№2(78)/2015 Серия педагогика


Бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың дене дайындығының көрсеткіштерінің деңгейі



Pdf көрінісі
бет29/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   185
Бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың дене дайындығының көрсеткіштерінің деңгейі 
(тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың бастапқы кезеңі) 
Өлшемдер 
Эксперименталды топ
(X
1
± ml) 
Бақылау тобы (Х
2
±т2) (Р) (X
1

2

Құм салынған қапшықты қашықтыққа оң 
қолмен лақтыру (м) 
5,2±0,31 5,0±0,30 
(>0,05) 
Құм салынған қапшықты қашықтыққа сол 
қолмен лақтыру (м) 
4,0±0,22 4,0±0,29 
(>0,05) 
Тығыздалған допты лақтыру (см) 134,3±5,01 
141,0±5,60 
(>0,05) 
Допты нысанаға лақтыру (себет) 1,0±0,17 
1,1±0,19 
(>0,05) 
Еңкею (+см) 2,9±0,90 
1,5±0,59 
(>0,05) 
Қолына гимнастикалық таяқшаны ұстап, иық 
буынын айналдыра қозғау (см) 
66,9±1,33 66,5±1,29 
(> 
0,05) 
Көзді жұмып түзу жолмен жүру (м) 3,0±0,28 
3,7±0,39 
(> 
0,05) 
Алға-артқа жүгіру 10м х3 рет (с) 12,5 
±0,24 
12,2±025 
(> 
0,05) 
100 м қашықтыққа жүгіру (с) 12,7±0,08 
12,7±0,08 
(> 
0,05) 
10 с отырып тұру (саны) 8,6±0,32 
8,2±0,36 
(> 
0,05) 
Орнынан ұзындыққа секіру (см) 91,1 
±2,95 
95,9±4,00 
(> 
0,05) 
Екінші кезеңде (2014 жылдың тамыз-желтоқсан айлары) экcперименталды топтағы балаларға
ойындарды қолдана отырып, арнайы құрастырылған дене тəрбиесінің сауықтыру технологиясын 
қолдану іске асырылды, осы жастағы балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, коррекциялық 
жұмыстар жүргізу барысында ұсыныстар өңделді. 
Құрастырылған денсаулық сақтау технологиясы 5–6 жастағы балалардың психофизиологиялық 
ерекшеліктерін, мектепке дейінгі балалардың жетілу ерекшелігін, арнайы коррекциялық-
педагогикалық қызметтің ұстанымын ескереді. 5–6 жастағы балаларға арналған дене шынықтыру 
жаттығулары, бақыланушы балалардың дене бітімі жəне психоэмоционалдық жағдайын ескере 
отырып, таңдап алынды; əр түрлі қозғалысқа, қолдың аз мөлшерлі моторикасын жетілдіруге
психикалық əсерден болған бұлшық еттің ширығуын төмендетуге, дем алу жүйесін жаттықтыруға 
арналған қозғалыс ойындары таңдап алынды. 
Эксперименталды топтағы балалардың дене шынықтыру сабағы құрастырылған технологияға 
сəйкес ұйымдастырылды, ал бақылау тобындағы балалардың дене шынықтыру процесін толығымен 
тəрбиешілер ұйымдастырды. Бақылау тобында балалардың дене шынықтыру жұмысының мазмұны 


Мектепке дейінгі ұйымдардың… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
49 
еш өзгеріссіз, яғни, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тəрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз 
мектепке барамыз» бағдарламаcы негізінде жүргізілді. 
Эксперименттің ұзақтығы — 20 апта.
Сонымен қатар балабақшада қолданылатын əдіс-тəсілдер, құралдар жəне дене шынықтыруға 
байланысты жұмыстар, дене жүктемесінің бағыты, сипаттамасы жəне қарқыны талқыланды. 
Педагогикалық процестің өту барысы (дене шынықтыру инструкторларының, тəрбиешілердің 
көмегімен) міндетті түрде қадағаланып отырылды. Балалардың қозғалыс қызметіне негізделуі, дене 
шынықтыру жаттығуларын орындауға бағыттылығы жəне белсенділігі, дене тəрбиесі жұмыстарының 
ұсынылған түрлеріне балалардың əрекеті бағаланды. Дене шынықтыру сабағын өткізуге арналған 
уақыттың мақсатты түрде қолдануын зерттеу үшін сабақтың жалпы көлемі анықталды.
Осы кезеңнің соңында эксперименталды жəне бақылау топтарында, мектепке дейінгі ересек 
жастағы балалардың дене бітімінің дамуы (антропометриялық өлшеулер тəсілімен) жəне дене 
дайындығының деңгейлерінің айырмашылықтарын анықтау мақсатында, ұсынылған тестер бойынша 
зерттеу жұмыстары қайталап өткізілді. 
Тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың үшінші кезеңінде (2014 жылдың желтоқсан жəне 2015 
жылдың қаңтар айлары) зерттеу нəтижелерін өңдеу жəне талдау жұмыстары іске асырылды, 
құрастырылған денсаулық сақтау технологиясының тиімділігі бағаланды. Антропометриялық 
өлшемдердің нəтижелері 3-кестеде көрсетілген. 
3 - к е с т е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет