28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


 Деректердің зерттеу техникасын қарастыратын пәндер



Pdf көрінісі
бет11/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

2. Деректердің зерттеу техникасын қарастыратын пәндер 
Бірінші топқа жататын алғашқы пән
Дипломатика
. Сөздің түбірі «диплом» 
термині, көне Римде заңнамалық актілерді осылай атаған. Бұл терминді ғылыми 
айналымға XVII ғасырдың эрудит-тарихшысы 
Мобиллион 
кіргізген. Орта 
ғасыр заманында заңнамалық актілер өздердіңтуынұсқасын анықтау өзекті 
мәселеге айналды. Оны анықтаудың бірнеше әдістерді пайда болды Сол 
заманның қажеттілігінен туындаған дипломатика ғылымы дами келе тек қана 
жеке басқа байланысты актілерді зерттеп қоймай, шаруашылық және саяси 
келісім-шарттарды да тексеретін болды. Егер әр заманның заңнамалық 
актілерінен өзімізге қажетті ақпарат алатын болсақ,дипломатика пәннің 
тарихшыларға берері мол. 
Сонымен дипломатика пәні заңнамалық 
актілердің пайда болуын, оның мазмұнын, түрін анықтайды.
 


11 
Археография
– 
тарихи актілер мен құжаттарды, қолжазба деректерді 
жинаудың, сипаттаудың және жариялаудың теориясы мен тәжірибесі 
жөніндегі ғылым саласы.
Археография түркі халықтарының, оның ішінде қазақтардың мәдениет 
тарихында өзіндік орны бар, ол бұдан көп ғасыр бұрынғы қолжазба кітаптар 
дәуірінен, көне ауыз әдебиеті үлгілерінің, шежірелердің қағазға түсірілуінен, 
ХІ-ХІІ ғасырлардағы «Қорқыт ата» кітабынан, «Оғыз–нама»тарихи дастанынан 
бастау алады. 
ХІІ ғасырдан бастап Бұхара, Самарқан, Хорезмдебилеушілердің жеке 
пәрмендері мен мемлекеттік маңызы бар құжаттарының жинақтары шығып 
тұрған. ҚазақстандаХҮ ғасырдан бері ханжарлықтары мен билер кеңесінде 
қабылданған ережелерді көбейтіп көшіру, жер-жерге тарату дәстүрі орын алды. 
ХҮІІІ ғасырдың бас кезіндеТәуке ханныңпәрменімен қазақтың тұңғыш заң 
ережесі – «Жеті жарғының»көбейтілген даналары елге кеңінен таратылғаны 
белгілі. Мұндағы мақсат – аса маңызды құжаттарды халыққа дер кезінде 
жеткізу ғана емес, оларды болашақ ұрпақтарға сақтап қалу ниеті де көзделді. 
Ғалымдардың мақсатты түрде жинап-жүйелеген тарихи маңызды мұралары 
ХІХ ғасырдан бері жаңа сипаттағы Археографияға – баспа кітаптар шығаруға 
негіз жасады. Алғашқы жинақтар фольклорлық, тарихи-этнографиялық 
шығармалар 
болды 
(И.Н.Березиннің 
«Түрік 
хрестоматиясы» 
(1876),Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» (1879), В.В.Радловтың 
«Қырғыз хрестоматиясы» (1883) т.б. Қазақстан тарихына байланысты мұра-
ларды іздеу, жинау, зерттеу, жеке құжаттарға ғылыми сипаттама мен 
түсіндірмелер жазып, баспадан жинақтар түрінде шығару ісі ХХ ғасырда 
кеңінен қолға алынды.
Отандық 
археографияның 
бастауында 
қазақ 
ағартушылары, 
қоғам 
қайраткерлері,тарихшы-ғалымдарА.Байтұрсынов,С.Ас-
пандиаров,С.Сейфуллин,М.Жолдыбаев,С.Меңдешев,О.Исаевтар 
тұрды. 
Қазақстан 
археографияның 
дамуында 
Е.Бекмаханов,С.Бейсембаев,М.Қозыбаев,Х.Сейітқазиева, 
Ш.Я.Шафиро,С.Байжанов,Т.Б.Митропольская, М.Қайырғалиев т.б. зор үлес 
қосты. 
Археографиялық жинақтарды дайындап шығаруда Қазақстан Республикасының 
Орталық мемлекеттік архиві жетекші қызмет атқарды. Кеңестік дәуірде мол 
архив қорларының болмашы бөлігі ғана жарық көрді. Өкініштісімарксизм-
ленинизм методологиясына сәйкес келетін құжаттарды ғана жариялауға рұқсат 
берілді. Көп ретте құжаттар қысқартылып, саясатқа қарсы тұстары контекстен 
алынып тасталып, мазмұны қатал цензурадан өткізіліп, біржақты қасаң 
түсіндірмелермен жабдықталып, жарияланды. 
КСРО кеңістігінде орныққан «ресми тарихтың» арнасынан шықпаған бұл 
басылымдар қазақтың болмысын ашуға, ұлт өміріндегі күрделі құбылыстарды 
көрсетуге ниеттенбегендіктен оқырмандарына халықтың шынайы тарихын 
зерделеуге мүмкіндік бермеді.


12 
Кеңестік Қазақстанда 84 тақырыпта құжаттар мен материалдар, хаттар мен 
естеліктер жинақтары баспадан шықты. Орысша дайындалған бұл кітаптардың 
сегізі ғана қазақшаға аударылып басылды.
1991 жылдан жарық көре бастаған «Қарқара айбаты»(Археография, 1991), 
«Қазақ қалай аштыққа ұшырады»(Археография, 1991), «Алаш-мирас» 
(1991,1993), Т.Кәкішевтің «Сәкеннің соты. Құжатты хикая» (Археография, 
1994), «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық 
күресі»Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресі» 
Археография, 1995, орыс тілінде),С.Байжан-Ата мен Қ.Исабайдың«Қажыға 
барған қазақтар» (Археография, 1996), А.Кәкеновтің «Сәкен шындығын 
діттегенде 
немесе 
НКВД 
құжаттары 
шерткен 
сыр» 
(Ақмола, 
1996),С.Мұхтарұлының 
«Кәмпеске»(Археография,1997), 
Т.Рысқұловтың 
шығармалар жинағының 3-томы (Археография, 1998), «Қаһарлы 1916 
жыл»(Археография), т.б. жинақтардан қазақтың төл және жаңа археографиясы 
бастау алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет