  бір  қазақты  он-санға  бөліп,  бірін-біріне  жатырқатып  тастағанын  жасыра 
алмаймыз.  Уақыт.  Саясат.  Дүниеде  адам  баласы  жеңбес  нəрсе  аз.  Алайда  адам  баласы  үшін  қиын 
алынатын  қамалдың  бірі — психика!  Ол  үшін  ең  алдымен  бір-біріміздің  жан  дүниемізге  үңілуіңіз 
керек. Адам жан дүниесі əңгіме-сұхбатта ашылады. Адам жан дүниесі — көркем əдебиетте көрінеді. 
Мен  осы  орайда  «Армысың,  Атамекен» (Баян-Өлгий, 1992) аталатын  жыр  жинағына  арнайы 
тоқталып, шетелдегі қазақ əдебиеті жайынан сөз сабақтағым келеді. 
Алдымен  қазақ  диаспорасын  құрайтын  қазақтар  жөнінде.  Қазақтың  үштен  бірі — шет  елдерде 
шашырап  жүр.  Алыс  шетелдердегі  қазақ — 1 млн 578  мың,  жақын  шетелдерде  (ТМД) — 1 млн 
707 мың (Қазақ тарихы, 1993, № 3), — делінеді. Осылардың арасында қазақ тілінде кітап шығаратын 
баспа — Қытай мен Монғолияда бар. Бұл — қазақтың мол  шоғырланған жерлері. Қытайдағы қазақ 
саны — 1 млн 270  мың.  Баян-Өлгийдегі  қазақ  саны — 130 мың.  Халық  талап-тілегіне  орай  кітап 
бастыру,  газет,  журнал  шығару  бұл  өңірлерде  тəп-тəуір  жолға  қойылған.  Соңғы  кездері  Түркия  да 
аздап қазақ тілінде кітап шығара бастаған сияқты. «Шетелдегі қазақ əдебиеті» дегенде — ойға алатын 
жайлар міне, осылар. Шетелдегі қазақ əдебиеті — қазақ деген ұлы халықтың, қазақ əдебиеті аталатын 
əлем таныған өрелі əдебиеттің сырттағы бұлақтары» [8]. 
Шет елдерде ғұмыр кешіп жатқан қандастарымызды біріктіріп тұрған негізгі нəрсе — олардың 
өздерін қазақ этносына, оның құрамындағы белгілі бір руға тəн екендігін мойындауы, этникалық тілі 
мен  салт-дəстүрін  жоғалтпауы.  Оларға  тəн  басты  сипат — өзі  өмір  сүріп  жатқан  ортасында  сандық 
тұрғыдан  азшылық  болуына  қарамастан,  өзіндік  ұлттық  ерекшеліктерді  құндылық  ретінде  сақтап 
қалуы.  Көшпелі  қоғам  сыртқы  жəне  ішкі  жағдайларға  бейімделуге  икемді  ашық  жүйе  болып 
табылады. Қазақтар өзінің тектік, рулық бөлінісін қатаң сақтай отырып, дүниені танудың əр алуандық 
сипатындағы өзге діндер мен өзге мəдениетті кеңінен қабылдай алатын ділі бар халық. 
Дербестіктің  көк  жалауын  биікке  көтерген  еліміз  азаттық  туын  көкке  жіберген  кезден  бастап 
мəдениет, көркем сөз өнері, жалпы өнеріміз сияқты баға жетпес рухани құндылықтарымызды ашып, 
дүниеге  паш  еттік.  Осы  сəттен  бастап  тарихымыздың  парақтарында  шетелдегі  қандас 
бауырларымызбен  тығыз  байланыс  жасау,  осы  қатынастарды  ғылыми  тұрғыда  дамыту  жұмыстары 
бүгінгі  күні  өзекті  мəселелер  мен  атқарылмақ  қыруар  шаралар  қатарынан  табылады.  Шетелдегі 
шамамен 4–5 миллионнан асатын қазақ диаспорасының қалыптасу тарихын, əдет-ғұрып, салт-дəстүр, 
өнер-білім  сияқты  мəдени-рухани  салаларында  тұнып  жатқан  мұраны,  халықтың  демографиялық 
өсуін,  ұлттық  даму  жөніндегі  өзекті  мəселелерін  жан-жақты  ғылыми  тұрғыда  зерттеп  белгілі  бір 
негізге  түсірген  жөн.  Ендеше,  жүректері  «ұлтым — қазақ»  деп  соққан  Қытайдағы  қандастар 

Шет елдегі қазақ əдебиетінің қазіргі ... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
91 
қауымының  өзіндік  ұлттық  салт-дəстүрін,  мінез-құлқын,  ұлттық  бет-бейнесін  сақтап  қалады  деген 
үлкен үміттеміз. 
Шет  елдегі  қандас  бауырлардан  келіп  жатқан  мəдени-рухани  ағыстың  төл  əдебиетіміз  бен 
мəдениетімізге берері мол. Шет елдегі қандастарымыздың қарашаңыраққа оралуы үшін атқарылмақ 
іс-шаралар өте көп. Ал біздің бұл қолға алып отырған ісіміз — болашақта жасалар қыруар жұмыстың 
əлқиссасы ғана болар. Қорыта айтқанда, қазақ сөз өнерінің асыл арнасын құрайтын шетелдегі қазақ 
əдебиеті  жаһандану  үрдісіне  батыл  тойтарыс  беріп,  эстетикалық  сипатта  даму  үстінде.  Оның 
көркемдік  дамуын  бағалаудағы  əдеби  сын  да  барынша  өрістеп,  мұрат-мақсатын  ұлттық  мүдде 
тоғыстыратын əдебиеттер ықпалдастығын айқындауға қуатты ықпал етуде. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20-т. — Астана: Аударма, 2006. — 544 б. 
2  Шет елдегі қазақ баспасөзі: Оқу құралы / Шамақайұлы Қ. — Қарағанды, 2003. — 126 б. 
3  Мəсімхан Д. Сарап. — Астана: Елорда, 2001. — 120-б. 
4  Қазақ елі. — 1998. — 9 қаңт. — 2-б. 
5  Жұлдыз. — 2010. — № 11. — 111–112-б. 
6  Қазақ диаспорасы: бүгіні мен ертеңі. — Астана: Елорда, 2005. — 352 б. 
7  Рыскелдиев Т. Ұлы көш. — Алматы: Өлке, 2001. — 368 б. 
8  Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. — Астана: Таным, 2003. — 291–297-б. 
 
 
 
С.У.Такиров, А.Р.Акеева 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет