3 (29) 2015 (мамыр-маусым) 3



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата06.03.2017
өлшемі7,35 Mb.
#7874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Энгельмейер П.К. Теория творчества. – СПб., 1910.

2 Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. – М., 1991.

3 Теплов Б.М. Избранные труды. Т.1. – М., 1971.

4 Лук А.Н. Мышление и творчество. – М., 1994.

5 Матюшкин А.М. Творческий потенциал одаренности: структура и развитие// Психоло-

гия сегодня. Т. 2, – М., 1996.

6 Шадриков В.Д. Деятельность и способности. – М., 1992

7 Лейтес Н. С. Умственные способности и возраст. – М., 1971

8 Пономареа А.Я. Психология творчества и педагогика. – М. 1976.

9 Белова Е.С. Одарённость малыша: раскрыть, понять, поддержать. – М., 1998

10 Гильбух Ю. 3. Внимание: одаренные дети. – М., 1991

11 Клименко В. В. О природе таланта. Т.1. – М., 1994.

12 Клименко В. В. Психологические тесты таланта. – Харьков, 1996.

13 Хеллер К.А., Перлет Дж., Спервальд В. Лонгитюдное исследование одаренности //Во-

просы психологии. – М., 1991, №2.

Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік

Жүсіп Баласағұн.


20

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 39.394



Қ.М. Ромашев

ветеринария ғылымдарының кандидаты,

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры

ОТТЫ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ 

ТӘРБИЕЛЕУ

Мақалада келтірілген Ұлы Отан соғыс жылдарындағы жауынгердің көрсеткен ерлігі, қа-

һар мандығы, күш-қайраты арқылы бүгінгі жас ұрпақтардың бойындағы ұлттық патриотизмді 

калыптастыру. Қазақ халқы мемлекеттің иесі ретінде қоғамдық жауапкершілігін мойындай 

отырып, Қазақстандық патриотизм қалыптастырудың ұйымдастырушысы қызметін атқаруы 

тиіс. Ол үшін қазақ және Қазақстанды мекендейтін басқа да ұлттардың отбасыларындағы 

қалыптасқан ұлттық патриотизмнің Қазақстандық патриотизмге ұласуын қамтамасыз ету. 

Өйткені, ұлттық патриотизм мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шешуші факторы 

болып табылады.

Түйін сөздер: Ұлы Отан соғысы, Кеңес үкіметі, жауынгер, Польша,Чехословакия, Бер-

лин.

В статье рассматриваются вопросы формирования патриотизма у молодого поколения 

на примере героизма участника Великой Отечественной войны. Казахский народ, призна-

вая свою общественную роль как основы государственности, должен стать ядром форми-

рования казахстанского патриотизма. Для этого необходимо обеспечить превращение на-

ционального самосознания, сформировашегося в семьях казахов и представителей других 

этносов страны в казахстанский патриотизм. Потому что этот патриотизм является решаю-

щим фактором государственной безопасности.



Ключевые  слова:  Великая  Отечественная  война,  Советская  власть,  воин, 

Польша,Чехословакия, Берлин.

The article is devoted to the formation of the patriotism among the younger generation on the 

example of the heroism of the veteran of World War II. Kazakh people, recognizing of own social 

role as the basis of statehood should become the core of the formation of Kazakhstan patriotism. 

It requires a transformation of the national identity which is formed Kazakhstan patriotism in the 

families of Kazakhs and representatives of other ethnic groups in the country. For this patriotism 

is a crucial factor of national security.

Keywords: Great Patriotic war, Soviet Government, soldier, Poland, Czechoslovakia, Berlin.

Қазірге  жас  ұрпақ-болашақ  елдің  ие сі 

болу  үшін  ұлттық  патриотизммен  тәр бие-

ленуі қажет. Әр ұрпақ өзінің тарихи шыққан 

те гінің, өскен ортасының, рухани түп тамы-

рын білуге міндетті. Өйткені, өзінің өткенін 

біл меген,  қоршаған  ортасын  танымаған 

адам басқалай жетілсе де, рухани түрде ке-

мел дене  алмайды.  Сол  үшін  әрбір  жас  ұр-

пақ  халқымыздың  салт-дәстүрін,  әдет-ғұр-

пын,  өнерін  ұғынып,  ерлік,  жауынгерлік 

та   рихын  біліп,  батырлардың  жанкешті  қа-

һар  мандықтарын  танып  өссе,  бұл  оның  өз-

гермейтін  өмірлік  ұстанымы  болып  қа-

лыптасады.  Өйткені,  еліміздің  әрбір  па ра-

сат  ты  ұрпағы,  ең  алдымен,  өз  халқының 

өт кенін  білуі  қажет.  Ата-бабаларымыз 

бұл  «Мәңгілік-Ел»  болуымызды  біздерге 

оңайшылықпен  қалдырып  кетпеді.  Олар 

жан дарын  қиып,  қандарын  төгіп  жүріп  ке-

ле шек  ұрпақ-біздердің  камымызды  ойлап 

бақ ты. Сондықтан, биыл жүрекке діріл, кө-

ңіл ге  үрей  ұялатқан  Ұлы  Отан  соғысының 

аяқталғанына  70  жыл  болады.  Бұл  соғыс 

Кеңес одағының барлық ұлтына төңген қай-

ғы-қасірет болған. Қаншама өрімдей жас ба-

тырлар қыршынынан қиылды. Алапат соғыс 


21

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ

еш кімді де аяған жоқ. Отаның қорғауға ат-

танған қаншама ұлдары мен қыздары туған 

еліне  оралмады.  Көп  боздақ  оққа  ұшты, 

қаншамасы мүгедектің күйін кешті. Жат елде 

жер жастанып мәңгі бақи қалып қойғандары 

да қаншама.

Біз  елі  үшін  қасық қаны  қалғанша  ар па-

лыс қа түскен батыр бабалардың ұрпағымыз, 

сон дықтан қайда жүрсек те, біріміз Алматы-

да,  екіншіміз  Қостанайда,  әкеміздің  қан 

май данда көрсеткен ерлігін, анамыздың ел-

де гі  тынбай  еңбектенген  қажыр-кайратын, 

там шылап жерге тамған маңдай терімен ат-

қар ған  еңбегін  еске  алып,  биікке  көтеруге, 

ұмыт пауға  тиістіміз.  Соғыс  жылдарында 

ата-бабаларымыздың  көрсеткен  ерлігі,  қа-

һар мандығы,  күш-қайраты  келер  ұрпақтың 

бей біт өмір сүруіне, бүгінгі Егемендікке жол 

ашты. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының бе рік, 

еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өр кен де-

уі де сол күндердің жемісі.

Кейінгі  ұрпағы  немерелері,  шөберелері 

бі ле жүрсін, тәрбие тәлім алсын деген ниет-

пен, көптің бірі болып Ұлы Отан соғысына 

ат танып,  ерлігімен  көзге  түскен  майдангер 

әкем Мұқамедқали Ромашев жайлы жаз бақ-

пын. Әкем 1924 жылы Қостанай облысын да, 

қазіргі Қамысты ауданында дүниеге келген. 

Он  сегіз  жасқа  енді  толған  шағында,  1942 

жылы  өз  еркімен  соғысқа  аттанған.  Жаяу 

әскердің  құрамында  болып,  сұрапыл  со-

ғыстың  небір  қиыншылығын  басынан  өт-

кер ген.


Елдегі кәрі-құртандар мен қабырғасы қат-

паған жас балалардың да шекесі қызған жоқ. 

«Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үш ін» 

деп  бел  шешпей  еңбек  еткен  олар  со ғыс қа 

кеткен ең жақындарын аман оралуын тілей 

жүріп,  бар  ауыртпалықты  өздері  кө терген. 

Солардың  бірі  болып  елде  еңбек  іс те ген 

анам  Раушан  Ғалымжанқызы  да  болды. 

Ақырында елдің етегін жасқа толтырған ат-

ың өшкір соғыс та Жеңіспен аяқталып, әкем 

Ромашев  Мұқамедқали,  ерен  соғыста  көр-

сеткен  батырлығы  үшін  кеудесі  орден-ме-

дальға толып еліне оралған. Ол кісі бес рет 

жарақат  алған,  соңғы  жарақатын  1945  жы-

лы сәуір айында Берлин қаласы үшін шай-

қаста  алған.  Ромашев  Мухамедқали  «Қы-

зыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» ме-

дальімен марапатталған. Әкемнің 1945 жы-

лы  наурыз  айында  Альтдамм  қаласы  үшін 

шай қаста көрсеткен ерлігі үшін Жоғары Бас 

қолбасшы Сталиннің атынан алғыс хат ал ға-

ны бізге мәлім.

Әкем майданда көрсеткен ерлігі үшін бір-

не ше  медаль  ордендермен  марапатталған 

олар дың  реті  төмендегіндей:  Польшаны, 

Чехо славакияны азат етуге қатысқаны үшін, 

«Варшаваны  азат  еткені  үшін»,  «Берлинді 

ал ғаны  үшін»  1941-1945  ж.ж.  Германиямен 

Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін, «Ұлы 

Жеңіс тің  20  жылдығы»,  «Ұлы  Жеңістің  25 

жыл дығы»,  «Ұлы  Жеңістің  30  жылдығы», 

«Ұлы Жеңістің 35 жылдығы» медальдарімен 

жә не «Ұлы Отан соғысының 2-ші дәрежелі» 

ор дені.


Соғыстан  кейін  өз  өмірінің  көп  бөлігін 

ауыл  шаруашылығына  арнады.  «Тың  жер-

лер ді игергені үшін», «Еңбек даңқы үшін», 

«Ең бектегі  озаттығы  үшін»  медальдармен 

ма рапатталды. Соғыс жылдары аралығында 

Ком мунисттік  партия  ұйымында  кандидат 

қа тарында  болған.  1948-1961  жылдары  Бу-

денов және Клочков ауыл-селолық Советке 

де путат болып сайланған.

Әке-шешем төрт ұл және бір кыз баланы 

тәр биелеп өсірген.

Биылғы-Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей 

то йы  қарсаңында  әке  рухына  тағзым  ете 

оты рып, сол кісінің сонау қиын кезеңдердегі 

өмірі нің  мән-мағынасын  терең  түсінуге 

ұмы тылып басымды ием.

Қазір  әкемнің  ұрпақтары,  оның  май дан-

дағы  ерлігінен  өнеге  алып,  ордендері  мен 

медальдарын  көріп  мақтан  тұтамыз.  Құ-

жаттары  Қостанай  қаласында  тұратын  кен-

же  ұлы  мен  келіні  Бақыт  және  Махира нын 

отбасында  құнды  жәдігеріндей  әлі  күн ге 

дейін  сақтаулыда.  Әкемнің  алған  награ да-

лары біз үшін үлгі, өнеге, қуаныш әрі мәр-

те бемен  мақтаныш.  Сондықтан  да  жү ре-

гіміздің түбінде: «Біздің де әкеміз Ұлы Же-

ңісті  жақындатқан  жауынгер  еді»,  –  деген 

мақтаныш  сезім  ұялайды.  Сондықтан  құр-

метті ағайын және Егеменді елдің ертеңі өс-

келең жас ұрпақтары бүгінгі бейбіт өмірдің, 

қа дір-қасиетін  бағалап  жүрейік.  Егемендік 

жо лында  қаншама  азаматтарымыз  жа-

нын  қиды,  небір  боздақтар  қыршынынан 

қиылды. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектін 



22

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

кү шімен  ата-бабаларымыз  осындай  ұлан-

ға йыр жерімізді болашақ ұрпақтарына ама-

нат  етіп  қалдырды.  Жері  үшін,  Елі  үшін 

шапқыншыларға  тойтарыс  беріп  отыр ды. 

Өткенсіз  бүгін  жоқ.  Өткенімізді  та ра зы-

ға  салып,  келешекке  сеніммен  қарау-біз дер 

үшін табиғи нәрсе. Өзіміздің қайдан шық қа-

нымызға көз жіберіп, біз кімбіз? қайдан шық-

тық?  осынау  Алтайдан-Атырауға  дейін  же-

рінің үсті де, асты да қазынаға, байлыққа то-

лы сайын даланы бізге аманат етіп қалдырған 

ба баларымызды еске алу, бай тарихымыздан 

шым-шымдап сыр тартып, өткен тарихымыз-

ды білу, оны ой-санамыздан өткізу біздерге 

міндет, елдігімізге сын. Әсіресе, өткен тари-

хымыз  арқылы  өскелең  жас  ұрпағымызды 

ұлт тық патриотизмге тәрбиелеу керек-ақ.

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Ә.  Назарбаев  «Елімізге  бойында  ата-ба-

ба мыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік 

қа сиеті  дамыған,  егеменді  елімізге  аямай 

қызмет ететін ой-өрісі кең, алғыр да жү рек ті, 

сауатты да салауатты азаматтар қа жет», – деп 

жас ұрпақ бойындағы ұлттық патриотизмді 

қалыптастыруға  айрықша  кө ңіл  бөлу  ке-

рек  деген.  Ал  қазақстандық  патрио тизм 

Қазақстанда  тұратын  азаматының  өзін  осы 

елдің  төл  баласы,  нағыз  азаматы  ретінде 

се зінгенде,  Қазақстанды  өзінің  туған  елі, 

Отаны деп есептеген жағдайда ғана қа лып-

тасады.  Ел  тарихын  білу-ұлттық  сана-се-

зімнің  ажырамас  бөлігі,  ол  этникалық  тұ-

тас тықтың сақталуы мен оның келесі буын-

дарда  жалғасын  табуда  маңызды.  Қазіргі 

ұр пақтың өз халқымен бірлігін сезінушілігі 

жә не өзін оның күллі тарихи жетістіктерінің 

ті келей мирас қоры мен нақты сақтаушысы 

әрі  жалғастырушысы  ретінде  сезінуінің 

мәні  зор.  Біздің  Қазақ  ұлттық  агралық 

университетін  ветеринария  факультетіндегі 

тәр бие жұмысының басты мақсаты: Отанға 

де ген  құрмет  пен  сүйіспеншілік  сезімі  қа-

лыптасқан  ел  мүддесіне  деген  саңлы  іс-

тер ге,  мемлекетті  нығайтуға,  оның  ұлттық 

мүд делерін сақтауға және тұрақты дамуына 

қызмет ететін патриот жастар тәрбиелеу. Тәр-

бие-сан ғасырлар бойы халықтың жинақтап, 

іріктеп, сұрыптап алған озық тәжірибесі мен 

құнды қасиеттерін жас ұрпақтардың бойына 

қалыптастыру. Тәрбиесі мықты ұйымдасқан 

елдің рухы биік. Ол мемлекттің іргесін еш-

кім шайқалта алмасы анық.

Қорытындай келе айтарым, әр ата-ана, ұс-

таз елдің ертеңін ойлап, ел болашағы санала-

тын  бүгінгі  жастардың  тәрбиесіне  жұмыла 

кі рісуі тиіс. Себебі бағыт-бағдар беріп, ұлт-

жан ды болашақ ұрпақты тәрбиелеу оңай іс 

емес.  Ұлттық  тәрбие  халықтың  өмірін,  ру-

хын және тілдерінен тұратын ішкі заңдарын, 

оның ұлттық мінезін, болмысын көрсетпек. 

Сон дықтан, ұлтты оятудың негізгі тетіктерін 

анық тап,  біліп  алған  дұрыс.  Ол  тетіктерге 

біріншіден  –  мемлекеттік  нышандарды  да-

мыту,  тілі,  діні,  тарихы,  салт-дәстүрі  ар-

қы лы  отаншылдық  рухын  ояту  керектігін 

ұсы намыз.  Ұлттың  мәңгілік  болуы  хал-

қын,  жерін,  елін  сүйетін  азаматтарды  қа-

лып тастырып,  тәрбиелеуде  болмақ.  Бір  Ел, 

Бір Тағдыр демекші, ұйыған отбасымыздай 

мем лекетіміздің  жастары  беделді,  өсуіне, 

тәр биеленуіне сенімдімін. Қазақ елінің бо ла-

шағы жарқын, ұлтжанды, өнегелі ұлт екен-

дігі жоғарыда айтып өткендей ғасырдан ға-

сырға жалғасын рух, қайсарлы жүрек отты, 

жі герлі мінез қанымен келіп, одан әрі осын-

дай  Қазақстандық  патриотизмдік  тәрбие 

шын далса нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінгі 

таң да  жас  ұрпақты  өз  халқының  тарихын, 

те гін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген 

мә дениетті,  адами  қасиеті  мол  тұлға  етіп 

тәр биелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.



ӘДЕБИЕТТЕР

1 Қостанай таңы, облыстық газет 27 наурыз 2015.

2  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамыттудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2010.

3 Ұлттық тәрбие, №6 2011.


23

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

ӘОЖ 371.3



Садыкова А.Е., Советканова Д.М.

Педагогика ғылымдарының магистрлері

НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ 

ЖОЛДАРЫ

Мақала еліміздегі білім беру жүйесіндегі оқытудың түрлері мен әдістері туралы жазылған. 

Негізгі орта мектеп оқушыларын парталарда отырудың заманауи ерекшеліктері ұсынылған. 

Сондай-ақ, білім берудегі ынталандырудың жолдары мысалдар арқылы жан-жақты сарала-

нып, берілген. 

Түйін сөздер: орта білім, негізгі мектеп, оқушы, мұғалім, оқытудың жаңа әдістері.

В статье рассматриваются вопросы о методах обучения и их классификации. Особен-

ности усаживание детей за партой в основной школе. А также проведен анализ по исполь-

зованию методов поощрения в учебном процессе как метод стимулирования поведения и 

деятельности ребенка.

Ключевые слова: среднее образование, основная школа, ученик, формы обучения, пре-

подаватель.

In article questions of methods of training and their classification are considered. Features a 

usazhivaniye of children behind a school desk at the main school. And also the analysis on use 

of methods of encouragement in educational process as a method of stimulation of behavior and 

activity of the child is carried out.

Keywords: secondary education, main school, pupil, forms of education, teacher.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға 

бағытталған  Қазақстандық  білім  беру  ре-

фор  масының  басты  мақсаттарының  бірі 

–  инновациялық  технологияларға  сүйене 

оты рып,  баланың  бойында  интеллектуалды 

әлеуетті  қалыптастыруға  мүмкіндік  жасау 

бо лып  отыр.  Оқу-тәрбие  үрдісіндегі  жаңа 

ақ параттық  технологияларды  пайдалану  – 

заман талабынан туындаған құбылыс. Мұн-

дай күрделі міндеттерді шешуде, әрине, мек-

теп тің алатын орны ерекше.

Бұл  орайда  Қазақстан  Республикасының 

«Бі  лім»  туралы  Заңының  8-бабындағы  «Бі-

лім  беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің 

бі рі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын 

енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ха лық-

аралық  ғаламдық  коммуникациялық  же лі-

лерге  шығу»  дегенді  атап  көрсетсек  бола-

ды. Сондықтан да, қазіргі даму кезеңі бі лім 

беру  жүйесінің  алдына  оқыту  үрдісін  тех-

нологияландыру  мәселесін  қойып  отыр-

ған  жайы  бар.  Соның  негізінде,  елі міз дің 

білім  беру  ұйымдарында  оқыту  про це сін 

ізгілендіру  мақсатында  көптеген  жұ мыс-

тар  жасалуда.  Оларды  ғылыми  тілмен  айт-

қанда  «инновациялық  процесс»  немесе 

«пе дагогикалық  жаңалықтарды  енгізу»  деп 

атай ды. 

Мұндай  инновациялық  процесс  аясын-

да осы күндері көптеген интерактивтік бағ-

дарламалық  бөлімдер,  қозғалмалы  объ ек-

ті лер  құруға  мүмкіндік  беретін  векторлық 

жә не  графикалық  жабдықтар  көптеп  шы-

ғып, қолданыс табуда. Олар біріншіден, ба-

лалардың  қызығушылығын  арттырса,  екін-

ші ден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген 

жер лерін  қайта  көруге,  тыңдауға  және  ал-

ған  мағлұматты  нақтылауға  мүмкіндік  бе-

реді.  Сондай-ақ,  оқушының  білім  алу  ке-

зеңінде  оқу  іс-әрекетіне  белсенділігін 

арт тыра  түседі.  Себебі,  негізгі  мектеп 



24

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

оқушыларының зейіні әдемі түстерге, әдемі 

суреттерге,  яғни,  әдемілікке,  әсемдікке 

әуес  болып  келуде.  Кез  келген  сабақта  әр 

түрлі  әдемі,  ұнамды,  жағымды  суреттер, 

сызбалар,  тәсілдер  арқылы  графикалық 

иллюстрациялар  негізінде  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  пай-

далану  тәрбиеленушілердің  танымдық 

белсенділігін  арттырып  қана  қоймай, 

логикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға, 

шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жа-

сайды.

Оқушыға  толықтай,  кең  білім  алуы-



на  жан-жақты  жағдай  жасап,  мүмкіндік 

беруіміз  қажет.  Ол  үшін,  ең  алдымен, 



сабақ  өтетін  аудиторияның  ыңғайына 

назар  аударғанымыз  жөн.  Аудитория 

үйренушілердің  еркін  түрде  жұмыс  жаса-

уына  қолайлы  болуы  керек.  Мәселен,  ау-

диторияда  тиімді  жұмыс  жасауға  ыңғайлы 

(сынып  бөлмесінде,  кабинетте)  компьютер, 

LCD – проектор, интербелсенді тақта, флип-

арт  (плакаттар),  маркерлер  болғаны  әбден 

дұрыс. Содан кейін әр сабақта үйренушілер 

шағын топтар құрамын бірнеше рет өзгертуі 

ықтимал,  сол  себепті  де,  парталар  мен 

үстелдер  олардың  емін-еркін  қозғалуына 

кедергі  болмау  жағына  мән  беруіміз  тиіс. 

Парталарды  қоюдың  да  көптеген  тәсілдері 

бар. Ең бастысы үйренушілердің бәрі де бір 

мезгілде сабақ жүргізушіні көре отырып, топ 

ішінде жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік 

алуы  керек.  Парталарды  орналастырудың 

үлгілері 1-кестеде берілген.

Бұл  кестеден  парталарды  орналастыруда 

дәс түрлі  әдістен  өзгеше  айырмашылықты 

бай қаймыз.  Дәстүрлі  отыру  ережесінде  бір 

пар тада  екі  оқушы  қатар  отырып,  жүздері 

тақ та  жаққа  қарайтындықтан,  алдында  тек 

мұ ғалімді ғана көреді де, сыныптастарымен 

қоян-қолтық араласуына кедергі келтіріледі. 

Бұ дан  келіп,  оқушылардың  бір-бірімен 

сабаққа  қатысты  тиімді  қарым-қатынастың 

жа салмауына  әкеліп  соғады.  Оқушының 

жан-жағына  жалтақтап  қарауына  рұқсат 

етіл мейтіндіктен, өзінің жеке игілігіне ғана 

жұ мыс  жасауына  дағдыландырамыз.  Ал, 

соң ғы парталарда отырған оқушыларға көп 

на зар аударылмайтындықтан, өздерін төмен 

бағалайтын болады.

1-кесте 

1.Бетпе-бет отырыс 

2.Қарама-қарсы отырыс 

 

 



 

 

 



 

3.Үш жақты отырыс 

4. Дөңгелек үстел 

 

 



 

 

Жаңа  әдіс  бойынша,  бетпе-бет  неме-



се  қарама-қарсы,  дөңгелек  үстел  үлгісінде 

отыр ғызсақ,  оқушылардың  бір-бірімен 

пі кір  алмасып,  жаңа  тақырыпты  өзара 

талқылауларына жағдай жасайтын боламыз. 

Мұндай  кезде  бір  мезгілде  мұғалімді  де, 

сыныптастырын да көре алады. Топ ішінде 

немесе  жұптық  тапсырмаларды  орындауға 

қолайлы  болғандықтан,  ұжымдық  жұмыс 

жа сауға икемделеді. Алдыңғы қатарда неме-

се  ең  артында  отыру  дискриминациясы  да 

орын алмайды.

Топқа  бөлгенде  әр  топта  үлгерімі  озат, 

жақ сы,  нашар  оқушылар  қатар  отыратын-

дай араласып келуін ескеру қажет. Әсіресе, 



25

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

5-сыныпқа  келген  оқушыларды  бастауыш 

мек тепте өткен негізгі пәндер бойынша тес-

ті леуден өткізіп, нәтижесінде бірнеше топқа 

бө лу тиіс. Мұндағы мақсат:

-үлгеріміне қарай бөлмеу;

-ұжымда жұмыс жасауға бейімдеу;

-бір-бірімен  сабақтан  тыс  уақытта  ға на 

емес,  оқу  процесінде  қарым-қатынас  ор на-

ту ға жағдай жасау.



Екіншіден,  оқытудың  жаңа  әдістерін 

қолданғанымыз абзал. Және бұл әдістер кей 

мектептерде қолданылып та жүр. Бірақ, аз-

бен  ғана  шектелмей,  еліміздің  барлық  орта 

бі лім орындарында қолданылса, бүгінгі оқу-

шы ның ертеңгі ел тізгінің ұстар абзал азамат 

бо лып қалыптасуына немесе өмір атты үлкен 

соқ пақта адаспай жол табуына мүмкіндік ту-

ғызар  едік.  Жаңа  оқыту  әдістерінің  әр қай-

сының өзіндік ерекшеліктері жас жеткіншек 

бо йында  талап  пен  жігер  қалыптастырып, 

та ланттылықты ашуда өте жоғары рөлге ие. 

Енді осы әдіс-тәсілдер ерекшеліктерінің бір-

не шеуіне тоқталатын болсақ. 

Дифференциалды  оқыту  әдісі.  Адам  ба-

ласы  көреді,  естиді,  сезеді  (сипап  сезу,  иіс 

сезу,  дәм  сезу).  Осы  мүшелер  арқылы  қа-

был данған  ақпарат  мида  репрезентативті 

жү йеге  айналады.  Ақпарат  ең  алдымен  кө-

рі ніс  арқылы  (визуалды  қабылдау  жүйесі), 

ес ту  арқылы  (аудиалды  қабылдау  жүйесі) 

жә не  сезім  (кинестетикалық  жүйе)  арқылы 

қа былданады. Оқушылардың ақпаратты қа-

былдау  ерекшеліктері  әртүрлі:  аудиал ды, 

визуалды, кинестетикалық. Осы ерек ше лік-

теріне  байланысты  сабақ  барысында  жеке-

жеке тапсырма беру білім беру процесін же-

дел детеді.



Өзін-өзі бағалау. Біріншіден, оқушы өзін 

көркем  шығарма  кейіпкерімен  салыс ты-

ру арқылы тұлғаның қандай қасиеттері мен 

әрекеттерді  жоғары  бағалайтынын  анық-

тайды.  Екіншіден,  өзінің  тұлғалық  қа сиет-

те рін  тану  бағыты  бойынша  мазмұндық 

ре флекциясын  дамытады.  Үшіншіден,  қа-

зір гі  жағдайға,  болашаққа  бағдарын  тану 

не гізінде  оқушылардың  құндылықты  ру-

ха ни  бағдары  анықталады.  Ол  үшін  мы-

на дай  диагностикалық  тапсыралар  бе-

рі леді:  бірінші  бағыт  бойынша,  «Өзіңді 

көр кем  шығарма  кейіпкерімен  салыс тыр» 

және  «Айнамен  жұмыс»  әдістемесі.  Екін-

ші  бағыт  бойынша,  өзінің  тұлғалық  қа-

сиет терін,  дағды,  қызығушылықтарын  ба-

ға лауға,  қалыптастыруға  арналған  «Мен 

кім мін?»  әдістемесі  мен  «Басқалардан  ме-

нің  ерекшелігім  қандай?»  диагностикасын 

өткізу.  Үшінші  бағыт  бойынша  адам  өмір-

індегі  құндылықтар  туралы  ой  қозғау  мен 

аяқталмаған  сөйлемдерді  толықтыруға  ар-

налған  өзін-өзі  жетілдіруге  ынтасын  арт-

тыруға  бағытталған  жеке  тапсырмалар 

беріліп, топтық жұмыс ережелерін құ ры ла-

ды.


Деңгейлеп оқыту негізінде:

- сынып оқушыларын «қабілетті», «қа бі-

лет сіз» деген жіктерге бөлу болмайды;

-  оқушыларды  дүниежүзілік  білім  жү йе-

сін де  қолданылатын  рейтинг  –  ұпай  жинау 

әдіс іне үйретіледі;

-  мұғалімді  фасилистаторлық  (кеңесші, 

ұйым дастырушы) іс-әрекетке бейімдейді.

Оқушыларды  деңгей  бойынша  сатылай 

оқы ту:


1.  Репродуктивтік  (қарапайым)  деңгей 

тап сырмаларын  орындау  мемлекеттік  білім 

стан  дарты  талаптарының  орындалуына 

ке  


 

 пілдік  береді.  Әрбір  оқушы  1  деңгейді 

орындауға міндетті және одан жоғары дең-

гей дегі тапсырмаларды орындаға құқы лы. 1 

деңгейді орындаған оқушы «3» деген ба ға-

мен бағаланады;

2.  Алгоритмдік  (базалық)  деңгейде  оқу-

шы ның ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін 

тапсырмаларды орындау кезінде күрделі ма-

те риалдарды реттеуі және жүйелеуі керек;

3. Эвристикалық (орта) деңгейде оқу шы-

лар ой қорытуға арналған, дағды қа лып тас-

ты ратын тапсырмалар орындайды;

4.  Шығармашылық  (ортадан  жоғары) 

дең гей  –  олимпиадалық  есептер,  шы ғар ма-

шы  лық  тапсырмалар,  біліктілік  пен  дағды 

қа  лыптастырып,  бағалау,  өз  бетімен  талдау 

жа  сау, зерттеу жұмысын жүргізуге баулиды.



Құрастырмалы-модульді жүйе үш негізгі 

дең гейге бағытталған. Олар:



26

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

1. Міндетті деңгей – белсенді сөздер, сөз 

тір кестері,  сөйлемдерді  меңгеру  көлемінде 

си патталады.

2.  Болжамдық  деңгей  –  тақырыпшаны 

мең  геру,  сұрақтар  қоя  білу,  белсенді  сөз-

дер ге  сүйене  отырып  суреттей  алу,  мәтін 

ма ғынасымен мазмұндас түсінігін айта алу, 

жа ңа мәтін құрастыра алуға үйретеді.

3. Шығармашылық деңгей – тақырып бой-

ынша  түсінігін  айту,  талдау  жасау,  ауызша 

әң гімелер,  диалог,  монолог,  суреттеу,  жоба, 

есеп құрастыра алуға дағдыландырады.

Ойын технологиясы аты айтып тұрғандай 

ойын формаларына негізделеді. Мәселен:

1. Фронтальді форма – әр ойыншы ор тақ 

мәселені шешуге өз үлесін қосуға мүм кіндік 

алады.  Қиындықтар  ұжымның  бар лық  мү-

шелерінің  күшімен  шешіледі,  бұл  шы ғар-

машылық  қабілеттердің  белсене  түсуіне 

ықпал етеді. 

2.  Жеке  форма  –  оқушының  іс-әрекеті 

бас  қа  қатысушылардың  әрекетінсіз  жүзеге 

аса ды.  Бұл  жағдайда  оқытушының  өзінің 

көмегін  үлгерімі  төмен  оқушыларға  «мөл-

шер леуге»  және  белсенді  оқушыларға  қо-

сым ша тапсырма беруге мүмкіндігі бар.

3.  Индивидуальді  форма  –  өз  бетінше, 

ерек ше тапсырмаларды орындау (алдын-ала 

да йындалған карточкалар және т.б.)

4.Топтық форма – микротоптардың өзара 

әре  кеттестігін болжайды. Тапсырмалар бір-

дей немесе әркелкі болуы мүмкін. Бұл фор-

ма  ның тиімділігі: 

- топтың әр мүшесі белсенді қатысады;

-  ұжымдық  шығармашылық  іс-әрекетке 

бе  йімделеді;

- пікір-сайысқа қатысуға машықтанады;

- өзінің көзқарасын айтуға дағдыланады;

- әңгімелесушімен немесе қарсыласымен 

мә  мілеге келуге үйренеді.

5.Диалогты (жұптық) форма – нәтижесінде 

өз ара  ақпарат  алмасу,  өзара  түсінушілік 

қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет