№2(70)/2013 Серия филология



жүктеу 5.04 Kb.

бет9/14
Дата15.03.2017
өлшемі5.04 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

В.Ягич жəне славян гимнографиясының зерттеле басталуы 
Мақала  славистикадағы  гимнографиялық  зерттеулердің  көне  тарихына  арналған.  Славян 
филологиясында  славян  гимнографиясы  көптеген  уақыт  бойы  ұмыт  болып  келген.  В.Ягичтің 1886 
жылы  басып  шығарған  орыс  манускриптерінің  үлкен  басылымына  қарамастан,  аталмыш  мəселе 
зерттелмеген.  Мақала  авторы  В.Ягичтің  славян  гимнографиясының  əдеби  дереккөз  ретіндегі 
құндылығы туралы пікірлері мен қорытындыларын келтірді. 
L.Mateiko 
V.Jagić and hymnography research in Slavistics 
The article deals with the early history of hymnography research in Slavistics. Slavic hymnografphy remained 
forgotten for a long period in Slavic philogy despite a giant edition of Russian manuscripts was published by 
V.Jagić already in 1886. Obviously Jagić´s negative conclusions concerning value of Slavic hymnography as 
a literary source together with its religious character caused that it was discovered for Slavistics only 
a century later. 
ƏОЖ 82.0 
Н.Дəулеткелдіұлы 
Іле педагогикалық филология институты, Құлжа, Қытай Халық Республикасы (E-mail: nurjanxakelyn@hotmail.com) 
Əсет ақынның термелері 
Мақалада қазақтың терме өнері халқымыздың бағзы заманнан жеткен жауһар өнері екендігі айтылды. 
Автор сонымен бірге ақын Əсеттің əдеби мұрасындағы терме мəтіндерінің ғылыми тұрғыда жанрлық 
ерекшеліктеріне  қарай  бөлінуін  келтірген.  Əсет  термелерінің  ұлт  əдебиетінде  алатын  орны  мен 
жаңашылдық сипаты бағаланды. 
Кілтті сөздер: қазақтың терме өнері, өнерпаздар, Əсет Найманбайұлы, Əсет термелері, мазмұны мен 
көркемдігі. 
Қазақтар — дала  көшпенділерінің  ұрпақтары,  қазақ  халық  болып  біріккенде,  тайпалар 
арасындағы  өзара  ағайындық  ғана  емес,  өмір  салтының  бірдейлігіне,  орналасу  аймағының 
тұтастығына  қарай  қалыптасқан  этностық  топ.  Монғолия  далаларында  тұратын  Керейлер  (Керей 
хандығы), Алтай баурайы мен Қара Ертіс бойын жайлаған Наймандар (Найман елі) мен Сарыарқаны 
мекендеген  Арғындар  (Қарлұқ  хандығы),  Жетісудың  халқы  Сарыүйсіндер  (Үйсін  елі)  мен  Сыр 
бойының  халқы  Қаңлылар  (Қаңлы  елі)  жəне  Мұғалжарды  мекен  еткен  Шөмекейлер  (Чумугун  елі), 
Тобылды  жайлаған  Қыпшақтар  (Қыпшақ  елі),  Маңғыстауды  мекендеген  Адайлар  (Дай  елі)  жер 
бетінде  «Қазақ»  деген  халық  болмастан  бұрын  да,  өз  мемлекеттері  бар  жұрттарға  жатады.  Сол 
кезеңдерде  олардың  тілдері,  ділдері  бір-біріне  жақын  болды.  Сосын  барлық  қазақты  құраған  ру-
тайпалардың өз алдына фольклор мұрасы, өнері болды. Озық өнер үлгілері бұл тайпалар мен елдер 

Əсет ақынның термелері 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
65 
арасына  ерте  заманнан  етене  болып  жатталды.  Қазақтың  терме  өнері  де  байырғы  жұрттар  мен 
ұлыстардың, туыстардың өнерпаздары арқылы жетті. 
Терме өнері — синкретті, немесе жалпылық, жанр түрі. Ол — өлең, əуен, күй, əн, актер, əнші, 
сазгерлердің  қосылуы  арқылы  ортақ  жаралған  көне  өнер  түрі.  Мақамды,  əуенді,  аспапты  бір  адам 
орындаудан  қалыптасады.  Сосын  да  терме  өнерпаздарының  басы  бақсы  сарыны  арқылы  негізі 
қаланғаны анық. Бақсы, абыз, жыршы, жырау, ақын, термеші болып аттары сақталған. 
Қазақ фольклорында тұтастану үрдісі болады. Жанр түрінің тұтастануынан алғанда терме өнері 
ақ өлең (қара сөз тақпағы) — бақсы сарыны — өлең сөз тақпағы — насихат өлеңі — өсиет өлеңі — 
толғау — жыр-терме  түрінде  тұтасады.  Қазір  жыр-терме  əрбір  жанр  түрінен  бөлектеніп,  жырдан, 
толғаудан парықталып, терме өнері болып жеке аталады. Қазақ еліндегі қандастар бұл фольклорлық 
жанр  түрін  терме  өнері,  толғау-терме,  жыр-терме  деп  үш  түрлі  атаумен  атап  келген  де,  еліміз 
қазақтары термемен таңбалайды. 
Терме  тектен  тек  көктен  түсе  салған  дүние  емес.  Ол — сонау  халықтық  дəстүрлер  мен 
мəдениеттің тоғысы. Терме өнерінің əр дəуірдегі мұрагерлері, жалғастырушылары болған. Тұтастану 
жолымен жеке жанрлық тұлғасын қалыптастырған. Терме өнерпаздарының авторлары жеке тұлғадан 
көбейіп,  терме  мəтінін  жазушы,  терме  мақамын  жасаушы,  терме  орындаушы  болып  жұмыс  міндеті 
кеңейген-ді. Қазақ бастан кешкен тарихи барыстардың бəрінде телемелеу дағдысы жойылмаған. Ал 
қазіргі  дəуірге  келгенде  əнші,  жыршы,  жырау,  ақын,  актерлер  де  өз  жасампаздығының  бір  саласын 
терме  өнеріне  арнаған  жаңа  ауқым  қалыптасты.  Ə.Марғұлан  Қорқыт  мұрагерлерін  Қойлыбай 
бастаған  ежелгі  бақсы-жыраулар,  Кетбұға  сияқты  қобызда  күй  шалушылар,  Сыпыра  дəстүрінің 
ізіндегі  жырау-абыздар,  Жанаққа  жалғасқан  қобыз  ұстаған  ақындар  деп  төрт  топқа  бөлді.  Бұл — 
шартты түрде бөлудің көрінісі. Қобызбен күй шығарушылар бұлай бөлінсе, қоңыр домбырамен терме 
айтқандардың қатары тіпті мол. 
Қазақ  қоғамының  жаңа  дəуірінде  Қазақстан  жерінде  Жанақ  ақынға  ілескен  бір  шоғыр 
өнерпаздар  шықты.  Айталық,  Ақан  мен  Біржан,  Сегіз  Сері  мен  Балуан  Шолақ,  Үкілі  Ыбырай  мен 
Жарылғапберді,  Қемпірбай  мен  Нартай,  Естай  мен  Мəди,  Абай  мен  Жамбылдар  ғұмыр  кешті.  Ес 
біліп, етек-жеңді жинағаннан кейін білген Үбісұлтан, Нұрмахан, Рүстембек, Мұзарап, Зайыр, Сабыт, 
Берман, Сүйінбай, Сағынтай, Жаппар секілді белгілі жырауларды атауға болады. Ол өнерпаздардың 
жыр-терме  айту  мақамдары  əр  түрлі  болыпты.  Арқа  дəстүрін  елімізге  жеткізген  жезтаңдай  əнші, 
жезбұйда жырдың жел жүйрігі Əсет Найманбайұлы еліміздің қазіргі заман терме өнеріне тамшыдай 
тер төгіп кеткен айтулы өнерпаз. Еліміз қазақтарында қазіргі заман терме өнеріне Əсет пен Асылхан 
сара жол салды делінсе, асырып айтқандық емес. 
Əсет  жасампаздығына  тіркелген  жаңа  поэзиялық  түр — терме  мəтіні.  Оның  саны  көп  емес. 
«Адамның жасы жөнінде», «Əсеттің термесі», «Өсиет», «Бауырларға» дейтін төрт жыр-термесі мəлім 
болған.  Ақынның  бұл  термелері  екі  елде  де  баспа  бетінде  жарық  көрді. «Адамның  жасы  жөнінде», 
«Əсеттің  термесі», «Өсиет»  атты  үш  терме  мəтіні 1992 жылы  Қазақстан  Республикасы  Алматы 
қаласында  басылған  «Інжу-маржан»  атты  Əсеттің  əндер  жинағына  енеді [1; 86–93]. Құрастырушы 
өнертану  ғылымының  кандидаты  Қайролла  Жүзбасов  алғашқы  екі  өлең  мəтінін  термеге  жатқызады 
да,  соңғы  «Өсиетті»  əнге  бейімдейді.  Нотасымен  қосып  жазады. «Адамның  жасы  жөнінде»  бұл 
жинақта  əннің  қайырма  мəтіні  қосылып,  жиыны 5 шумаққа  жинақталған.  Əр  шумақ 6 тармақтан 
құралып,  көлемі 28 жолға  тұрақтайды.  Ертеде  бұл  өлең  Қазақстаннан  шыққан  «Шығармалар» 
жинағына  терме  деп  те  аталмай,  бір  шұбыртпалы  ұйқасқа  жинақталып, 22 жолдан  тұратын 
«Адамның  жасы  жөнінде»  деген  өлең  мəтінімен  енеді [2]. Ал  елімізде  шыққан  «Əсет 
шығармаларының» I-томында бұл өлең бір жерде «Жас жайлы» деген атпен үзінді ретінде 16 жолмен 
өлең тобына енсе, бірде «Жиырма бес» деген термеде көлемі əн қайырмасымен 30 жол болып, əндер 
қатарында жүреді. Əн мəтіндері де ұқсамайды. Бəлкім, екі термеге телуге болады. «Əсеттің термесі» 
атты  терме  мəтіні  «Інжу-маржан»  атты  жинақта  бір  қалыпты  үдемелі  ұйқаспен 22 жолдан  тұрады. 
«Өсиет» те аталмыш жинақта екі шумақ, 16 жолмен шектеледі. 
Кейін  Əсет  мұралары  еліміз  жерінде  де  жақсы  жиналып,  жеке  екі  томмен  құрастырылып 
басылды.  Сонда  «Өсиет»  атты  бұл  өлеңнің  құрылысы  көлемді,  тармақтары  көп  екені  мəлім  болды. 
«Інжу-маржан»  атты  жинақта 16 жолмен  шектелсе, «Əсет  шығармалары»  атты  жинақта  «Өсиеттің» 
мазмұны түрленіп, «Пəни дүние» деген өлең өрнектеріне өзгерген сыңайлы. Көлемі бес бетке жетеді. 
Ақынның  келесі  бір  термесі  «Туыстарға  өсиет» 2000 жылы  Бижиң  қаласынан  шығатын 
«Орталық  ұлттар  баспасы»  тарапынан  басылған  «Əсет  шығармалары»  екі  томдығының  І-томында 
«Өсиет» (Туыс-туған  қатынасы) [3; 190–194] деген  термемен  басылады.  Кітапты  жинап,  реттеп, 

Н.Дəулеткелдіұлы 
66 
Вестник Карагандинского университета 
баспаға дайындаушы Қалиолла Нұртазин. Жинап, реттеуге көмектескендер: Асқар Игенұлы, Омархан 
Асылұлы,  Жүмəділ  Маманұлы.  Бұл  өлең  жинақта  «Өлең  мен  толғаулар»  бөліміне  енгізілген. 
Арнаулы терме деп аталмаған. Көлемі 5 бет, үлкен 7 шумақ, 103 жолдан тұрады. 7 мен 8 буынды жыр 
ұйқасымен, кейбір шумақтары шұбыртпалы ұйқаспен, желдірме ырғағымен айтылады. 
Ардагер Əсеттің артында қалған мол мұрасының бір парасы терме өнерімен толықтанды. Сегіз 
қырлы,  бір  сырлы  сері  Əсет  Арқа  əуенін  терме  өнеріне  сіңдірген  кемел  өнертапқыш  талант. 
Əншілігін, эпикалық төкпелікке ұластырған дархан көңіл дарын иесі. Əсеттің төрт те, бес нұсқадан 
тұратын  термелерінің  өзі  өнеге  боларлық,  терме  өнеріндегі  бостықты  толтырған  төл  жасампаздық. 
Бұл термелерінің мазмұны мына жақтарға жинақталады: адамның жасына қарай жасалған мінездеме, 
жиырма  бестің  пендеге  сыйлайтын  асыл  қасиеті,  адамның  өмір  сапарында  ұстанатын  ақ  жолы  мен 
адалдығы,  пəни  дүниенің  барлығы  мен  жоқтығы,  көптігі  мен  аздығы,  өтпелі  кезеңі,  туыстар 
арасындағы жақындық пен бауырмалдық. Енді осы мазмұндарды Əсет термесінің өн бойынан толық 
қазып алуға болады. 
Бірінші,  Əсеттің  жас  туралы  термесіндегі  пікір  жаңалығы.  Əсеттің  бұл  туралы  термесі 
«Адамның  жасы  жөнінде», «Жас  жайлы», «Жиырма  бес»  болып  түрліше  аталады.  Өлеңдік 
нақыштары  мен  ішкі  мазмұндық  бөлектері  де  ұқсамай  жатады.  Түрліше  бейнелеу  тəсілі  арқылы 
вариантталады. Жалпы адамның бес жастық ғұмырынан тоқсан беске дейінгі өмір белестерін тамаша 
мінездік  ұқсастықпен  термелейді.  Бес  жасты  құлынға,  он  жасты  буыны  қатпаған  жас  өркенге 
ұқсатады.  Он  бесте  отау  құрып,  жиырма  бесте  той  мен  ойға  кенелген  кемел  шаққа  жетеріңді  əдемі 
жеткізеді.  Отызда  ақыл  толысып,  қырықта  сабырдың  сары  атанына  мінетін  мінездемелерді  ашады. 
Елу  жас  екі  жастың  тап  ортасы,  алпысың  сақалдының  өларасы  десе,  жетпісте  тістен  айрылып, 
сексенде  селкілдеп  қалатын  кəрілік  шақты  бейнелейді.  Тоқсанда  толған  мидың  жартысынан 
айрылып,  тоқсан  бесте  томарылып  отыратын  ғұмырдың  соңғы  керуенін  көзге  елестетеді.  Сергек, 
анық  ырғақта  терме  тебіреністі  көңіл-күймен  айтылады.  Термеге  əуендік  қайырма  қосылады. 
Қайырмасы: Халалаку лəйлім, Халалаку лəйлім, лəйлəйлім, Халалаку лəйлім, Лəйлім, лəйлім, лəйлəйлім! 
— дейтін үдемелі, қайталамалы тіркестермен күшейтіледі. Бұл терменің бір нұсқасы, немесе елімізде 
мəлім болған нұсқасында, үзінді ретінде Əсет өмірінен мəлімет береді. Айталық, 
Он жаста өз құрбымнан болдым бөлек, 
Он бесте ынта бердім өлеңге ерек. 
Келгенде жиырмаға адам болып, 
Қыр-сырын бұл өмірдің көрдім елеп. 
Отызда өз құрбымнан түгел озып, 
Белгілі адам болып тұрдым бөлек. 
Қырқымда бүрлеп шыққан бəйтеректей, 
Саяма əркім келген көлеңкелеп. 
Елу жас — жер ортасы деген рас, 
Бетіме əжім кірді, көзіме — елек, —  
дейді [3; 190]. 
Əсет — өнерге  тойынып  кетпеген,  өзін  басқалардан  асқақ  ұстамаған  реал  ақын.  Ол  ғұмырдың 
кетелігін  ерте  сезді.  Бұл  шумақтармен  өз  өмірінің  алты  кезеңін  бес  те,  он  жылдық  кесімге  салып, 
саралай білді. Ең жемісті жас жиырма бес екенін танып  жетті. Жиырма  беске арнап  жеке желдірме 
шығарды. «Қош  бол  аман,  жиырма  бес,  қайта  айналып  келмес  маған»  деген  қайырма  тіркеске 
сүйеніп, ақыл беретін, нақыл беретін тебіреністі термесін қалдырды. Осы «жиырма бесті» əннен гөрі, 
терме қорына енгізсек, ұтарымыз көп болмақ. Өйткені мəтінде бүкілдей ақыл мен кеңестің бірқанша 
түрін жіпке тізгендей жинақы жеткізеді. Мəселен, 
Мыс та алтын, күміс те алтын, алтын да алтын, 
Айырып білмегенге асыл нарқын. 
Сыртынан бəрі сұлу көрінгенмен, 
Табылмас нағыз алтын жарқылдайтын. 
Кісі емес кісі артынан жамандаған, 
Дос емес дос көңілін таба алмаған. 
Астына кей жаманның тұлпар түссе, 
Қандырып тақым құрышын шаба алмаған, — 

Əсет ақынның термелері 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
67 
деп толқиды Əсет [3; 247]. Ақын бұл терме мəтінінде жеті шумақта жеті ойды жеткізіп, дидактикалық 
ой  айтады.  Əн  сөздері  көбіне  лирикалық  тебіреніске  жол  берсе,  бұл  өлең  мəтіндері  философиялық 
ойламға құрылады. 
Екінші,  Əсеттің  нақылдық  термесіндегі  философиялық  толғамдар  мен  ой  өрнектері. «Əсет 
термесі»  деп  келетін  шағын  терме  мəтінінде  тұнып  тұрған  ойға  кезек  беріледі.  Сергек,  кең  үнмен 
термеленеді. Терме мəтінінің  басталуы  да  тосын. «Е-ей,  қайран  Əсет, Əсет, шіркін  ауру!  Ахей!» — 
деп  алынады.  Бұл  мəтіндік  бастамаға  қарағанда  «Əнмен  арыз»  атты  ұзақ  толғауына  жақын  келеді. 
Себебі  ақын  соңғы  ғұмырында  белгісіз  аурудан  көз  жұмады.  Өзге  өлеңдерінде  бұл  қайғылы  күй 
кезікпейді. «Өткенді  естімесе,  көз  көрмейді»  деген  тұжырымды  ойдың  өзі — бүкіл  терменің  алтын 
арқауы. Ақын өз өмірінің де қамшының сабындай қысқа, өтпелі екенін түйсінеді. Пəни дүниеде аяқ 
басып  жүрген  пенденің  міндеті  ұмытылмайтын  асыл  сөз  қалдырумен  құнды  боларын  салмақтайды. 
Пəни дүниедегі табиғат, жаратылыс құбылысы ғана ұзақ өмір сүреді. Бірақ сезіне білмейді. Ал адам 
ұрпақ  үшін  ұлағатты  ой  қалдырады.  Ақын  оны  жан  жүрегімен  сезініп,  айналасындағыларға  ақ 
жарқын  дауыспен  жар  салады.  Адамнын  басында  үйқы,  жалқау,  керенау  сынды  алынбас  үш  кесел 
барын,  оны  ақылмен  жеңгенде  ғана  адамдық  сара  да  сəлиқалы  жолды  тазалауға  боларын  образды 
тілмен түйіндейді. Адамның бақыты өз қолынан жасалатынын бір шумақ өлеңмен жеткізеді: 
Қорғасының қорысы тас бола ма? 
Нахаққа нағыз есті қас бола ма? 
Жын соғып, ақыл азып, мұң ұрмаса, 
Жай кісі қарап жүріп мас бола ма? 
Адамның ризығына — Алла кепіл, 
Топырақ көрге енгенше тас бола ма? —  
делінеді [1; 88, 90]. Бұл терме мəтінінде бар дүние мен ой, қимыл тектен текке тумайды. Адам да жер 
бетінде ойсыз, əрекетсіз жүрмейді. Оған парасат пен пайым, біліктілік керек болады. Ақын осы ойды 
дидактикалық  сұрау  арқылы  жауабын  айтпай  тұрып,  дəлелдейді.  Терме  талабына  осындай 
жинақылық  пен  ойлылық  ғана  үйлесе  кетеді.  Сөз  бұйдалық,  шұбалаңдық  терменің  түрін  өзгертеді. 
Əсеттің бұл термесі терең ой мен тиянақты тұжырымға сүйенген азаматтық лирика үлгсін ұстанған 
терме түріне жатады. 
Үшінші,  өрелі  өсиет,  өнегелі  тағылым,  таза  имандылық  сыйлайтын  термелік  көзқарастары. 
Əсеттің  «Өсиет»,  немесе  «Пəни  дүние»,  атты  термесінде  адамға  ақ  жүрек  сыйлайтын  имандылық 
мəселесі қозғалады. Бұған қарап, «Өсиет» термесі шариғаттық тақырып ұстанатынын білуге болады. 
Адамға адалдық — Аллаһтың сиы. Оған сенім мен талап қанат бітіруші. Аллаһтың ақ жолына адал 
болғандар  арлы,  иманды  болады.  Ақын  бұл  идеяларды  терменің  тармақтары  өлеңмен  жауап 
қайтарады.  
Айталық, 
Дүние бір керуен жүрген көшіп, 
Біраз күн дамылдайды жүгін шешіп. 
Мысалы, талаптыға жаққан шамдай, 
Қалмай ма, май таусылса, бір күн өшіп, — 
деп  қорытады  ақын [1; 93]. Дүние — жалған,  кезбелі,  кезекті.  Одан  алар  үлесіңді  алып  кетпесең, 
дүние екі айналып келмейді деген ислами қағидаттарды жақтайды. Адам өмірінің санаулы сəттері тек 
қарапайым  халықты  ғана  емес,  əулие  мен  əнбие,  пайғамбарды  да  сынаққа  алатынын,  ажал  барлық 
пендеге ортақ боларына сенеді. Жамиғи исан Нəби ода өткен, ажалдан құтылмаймыз амал нешік? — 
деген  сөздермен  айтып  келмейтін  ажалға  сипаттама  жасайды.  Адам  өмірге  келгеннен  көз  жұмғанға 
дейін бойынан ізгілік пен игілікті жарқыратып жүру керектігін арнаулы суреттейді. 
Төртінші,  Əсет  термесінде  дəріптелген  ағайын-туыстар  ара  қатынасы  мен  бауырластық  бірлігі. 
Əсеттің  бұл  термесі  Қытай  қазақтарынан  шыққан  «Əсет  шығармаларының»  І-томында  «Өсиет» 
(Туыс-туған  қатынасы)  деп  жазылады.  Ал  бұл  тақырыпты  бүкілдей  ағайын  мен  туыстарға  арнаған 
себепті «Туыстарға өсиет» деген атпен атауды жөн көрдік. Бұл жинақта аталған өлең терме ретінде 
қаралмаған. Біз өлеңнің ескі 7 жəне 8 буынмен үдемелі ұйқаспен жасалған құрылысын көріп, термеге 
жатқызуға өте лайық екенін байқадық. Жинақта жəне өзге мерзімді басылымда бұл терменің тұрақты 
мақамы  ұшыраспайды.  Тек  терме  мəтінін  көріп,  терменің  барлық  шарттарын  орындағанын  білуге 
болады.  Терме  мəтінінде  бір  адамның  айналасына  жиналатын  берлық  туыстардың  көмектесер 
қызметін түгендейді. Əке мен шешенің, аға мен інінің, əпке мен қарындастың, ұлың мен қызыңның, 
жиенің мен нағашыңның, бажа мен құданың, күйеу бала мен жезденің туыстық бірлігін дəл табады. 

Н.Дəулеткелдіұлы 
68 
Вестник Карагандинского университета 
Жақсы туыс пен жаман туыстың саған салар жақсылығы мен жамандығың салыстырып береді. Сол 
секілді  жақсы  жар  мен  жаман  əйелдің,  əдепті  келін  мен  кесір  келіннің,  білімді  дос  пен  ақылсыз 
ағайынның ара қатынасын толық ажыратып жырлайды. Ал оқып көрелік, 
Əкең болса алдыңда, 
Қоршап тұрған қорғаның. 
Шешең болса алдыңда, 
Күн өтпейтін орманың. 
Екеуі қатар тұрғанда, 
Бақытты бала болғаның. 
Ата-анаң болса аяулы, 
Төрт қыбылаң толғаның [3; 190]. 
Пенденің  ең  ардақты  туысы — өз  ата-анасы.  Олар  болса,  төрт  жағың  түгел  болады  деп 
бағалайды. Кейінгі шумақтарында аялап əлпештейтін шешенің орны бəрінен артық екенін айрықша 
атайды. Əке бойындағы асыл қасиеттер мен жаман əдеттерге сын айтады. Ақылы жоқ əкеден, жақсы 
жезденің көш артық боларын бағамдайды. Жаман туысқа жасаған көмегің, елекке құйған сумен тең 
болса,  жаман  болса  əйелің,  көрген  қүннің  түнге  айналарын  де  ескертеді.  Ақын  жалғасты  «Ақымақ 
балаң  алдыңда,  көрініп  жүрген  жынмен  тең.....  Кекесіні  келіннің,  езіп  берген  умен  тең»  деген 
тіркестерді  қосып  жырлайды.  Терме  мəтінінің  соңы  əділ  билік  пен  риясыз  достықты  жырлауға 
құрылады. Мəселен: 
Білімді болса дос-жарың, 
Кең болады өрісің. 
Биің əділ болғанда, 
Тыныш болар ел-ішің. 
Досың əділ болғанда, 
Өлшенбей қалмас бір ісің. 
Көгерсін елмен бірге өс, 
Елсіз тірлік құрысын, — 
деп тебіренеді ақын жаны [3; 194]. Əсет бір отбасының бауыры мен туыстарын түгендеп, бір əулеттен 
жақындарын жырға қосады. Олардың жанға сая мейірі мен шарапатын аса көрегендікпен көре біледі. 
Бір ауылдың айрандай ұйыған бірлігі мен тірлігі болуын армандап кетеді. 
Əсет  термелері  туралы  бұрын  зерттеу  еңбектері  болмаған.  Іздену  жағы  да  жоқтың  қасы.  Тек 
кейбір  жинағында  ғана  ақын  термесін  атап  өтеді.  Басқа  ақын  жасампаздығына  арналған  ғылыми 
мақалаларда  термесін  тектемейді.  Бұл  ақын  мұрасына  жан-жақтылы  тоқталудағы  ағат  кеткен 
шаруалар.  Əсет  шығармалары  қаншалық  ел  көкейіне  сақталған  сайын,  оның  талантты  қырлары 
соғұрлым  ашыла  берері  шүбəсіз.  Елімізде  өтіп  жатқан  айтыс  бəсекесінде  ақынның  «Əсетпен 
Кемпірбаймен қағысуы» термеге баланып, оны орындаған термешілер жүлденің биік төрінен көрініп 
келеді. 2012 жылы 5–6 қарашада  өткен  Күнес  ауданының 31-ші  кезекті  ақындар  айтысының  терме 
майданында Берікбол дейтін жас термеші «Əсет пен Кемпірбаймен қағысуын» тамылжыта орындап, 
терменің  бас  жүлдесін  олжалады.  Бұл  жерде  айтыс  майданы  болған  соң  үлкен  сөгіс  жоқ.  Арнаулы 
терме өнерінің сайысы болса аталған термені қосуға болмайды. Əсеттің термесі жоқ емес, жоғарыда 
аталған термелер Əсет өнерінің бір шұғыласы. «Əсет пен Кемпірбайдың қағысуын» айтыс мұрасына 
қалдырып, «Өсиет», «Туыстарға  өсиет», «Əсет  термесі», «Жас  жайлы»  термелері  көрерменнің  көз 
айымына айналып жатса құба-құп. Халқы барда ақын рухы өшпейді, өнері өлмейді. Келер ұрпақ Əсет 
термесін де тауып алып, сахарадан сахнаға сайрата алады. 
Соңғы түйін: Əсеттің халық арасынан жиналған, өлең, толғауларынан екшелген терме мəтіндері 
қазіргі терме өнеріне қосылған жауһар жəдігер. Əсеттің терме жасампаздығы жаңа дəуір терме өнерін 
танудың  бастау  бұлақтарының  бірі.  Заман  жаңаланған  сайын  əдеби  құнын  жоймай,  алтын  қорда 
сақтала  бермек,  жаттала  бермек.  Ақынның  саусақпен  санарлық  терме  мəтіндері  əсеттануда  да 
табысты өнер саласына айналады. 
Əдебиеттер тізімі 
1  Жүзбасов Қ. Інжу-маржан. — Алматы: Өнер, 1992. 
2  Нұржекеев Б., Əбілқасымов Б. Шығармалар. — Алматы: Жазушы, 1988. — 67-б. 
3  Нұртазин  Қ.,  Игенұлы  А.,  Асылұлы  О.,  Маманұлы  Ж.  Əсет  шығармалары. — 2-т. — ҚХР  Бижиң:  Орталық  ұлттар 
баспасы, 2000. 

Əсет ақынның термелері 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
69 
4  Шипанұлы М., Əлімбекұлы Б. Əн салсаң Əсеттей сал əсемдетіп // ҚХР ШҰАР. — Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 
1989. 
5  Исмайылқызы  Н.  Сахара  бұлбұлы — жырдың  дүлдүлі // ҚХР  ШҰАР.  Үрімжі:  Шыңжаң  жастар-өрендер  баспасы, 
2008. 
 
 
Н.Даулеткелдыулы 
Речитативы поэта Асета 
В  статье  рассмотрен  жанр  «терме»  как  одно  из  древнейших  сокровищ  культуры  казахского  народа. 
Терме в казахской культуре является синкретным жанром. Автором приведена классификация групп 
по  жанровым  особенностям  текстов  терме  в  литературном  наследии  поэта  Асета  с  научной  точки 
зрения.  Оценены  значимость  и  новаторские  свойства  речитативов  Асета  в  казахской  национальной 
литературе. 
 
N.Dauletkeldyuly 
Recitatives poet Aset 
The article reports that the Kazakh culture «terme» is one of the oldest arcane cultures of people. Term in the 
Kazakh culture is a sinkretny genre And given the division into groups according to genre of texts terme in 
the literary heritage of the poet Aset from a scientific point of view. Estimated value and innovative property 
recitatives Aset in the national literature. 
 
 
 
ƏОЖ 82.0(574) 
Ж.Ж.Жарылғапов 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (E-mail: zharylgapov_zhan@mail.ru) 
Т.Кəкішев зерттеулеріндегі əдебиеттің теориялық мəселелері 
Мақалада  əдебиеттанушы-ғалым  Тұрсынбек  Кəкішұлының  əдебиеттің  жанры,  əдеби  ағымдар, 
көркемдік  əдіс  сынды  категорияларына  қатысты  тұжырымдарының  ғылыми  маңызы  қарастырылды. 
Ұлттық  əдебиеттегі  романтизм,  көркемдік  ойлаудың  реалистік  жəне  романтикалық  ойлау  типтері, 
əдебиеттің  ішінара  бір  əдістен  екінші  бір  əдіске  көшуі,  ауысуы  үдерісі  турасында  айтқан  пікірлері 
талданды.  Еуропа  жəне  орыс  əдебиеттеріндегі  құбылыстардың  қазақ  əдебиетіндегі  синтезделу 
жолдарын  анықтау  туралы  ұсыныстарының  ерекшеліктері  айқындалды.  Ұлттық  əдебиеттанудың 
болашақта шешілуге тиісті теориялық мəселелер ауқымы көрсетілді. 
Кілтті  сөздер:  қазақ  əдебиеттануы,  жанр,  əдеби  ағымдар,  əдеби  бағыт,  көркемдік  əдіс,  романтизм, 
романтикалық бейне, реализм, əдеби үдеріс. 
 
Ұлттық  əдебиеттегі  ағымдар  мен  əдістердің  ауысулары  сол  ұлттың  көркемдік  дамуының  аса 
айқын  белестері  жəне  əдебиет  заңдылықтарының  жүзеге  асуының  нақты  көрсеткіштері  екені  рас. 
Əдеби  ағымдардың  əдістермен,  жанрмен  қарым-қатынасы  біршама  ғылыми  тұжырымдар  жасауға 
жетелейді. Əдістер мен əдеби ағымдардың ішкі байланыстары белгілі бір жанрлардың дамуына жол 
ашты.  Жанрлар  үздіксіз  даму  үстіндегі  құбылыс  болғандықтан,  оған  əдебиет  даму  кезеңдеріндегі 
əдістер  мен  əдеби  ағым-бағыттар  өз  ерекшеліктерін  əкеліп  отырды.  Біздегі  əдебиет  теориясына 
байланысты  кейінгі жылдарда  жарық көрген еңбектерде «бағыт», «ағым», «стиль», «əдеби мектеп», 
«əдеби  топ»  сияқты  ұғымдардың  ара-жігін  ажыратып,  басты  сипаттарына  қарай  жүйелеу  ісі  алға 
жылжығандығы  байқалады.  Бұл  орайдағы  ізденістерге  мұрындық  болған,  серпін  берген 
ғалымдарымыздың  бірі — Т.Кəкішев.  Ұлт  əдебиетіндегі  ақтаңдақтарды  қалпына  келтіре  бастап, 
көркемдік  даму  бағдарымызды  адамзаттың  рухани  бағдарымен  қойындастыра  бастаған 90-
жылдардың  басында  ғалымның  «Қазақ  əдебиеті»  газетінде  жарық  көрген  «ХХ  ғасырдағы  қазақ 
əдебиетіндегі  ағымдар  хақында»  деген  мақаласы  үлкен  резонанс  тудырғанын  айту  керек. «ХХ 

Ж.Ж.Жарылғапов 
70 
Вестник Карагандинского университета 
ғасырдағы  қазақ  əдебиетінің  өркендеуіндегі  ерекшелікті,  қандай  ағым-бағыттар  болғанын  зерттеп, 
түбегейлі шешімін табуға асығу шарт», — деп  жазды ол [1]. Расында да, əдебиетіміз ХХ ғасырдың 
басында-ақ  натурализм,  сентиментализм,  экзистенциализм  т.б.  тəжірибелерді  басынан  өткерді. 
Əсіресе  ұлттық  прозадағы  романтизм,  көркемдік  ойлаудың  реалистік  жəне  романтикалық  ойлау 
типтері, əдебиеттің ішінара бір əдістен екінші бір əдіске көшуі, ауысуы үдерісі кеңінен қаузалмаған 
мəселе. Т.Кəкішев бүгінгі күнге дейін біз басшылыққа алып келген əдеби бағыт пен ағым, көркемдік 
əдіс теориясына  арналған еңбектер  негізінен  Еуропа елдерінің  əдебиеті  бойынша  жасалғанына  баса 
назар  аударды. «Кешегі  кеңес,  бүгінгі  орыс  əдебиетінде  үстемдік  жасаған,  жасап  келе  жатқан 
эстетикалық  таным-білік  европоцентристік  көзқарасқа  негізделеді.  Ол  қисын  бүкіл  адамзаттың 
рухани  дүниесін  Еуропа  үлгісіне  салып  пішіп,  ғылым  мен  білімді,  əдебиет  пен  мəдениетті  соның 
аясында көрсетуді ұнатады да, ұқсағандарын бауырына тартады, өзіндік ерекшелігі барларын танып-
білуге құлықсынбай шетке қаға береді, əрі беріден соң оларға керітартпалық сипат дарытып, қисын 
əлеміне жақындатпауға тырысады» деген пікірі де бұл саладағы қыруар мəселені мегзеді [1]. Кеңестік 
дəуірдегі  аталған  əдеби  категориялар  төңірегінде  өрістеген  теориялық  ой-пікір  Франция,  Италия, 
Германия, Испания, Ұлыбритания, Ресей елдеріндегі көркемдік дамудың мысалдарына əсіре жүгініп 
отырғанымызды кімнен жасырамыз. 
Асылында,  жер  бетіндегі  барша  халықтардың  даму  жолы  біркелкі  еместігі  аян.  Алғашқы 
қауымдық құрылыстан неғұрлым күрделі қоғамдық өмір формаларына əр халық түрлі жолдармен, түрлі 
уақыттарда  өтіп  отырды.  Біреуінде  классикалық  антика,  келесісінде  феодалдық  дəуір  ұзақ  уақытқа 
созылса, біреулері капиталистік формацияға ертерек енді т.б. Тарихи дамудың осы ерекшелігіне сəйкес, 
ғалымдар арасында талайдан бері пікірталастар тудырып келе жатқан, ұлттық əдебиеттану көп маңыз 
бере  бермеген  мынадай  мəселелер  бой  көтереді:  ұлттығы  мен  мемлекеттігі,  жазба  əдебиетінің  пайда 
болуы  əр  түрлі  хронологиялық  кезеңдерде  жүзеге  асқан  халықтардың  барлығы  антикалықтан 
модернизмге дейінгі көркемдік даму сатыларынан өтуі міндет пе жəне мүмкін бе? 
Бұл  сауалға  ғалым  былай  жауап  береді: «Біз  көшпелілер  мəдениетіндегі  көшпелі  жұрт,  əсіресе 
сөз  өнерін  культқа  айналдырған  ел  екенімізді  ұмытпай,  əлемдік  көркемдік  танымнан  өз  арнамызды 
табуға  тиіспіз.  Өйткені  бізде  реалистік,  романтикалық,  сатиралық,  символикалық  суреттеу 
тəсілдерінің  қай-қайсысы  болмасын  қазақы  бояумен  көрініп  жатқанын  көреміз.  Сондықтан  қазақ 
əдебиеті тек поэзия жанрымен өркендеді дегенді енді қою керек. Қазақ поэзиясы, шындап келгенде, 
европалық  поэзияның  алуан  саласын  қамтыған  синкретті,  жиынтық  құбылыс  деп  түсінуге  тиіспіз. 
Проза,  драма,  ғылыми  трактат  түрінде  айтылғандарды  өлең-жырға  орап  жеткізе  білетіні  қазақы 
танымның ерекшелігі екенін енді ұғуға тиіспіз», — дейді [1]. 
Бұл  тұста  ғалым  қазақ  əдебиетіндегі  жедел  даму  құбылысының  фольклорлық  негіздері  туралы 
айтып отыр. Өйткені ұлттық əдебиет адамзаттың тарихи-мəдени керуенімен қай жерде тоғысады, қай 
кезеңде  кенже  қалады,  дамудың  қай  сатыларын  жедел  өткереді?  деген  сауалдарға  жауап  іздеу 
барысында  халықтың  поэтикалық-фольклорлық  ойлау  мəдениеті,  ұзақ  уақытқа  созылған 
фольклорлық  дəуірдің  берері  көп.  Қазақ  халқының  жазба  əдебиеті  қалыптасқанға  дейінгі  кезеңінде 
қоғамның рухани өмірі, болмысты образдап игеру ерекшеліктері фольклорлық-поэтикалық формада 
көрініс  тапты.  Мұнда  бір-бірінен  ажыратылмаған  күйінде  халықтың  философиялық,  құқықтық 
ождандық, діни жəне эстетикалық т.б. көзқарастары тұтасып жүрді. Əдебиеттанушы үшін бұл күрделі 
үдерістер  ішінен,  яғни  синкреттік  шығармашылықтан,  нақты  бір  өнер  саласы  ретінде  немесе 
қоғамдық  сананың  өзгеше  формасы  түрінде  қабылданатын  көркем  əдебиетке  өту  қалай  жүзеге 
асатынын  бағамдау  басты  мақсат  болып  табылады.  Өйткені  əдебиеттің  жедел  дамуы  құбылысында 
фольклор  негізгі  міндеттердің  бірін  атқарады.  Көркем  шығармашылықтағы  жедел  даму  құбылысын 
теориялық  тұрғыдан  негіздеуші  Г.Гачевше  айтсақ, «əдебиеттің  өтуге  тиісті  даму  сатыларының 
қызметін фольклор атқарып, мəдениеттегі бос кеңістікті фольклор толтырады» [2; 401–402]. Кезінде 
Ш. Уəлихановтың  қазақ  эпостарының  образдары  Еуропаның  жазба  əдебиетінен  ешбір  кем 
соқпайтынын  айтуы  да  фольклордың  əлемдік  көркем  ой  дамуының  жаңашылдықтарын  бойына 
сіңіргіштік қасиетінің тағы бір куəсі болса керек [3]. 
Қарап  отырсақ,  фольклорлық  эпикалық  туындылар  уақыт  ілгері  жылжыған  сайын  батырлық 
жырлардағы  қуатты  романтизмнен  бірте-бірте  алшақтай  отырып,  өмірдің  нақты  жағдайларына 
негізделген реализм элементтерін мүмкіндігінше пайдаланып отырды. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», 
«Қыз  Жібек»  жырларындағы  Баян,  Жібек  тағдыры  негізінен  романтикалық-трагедиялық  тұрғыда 
жырланса, «Айман-Шолпандағы» Айман  бейнесіндегі романтикалық  рух  едəуір  солғын  тартып, сол 
уақыттағы  қоғам  мен  адам  тыныс-тіршілігіне  мейлінше  жақындатылған. «Есім  сері — Зылиқа», 

Т.Кəкішев зерттеулеріндегі əдебиеттің ... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
71 
«Мақпал  қыз», «Құл  мен  қыз», «Күлше  қыз — Назымбек»  дастандары  да  барған  сайын  бойына 
реалистік  белгілерді  жинай  берді.  Фольклордың  ішкі  жүйесінде  болып  жатқан  бұл  үдерістер 
нəтижесінде имманентті түрде жазба əдебиетінің белгілері пайда бола бастады. 
Халық ауыз əдебиеті мен жазба əдебиетінің өздеріне тəн айырым белгілерін іздеушілерге лиро-
эпикалық дастандардың берері өте көп. Архаикалық, қаһармандық эпостар дəстүрінде жасалған десек 
те  бұл  жыр-дастандарды  кейіпкерлердің  психологиялық  жай-күйі,  мінездерге  дара  ерекшеліктер 
дарыту  тұрғысында  «романдық  эпос»  деп  атау  қалыптасып  кетті.  Ірі  эпикалық  əрекеттерден  гөрі 
айналадағы нақты шындықтардың ортасындағы адамның жеке мұраттарының анағұрлым айқындала 
түсуі көшпенділердің дəстүрлі танымының үлкен өзгерістерге ұшырағанын байқатады. 
Мұның бəрі қазақ фольклорының əлемдік əдебиеттің ортағасырлық даму сатысына тəн жанрлық 
канондардан тəуелсізденіп, ұжымдық шығармашылықтан авторлық шығармашылыққа қарай, адамзат 
көркем ойының ең жаңа дəуірдегі үлкен белесі — реализмге қарай бағыт алған ілгерінді үрдісі болып 
табылды. 
Ауыз  əдебиетінің  жеке  авторлығы  бар  шығармалары  турасында,  роман  жанрын 
қалыптастырудағы  фольклордың  ролі  мен  қазақ  əдеби  шығармашылығының  көлемді  прозалық 
баяндауларға  жол  ашатын  эстетикалық  жағдай  қалыптастыра  алғандығы  турасында  Т.Кəкішев 
орнықты  ойлар  айтқан  болатын.  Ғалым: «Тағы  да  қайталайын,  Еуропа  жəне  орыс  əдебиеттеріндегі 
құбылыстардың бəрін қазақ əдебиеті солардың ізімен жүре қайталауы шарт емес, тіпті қажет те емес, 
бірақ  көркемдіктің  жалпыға  ортақ  заңдылықтарын  игеріп,  шын  кəсіби  жолға  түсуге  міндетті.  Өрелі 
əдебиеттерден  бой  тасаламай,  пайдалысынан  үйренуге  тиісті  заңдылықты  айтқанда  еш  уақытта  өз 
ерекшелігімізден көз жазбауымыз керек», — деп нақтылайды [1]. 
Жадында дамудың бірнеше сатыларынан əлдеқайда бұрынырақ өтіп үлгерген орыс əдебиетінде 
біздегі ұлттық прозаның эпикалық формалары тумай тұрып, проза жанрында классикалық дүниелер 
жасалып  қойған.  Алайда  тарих  өлшемімен  алғанда  өте  қысқа  уақытта  қазақ  əдебиеті  əлемдік 
прозаның  талаптарына  жауап  бере  алатын  шығармаларды  дүниеге  келтіруі  арқылы  даму 
сатыларындағы  айырмашылықтарды  жоя  алды.  Адамзат  көркемдік  танымының  ұзақ  тарихи 
жолындағы  сəтті  тəжірибелерді  ұлттық  фольклордың  бойына  сіңіруі  кейін  алуан  жанрда  дамыған 
жазба  əдебиетінің  басқа  халықтар  мыңжылдықтар  бойы  өткен  сатыларды  қайталамауына,  жедел 
дамуына  себеп  болды.  Демек,  қазақ  халқының  көркемдік  таным  эволюциясында,  ұжымдық  санадан 
жеке авторлық санаға дейінгі даму көшінде антикалық, ортағасырлық, реннесанстық, ағартушылық, 
романтикалық  т.б.  дəуірлердің  эстетикалық  белгі-бедерлерін  аңғаруға  болады. «Бұл  барлық 
əдебиеттер қайталанады, ешқандай жаңалық тумайды дегендік емес, мəселе ол жаңалықтардың нақты 
неден  тұратындығын,  қандай  əдіспен  қарастыруға  болатындығында.  Егер  зерттеуші  əлемдік 
əдебиеттің осы күнге дейін белгілі даму жолын, оның барлық сатылары мен жанрларын үнемі естен 
шығармаса, ол мүмкін болмақ» [2; 420]. 
Яғни  қазақ  прозасы  да  əуелгі  көркем  шығармашылықтың  бойына  тұтасқан  поэтикалық 
синкретизмнен  енші  алды.  ХХ  ғасырдың  басынан  бастап  прозаның  жетекшілікке  ие  болуы  ұлттық 
əдебиеттің дамудағы жаңа белеске көтеріліп, озықты қабылдай алатын, əлемдік əдебиетте бар күрделі 
формаларды өз топырағынан өндіре алатын күйіне жетті. Өйткені өзінің тарихи даму жолында қазақ 
əдебиеті  прозаға  дейінгі  барлық  сатылардан  өтіп  келді.  Прозасы  дамып  үлгерген  халықтардың 
барлығында дерлік классицизмнің романтизмге, романтизмнің реализмге, натурализмге, модернизмге 
ұласатын даму заңдылықтары ұлттық əдебиетімізде жүзеге асты. 
Қазақ  əдебиетінің  жанрлық  түрленуіне,  оның  ішінде  прозалық  жанрлардың  өрістеуіндегі 
фольклордың  орасан  ролі  турасында,  ондағы  реалистік  бағыттың  күшеюіне  байланысты  айтқан 
«Реалистік  арнаға  түсу  қазақ  табиғатында  қызық-қызық  кезеңді  басынан  өткергені  байқалады. 
Батырлар жырын алыңызшы, соның көркемдік қуатына көз жіберсек, елді қорғау, халықтың қамқоры 
болу идеясы мен мұндалап шығады. Бұл поэзиямен атқарылар іс емес, бірақ біздің жырға үйренген 
табиғатымыз  ұйқастыра  айтуды,  сазбен  жеткізуді  талап  еткен  соң, 7–8 буынды  жыр  үлгісімен 
баяндап  береміз.  Жырдың  ұйқасқан  сыртқы  келбетіне  қарайды  да,  оны  поэзияға  қарай  икемдей 
береді, қазақ прозасы болмады, я кеш дамыды дегенге ойыса береміз. Ал шындығында осы батырлық 
жырды  бунақтап,  бұталап,  басқа  əдебиеттердің  үлгісімен  салыстырар  болсақ,  өзінің  бас  кейіпкері, 
оқиға  дамытар  сюжеті,  характер  жасау,  тартыс  қақтығысы  бар,  баяндап  суреттеуге  құрылған 
шығарма екенін көреміз. Бұл прозаға тəн қасиетті батыр əрекет етер  сəтті көрсетерде жыр өрнегіне 
салып,  оқиғаларды  байланыстырар  тұста  баяндау  əдісін  қолдану — кейіпкердің  жанды  бейнесін 
жасауға қажетті тəсілдер», — деген тұжырымы теориялық тұрғыдан аса құнды [1]. 

Ж.Ж.Жарылғапов 
72 
Вестник Карагандинского университета 
Қазақ  прозасының  қалыптасуы,  оның  аз  уақыт  ішінде  əлемдік  деңгейге  көтеріліп  үлгергені 
жедел  дамудың  нəтижесі.  Іргелі  елдердің  рухани-мəдени  тəжірибелерін  сығымдалған  түрде  ұлттық 
өнерге сіңіру олардағы ірі-ірі əдеби бағыттардың, ағымдардың, əдістердің, стильдердің келуіне себеп 
болды. «Басқа əдебиеттер үшін өлеңдік поэзиядан қазіргі романға дейінгі қашықтық аса алшақ болса, 
Абайдың  жолынан «Абай жолына» дейін қазақ  əдебиеті бар жоғы  жарты-ақ ғасырда жетті», — деп 
жазады  Н.И.Конрад [4]. Сондықтан  əдеби  құбылыстарды  тексергенде  оларды  дəстүр  аясында 
жетілген ұлттық факт тұрғысынан жəне əлемдік көркемдік дамуға қатысы тұрғысынан да салмақтап 
отыру маңызды екенін мегзейді ғалым. 
Əдебиетіміздің  көркемдік-эстетикалық  тұрғыда  толысуының  нақты  айғағы  болған  түрлі 
жанрлардың  өркендей  дамуын  тек  қана  реализммен  байланыстыру  аздық  етеді.  Əрине,  реализм 
принциптерін қазақ əдебиеті бойына бірте-бірте сіңіру арқылы əдеби шығармашылықтың болмысты 
танып-білудегі  қабілетін  күрт  арттырып,  өресін  шығандатты.  Сондықтан  да  реалистік  ойлау  типіне 
орай  өрістеген  суреткерлік  белсенділік,  адам  болмысының  рухани-психологиялық  күрделі 
қатпарлары  мен  өмір  құбылыстарының  ішкі  мағынасына  тереңдеушілік  ғалымдар  мен  сыншылар 
назарына  бірден  ілікті.  Бірақ  қазақ  прозасының,  оның  ішінде  романының  қалыптасуы  мен  еңсесін 
тіктеп  кетуіндегі  басқа  да  əдістердің  орны  жете  талданбай  келеді.  Əсіресе  біздің  прозадағы 
романтизм  мəселесі.  Алғашқы  романдардағы  айрықша  дараланып  тұратын  романтикалық  бейнелер, 
суреткерлердің  шектен  тыс  субъективтілігі  мен  өз  қиялындағы  өмірді  бейнелеуге  деген  ұмтылысы 
сияқты жайларды көп уақыт ескермей келгеніміз рас. Т.Кəкішев болса аталмыш мақаласында ұлттық 
əдебиеттің  өсіп-жетілуіндегі  романтизм  эстетикасының  мəнін  ғылыми  тұрғыдан  саралап  шығуды 
шұғыл міндеттердің қатарына қояды. 
«ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетінің дамуында бадырайып көрінген, əлі күнге дейін тамсандырып 
келе  жатқан  көркемдік  амал — романтикалық  суреттеу  тəсілі.  Бұл  жөнінде  біраз  қиястық  жасадық. 
Романтизмді революцияшыл, өршіл жəне реакцияшыл деп екі бөліп, біріншісін жақтадық, екіншісін 
даттадық,  əрі-беріден  соң  сөзіміз  «дəлелді»  болу  үшін  саясат  араластырдық.  Мұң-шерге  батып 
жылап-сықтау,  кешегі  күннен,  қазақтың  феодалдық-патриархалдық  тұрмыс-салтынан  айырылмау, 
ескілікті дəріптеу деп оңды-солды соқтық. 
Қазақ  əдебиетінің  əргі-бергі  тарихында  дүниені  романтикалық  тұрғыдан  танып-білу  əдісі 
реалистік  сыңайдан  асып  түспесе,  кем  емес.  Тіпті,  əрі-беріден  соң  көшпелі  өмір  салтының  өзінде 
романтиканың толып жатқан сілемдері барын аңғармау, оны сөз өнері арқылы жарқыратып көрсетпеу 
мүмкін  емес.  Бірақ,  өкініштісі,  сол  біз  асқақты  сөз  орамынан  іргемізді  аулақ  салып,  көркемдік 
танымымыздың қуатты бір қанатын қырқып тастадық», — деп жазды Т. Кəкішев [1]. 
Өткен  ғасырдың 20-жылдарында  романтизм  туралы  болған  айтыс-тартыстар,  ұлттық 
əдебиетіміздегі  мұндай  эстетикалық  құбылыстың  мəн-мағынасын  ауқымды  түрде  саралауға  жол 
салар деген үміт ақталмағанын баса көрсетеді зерттеуші. 
Тұжыра  айтқанда,  əдеби  мұраны  игеру  мен  ұлттық  сөз  өнерінің  тарихындағы  небір  келелі 
мəселелерді күн тəртібіне алып шыққан сертіне адал сергек ғалым 1994 жылы жазған «ХХ ғасырдағы 
қазақ  əдебиетіндегі  ағымдар  хақында»  мақаласымен  еркін  ойлауға  қол  жеткізген  ұлттық 
əдебиеттанудың алдына ірі-ірі теориялық мəселелерді де қоя білді. 
Əдебиеттер тізімі 
1  Кəкішев Т. ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетіндегі ағымдар хақында // Қазақ əдебиеті. — 1994. — 26 тамыз. 
2  Гачев Г.Д. Неминуемое. Ускоренное развитие литературы. — М.: Худож. лит, 1989. — 432 с. 
3  Уəлиханов Ш. Таңдамалы шығармалар. — Алматы: Жазушы, 1985. — 162–168-б. 
4  Конрад Н.И. О некоторых вопросах истории мировой литературы // Запад и Восток. — М.: Наука, 1972. — 293 с. 

Т.Кəкішев зерттеулеріндегі əдебиеттің ... 
Серия «Филология». № 2(70)/2013 
73 
Ж.Ж.Жарылгапов 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал