Түзету жұмыстарын төмендегі мектеп мамандары атқарады.
Психолог-педагог (оқушымен, ата-анамен және мұғалімдермен жүргізілетін түзету жұмыстарын психологиялық сүйемелейді)
әлеуметтік педагог – (баланың әлеуметтенуіне көмектесетін бала мен оның отбасында өз құзырлығы бойынша көмектеседі)
медициналық қызеткер- ( баланы жан-жақты медициналық қарауын ұйымдастырып, арнайы мамандардан кеңес алуына көмектеседі)
Екінші кезеңде әлеуметтік педагог пен психолог әлеуметтік және психологиялық әдістерді қолдана отырып, девианттық мінез-құлықты баланың отбасындағы проблнмаларын анықтай отырып, бала мен оның отбасын әлеуметтік –психологиялық жағынан сүйемелейді, баланың қарым-қатынас ортасына біріккен талдау жасайды. Талдауды мамандар баланың қатысуымен өткізеді (оның қалауымен ата-анасы да қатысуына болады). Талқыланатын мәселе диагностикалық қорытындысы бойынша алынған ақпараттар. Бірақ ақпараттың бала рұқсат етпеген бөлігін мектеп әкімшілігіне, баланың ата-анасына да жеткізуге болмайды. Егер бір жақты байланыс болса немесе жоғарыда аталғанмамандар баламен тек өз құзырлығы қолдау жұмыстарын жүргізген болса «қиын бала» кезеңінде, жан-жақты қолдаусыз көмексіз қалады.
–кезең бойынша педагогикалық кеңес (құқық бұзушылықтың алдын –алу Кеңесі). Кіші педкеңес мәжілісінде сынып жетекшісі мектеп әкімшілігінің жұмысын қоса отырып, оқушы туралы, атқарылған жұмыстар туралы ақпараттарды ұсынады. Оқушы мен оның отбасымен жүргізілген жұмысының негізі кезеңдеріне тоқтала келе жиналған ақпараттарды талдап қорытындайды. Кіші педкеңестің шешімі балаға ескерту баланың ісін жасы толмағандар ісі ьөліміне дейін ауытқуы мүмкін. Кейбір жағдайда кіші педкеңеске баланың қатысуы керек болмайды.
–кезең-жасы кәмелетке толмағандардың ісі мен олардың құқын қорғау комиссиясының отырысы. Мектепке жинақталған және алынған ақпараттар негізінде жасы кәмелетке толмағандар ісі бойыеша инспектор ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің бұзылғандығы туралы хаттама толтырады. Ол материялдар бабаның тұрғылықты жеріндегі жасы кәмелетке толмағандардың ісі мен олардың құқын қорғау комиссиясына жіберіледі. Жасы кәмелетке толмағандардың ісі мен олардың құқын қорғау комиссиясының шешімі балаға ескерту жасаудан бастп арнайы жабық мекемесіне жіберуге дейін ауытқиды.
– кезең-материялды сот орындарында қарау. Сот мәжілісінде мектептен берілген материалдарды қарау барысында комиссияның баланы жабық мекемеге жіберу немесе жібермеу туралы шешімін қолдайтын немесе қарсылық білдіре алатын мектептің әлеуметтік педагогы қатысады. Сот ҚТЖІ инспекторының, баланың заңдық өкілі, әлеуметтік педагогтың, қоғамдық одвакаттың пікірін ескере отырып, кәмелетке толмаған балаларды арнайы жабық мекемесіне жіберу туралы шешім қабылдайды.
Білім беру мекемелерін оқушының девианттық мінез-құлқының алдын-алу бойынша жұмысындағы мақсаты –оқушыларды арнайы мекемелерге жіберу емес, керісінше оны дер кезінде тоқтатып, қоғамның толыққанды азаматы етіп тәрбиелеу.
Әлеуметтік педагог пен психологтың басты мақсаты –осы балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, олардың жүріс-тұрысы, мінез-құлқы әлеуметтік нормалардың шеңберінен шықпауына, басқалармен қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.
Жеке ағарту жұмыстарының бағдарламасы(дәрігер –наркологтың, психологтың ғылыми жетекшілігімен)
баланың жақсы қасиеттеріне назар аудару;
мінез-құдық бағдарларын таңдаудағы жауапкершіліктерін сенуге көмектесу;
Проблемалық жағдайдан шығудың қадамдарын анықтауға ықпал ету;
Нақты көмек беретін мамандарға жүгіну керектігін түсінуіне көмектесу (наркологқа, әлеуметтік-психологқа-медициналық көмек орталықтарынат.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |