2. Инновациялық үрдісті іске асырудың соңы. Кез келген инновациялық үрдіс іске асырылуда, кеңінен қолданылып, өзінің жаңашыл идеялық құндылығын ерте ме кеш пе жоғалтады. Мысалы, В.А. Шаталов.
3. Педагогикалық инновацияларды орнықтыру заңы. Кез келегн педагогикалық инновация ойлау орнықтылығымен практикалық әрекетке айналады. Осы негізде ол басқа да жаңа заңдылықтырды іске асыруға бөгет болады. Инновациялық ортады бөгет болып орнығып қалады.
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
Дәстүрлі оқыту ақаулықтары қазірігі білім беру жүйесінде көптеп кездеседі,яғни атап айтсақ:
оқушы назарын оқу материалының мәніне шоғырландыра алмайтын материалдың ауызша түсіндірлуі;
математикалық материлады зерттеудің баяулылығы;
есте сақтауды қажет ететін материалының көптігі;
математика бойынша дифференциялдық тапсырмалардың жетіспеушілігі;
Математиканы дәстүрлі оқыту ақаулықтарын оқуды жаңашалау жолымен жоюға болады. Әдіс (грек тілінен аударғанда metһodos – зерттеу жолы) мақсатқа жету тәсілі. Оқыту әдісі – оқыту және тәрбиелеу мақсаттарын іске асыратын дидактикалық тәсілдер мен құралдардың реттелген жиынтығы. Оқу әдісі оқушы мен мұғалімнің белгілі бір мақстқа бағытталған әрекеттерінің өзара байланысқан, рет – ретімен орындалатын тәсілдері жатады.
Оқытудың кез келген әдіс мақсат әрекеттер жүйесі, оқыту құралдары мен болжанған нәтежелері арқылы сипатталады. Оқыту әдісінің объектісі мен субъектісі – оқушы болып табылады.
Оқытудың жекеленген әрекеттері арнайы жоспарланған жұмыстары мен зерттеу мақсаттарда ғана «таза» күйде қолданылады. Көп жағдайда мұғалім оқу әдістері мен тәсілдерін аралас күйде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |