3 – дәріс Математиканы оқыту әдістері мен формалары, қағидалары


– сурет - Оқыту әдістерінің жіктелуі



бет5/12
Дата03.03.2022
өлшемі46,51 Kb.
#26981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1 – сурет - Оқыту әдістерінің жіктелуі

Жоғары айтылған әдістерді жекелеп айтып кетейік (схемада көрселілген әдістер)

1. Ақпаратты – дамытушы әдістері: ол өз алдында екі классқа бөлінеді: 1) ақпаратты дайын күйінде игеру (дәріс, түсіндіру, оқу кионфильмдері мен видиофильмдерін көрсету, арнайы оқытуға қатысты аудио касеталарды тыңдау, т.б.); 2) білімді өз бетімен игеру (оқулықпен өз бетімен жұмыс, оқыту бағдарламасымен, ақпаратық базаларымен дербес жұмыс, ақпараттық технологияны қолдану).

2. Проблемалы - ізденуші әдістер: оқу материалын проблемалық тұрғыда қарастыру (эвристикалық мәнде әңгіме жүргізу), пікірталас, зертханалық іздену жұмыстары, шағын топтардың жұмысында ұжымдасып ойлау әрекетін ұйымдастыру, зерттеу жұмыстары.

3. Репродуктивті әдіс: оқу материалын айтып беру, нұсқа бойынша белгіленген үлгіге қарап жаттығуларды орындау, реті көрсетілген үлгі бойынша зертханалық жұмыс жасау.

4. Шығармашылық – репродуктивті: шығарма, өндірістік жағдайға сараптама, қызметтік және кәсіби әрекеттің басқа да түрлері.

Оқыту әдісінің құрамды бөлігіне мұғалім мен оқушылар әрекетінің таңдап алған әрекеті жатады. Әдістемелік тәсіл - нақта міндеттерді шешуге бағытталған жұмыс тәсілі, әрекеті. Оқу жұмысының тәсілдері арасында ақыл-ой әрекетіне бағытталған тәсілдер кездеседі (анализ және синтез, салыстыру және жалпылау, дәлелдеу, австракциялау, нақтылау, мәнін айқындау, қортынды шығыру, түсінік, қиял және есте сақтау тәсілі).

Оқудың қазіргі әдістері негізінен дайын білімді игеруге емес, жаңа білімді өз бетімен игеру әрекетіне, яғни танымдылық әрекетіне бағытталған.

Арнайы әдістер – бұл математикада қолданылатын негізі танымдылық әдістері арқылы нақты жағдайда зерттелген жаттығу әдістері (математика модельдерін құрастыру, аксиоматикалық, абстракция және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет