Г.Қ.Белгібаева, Ж.Т.Жакенова
50
Вестник Карагандинского университета
Барлық тестер бойынша, эксперименталды топтағы балалардың координациялық, шапшаңдық
жəне жылдамдық-күштілік қабілеттілігін, жалпы төзімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жақсарғаны
байқалды. Бақылау тобындағы балаларда «Құм салынған қапшықты қашықтыққа лақтыру» тестіне
байланысты көрсеткіштерінде ғана өзгеріс болды. Эксперименталды жəне бақылау топтарындағы
балалардың икемділік көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Эксперименталды кезеңнің соңында
эскперименталды топтың балаларында келесі көрсеткіштердің жақсарғаны анық түрде айқындалды:
көзді жұмып түзу жолмен жүру 2,3 м дейін (р<0,001); 10 с отырып тұру — 1,7 ретке дейін (р<0,001);
құм салынған қапшықты қашықтыққа оң қолмен лақтыру — 1,6 м (р<0,01). Сонымен қатар
тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың соңында екі топтың да нəтижелерінде анық
айырмашылықтар айқындалды: «Алдыға еңкею» тесті бойынша (р<0,05), «Орнынан ұзындыққа
секіру» (р<0,05), «Құм салынған қапшықты қашықтыққа лақтыру» (р<0,05). Орындаған
жаттығуларды бақылаудың сапалы түрде саралануы балалардың қозғалыс
техникасында көптеген
қателіктердің болғанын анықтауға мүмкіндік берді. «Көзді жұмып түзу жолмен жүру» тестін орындау
кезінде балаларда координацияның бұзылуы, бойды тепе-тең ұстаудың бұзылуы, қатарласқан еріксіз
қимылдардың- синкинезияның (қолмен сермеудің) болуы байқалды.
Кешенді координациялық жаттығулардың орындалуын балаларға бір көрсеткеннен қайталай
алмауы қиындық тудырды. Бұл балалардың көру-моторикалық координациясының нашар
болғандығынан, кинестетикалық сезімталдықтың төмен болуынан қимылдарды тез арада қабылдай
алмайтындығын дəлелдейді. Алайда дұрыс нұсқаны бірнеше рет қайталағаннан кейін балалар
қозғалысты баяу түрде орындайды. Допты нысанаға лақтырғанда балалардың көпшілігінің
қозғалысында көздеу элементі «түсіп қалады» немесе,
керісінше, барлық күш соған жұмсалады.
Сонымен қатар балаларға бұлшық ет күшін мөлшерлеу қиынға соғады, сондықтан оларда нысанаға
доптың дəл тию мүмкіндігі төмен болады.
Жылдамдыққа жүгірген кезде балалардың көбі тура жолмен жүгіруді жəне жүгіру ырғақтығын
дұрыс сақтамады. Алға-артқа жүгіру жəне 10 с ішінде отырып тұру тапсырмалары кезінде
синкинезия байқалады.
Балалардың күрделі қозғалыстарды орындау кезінде техниканың барлық элементтарында дұрыс
орындалмау болды. Орнынан ұзындыққа секіргенде балалар бастапқы қалыпты дұрыс қабылдамады,
серпілуді екі аяқпен орындамады, қолдарын анық сермемеді; қозғалыс кезінде дене, қол жəне аяқтың
техникаға сай қимылдары байқалмады; секіргеннен кейін жерге түскенде балалар дененің тепе-
теңдігін ұстай алмады, ал кейбір балалар тізелеріне түсті. Құм салынған қапшықты қашықтыққа
лақтыру кезіндегі қателіктердің бірі қапшықты дұрыс бағыттамау жəне
лақтыруды дұрыс
орындамауы болды.
Осылайша, дене бітімі дамуының (дене салмағы, бойы, кеуде қуысының шеңбері) көрсеткіштері
бойынша, тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың соңында, бақылау тобы мен эксперименталды
тобының балалары арасында айтарлықтай айырмашылық болмады. Алайда, барлық тексеріліп жатқан
көрсеткіштер бойынша, екі топта да жақсы өзгерістер байқалды. Эксперименталды топтың
балаларында дене дайындығы деңгейінің көрсеткіштері бойынша оң өзгерістер болды, яғни
құрастырылған денсаулық сақтау технологиясы əсерінен 5–6 жастағы балалардың дене
дайындығында жақсару үрдісі болғаны анық.
5–6 жастағы балалардың дене шынықтыруына арналып құрастырылған
денсаулық сақтау
технологиясын қолдану барысында балалардың дене дайындығының жетілуіне оң əсер беретіні
болжамдалған болатын, яғни ағзаның өмірге маңызды жүйелерінің қызметтік көрсеткіштерінің жəне
дене дайындығының, сонымен қатар қимыл-қозғалыс тəжірибесінің ұлғаюына, ұсақ жəне күрделі
моториканың жетілуіне, жылдамдық, күштілік, координациялық қабілеттіліктің, жалпы төзімділіктің
артуына, икемділікті сақтап қалуға жəне т.с.с.
Балалардың жетілу ерекшеліктерін айқындау дене тəрбиесінің нақты тəсілдерін қолдануға
бағыттайды, оларды коррекциялық мақсатта пайдалану қажет. Ол келесі тəсілдер: 1) баланың дене
бітімінің кешенді дамуына байланысты қолданылатын ойындық дене шынықтыру сабақтары; 2) тіл
дамыту жəне қозғалыс
координациясын жетілдіру, артикулярлы аппарат пен ұсақ моториканың
бұлшық етін жаттықтыру, логоритмика элементтерін қолдана отырып, балалардың сөйлеу қабілетін
нығайту; 3) дене шынықтыру сабақтарының сюжеттік түрлері, олар мектепке дейінгі балалардың
дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын арттыру үшін ұсынылады. Сонымен қатар дене
шынықтыру сабағының ұзақтығын 20–25 мин дейін қысқарту қажет деп есептейміз. Сабақтарды
өткізу жиілігі — аптасына 3 рет. Сабақтың мұндай түрі дене шынықтыру сабағының жəне қимыл-
қозғалыстың тығыз болуына мүмкіндік береді [4; 7].
Мектепке дейінгі ұйымдардың…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
51
Мектепке дейінгі ересек балалардың дене шынықтыруына ұсынылып отырған денсаулық сақтау
технологиясының тиімділігі эксперименталды түрде сынап байқалды. Тəжірибелік-эксперименталды
жұмыстың бас кезеңінде бақылау жəне эксперименталды топтардағы
балалардың арасында дене
бітімі дамуы мен дене дайындығының деңгейлері көрсеткіштерінде аса қатты айырмашылық болған
жоқ. Тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың соңғы кезеңінде де бақылау жəне эксперименталды
топтар арасында балалардың дене бітімі дамуы көрсеткіштері бойынша айтарлықтай айырмашылық
болмады. Алайда барлық қарастырылып отырылған көрсеткіштер бойынша екі топта да оң өзгерістер
байқалып отыр. Сонымен қатар дене дайындығының көрсеткіштері бойынша бақылау тобымен
салыстырғанда эксперименталды топтағы балалардың дене дайындығы көрсеткіштерінде анық оң
өзгерістер байқалды. Бұл көрсеткіштер (координациялық, шапшаңдық, жылдамдық-күштілік
қабілеттер, жалпы төзімділік көрсеткіштері) дене шынықтыруға арнайы құрылған денсаулық сақтау
технологиясын енгізу əсерінен 5–6 жастағы балалардың дене дайындығының жақсару үрдісі бар
екендігіне дəлел болып отыр.
Əдебиеттер тізімі
1 Балалар мен жасөспірімдерді тəрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1684 Қаулысы. — Астана, 2011. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100001684
2 Здоровьесберегающие технологии в общеобразовательной школе:
методология анализа, формы, методы, опыт при-
менения: Метод. рекомендации / Под ред. М.М. Безруких, В.Д. Сонькина. — М., 2002.
3
Цейтлин А.Г. Физическое развитие детей и подростков. — М.: Медгиз, 1963. — 204 с.
4
Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: Оқулық. — Ақтөбе: «М.Стиль ЖШС», 2007. — 304 б.
5
Кучма В.Р. Современное дошкольное воспитание: гигиенические проблемы,
пути решения, медико-
профилактическая эффективность. — М.: Изд-во ГУНЦЗД РАМН, 2010. — 356 с.
6
Кучма В.Р. Проблемы мониторинга состояния здоровья детского населения в связи с факторами окружающей среды
// Гигиена и санитария. — № 11. — М.: Изд-во ГУНЦЗД РАМН, 1993. — С. 4–6.
7
Гейнц К.А., Гейнц Р.П., Киспаев Т.А. Как сохранить и укрепить здоровье вашего ребенка: Метод. пособие. —
Караганда: CАНАТ-экспресс, 2007. — 161 с.
Г.К.Бельгибаева, Ж.Т.Жакенова
Достарыңызбен бөлісу: