К.Ж.Бұзаубақова, Ж.Н.Күмісбекова, С.А.Əубəкірова
114
Вестник Карагандинского университета
оқыту жүйесінің кəсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нəтижелілігі зор екендігі əлемдік
тəжірибеде дəлелденген (Германия, Австрия, Швейцария т.б).
Кəсіби мектеп пен өндірістің өзара тиімді байланысын, өндірістегі кəсіби оқыту экономикалық
рентабельділігін У.Грайнерт, Ф.Кюберт, Ф.Липцмайер, Г.Пуэтц А.Шелтен, Г.Шмидт, К.Штратман
зерттеген. Кəсіби білім берудің дуалды формасының даму тарихын қарастырғандар: Р.Ф.Хенсен,
У.Хиппэх-Шнайдер, Г.Вланкертц, Д. Бунк, Г.Абел, Г.Бланкерц, У.Грайнерт, Д.Грюнер, К.Койниг,
К.Куэмелл, А.Липцмайер, П.Мюнч, Г.Шнайдер, К.Штратман, С.Тиссен.
Дуалды оқыту жүйесі ТМД елдерінде де кеңінен зерттеліп, кəсіби-техникалық
білім беру
процесінде ендірілуде [2–8].
Еліміздің педагогикалық жоғары білім беру жүйесіне дуалды білім беруді енгізу бойынша
алғашқы қадамдар жасалуда. Себебі қазіргі таңда республикада 16 Назарбаев Зияткерлік мектебі
ашылғанымен, ешбір педагогикалық жоғары оқу орындары Назарбаев Зияткерлік мектебіне арнайы
маман дайындап жатқан жоқ.
Сондай-ақ орта мектептерде жұмыс жасайтын дарынды мұғалімдер
НЗМ-не ауысуынан білім
беру сапасының төмендеуі, білікті педагог кадрлардың тапшылығы орын алуда.
Қазіргі кезеңде бəсекеге қабілетті педагог кадрларды даярлау үшін педагогикалық жоғары оқу
орындарында дуалды оқыту жүйесін енгізу
қажеттілігі туындауда:
1. Жоо барлық мамандықтар бойынша көптілді маман даярлануы тиіс.
2. Білім сапасын арттыру үшін болашақ маман оқытудың заманауи технологияларын тек
теориялық
тұрғыдан емес, НЗМ базасында тəжірибеден сынақтан өте отырып, кəсіби біліктілікті
меңгеруі тиіс.
Елімізде дуалды оқыту жүйесі техникалық, ауылшаруашылық, көлік, мұнай жəне газ, химиялық
өндіріс мамандарын дайындайтын оқу орындарында ендіріле бастады. Жалпы 2014–2015 оқу
жылында көптеген кəсіптік-техникалық оқу орындары дуалды оқыту жүйесіне көшті.
Бірақ
Қазақстанның бірде-бір педагогикалық жоо-да дуалды білім беру жүйесі ендірілмеген.
Шет елдерде дуалды оқыту жүйесіне бөлетін инвестициялық қаржысы таң қалдырады.
Германияның көптеген өндірістерінде оқытудың дуалды жүйесі өскелең ұрпақтан резерв дайындауда
ажырамас бөлігі болып тұр. Өндірістің бұл бағытта көрсететін белсенді əрекеті көпқырлы, кең
көлемді жəне берік: жыл сайын кəсіби білім беру жайлы жарты миллионға жақын келісім жасалады.
Осындай өзекті мəселені шешу үшін «Жоғары педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру:
педагогикалық кадрларды дайындауда Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз
қаласындағы НЗМ-нің инновациялық ынтымақтастығы негізінде дуалды оқытуды ендіру жəне жүзеге
асыру» қанат қақты жобасы қолға алынды.
Достарыңызбен бөлісу: