129
кіріспе» атты еңбегінде деректемелік талдаудың негізгі мақсаты құжаттағы
шынайы ақпаратты анықтау қажеттілігін дәлелдеді.
Олар деректанушының барлық жұмысын екіге бөліп: сыртқы және ішкі сын деп
атады. Алдымен, тарихшы сенімді ақтайтын, зерттеушінің қажетіне жарайтын
деректі таңдап алып, оның пайда болған уақытын, пайда болған жерін, авторын
анықтау – алғашқы міндет. Келесі кезекте құжатқа әсер еткен субьективті
факторлар, автордың немесе авторлар ұжымының психологиялық ауытқулары
нәтижесінде пайда болған келеңсіздіктен мәтінді та-зарту қажет. Осыдан кейін
құжатта көрсетілген ақпараттың шындығын анықтау, оның ішіндегі кейбір сол
заманның болмысына жанаспайтын, шынайы тексеріске келмейтін деректерді
зерттеу шеңберінен шығарып тасталады. Соңында деректің ішіндегі фак-
тілердің бір-бірімен байланысы және олардың тарихи шындыққа жақындығы,
сәйкестігі тексеріледі
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс тарихшысы Лаппо-
Данилевский деректің әлеуметтік-мәдени табиғаты туралы заңдылықты ашты.
Кез-келген тарихи дерек сол заманның мәдениеті аясында пайда болды.
Сондықтан оның мазмұнына, саясатта, әлеуметтік жағдайда, автордың білімі
мен біліктілігі, оның ішкі жан-дүниесінің жағдайында да әсер етуі заңды құбы-
лыс.
Тарихи деректі зерттеудің осы схемасын Кеңес тарихшылары да қабылдады.
Тек марксизмнің әсерімен деректерге ішкі сын жасау барысында әлеуметтік-
таптық талдау әдісіне басымдылық берілді. Яғни, алдыңыздағы деректің
әлеуметтік табиғаты, қай таптың позициясы тұрғасында жазылған, автордың
саяси көзқарасы сияқты проблемалар оның құндылығын анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: