3 (29) 2015 (мамыр-маусым) 3



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата06.03.2017
өлшемі7,35 Mb.
#7874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Ұ.Нұрманбетова, Қ.С. Тебенова, Н.Н. Омарова. Мамандыққа кіріспе (дефектология) – 

Қарағанды, 2007. 

2 http://www.forumatgreenwich.co.uk/

3 Guest D. Emergence of Social Security in Canada. – Vancouver, 1997.

4 Clark C. Canada is Income Security Programs. – Ottawa, 1998.

5 Dyck R. The Canada Assistance Plan: The Ultimate in Cooperative Federalism//

Perspectives on Canadian Health and Emerging Trends/ Ed.by C.Meilicke, J.Stroch. ¬ Michigan, 

1980.

6 Германиядағы мүгедектердің құқықтары мен жеңілдіктері.//Partner.-2006.-№7(106).



7 Әлеуметтік оқшауланудан – теңдікке қарай. Мүгедектердің құқықтарын жүзеге 

асыру.//Парламентарийлерге басшылыққа алуға: Мүгедектердің құқықтары туралы 

халықаралық конвенция және оған Факультативтік хаттама. №14-2007.


34

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37. 06



Т.А. Баракбаева

Ж. Дағжан

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының оқытушылары

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ

Мақалада діни экстремизм және терроризм мәселелерін алдын-алуда жастармен ақ па-

рат тық-түсіндіру және тәрбие жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы қарастырылады. Діни 

экстремизм мен терроризм қаупі жаһандық сипатта орын алып, халықаралық қауіпсіздікті 

қамтамасыз етуде әр мемлекет ұлттық мүдделерін қорғау деңгейін арттыру тәуелділігіне 

айналды.


Түйін сөздер: жастар, ислам, дін, терроризм, секта, экстремизм.

В данной статье рассматривается важность проведения среди молодежи разъяснительно-

информационных и воспитательных работ в борьбе с религиозным экстремизмом и терро-

ризмом. Угроза религиозного экстремизма и терроризма приобрела глобальный характер, 

повышая зависимость уровня защищенности национальных интересов каждого государства 

от состояния международной безопасности.



Ключевые слова: молодежь, ислам, религия, терроризм, секта, экстремизм 

This article discusses the importance of youth advocacy, information and educational work in 

the fight against religious extremism and terrorism. The threat of religious extremism and terrorism 

has become global, increasing dependence of the level of protection of national interests of each 

state of the state of international security.

Keywords: youth, Islam, religion, terrorism, sect extremism

Бүгінгі таңдағы әлемдік деңгейдегі түйт -

кіл ді  мәселелердің  бірі  –  діни  экстремизм 

мен терроризм мәселесі болып отыр. Қауіпті 

ді ни  экстремистік  топтармен  және  тер  ро-

ризм мен күресу жеке мемлекеттік қана емес, 

дүниежүзілік  басты  проблема.  Се бе бі,  діни 

экстремистік және террористік ұйым дар дың 

басты қауіп төндіретін нысаны мем ле кет тә-

уелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздік болып та-

бы лады. 

Біздің қоғамда да еліміз тәуелсіздік ал ған-

нан кейін діни сенімге еркіндік берілген соң 

дін дарлыққа бет бұру, сенім жолына түсу жа-

ғынан жастар жағы белсенді болды. Соңғы 

2012  жылғы  статистикалық  зерттеулердің 

нә тижесі  бойынша,  жастар  қоғамдағы  дін 

рө лінің  артуын  жағымды  құбылыс  деп  ба-

ға лаған [1]. Жастардың үштен екісі өздерін 

дін шіл  деп  санайды,  ал  бесінші  бөлігі  дін 

мен  дінге  сенушілерге  дұрыс  көзқараста 

бол ған. Дінге сенушілердің басым бөлігі ис-

лам  және  православие  дінін  ұстанушылар 

бо лып табылады. Ислам діні көп ғасыр бо-

йы  ата-бабамыз  ұстанған  дәстүрлі  дініміз 

бол ғандықтан, ислам дініне бет бұрушылар 

қа зақ  жастары  арасында  күннен  күнге  кө-

бе юде.  Алайда,  жастарымыздың  дәстүрлі 

дін нен  адасып  қара  пиғымды  секталардың 

құр баны болып, террорист атанды. Дін, ді ни 

экстремизм,  терроризм  мәселелеріне  жас-

тар дың  қатысы  не  деген  сұрақ  туындауы 

мүм кін.  Түрлі  діни  ағымдар  мен  секталар 

жә не діни экстремистік, террор ұйымдарына 

адам  күші  қажет.  Ал,  бұл  ұйымдардың  аса 

қызығушылық  танытатыны  жастар  то бы. 

Жастар  деп  ЮНЕСКО  15  пен  25  жас  ара-

лығындағы  буынды  анықтады.  ҚР  мем ле-

кет тік  жастар  саясаты  туралы  2004  жылғы 

7-шіл дедегі  қабылданған  заңы  бойынша 

«жас тар  –  бұл  он  төрт  пен  жиырма  тоғыз 


35

ҰЛТТЫҚ ДІН

жас  аралығындағы  ҚР  тұрғындары».  2013 

жылдың  басында  жасалған  зерттеу лер 

бо йынша,  Қазақстанның  14  пен  29  жас 

аралығындағы тұрғындарының саны 4 млн. 

656  мың  адам  болған  [2].  Яғни  бұл  сан дар 

арқылы 

17 439 271 



Қазақстан хал қы  ның ай-

тарлықтай бөлігі жастардан құ рал ған ды  ғын 

көрсетеді.  Яғни,  жастық  де ге німіз  ба ла лық 

пен  ересектік  арасындағы  тұл ға ның  пси-

хо логиялық,  биологиялық  және  әлеу меттік 

тұр ғыдан  аса  сезімтал  кезеңі.  Қо  ғамның 

бұл  тобы  басқа  буын  өкілдеріне  қа  рағанда 

жа ңа  көзқарасты  қабылдауға  және  жа  ңа-

шыл дыққа бейім келеді. Бұл топ күшін дұ-

рыс  бағыттаса  әрі  қолдана  алса  қоғамда 

жақ  сы  өзгерістер  жасауға  болады,  ал  теріс 

пи  ғылда,  мәселен,  мемлекеттік  төңкеріс 

жа   сау,  саяси  көтерілістер  ұйымдастыру  се-

кіл ді  мақсатта  үлкен  күш  болатынын  дү-

ни е жүзі  тарихынан  көре  аламыз.  Әсіресе, 

ұйым   дастыру  қолайлылығына  орай  ең  ың-

ғайлысы студенттер болып саналады. Әлем-

нің  көптеген  елдерінде  алғашқы  террор 

амал  дары  университеттерде  басталғанын 

ес   ке  алсақ  болды.  Түрлі  діни  ағымдар  мен 

сек  талар  және  діни  экстремистік,  террор 

ұйым  дарының  жастарға  қызығуының  бас-

ты  себебі  –  жастардың  аса  сезімтал  келуі, 

ло  гикалық  талдау  қабілетінің  жеткілікті 

дең  гейде  болмауы,  жастық  шабыт  пен  қау-

қа  рының  мықты  болуы,  ұмтылысшыл,  көз -

ді  жұма  тәуекелге  бас  тігетін  мінезі.  Бұл 

ұйымдар  жастармен  байланысында  ба тыр-

лық,  қайраттылық,  жанкештілік  сияқ ты 

ұғым дар  мен  құндылықтарды  тиімді  пай-

да ла нады.  Олар  жастардың  осындай  таза 

ұғым дарды  лезде  қағып  алатынын  жақсы 

бі леді.  Өз дерін  дәлелдегісі  келетін  кейбір 

жас тар те ріс пиғылдағы осындай топтардың 

то рына түседі де кетеді. 

2012 жылдың 25 қазанына дейін өткен ді-

ни ұйымдарды ресми қайта тіркеу нәтижесі 

бойынша  Қазақстанда  бүгінгі  күні  17  кон-

фес сиядан  тұратын  3088  діни  ұйымдар 

мен  филиалдар  тіркелген.  Жаңа  діни 

ағым  дар  дегеніміз  «Дәстүрлі  емес  культ-

тер»,  «Жаңа  ғасыр  діндері»,  «Неодіндер», 

«Конфессиялық  емес»,  «Канондық  емес 

дін  дер»,  «Баламалық  культтер»,  «Жас-

тар  діні»  деп  аталған  Еуропа  мен  АҚШ-та 

XX  ғ.  60-70  жылдарында  кең  таралған  ді-

ни құбылыстар қатарын атайды. Яғни, олар 

қолдан  жасалған  діндер.  Мемлекеттік  дең-

гей де  мұндай  ұйымдармен  күресуде  бас-

ты  қатаң  заң  ғана  тосқауыл  қоя  алады.  ҚР 

«қо ғамдық  бірлестіктер  туралы»  заң  жоба-

сы на  сәйкес,  экстремистік  мақсаттарды 

көз дейтін  қоғамдық  бірлестіктерді  құруға 

жә не олардың қызметіне, сондай-ақ ҚР заң-

на масында  көзделмеген  әскерилендірген 

құ рылымдарды құруға тиым салынса, «Экс-

тремизмге  қарсы  күрес  туралы»  Заңмен 

ҚР  аумағында  экстремистік  бағыттағы 

ұйым дардың,  бөлімдердің  ашылуына  және 

олардың қызметіне тиым салынады.

Бұл  ұйымдармен  күресуде  Қазақстанда 

өкімет  тарапынан  қомақты  қаржылар  бө-

лі ніп,  қауіпсіздік  күшейтіліп,  саясаттану-

шы,  дінтанушы  ғалымдар  түрлі  ғылыми 

зе рттеу  жұмыстарын  жүргізіп  жатыр.  Десе 

де,  діни  экстремизм  мен  терроризмнің  ал-

дын-алу  шараларының  қарапайым  әрі  ма-

ңыз ды жолдарының бірі бұл – ЖОО-ң сту-

денттерімен ақпараттық түсіндіру жұ мыс та-

рын  жүргізу  болып  табылады.  Бұл  тарапта 

еліміздің  түпкір-түпкірінен  жиналған  мың-

даған  жастарға  білім  беріп  отырған  Ұлт-

тық  Университеттердің  орны  ерекше.  Мә-

се лен, он сегіз мың студент жастарға білім 

бе ріп  отырған,  өзіндік  салт-дәстүрімен 

бай,  көпжылдық  білім  саласындағы  және 

ғы  лыми  жұмыстарда  тәжірибесі  мол,  елі-

міз  дің  көшбасшы  білім  ордасы  әл-Фараби 

атындағы  Қазақ  Ұлттық  Университеті  бұл 

мә селе  бойынша  көптеген  маңызды  шара-

лар атқаруда. Қазақстан мұсылмандары діни 

бас қармасы  мен  Алматы  қаласы  Жастар 

сая саты  мәселелер  жөніндегі  басқармамен 

бір лесе  отырып,  ҚазҰУ-да  студенттермен 

түрлі  кездесулер  ұйымдастырылып,  ақ-

параттық  парақшалар  мен  кітапшалар  та -

ратылып, психологиялық тренингтер ұйым-

дас тырылып,  топтық  тәрбие  са ғат тарында 

да бұл тақырыпқа көбірек назар аударылуда. 


36

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Сонымен  қатар,  ҚазҰУ-дың  ішінде  жұмыс 

істейтін  Діни  сараптама  орталығы  да  бар. 

Басты мақсат – студенттерге дәстүрлі дініміз 

жай лы жан-жақты дұрыс ақпарат беріп, те-

ріс жолдағы діни ағымдардың жетегінде кет-

пе уінің алдын алу.

Діни  экстремизм  мен  терроризмнің  ал-

дын-алу шаралары келесідей болып табыла-

ды.


1. Мектеп оқушыларының жас ерек ше лі-

гі не сай дін туралы кітапшалар, балаларды 

оқуға  қызықтыратындай  түрлі  бейнелі  су-

рет термен  безендірілген  үнпарақтар  жаса-

луы қажет. Мәселен 1-сынып оқушылардың 

ми қабылдауын ескеріп, тез ұғынуы үшін ер-

те гі күйінде кітапшалар тиімді келеді;

2. Жалпы орта білім беретін мектептерге 

аптасына бір рет мешіт имамдарымен, ді ни 

сауаты  бар  мамандармен  кездесулер  ұйым-

дас тырылуы  қажет.  Бұл  шара  негізгі  орта 

мек теп оқушыларына тиімді болып табыла-

ды;

3. Жоғары сынып оқушыларына аптасы-



на  2  сағат  сабақтан  кейін  тура  дінді  наси-

хат тайтын, тәрбиелі сұхбаттар берілген бағ-

дар ламалардың  бейнебаяндарын  көрсе тіп, 

соңынан өзара пікірталастарды ұйым дас ты-

ру қажет. 

4. Мектеп бітірген түлек жоғары оқу ор-

ны ның  студенті  атанған  кейін  де  бұл  діни 

на сихаттаулар  үзілмеуі  тиіс.  Жоғары  оқу 

орнында  кураторлық  сағаттарда  іс-шараны 

жүзеге асыруды ұтымды пайдалануға бола-

ды.  Куратор  әрбір  өткізетін  сағатын  діннің 

та қырыптарын  жоспарлап,  насихаттаудың 

түр лі тәсілдерін қолдану қажет. Мәселен, сту-

денттерге  театр  актерларының  қатысуымен 

сахналық  қойылымдар  көрсету.  Көріністе 

адасқан  және  тура  жолдағы  адамның  іc-

әрекетін сомдау басты назарға алынады. Осы 

көріністерді  сомдаған  актерлар  көрермен 

жастардың  саналарына  қоғамның  басты 

мәселелерін нақты және түсінікті түрде сі ңі-

ре білуі тиіс;

5.  Қоғамдық  орындарда,  атап  айтқанда 

көшеде және қоғамдық көліктерде билберд-

тар ілініп, қысқаша бейнебаяндар көрсетіліп 

тұрғаны абзал.

Кураторлардың  өткізетін  сағаттарында 

ақ параттар  төмендегі  үлгідей  мазмұндалуы 

қажет.  Яғни,  дәстүрлі  емес  діни  ұйымда 

ерекшеліктерін  айқындап  көрсететін  бел   -

гілерін атау. Студенттер діни емес ұйым дар-

дың ерекшеліктері:

-Кішіпейілділік  және  тәуелсіздік  сияқ-

ты құндылықтарды қолдай отырып, өз көз-

қарастары мен идеологияларын таратуға ты-

ры сады; 

-Әлеуметтік  тұрғыдан  өзара  көмек  және 

қолдау көрсету;

-Кез  келген  аймақтағы  мұқтаждық,  жұ-

мыс сыздық,  сауатсыздық  және  пана сыз дық 

секілді  әлеуметтік  экономикалық  мә се ле-

лерді пайдалану;

-Осы  аймақ  халықтарын,  олардың  басы-

нан  кешіріп  отырған  қиын  жағдайларды 

пай далана  отырып,  өз  қатарларына  тартуға 

ты рысады;

-Жұмыссыздық,  әлеуметтік  жағдайла-

ры  нашар,  ұлттық  және  рухани  құн ды лық-

та рынан хабары жоқ жастарды өздері үшін 

мақ сатты түрде миссионерге айналдыру;  

-Мемлекеттік төңкеріс, қайта құрулар бо-

лып жатқан елдерде жан-жақты ұйымдасты-

ру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Жас білім алушыларға сұрақтар қоя оты-

рып,  жауабын  табуға  итермелеу.  Мәселен, 

жа ңа  ағымдарды  неге  секталар  деп  атайды 

жә не  оны  анықтайтын  қандай  өлшемдер 

бар? деп сұрап, куратор секта туралы толық 

мағ лұмат береді. Бұл сұрақтың мазмұны ке-

лесідей сипатталады. «Секта – бұл бұл топ 

мүшелерін физикалық және психологиялық 

тә уелділікке  түсіруді  мақсат  ететін  ұйым. 

«Сек та» (латынша secta – өмір сүру бейнесі, 

ілім,  бағыт,  мектеп)  сөзінің  екі  этимоло-

гиясы  бар:  sectare  –  қыю,  бөлу  немесе 

sequi  –  біреудің  соңынан  еру,  мойынсұну, 

біреуге қызмет ету [3]. Секталар – бұл күшті 

ұйымдастыру жүйесі бар, тұрақты мүшелері 

бар институт, сонымен қоса, әлем мен адам 

болмысының  барлық  салаларын  қамтитын, 

жан-жақты дамыған діни ілімі бар ұйымдар. 

Бұл  ұйымдағы  адамдар  сыртқы  ортамен 

қатынасы  толығымен  немесе  жартылай 

ажы ратылады.  Сектаның  негізгі  белгілері 

жай лы  айтатын  болсақ  олар:  санаға  әсер 



37

ҰЛТТЫҚ ДІН

ету, өлшемсіз қаржылық сұраныс, бұрынғы 

қарым-қатынастан  бас  тартуға  мәжбүрлеу, 

денсаулыққа зиян келтіру, балаларды азғыру, 

қоғамға  қарсы  идеаларды  тарату,  қоғамдық 

тәртіпті  бұзу,  ұйым  басшыларының  неме-

се  мүшелерінің  тергеуге  түсуі,  ұйымның 

эко номикалық  кірісін  жасыру,  мемлекеттің 

басқару жүйесіне кіруге талпыныс жасау бо-

лып табылады. Ал олардың көздейтін негізгі 

мақсаттары әлемдік деңгейде атақ-абыройға 

ие  болу,  өздеріне  жаппай  мүшелер  жинау, 

ең  бастысы  –  ақша  табу.  Бұндай  ұйым-

дардың нақты басшылары кім екендігі және 

қайдан  басқарылатындары,  кімнің  мүд-

де  сіне  жұмыс  істейтіндері  де  белгісіз,  әрі 

құпия  болады.  Олар  сонысымен  де  қауіпті. 

«Экстремистік  ұйымдар»,  «террор»  де-

ген  ұғымдар  қазіргі  заманда  ислам  дінімен 

байланысты көп айтылып жүр. Яғни діннің 

атын  жамылған  терроризм.  Террордың 

сөздік мағынасы «қорқыту, үрейлендіру, шо-

шыту,  қаймықтыру»  дегенді  білдіреді.  Тер-

рор – дүйім жұртты үрейлендіру, қоғам мен 

тұлғалардың  психологиясына  соққы  беру 

және түрлі амалдармен адамдардың зәресін 

ұшыру [4]. Бұл біздің күнделікті жиі пайда-

ланатын сөзімізге айналды. Террор дегеніміз 

адамдарды  қаймықтыру,  билеп-төстеу  ар-

қы лы  оларға  белгілі  бір  идеология  мен  ұс-

та нымды мойындату үшін лаң салу дегенді 

білдіреді.  Адамдардың  себепсіз  террордың 

құрбаны болатыны, біріншіден – террордың 

мақсатының орындалғаны, екіншіден – еш-

кім нің бас амандығы жоқ деген соз. Өйткені 

қай  жерде,  қашан  және  кімдерге  террор 

жаса латынын көп жагдайда біле алмаймыз. 

Тер рорлық қылмыстың басқа түрлерінің ен-

дігі  бір  парқы  –  мейірімсіздігі,  қатыгездігі 

және қиратушы күшінің шексіздігінде. Тер-

рор ұйымдары бірінші сатыда мемлекет би-

лі гін әлсіретуді және халықтың мемлекет ин-

ститутына деген сенімін әлсіздендіруді көз-

дейді. Олар ел басқарушы лауазым иелерінің 

ылғи  да  кемшілігін  халыққа  хабарландыру 

арқылы жекелеген мемлекет қайраткерлері-

не  сенімсіздік  туғызады.  Бұ ның  барлығы 

ор  та  лық  мемлекет  билігін  за қым дауды  көз-

дей  ді.  Ішкі  тыныштығы  кеткен,  аза мат та-

рының ауыз бірлігіне нұқсан тиген қо ғам ды 

террордың  мақсаттарына  айдап  салу,  ел де 

ішкі қырқыстар мен бүлік шығару оңай бо-

лады».  Діни  дәрістің  мазмұны  түсінікті  әрі 

қызықты болған жағдайда жастардың на за-

рын аудара аламыз.

Қорытындылай келе, түрлі діни ағымдар 

мен  секталар  және  діни  экстремистік,  тер-

рор ұйымдарына қарсы тұруда халықты ақ -

параттандыру,  жастар  тәрбиесіне  мән  беру, 

дәстүрлі  дініміз  бен  ұлттық  құн ды лық  та-

рымызды  және  салауатты  өмір  салтын  дә-

ріп теу  болып  табылады.  Бұл  ретте  мек теп 

ір гесінен жоғары оқу орнына дейін үздіксіз 

ді ни  білім  бергенде  ғана  біз  оңды  көз қа-

рас  тағы  тұлғаны  қалыптастыра  аламыз. 

«Ақ парат  ғасыры»  және  «психологиялық 

соғыстар  ғасыры»  аталған  қазіргі  XXI  ға-

сыр да  Бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

мүм кіндіктерін  дұрыс  пайдалана  алуымыз 

ке рек. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп 

Ахмет Байтұрсынов айтқандай, жоғарыдағы 

жағдайлар бізді ойландыруы тиіс. Біздің ой-

ымызша,  басты  қолға  алынатын  түйткілді 

мә селелер  бұл:  дәстүрлі  ислам  дініміз  қан-

дай  екендігін  түсіндіру  және  дәстүрлі  ді ні-

міз дің тәрбиелік жағын оңтайлы пайдалана 

білу, секта және дәстүрлі емес діни ағымдар 

мен  экстремистік  топтар  жайлы  қоғамға 

жан-жақты  ақпарат  беріліп,  түсіндіру  жұ-

мыс тары жүргізіліуі тиіс. Себебі, көп мәселе 

білімсіздіктен  туындайды.  Білім  –  бұл 

сыртқы жағымсыз күштерге қарсы тұратын 

басты иммунитет.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 http://easttime.ru/news/kazakhstan/molodezh-kazakhstana-statistika-rasskazyvaet 

2 https://ru.wikipedia.org/wiki/Население_Казахстана

3 Байтенова Н.Ж., Құрманалиева А.Д., Абжалов С.У., Борбасова Қ.М., Затов Қ.А. Қазіргі 

дәстүрден тыс діни ағымдар мен культтер: оқу құралы/– Алматы: Қазақ Университеті, 

2013. - 326 б.

4 Ғ.Есім, Артемов А.И. Қанаев С., Біләлова Г. Дінтану негіздері: оқулық. – Алматы; 

«Білім», 2013.



38

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37.02



А.С. Сатыбаева

№39-қазақ орта жалпы білім беру мектебінің география пәнінің мұғалім Ақтөбе 

қаласы

Н.Б. Маханова

ҚазҰПУ Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН 

АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Бұл  мақалада  география  сабағында  оқушылардың  қызығушылығын  арттырудың  жол-

дары қарастырылған. География пәніне танымдық қызығушылығын қалыптастыру үдерісі 

және  оның  үлгерімімен  өзара  байланыстылығы  көптеген  факторлар  әсерінен  болады, 

бірақ олардың ең маңызды - әдістемелік тәсілдер болып табылады. Алдыңғылардан жаңа 

буын стандартының ерекшеліктері беріледі. Қазіргі заманғы білім берудің негізгі мақсаты, 

автордың пікірі бойынша, студенттердің әмбебап білім беру іс-шараларын қалыптастыру 

болып табылады. Есеп таныстыру: оқу жаттығу әдістерін пайдалана отырып, нысандары 

студенттердің орындауында шығармашылық жұмыстардың пайдалану бар. Оқу жоспарының 

табысты меңгеру үшін өлшемдерінің бірі лексика жұмыс, жаңа географиялық ұғымдар мен 

терминдер жүйесін жүргізу. Студенттер тек ұғымдардың мазмұнын білу керек емес, бірақ, 

сондай-ақ, оларды жіктеу, оларға маңызды және түрлі мүмкіндіктерін ажырата алатын бо-

луы керек. Қорытындылай келе, ойын іс-маңыздылығын атап және танымдық қабілеттерін 

және студенттердің түрлі дағдыларын шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау.



Түйін сөздер: география, пәнге қызығушылығын арттыру, әдістеме, тәсіл, заманауи 

білім беру.

В данной статье рассматриваются пути повышение интереса учащихся на уроках гео-

графии. Процесс формирования познавательного интереса к предмету география и его вза-

имосвязь с успеваемостью происходит под влиянием многих факторов, но наиболее суще-

ственные из них это – методические подходы. Выделяются отличия стандартов нового поко-

ления от предшествующих. Главной целью современного образования, по мнению автора, 

является формирование универсальных учебных действий учащихся.

 

Применяя развиваю-



щие методы обучения, происходит использование творческих работ, которые выполняют-

ся учащимися в формах: доклада, презентации. Одним из критериев успешного усвоения 

учебной программы является владение системой новых географических понятий и терми-

нов, работа словарем. Учащиеся должны не только знать содержание понятий, но и уметь 

различать их существенные и варьирующие признаки, классифицировать их.

 

В заключение 



отмечается важность игровой деятельности, создающей условия для творческого развития, 

развития мыслительных способностей и различных навыков учеников.



Ключевые словагеография, повышение интереса к предмету, методика, подходы, со-

временная образования.

This article discusses ways to increase interest in the subject of geography. The process of 

formation of informative interest to the subject of geography and its relationship with academic 

performance is influenced by many factors, but the most important of them is - methodological 

approaches.  Stand  out  features  of  the  standard  of  the  new  generation  of  its  predecessors. The 

main goal of modern education, according to the author, is the formation of universal educational 

actions of pupils. Applying educational training methods, there is the use of creative works that 

are performed by pupils in the forms: report presentation. One of the criteria for the successful 

assimilation  of  the  curriculum  is  to  hold  the  system  of  new  geographical  concepts  and  terms, 

vocabulary work. Pupils should not only know the content of the concepts, but also to be able to 

distinguish them significant and varying features to classify them. In conclusion, highlights the 

importance of gaming activities and to create conditions for creative development of cognitive 

abilities and different skills of pupils.

Keywords: geography, increasing interest in the subject, methodology, approaches, modern 

education.


39

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

Қазіргі  ақпараттанған  заманда  оқу шы-

ларды  ғылым,  білім  үйренуге  деген  қы зы-

ғу  шылығын  арттыру  қиын  болып  отыр. 

Өйт кені,  жас  жеткіншектер  жоғары  техно-

ло гияларды  қолдану,  ғаламтор  арқылы  ви-

део  ойындар,  ғаламтордан  бейнебаян дар 

көру,  әлеуметтік  желілердегі  жеке  сайт 

парақшаларына  суреттерін  енгізу,  қа тар-

лас тарымен  желілік  хат  алмасуларға  құмар 

бо лып  алды.  Сондықтан  соған  сай  оларды 

білімге  ерекше  әдіспен  қызықтыру,  кө бі нің 

түсінуіне,  қабылдауына  жеңіл  тиетін  қа ра-

пайым тілмен және күнделікті өмірден мы-

сал келтіре отырып, сабақты жеткізе алуы-

мыз  қажет.  Мұғалім  оқушылардың  қол да-

нысындағы техникалық құралдардан хабар-

дар  болып,  жаңалықтардан  қалыс  қалмай, 

оқу шылардың  ой-пікірімен  бөлісіп,  үлгіріп 

отыру тиіс. Сонда ғана білім берудің тиімді 

жақтарын  алып,  оқушылардың  сабаққа  де-

ген  ізденісі  мен  қызығушылығын  дамыта-

мыз. 

Бұл жөнінде француз жазушысы, ойшылы 



Жан Жак Руссоның «Егер де сіз маған айт-

са ңыз, мен сол айтқанды сол сәтте ұмытып 

қа ламын, егер де сіз маған жазып берсеңіз, 

мен оқып, оны да ұмытып қаламын, ал, егер 

де сіз мені сол нәрсеге қызықтырсаңыз, мен 

бұл  нәрсе  туралы  алдағы  уақытта  білетін 

бо ламын  және  жадымда  мәңгі  ұстаймын», 

–  деп  айтқан  сөзі  білім  беруде  не  нәрсені 

бол масын  тәжірибе  жүзінде  көрсетіп,  қы-

зық тыра  білген  дегенге  саяды  [1].  Әдетте 

адам көзбен көріп қана емес, сол затты ұстап 

се зіне  білгеннен  кейін  ғана  қызыға  бастай-

ды.  Ақпаратты  жеткізгенде  жай  түсіндіріп 

қой май, ынталандыру қызықтыру тәсілімен 

жә не  сұрақ-жауап  арқылы,  тыңдаушының 

қы зыққан  бағытына  қарай  сабақты  жүргізу 

ке рек екендігі дәлелденіп отыр.

Оқушының  білім  алуға  қызығушылық 

қа с иеті  болмаған  жағдайда,  мұғалім  та-

қы  рыпты  түсіндіріп,  оқушы  дайын  бі лім-

дер  ді  есінде  сақтап,  кейін  қатесіз  айтып 

бер  генмен,  оның  ақыл-ой  белсенділігі,  мә-

се  лелерді  өз  бетінше  шешуі,  логикалық 

тұр ғыда  ойлануы  төмен  болады.  Соны-

мен  қатар,  ақпараттарды,  тұжырымдар  мен 

анық тамаларды  тек  ұсынумен  шектелетін 

бол са,  оқушы  олардың  мәнін  түсінбей,  ав-

томатты түрде жаттап алады. Бұдан оқу шы-

ның ізденушілік қасиеті мен ынта-зе йі нінің 

төмендеуі  орын  алады.  Соған  байла ныс-

ты,  қазіргі  күнде  білім  қорына  қарай  ба ға-

ланбай, оны іс жүзінде жүзеге асыра алу ма-

ңызыдылығы артты.

Бұл туралы Елбасы Назарбаев Универ си-

тетінде өткен «Қазақстан – білім қоғамы жо-

лында» атты дәрісінде: «Бұл заман – бі лек-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет