28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет13/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Палеография

Көне заманда пайда болып, бізге дейін жеткен жазу өнерінің 
үлгілерін зерттейтін ғылымды палеография деп атаймыз. Көне жазуды оқу 
арнайы дайындықты қажет етеді. Әсіресе текстегі қысқартуларды қалпына 
келтіру ғалымдарға үлкен қиыншылық тудырады. Орта ғасырлық латын 
мәтіндерінде 15000-ға жуық қысқартулар болған. Кез келген көне жазбаларды 
оқу үшін сол замандағы халықтың тілін білу керек. Сондықтан палеография 
көне түркі, грек, латын, словян сияқты арнайы бағыттарға бөлінеді.
Еуропаға қағаз тек қана XV ғасырда ғана белгілі болды. Оған дейін әр халық 
жазу үшін әртүрлі материалдарды пайдаланды. 
Пергамен, қайың ағашының қабығы , ағаш тақтайшалар, дымқыл қыш 
тақташалар сияқты заттар адамның қажетіне жарады. Осыған байланысты 
Мысырдағы көне жазбаларды оқу үшін палеография қанатының астында 
папирология 
бағыты пайда болды.Ніл дариясының алқабында табылған 
көптеген көне жазбаларда көршілес халықтардың тарихынан сыр шертетін 
деректерде кездеседі. 
Тастағы, қабырғадағы жазуларды зерттейтін палеографияның саласын 
эпиграфика
деп атаймыз. Бейіт басында қойылған ескерткіш тастардағы тау 
шатқалындағы тас тақталарда, түрме камераларының қабырғасына жазылған 
жазулар тарихшыларға мол мағлұмат береді. Мәселен XIX ғасырдың аяғында 
Алтай тауының маңынан табылған көне түркі руникалық жазбалар қазақ 
тарихына қаншама құнды деректер берді. Эпиграфика ғылымының болашағы 
зор. 
Библиография
(көне грекше:bіblіon– кітап жәнекөне грекше: drapho – жазу)– 
баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі 
насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби 


14 
мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиографиялық қызметті 
ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа 
өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және 
қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылымы мен мәдениет 
дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына 
бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философия және 
эстетика көзқарастарды, техникалық жетістіктерді таратуға мүмкіндік 
туғызады. 
Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен тығыз байланысты, әдеби 
және ғылыми сынмен салаласа дамыған. Кейін білімдердің дараланып, сала-
салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымның жеке бір саласына 
айналды. Қазақстанда1937 жылыбаспа өнімдерінің міндетті данасын бір 
орталыққа жинау белгіленген. Осының негізіндебаспасөзөнімдерін тіркеу және 
оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру жұмыстары 
жүрді. Яғни, олар басылым түрлеріне(кітап, мерзімді баспасөз т.б.), сыртқы 
белгілеріне(авторы, 
атауы, 
жарыққа 
шығу 
мерзімі 
мен 
орны), 
мазмұнына(тақырыптық, пәндік, жүйелік)қарай топтастырылды. 
Библиография 
жазу 
негіздері.
Библиографияда 
баспа 
туындыларына 
библиография сипаттама берудің маңызы ерекше. Ол белгіленген ереже 
бойынша жасалады. Библиография сипаттамада автордың атыжөні, 
шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі, көлемі туралы мәлімет 
беріледі. Қажет жағдайда мазмұндалған (аннотацияланған) сипаттама 
жасалады.
Библиография атқаратын қызметіне қарай – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет