Оқу әдісі – тарихи категория. Педагогикалық тарихи даму кезеңінде оқыту әдісінің проблемасы әртүрлі көз қарастар негізінде шешіліп келеді, яғни әрекет түрі арқылы; логикалық құрылым мен әрекет түрінің қызметі арқылы; танымдылық сипаттағы әрекетер аркылы.
Оқыту әдісітерін жіктеу әртүрлі негізде жүргізіледі.
Танымдылық әрекеттер сипаттамасы бойынша:
ауызша түсіндіру - көрнекілік (әңгіме, дәріс, демонстрациялау және т.б.);
репродуктиті (есеп шығару, тәжірибені қайталау, т.б.);
проблемалық (проблемалық есептер, танымдылық есептер, т.б.);
жартылай ізденушілік – эвристикалық;
зертеушілік.
Әрекеттердің компоненттері бойынша:
ұйымдастырушылық әрекетте – оқу таным әрекетін ұйымдастыру және іске асыру әдісі;
ынталандыру – оқу – танымдылық жұмысын себептендіру, және ынталандыру әдістері;
бақылау – бағалау – оқу таным әрекетінің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау әдісі.
Дидактикалық мақсаттар бойынша:
жаңа білімді игеру әдісі;
білімді бекіту әдісі;
бақылау әдісі.
Оқу материалын түсіндіру бойынша:
монологиялық – ақпаратты хабар (әңгіме, түсіндіру, дәріс);
диалог (пікір талас, әңгіме, проблемалық жағдайлар).
Оқу үрдісін ұйымдастыру түрі бойынша.
Оқушының дербес белсенділік деңгейлері бойынша.
Білім алу немесе білімді меңгеру көздері бойынша:
ауызша (әңгіме, пікірталас, нұсқаулар);
көрнекілік (демонстрация, иллюстрация, схема, материалды көрсету және график);
практикалық (жаттығулар, зертханалық жұмыстар, практикум).
Тұлға қасиеттерін ескеру бойынша:
танымдылық (әңгіме, нұсқау, иллюстрация және т.б.);
тәртіптілік (жаттығу машығы);
сезім – ынталандыру (бақылау, мадақтау, ұқыптау т.б.).
Көрсетілген барлық жіктелуі дидактикалық аспектіде қарастырылады. Мұнда математиканың пәндік мазмұны жеткіліксіз ескеріледі. Сондықтан, математиканы оқыту әдістерінің барлық жиының бейнелеу мүмкін емес. Оқыту әдістерін тандау – аса шығармашылықты қажет еткенімкен, теориялық білім негізіне сүйенеді. Оқыту әдістерін бөлуге, оқшау күйінде қарастыруға болмайды. Оқытудың бір әдісі қолдану мақсатына қатысты тиімді және тиімсіз болып келуі мүмкін.
Білім берудегі жаңа мазмұндар математиканы оқытудың жаңа әдістерінің туындауына себепші болады.
Педагогикада әдістер оқыту әдісі және оқу- ғылыми әдісі болып жіктелінеді. Оқу -ғылыми әдістері ғылыми (бақылау, анализ, синтез және т.б.) және зерттеу (эвристикалық, модел арқылы оқыту) негізінде болады. Оқыту әдістері – оқушылардың танымдылық әрекетін ақпараттандыру, басқару және бағалау тәсілі мен құралы болса, ал оқу –ғылыми әдістеріне құрал және тәсіл, оқу материалын игеру тәсілдері, оқытудың продуктивті және репродуктивті тәсілдері, өзін -өзі бақылау тәсілдері жатады.
Бақылау және тәжірибе, салыстыру, анализ және синтез, жалпылау, абстракциялау және нақтылау математикалық зерттеудің негізгі әдістері.
Математиканы оқытудың қазіргі жаңа әдістеріне проблемалық (болжамдық), зертханалық, бағдарламалық оқыту, эвристикалық, математикалық моделді құрастыру, аксиоматикалық және т.б. жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |