3 (29) 2015 (мамыр-маусым) 3



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата06.03.2017
өлшемі7,35 Mb.
#7874
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Шипагерлік баян. Шинжияң ғылым техника баспасы, –

Үрімжі, 2009.

2 Нұрбақыт Сымағұлқызы, Бағдаулет Әлтайұлы. Қазақ шипагерлік негіздері. Ұлттар ба-

спасы, 2010.

3 Әрін Саржанұлы. Өтейбойдақтың жан тану ғылым туралы. –Үрімжі, 2011. 

4 Әрін Саржанұлы. Алты өзегі тұғыр-жирма екі таяныш. Шинжияң әсемөнер-фотосурет 

баспасы. –Үрімжі, 2011. 



66

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 372.881.1



С. Қ. Шілдебаева 

21-гимназияның қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ СӨЙЛЕУ ТІЛДЕРІН ДАМЫТУ

«Ойын  элементтері  арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларының  мемлекеттік  тілде  сөй -

леу  тілдерін  дамыту»  атты  мақаласында  ойын  элементтерінің  түрлері  бойынша  оқу шы-

лардың мемлекеттік тілде сөйлеу тілдерін дамыту мәселелері қаралды. Қазақ тілін оқыту 

әдістемесінде  тарихи  қалыптасқан  бастапқы  қағидалар  бар:  оқу  материалын  мең ге ру, 

дидактиканың жүйелік, жеңілден ауырға деген ұстамы, теория мен тәжірибенің бай ла ныс-

тығы,  көрнекілікті  қолдану.  Қазақ  тілін  тиімді  оқыту  үшін  модульдік  технологиясы  қол-

да нады. Осы технологияның бір ерекшілігі - қабылдау қабілеттерін танымдық жағдайлар 

ар қылы дамыту, белсенді сөздік қорын дамытуға бағыттайды. Сабақтарда жағдаяттық сөй-

ле сулер, оқыта үйрету ойындар және диалогтік сөйлесулер қолданылады.



Түйін сөздер: қоғам, болашақ, оқыту, тәрбие, шығармашылық, оқытушы.

В данной статье «Ойын элементтері арқылы бастауыш сынып оқушыларының мемлекеттік 

тілде сөйлеу тілдерін дамыту» рассмотрены мнения ученых о проблеме диалоговой речи и 

культуры речи учащихся, типы диалоговой речи. В обучение казахскому языку есть исто-

рически сложившиеся принципы: усвоение учебного материала, дидактическая системати-

зация, изучение от легкого к сложному, связь теории и практики, применение наглядности. 

Для успешного изучения казахского языка применяется технология модульного обучения. 

Особенность  этой  технологии  -  развитие  способностей  через  познавательные  ситуации, 

активного словарного запаса. На уроках применяются ситуативные диалоги, развивающие 

игры, разные виды диалоговой речи.



Ключевые слова: общество, будущее, учеба, воспитание, творчество, преподаватель.

In this article, «Ойын элементтері арқылы бастауыш сынып оқушыларының мемлекеттік 

тілде сөйлеу тілдерін дамыту» considered opinions of scientists about the problem of dialog 

speech  and  the  speech  of  students,  types  of  dialog  speech,  speech.  In  the  Kazakh  language 

teaching has historically principles: learning, learning management, study from easy to difficult, 

the  connection  between  theory  and  practice,  the  use  of  clarity.  For  a  successful  study  of  the 

Kazakh language applies the technology of modular training. The feature of this technology is the 

development of skills through cognitive situation, active vocabulary. The lessons apply situational 

dialogues, educational games, different types of dialog peech. 

Keywords: society, future, learning, education, creation, teacher.

Қазақ  тілін  басқа  ұлт  өкілдеріне  оқыту 

оқу шыға  заттар  мен  құбылыстарды  қа был-

да удың  жаңа  жолдары  мен  құралдарын  үй-

ре ту  негізінде  ұйымдастырылады.  Сөйлеу 

ерек шеліктерін  меңгерген  оқушы  өз  ойын 

ауыз ша  және  жазбаша  түрде  іске  асырады. 

Бұл  тілді  қолданудың  тәжірибелік  көрінісі. 

Сол себепті оқушы тілді адамдармен қарым-

қа тынас құралы ретінде үйренеді. Тіл үй ре-

ну  шілер өзара ұғыныстық қатынаста болса, 

тілді тез меңгереді, бірінің білмегенін екін-

ші сі тәжірибе арқылы игереді.

Бастауыш  сыныптардағы  қазақ  тілі  са-

ба  ғында  ойнау  элементтері  бойынша  тіл 


67

ҰЛТТЫҚ ТІЛ

үйрену кіреді. Осыған орай мен сабақ беру 

барысында  ойын  элементтері  бойынша  тіл 

үйретуде мынадай мақсаттар мен міндеттерді 

жүзеге асыруға тырысамын.

Ойынның мақсаты:

1.Баланы  пәнге  қызықтыру,  логикалық 

ойлауын дамыту.

2. Сөздерді орынды қолдану дағдыларын 

жетілдіре  отырып,  сөйлеу  мәдениетіне 

тәрбиелеу. 3. Таным әрекетін қалыптастыру, 

тиянақтау,  пысықтау,  алған  білімді  тексеру, 

қызығушылығын ояу, белсенділігін арттыру. 



Міндеті:

1.  Танымдық:  баланың  тану,  іздену 

әрекетін дамыту.

2. Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас 

жасауға,  қажетті  дағдыны,  адамгершілік 

қасиеттерін қалыптастыру. 

Бастауыш  сыныпта  мемлекеттік  тілді 

оқытуда  мына  талаптардың  орындалуына 

көңіл бөлемін. 

1. 


Оқушылардың 

қажетті 


сөздік 

минимумының болуы.

2. Белгілі бір мақсақа құрылуына.

3. Ойындардың тақырыпқа сай болуы.

4.  Ойын  ережелерінің  оқушылардың 

түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы-

на. 

Мемлекеттік 

тілді 

меңгертуде 

ойын  түрлерін  мынадай  мақсаттарда 

қолданамын. 

1. Әліпбиді дұрыс меңгерту.

2. Оқу дағдысын қалыптастыру.

3. Орфографияны дұрыс меңгерту.

4. Лексиканы меңгерту.

5. Грамматикалық құрылымды меңгерту. 

6. Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, 

дұрыс  айту,  дұрыс  оқи  білу  дағдыларын 

қалыптастыру.

Ойын әдісі туралы көптеген ғалымдардың 

пікірлері, тұжырымдары көп. Соның бірі В. 

А. Сухомлинскийдің мынадай пікір айтқан. 

«Без игры нет и не может быть полноценно-

го умственного развития. Игра-это огромное 

светлое окно, через которое вдуховный мир 

ребенка вливается живительный поток пред-

ставлений, понятий».

Бастауыш сыныптарда тіл дамытудың мы-

надай  бірнеше  мақсаттарын  қатар  қоямын. 

Ат ап  айтқанда,  дыбыстарды  дұрыс  оқу,  қа-

зақ тіліне тән дыбыстарды тану, тақпақ жат-

тау,  оқығаны  бойынша  түсінгенін  айту.  Ал 

жа ңа сөздерді меңгеретін сабақта-сөздері тү-

сі рілген мәтінді дұрыс оқу, сурет қарау, «Не 

өз герді» деген дидактикалық ойынды өткізу 

ар қылы да тілдерін дамытып отырамын.

Дидактикалық ойындар оқушылардың бі-

лі мін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, 

сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға, 

қа жетті  сөздерді  дұрыс  тауып  қоюға,  кі-

ші гірім  әңгіме  айтуға  жаттығады.  Балалар 

ойын ның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, 

тү сіндіреді. 

Оқушылар қазақша сөз, сөз тіркесі, сөй-

лем дерді оқығанда сөйлеу екпінін, яғни сөз-

ге, буынға, екпінді дұрыс түсіруге үйренеді. 

Рөл ге бөліп ойнайтын ойын баланың ойын өз 

бе тінше тұжырымдап айтуына көмектеседі, 

сөз дік қоры көбейеді. 

Қазақ  тілі  сабағында  үйрететін  сөздерді 

ба лалар  сөздік  дәптерлеріне  жазып  алады. 

Бұлай етудің керектігі біріншіден, ба ла лар-

дың жаңа сөздерді оларға сыныпта және үй-

де қайталату үшін практикалық сөздік, екін-

шіден, өтілген лексикалық материалдың есе-

бі болады .

Бастауыш  сыныпта  қазақ  тілі  сабағында 

ал фавитті  өтіп  болғаннан  кейін,  оның  жаз-

ба түрін ұғыну, дыбыстарды дұрыс айта бі-

лу,  сөздің  екпінін  дұрыс  қоя  білу,  жазбаша 

жаттығулар  жүргізу,  сөздік  қор  көбейту  се-

кіл ді жұмыстар алғашқы тоқсанда өткізіледі.

Оқушылар  енді  кітаптағы  материалдар-

ды оқуға кіріседі, өйткені олар қазақ тілінің 

фо нетикалық  ерекшеліктерімен  таныс,  қа-

зақ дыбыстарының жазылуын, оқылуын бі-

ле ді.  Алғашқы  жылы  сөздік  қоры  көбейіп, 

сұ рақтарға  жауап  береді,  кітаптан  көшіріп 

жа зуға,  сөздік,  есту  диктанттарын  жазуға 

дағ дыланады. 

Менің өз тәжірибемде сыныптағы жұ мы-

сым ның негізгі түрі–ауызша сөйлеу. Бүкіл са-

бақ айналадағы нәрселерді көрсету арқылы 

сұ рақ-жауап түрінде өтеді, бұған қоса сурет-



68

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

тер, ойыншықтар, модельдеу, плакаттар көр -

сетіп,  түрлі  ойындар  өткізіп,  сондағы  көр-

ген дері бойынша әңгіме жүргіземін. 

Сөздік  минумумда  көрсетілген  сөздерді 

оқу шыларға  таныс  тақырыптар  бойын-

ша  өтемін  (мектеп,  оқу  құралдары,  үй-іші, 

киім, жыл мезгілдері, ыдыс-аяқтарт. б.). Бар-

лық  сабақ  бойы  оқушылар  қазақшаға  сөй-

лем дердің    ішіндегі  сөздердің  байланысын 

ұғын дырып,  олардың  қалай  құралатынын 

тү сіндіремін. 

Мұғалімнің  қойған  сұрақтарына  жау-

ап  ала  тұра,  оқушыларды  сөйлемнің  түр лі 

типтерімен  таныстырамын,  өздері  құрас-

ты рады  және  кейбір  сөздердің  тұлғаларын 

бай ланыстырып үйретемін. Сұрақ қойғанда 

оларға жауап болатын сөздерді қамтитындай 

бо луы  шарт.  Мысалы:  Мынау  не?  Мынау-

сыз ғыш. Мынау сызғыш па? Ия, бұл сызғыш. 

Анар қайда отыр? Анар үйде отыр. 

Бізді қоршаған нәрселер жайлы әңгімені 

сы ныптағы  заттар,  немесе  сурет  бойынша 

жү ргіземін. Сынып ішіндегі мүліктердің ат-

тарын  үйретіп  болғаннан  кейін,  енді  олар-

дың  сыр-сипатын,  түсін  көрсететін  жаңа 

сөз дерді  қосып  жаттықтырамын.  Мысалы: 

Мы нау қандай тақта? Мынау қара тақта. Бор 

қан дай? Бор ақ, т.б.

Енді  сабақты  біртіндеп  тереңдете,  әң гі-

меге  сұраулық  шылауларды  (ма,  ме,  ба,  бе, 

па,  пе)  ендіріп  емес,  ия,  жоқ  сөздерін  қо-

са  үйретемін.  Мысалы:  Оспан  сен  айт,  бұл 

не? Бұл терезе емес, есік. Мынау тақта ма? 

Қабырға ма? Мынау тақта емес. Бұл-қа быр-

ға. Партада не бар, не жоқ? Партада дәптер 

бар, бор жоқ.

Бұдан  оқушылар  сурет  бойынша  әңгіме 

қа зақша  сөйлемдерді  дұрыс  құрастыруға 

жат тығады. 

Әр  сыныптың  лексикалық  тақырыбына 

ар налған сөздікті меңгеру мақсатында су рет-

ті сөздік пайдаланып, заттардың атын, іс-қи-

мы лын,  түсін  нәтижелі  үйретуге  мүмкіндік 

бар.  Суретті  сөздікпен  жұмыс  түрлері:  су-

рет ті көрсете тұрып, оның атын, қимылын, 

түр-түсін  айтқызу,  мұғалімнің  қойған  сұ-

рақ  тарына оқушыларға жеке, хормен жауап 

бергізу,  суретті  сөздіктегі  кескіндерді  оқу-

шы  лардың сөздік дәптерлеріне салып алуы, 

су рет бойынша сөйлемдер құрастыруға жат-

тығу, өткендерді пысықтау ретінде жат ты ғу-

лар ды ойын түрінде жүргізу т.б. 

Халық  даналығы  «Ойлы  бала  ойыннан 

бел гілі», – дейді. Балалардың ойынға деген 

қы зығушылығын,  ынтасын  өз  тәжірибемде 

са бақ  барысымен  ұштастырып  отырамын. 

Солардың ішінде сабақ барысында ди дак ти-

ка лық ойындарға жиі тоқталамын.

Дидактикалық  ойын  оқушылардың  ын-

та-ықыласын  күшейтетін,  оқудың  қиын 

про цесін  жеңілдететін,  дамуды  тездетуге 

көмектесетін, оқу барысында таным қыз ме-

тін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар 

кө зі болатын оқыту әдісінің бір түрі. 

Дидактикалық  ойынды  сабақта  қол дан-

ған да оның мынадай шарттарға сәйкес болу-

ын қатаң ескеремін.

-ойынның  оқушыларға  беретін  білімдік 

жә не тәрбиелік мәні болуы ;

-баланың жан-жақты дамуына, танымдық 

қыз метінің артуына әсер етеді;

-сабақтың мақсатын іске асыруда оқу шы-

ларға қажетті білік пен дағдыны қа лып тас-

ты руға көмектесетіндей болуы тиіс;

-тілдік  материалдарды  салыстыра  алуы 

жә не қорытынды жасай білуі;

-балалардың қоршаған ортамен таныс ты-

ру дағы рөлі болуы.

Белгілі  ресейлік  ғалым  Л.В.  Зенковтың 

пі  кірінше, ойын берілген білімді кеңейтуге, 

арт тыруға,  сабақтағы  зерігушілікті  қоюға 

кө мектеседі. 

Өзімнің  тәжірибемде  қолданып  жүрген 

ой ын түрлеріне тоқталайын. 

Жаңа сабақтың тақырыбын жасырып ұс-

тау арқылы оқушылардың назарын са бақ қа 

ау дару мақсатында «Кім жылдам?» ойы нын 

ойнату  арқылы  сабақ  тақырыбын  анық тай-

мын. Мысалы, кез келген екі сөзден тұ ра тын 

са бақ  тақырыбын  анықтау  үшін  алдымен 

нүктелері  жоғарыдағы  әріптерді,  сонан  соң 

нүктелері астындағы әріптерді қосып оқи ды. 

.       .    .      .   .   

МОЕТНБАІСҢЫМ 

(Менің отбасым)

     .    .   .   .   .     .   

БМІЕЗКДТІЕҢП (Біздің мектеп) 

          .   .    .    .   .    . 

Бұл  ойынды  жаңа  сөздерді  өткенде  де, 

фонетика саласы бойынша да өткізуге бола-

ды. Мәселен:

1.А  әрпінен  басталатын  қалалардың  ат-

тарын жазыңдар. Мысалы: Алматы, Астана, 

Атырау, Ақтау,...


69

ҰЛТТЫҚ ТІЛ

2.Тек қана (а, і, ы, е) дауысты дыбысы бар 

сөз дер ойлап жазыңдар. Мысалы: 

(а) Шағала, тамаша, қараша, ...     

(і) Ыдыс, Ыдырыс, ыстық,...

(е) Мереке, береке, текемет,...



«Адасқан әріптер» ойыны. 

Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жа-

саңдар. 

1. м, к, т, е, п, е (мектеп) 4. қ, а, қ, а, з (қа-

зақ) 

2. р, о, б (бор) 5. а, л, а, қ (қала)



3. к, т, і, п, а (кітап) 6. і, л, б, л, і (білім)

«Кім есте көп сақтайды» ойыны. 

Магнитафоннан тақпақ немесе шағын мә-

тін  тыңдап,  сабақта  өткен  ерекше  дыбысы 

бар сөздерді есте сақтап айту. 

Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  өткен  соң 

«Бір әріпке бес жауап» ойынын қолданамын. 

Бұл ойын баланың қисынды ойлау қабілетін 

да мытып, тездікке, шапшаңдыққа баулиды.

Мысалы, Ү дыбысына: Ө дыбысына:

1.  Баланың  аты-  ...........1.  Баланың  аты-

...........

2. Түн құсы-...........2. Жемістің аты-...........

3. Сан атауы-...........3. Ағатын су-..............

4. Кішкентай үй-............4. Жәндіктің аты-

..........

5. Үй құсы-..........5. Үй жануарының аты-

...........

«Кім  көп  біледі?»  ойыны.  Бұл  ойынды 

«Ас ханада»,  «Отбасы»,  «Дүкенде»,  «Азық-

тү  ліктер», «Жыл мезгілдері» тағы басқа та-

қы  рыптарға өткізуге болады. 

Мысалы:  «Отбасы»  тақырыбына  байла-

ныс  ты сөз айтқан оқушыға 1 фишкадан бе-

рі леді. Кім көп сөз айтып, көп фишка алған 

оқу шы жеңімпаз болады.

Осы тақырыптарға рөлдік ойындар өткізу 

ба лалардың сөздік қорын байытып қана қой-

май,  сол  сияқты  сөйлеу  дағдыларын  да  да-

мы туға көмегі көп. 

«Қоржын  ойыны»  қоржыннан  сөздерді 

алу арқылы ойналады. Таңдап алған сөздер 

ар  қылы сұхбат құру, немесе мамандық атау-

ла  ры жазылып, сол мамандық туралы мәтін 

құ  рыстырады. 

«Ой шақыру». Екі топқа сөздерінің орын-

дары ауыстырылып мәтін беріледі. Мәтінді 

дұрыс құрастырып, оған ат қойылады .

«Өнер алды қызыл тіл» ойыны. Топқа ма-

қал-мәтелдер  беріледі.  Ондағы  кейбір  сөз-

дердің  жалғаулары  жоқ.  Сол  сөздердің  дұ-

рыс  жалғауын  тауып,  мақал-мәтелді  орыс 

ті ліне аудару керек. Мысалы: Күш білімде

Бі лім кітапта. Міне, осындай дидактикалық 

ойын дарды  сабақта  пайдаланып  отырып 

«Сан дарды сөйлет» ойынын ұсынамын.

1саны:  Сан  бірінші  цифрдан  басталады. 

Бір тәулікте 24 сағат бар. Бір аптада жеті күн 

бар.

2  саны:  Екі  санындағы  көрініс  әке  мен 

ше ше, ұл мен қыз, күн мен ай.



3  саны:  Әр  мезгілдің  үш  айы  бар.  «Үш, 

үш  те  болса  күш».  Оқушылар  жаздың  үш 

айын да демалады.

4 саны: Бір жылда төрт мезгіл бар. Ап та-

ның төртінші күні бейсенбі. Төрттік жақсы 

ба ға.

5 саны: Басталады саусағым бас бармақ-

тан 1-ші, Балаң үйрек келеді санағанда 2-ші, 

Ор тан терек, биігі, тұрып қалған 3-ші, Шыл-

дыр шүмек келеді кезегім деп 4-ші, 

Кішкене бөбек таласпай қалған екен 5-ші. 

Жұма-бесінші күн. Бұл күн қасиетті күн. 



6 саны: 

Алты саны-ұлық па, 

Ұқсас өзі құлыпқа. 

Алты саны, ол-алтау,

Бестен кейін келеді, 

Тапқыр бірден біледі. 



7 саны: Бір аптада 7 күн бар. Жеті қасиетті 

сан. Мен жеті атамды білемін.



8 саны: 

Қараңдаршы көз тігіп,

Сегіздікте-қос жүйрік. 

Бас аяғы жоқ оның, 

«8» саны, ал біліп. 

Көзілдірік ол білсең

Жүрер көзге ел іліп. 

9 саны: 

Тоғыз алты сияқты білмегенге,  

Құйрығы бірақ қарап қалған төменге.  

10 саны: 

Тоғызға бір қосамыз,

Он санын енді тосамыз.

Қос таңбаны кім білсе,

Олар бір мен дөңгелек.

0 саны: 

Кетсе бәрі дөңгелеп, 

Ұшып, қонып, не керек?

Жоқтығын заттың білдірер

Қояйық нөлді ертерек. 


70

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Бұл ойын оқушылардың танымын артты-

рып,  жақсы  көңіл-күй  тудырып,  ой-өрісін 

да мытып, ойлау қабілетін, тілін дамытады. 

Міне,  баланы  ойната  отырып  тәрбиелеу, 

ха лықтық  педагогиканы  бойына  сіңіру  қа-

зір гі кездегі заман талабы.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Жиенбаев С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі. «Халық мұғалімі». 1989. 

№ 8. -28-40 бб. 

2 Ж. Адамбаева. Орыс мектебінің бастауыш сыныптарында тіл дамыту. – Алматы, 2002.

3 Н. Оралбаева, Қ. Жақсылықова. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. 

– Алматы, 1996.

Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің 

ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, 

мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек

Мұхтар Әуезов.


71

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

ӘОЖ 37.018.11.- 055.25



C.С. Джанкадыров

Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясының

аға оқытушысы, магистр

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫМЫЗДЫ ҰЛЫҚТАЙЫҚ

Бұл мақалада халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуандығы көр-

се тілген.  Солардың  қай-қайсысы  да  адамға,  соның  игілігіне  қызмет  етуге  бағытталған. 

Осын дай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Бүгінде ойынды халық пе-

дагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті ке-

реметтің қатарына сегізінші етіп ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Қазақ хал қы-

ның тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алап қа ра-

сақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының ал-

уан түрлерін кездестіреміз. Ол ол ма, осы жырлардың негізгі кейіпкерлері – болашақ ел қор-

ғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шы ны-

ғып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. 

Сон дықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Сондай-

ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, 

аян бай  тер  төгетінін  байқаймыз.  Мақалада  ұлттық  ойындарымыздың  түрлері  жан-жақты 

ашы лған.

Түйінді сөздер: Ойын-сауық, мәдени мұра, ұлттық ойындар, өнер.

В этой статье рассматривается роль национальных игр. Игры и праздники имели и име-

ют огромное общественное значение. Традиционные народные развлечения в той или иной 

степени охватывают различные сферы хозяйственной, повседневной, духовной жизни ка-

захского  народа.  Возникнув  в  глубокой  древности  в  кочевой  среде,  традиционные  игры 

отражают  особенности  мировоззрения  и  материальной  культуры  казахов  и,  кроме  того, 

выполняют важные воспитательные, эстетические и ритуальные функции. Казахские на-

циональные игры в жизни казахского народа играли большую роль. Игры поднимали на-

строение, развивали выдержу, ловкость, силу. Казахские национальные игры имеют боль-

шое  содержание,  они  тесно  связаны  с  искусством  народа.  Именно  здесь  были  замечены 

и выделены много способных и талантливых людей. Казахские национальные игры – это 

традиция и наследие народа. В статье всесторонне рассматривали виды национальных игр.



Ключевые слова: Развлечение, культурное наследие, национальные игры, искусство.

This article examines the role of national games. Games and festivals and have had great social 

significance. Traditional folk entertainment in varying degrees, cover various areas of business, 

casual, spiritual life of Kazakh people. Originating in ancient times in the nomadic environment, 

traditional game is representative of the world and the material culture of Kazakhs and, in addition, 

serve important educational , aesthetic and ritual functions. Kazakh national game in the life of 

the Kazakh people have played a big role. Game cheered up, developed sustain, agility, strength. 

Kazakh national games have great content, they are closely associated with the art of the people. 

It is here that have been seen and identified many capable and talented people. Kazakh national 

game - it’s a tradition and heritage of the people. The article comprehensively reviews the types 

of national games.

Keywords: entertainment, cultural heritage, national games, and art.


72

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҚР Президенті Н.Назарбаев: «Егемен елі-

міз дің  мәдени  өмірінде  асыл  мұралардың 

ор ны  ерекше.  Тарихымызды  терең  зерттеп, 

оның  тәжірибесінен  тағылым  алу  Қа зақ-

станда патриотизм қалыптастырудың, Отан-

ның  лайықты  азаматтарын  тәрбиелеудің 

бас ты  шарттарының  бірі»  деген  болатын. 

Сон дықтан  да,  халық  педагогикасына  тән 

жал пы  білім  беретін  мекемеде  өнімді  де 

өмір шең сала – ойын. Дәстүрлік таным-тү-

сініктен  туындайтын  қазақ  халқының  ұлт-

тық ойындары баланы іс-әрекетке, адам гер-

шілік  әдептерді  игеруге,  ақыл-ойын  же тіл-

діруге, отан сүйгіштікке баулуда, салауат ты 

өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал. 

Ба лалар ойындарында жас ерекшелік, фи зи-

ологиялық  дамуына  үйлесімді  қимыл-қоз-

ғалыс,  тіл  ұстарту,  сөздік  қорды  молайту 

жағынан  өте  бай  және  педагогикалық  заң-

дылықтар  тапқырлықпен  үйлесімді  қиыс -

тырылған.  Қоғамымыздың  іргетасын  ны-

ға йту  үшін  бүгінгі  жастарға  үлгілі,  өнегелі 

тәр бие беру қазіргі міндеттердің бірі. Қазіргі 

уа қыттың негізгі талаптарының бірі-білімді 

әлем нің  бүтіндей  бейнесін  қабылдай  ала-

тын,  логикалық  ой-өрісі  дамыған  жанаша, 

тә уелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға 

ай налдыру [1,2].

Халқымыздың тарихи-мәдени мұралары-

ның  түрлері  сан  алуан.  Солардың  қай-қай-

сы сы да адамға, соның игілігіне қызмет ету-

ге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени 

игі ліктердің бірі – ұлттық ойындар. 

Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар бол-

сақ,  содан  үлкен  де  мәнді-мағыналы  істер 

ту ындап өрбитінін байқаймыз. Ұлт ойында-

ры  ол  бар  өнердің  басы,  көне  мәдениет 

пен  әдеби  туындылар,  ең  алдымен,  сол  ха-

лық  жиналған  думанды-сауықта,  ойын-той 

үстінде  дүниеге  келіп,  көптің  игілігіне  ай-

нал ған. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақ 

ұлт  ойындарының  өзі  еңбегінің  жемісі  бо-

лып табылады.

Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтік-

эко номикалық  жағдайларына  байланысты, 

қа зақ халқының ұлттық ойындары өте ерте-

де  пайда  болған.  Қазақ  халқының  тарихи 

кө  не  жырларының,  эпостары  мен  лиро-

эпос  тарының  қай-қайсысын  алып  қарасақ 

та,  олардың  өн  бойынан  халықтың  ұлттық 

ойын дарының, әдеп-ғұрып салттарының ал-

уан түрлілігін жырлағанын байқаймыз. Мы-

са лы,  Шығыстың  ұлы  ойшылы  Әбу  Насыр 

Әл-Фараби  өзінің  «Бақыт  жолында»  атты 

фи лософиялық  шығармасында  адамның 

та нымын  дамыту  арқылы  ғана  оны  бақыт 

жо лына  жетелеуге  болатындығына  айтқан, 

ұлы  Абай  өзінің  43–қара  сөзінде  баланың 

та нымын алғашқы күннен бастап дамытпа-

са, оның өзі із-түссіз жоғалып, жойылып ке-

тетінін  айтады.  Осы  жырлардың  негізгі  ке-

йіпкерлері  –  болашақ  ел  қорғаушы  батыр, 

жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үс тін-

де көрінеді. Ойынға халық ерекше мән бер-

ген [3]. 

Ұлт  ойындары  атадан  балаға,  үлкеннен 

кі шіге мұра болып жалғасып отырған жә не 

халықтың  дәстүрлі  шаруашылық,  мә де ни, 

өнер  тіршілігінің  жиынтық  бейнесі.  Өзі нің 

өлең-жырларында халық ойынды тәрбие құ-

ра лы деп таныған. Ойын тек жас тар дың дене 

күш-қуатын  молайтып,  оны  шап шаңдыққа, 

дәл дікке,  т.б.  ғана  тәрбиелеп  қой май  оның 

ақыл-ойының толысуына пайдасын тигізеді. 

Мы салы:  Манашыұлы  Тұяқпай  жырында: 

«Ба лалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала 

кеу деге ақыл ойлайды» – деп түйіндейді. Бұ-

дан  көретініміз  ойын  тек  көңіл  көтеру  мен 

ер мек  үшін  жасалмаған,  қайта  халықтың 

жа зу  өнері  әлі  дамымаған,  оқу  орны  бол-

ма ған  кезде  өз  ұрпақтарын  өмірге  әзірлеу 

мүм кіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет 

қыз метін атқарған. Қазақтың ұлт ойындары 

та қырыпқа өте бай және алуан түрлі болып 

ке леді [4]. 

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай ха лық-

тар дың бірі. Бірақ, ол ертеде ауызекі туып, 

жал пақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, 

сондықтан  көпшілігі  бүгінгі  күнге  жетпей 

ұмыт болып кеткен. Қазақтың ұлттық ойын-

дары туралы алғашқы деректер XIII ға сыр-

дан басталады. 

Қазақтың  ұлттық  ойындары  ерлікті, 

өжет  тілікті, батылдықты, шапшаңдылықты, 


73

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

еп тілікті,  тапқырлықты,  табандылықты, 

бай  салдылықты,  т.б.  мінез-құлықтың  ерек-

ше  ліктерімен  бірге  күш-қуат  молдылығын, 

бі  лек күшін қажет етеді. Сонымен бірге бұл 

ойын дар әділдік пен адамгершіліктің жоғары 

прин циптеріне  негізделген.  Мысалы,  бәйге 

ойы нын  алайық.  Ол  үшін  алдымен  бәйгеге 

қо сылатын атты таңдап алу қажет. Ол атты 

бап тап бағып, күтуге тура келеді, оның жей-

тін жемі мен ішетін суына дейін белгілі мөл-

шерде  келтіріледі.  Бәйгеге  қосылатын  ат қа 

мініп  шабатын  бала  күн  ілгері  осы  сынақ-

тар ға  қатысады.  Бәйге  шарты  мүлтіксіз 

орын далу үшін төреші тағайындалады. Бәй-

ге ге  әзірліктің  басы-қасында  болған  бала, 

осы  өнердің  сырларын  жете  біліп,  үлкен 

ша руашылық мектебінен өткендей әсер ала-

ды. Сондықтан қазақтың ұлттық ойын да ры 

тек ойын-сауықтық жағынан ғана емес, ол-

спорт,  ол-өнер,  ол-шаруашылық,  тә жір и бе-

ден маңызы бар тәрбие құралы.

Болашақ  жастардың  жалпы  адамзаттық 

құн  дылықтар  мен  адамның  айналадағы  дү-

ние мен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, 

эс тетикалық,  адамгершілік  тұрғысынан) 

тәр биелеу  мақсатын  халқымыздың  мәдени 

ру хани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үл-

гі лерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге 

асы руға  болады.  Осымен  байланысты  хал-

қы мызға  тән  әдептілік,  қонақжайлық,  ме-

йі  рімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа 

де ген қарым-қатынасындағы біздің халыққа 

тән  ерекшеліктер.  Жас  ұрпақ  өз  халқының 

мә дениетімен,  асыл  мұраларымен  ұлттық 

әде биеттер  арқылы  танысып  келеді.  Халық 

ойынды  тәрбие  құралы  деп  таныған.  Ой

-

ын  ды  қолдану  жас  ұрпақтың  ой-өрісін  же -



тілдірумен бірге, өз халқының асыл мұ ра ла-

рын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жет кізе 

бі лу құралы [5-6].

Қазақ  халқының  XVI  ғасырдағы  өмірін 

су  реттеуге арналған өзінің тарихи романын-

да Ілияс Есенберлин: «Сарайшың бір түнде 

тү   леп  шыға  келді.  Қыз-бозбалалар  жаңбыр 

жау  ған қызғалдақтай құлпыра қалған. Керу-

ен сарайлар, қала аулалары ән-күйлі, ойын-

күл  кілі  думанға  толып,  екі  жақтың  бейбіт 

бә  секеге шығып, әр жерде сайыс, күрес, көк-

пар ойындарына кіріскен» – дейді.

Қазақ халқының ұлттық ойындары ел дің 

өмірімен  тығыз  байланысты,  оның  шар уа-

шы лық,  экономикалық,  әлеуметтік  тұр мы-

сы нан  туған.  Сондықтан  оның  тәрбиелік 

ма ңызы  аса  жоғары,  әрі  құнды.  Жазушы 

Сәбит Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» де-

ген  тарихи  және  этнографиялық  кітабында 

бы  лай  деген:  «Жүн  сабайтындар,  көбінесе 

жас  тар  болады.  Олар  жүн  сабайтын  үйге 

жи  налады  да,  сабалатын  жүнді  киіз  үйдің 

ор  тасына  төсеген  тулаққа  үйеді  де,  айнала 

отыра қалып, екі қолына алған сабаумен ұра 

бас тайды.  Әдетте,  жастар  бұған  ойын-са-

уық үшін ғана жиналады. Себебі, жүн сабау 

үстінде  жастар  жарыса  қимылдап,  оны  ой-

ын-күлкіге айналдырады»

Қазақ  халқының  фольклорын,  ұлт  ой-

ын  дарын  жинаушы  этнограф  Ә.Диваев  өзі-

нің  «Қырғыз  (Қазақ)  балаларының  ойы-

ны»  деген  еңбегінде  оның  бала  тәр бие-

леу   дегі  маңызын  айта  келіп,  сол  кездегі 

қа  лыптасқан  әдет-ғұрып  бойынша  жас 

ерек  шелігіне  қарай  жас  өспірімдерді  не гі-

зі нен  үш  топқа  бөлді.  Осыған  байланыс ты 

қа зақ  ойындары  да  сәбилер  ойыны,  боз ба-

ла лар ойыны және жігіттер ойыны деп бө лі-

неді.  Мысалы,  «Ақсүйек»,  «Орда»  ой ын да-

рындағы ерекшелік олардың түнде ға на ой-

найтындығында емес, бұл ойында бо ла шақ 

жауынгерлерге  қажетті  қасиеттер:  қы ра ғы-

лық, байқағыштық, бағытты бағдарлай бі лу, 

тапқырлық, сергектік, жүйріктік, ал ғыр лық, 

батылдық,  өжеттік,  тағы  басқалар-  тәр бие-

ле нумен  бірге  оның  түнде  ойналатын  та ғы 

бір сыры-алдымен жау шебіне барлау жасау 

үшін түнде жерді айыра білуге, бағытты дәл 

та буға жаттығуда. Әсіресе, ерте заман дар да 

жау  жасырынып  келіп  түнде  шабатын  бол-

ған,  сондықтан  ауыл  жастары  түнде  ауыл 

ма  ңын торитын жаудан сақтық күзетінде тұ-

рып, бұл ойынды бір жағынан ермек ретінде 

де, жаттығу үшін де пайдаланған.

Шынында, ұлт ойындары ауыз әдебиетінің 

бір саласы. 

Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өл-

ең-жырлар өріліп, көрермендер мен тың дау-

шы ларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді. 

Ой ын негізінде жас жеткіншектің ұжымдық 



74

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ор тада ой өрісінің дамуына да әсерін тигізеді. 

Ойын ның тіл дамытудағы ролі ерекше. Мы-

салы, М. Горкий сөзімен айтар болсақ «бала 

сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз 

ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің 

му зыкасын  ұғынады.  Сонымен  нақтылай 

айт сақ, ұлт ойындары тіл меңгерудің негізгі 

құ ралы болып саналады. Ойын үстінде бала 

еш нәрсеге  тәуелсіз.  Өзін  еркін  ұстайды,  ар 

ер кіндік дегеніміз барлық дамудың алғашқы 

қа дамы болып есептеледі. Олай болса, ойын 

ин тернационалдың  тәрбиенің  баға  жетпес 

құралы  ретінде  айтарлықтай  маңызды.  Ой-

ын  үстінде  бала  тілдің  ішкі  иірімдерін,  ха-

лықтың ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдіс-

терін,  сөйлеу  дәстүрлерін,  тілдік,  пси хо ло-

гия лық  ерекшеліктерін  жете  түсініп,  еркін 

бі луге  мүмкіншілік  алады.  Біздің  қос  тілді 

рес публикамызда  орыс  тілін  де  қазақ  тілін 

де  үйренуге,  әр  ұлт  балаларының  өз  ана 

тіл дерін,  басқа  ұлт  тілдерін  де  меңгеруіне 

ойын ның тигізер пайдасы көп».

ХХ ғасырдағы көрнекті Нидерланды ой-

шылы И. Хейзинг «Ойнаушы адам» ұғымы 

«Жасаушы  адам»  ретінде  елеу лі  қызметті 

бейнелейтіндігін  айтады.  Шын ды ғында 

іс-әрекеттің  қалған  түрлерінің  еш қай сы-

сын да  да  адам  ойындағыдай  өзінің  пси хо-

фи зиологиялық,  интеллектуалдық  мүм кін-

дік терін  әйгілей  алмайды.  Ойын  оқытады, 

да мытады,  тәрбиелейді,  әлеуметтендіреді, 

кө ңіліңді аулайды, демалыс сыйлайды. Бала-

ны ойыннан ажырату – оның дамуының бас-

ты  көзінен,  шығармашылық  импульсінен 

жә не  әлемді  тану  үдерісін  жандандырудан 

айы ру  болып  табылады.  Ойын  –  баланың 

бар лық  өмірлік  бағыттарының  реттеушісі. 

Ди дактикалық  ойындар  таным  және  баста-

уыш  білім  беруде  балалардың  іс-әрекетінің 

бел сендіргіші.  Ол  балалардағы  балаға  тән 

қасиеттерді  сақтайды  және  дамытады, 

балалардың  өмір  мектебі  және  «даму  тә жі-

ри бесі». Бала ойнай отырып өмірді таниды, 

өзін оған дайындайды, жасампаз адам ре тін-

де қалыптасады.

Ойын-сауық  қазақ  үшін  мереке-мей-

рам,  той-думан,  әлеуметтік-көркемдік  құ-

бы лыс  қана  емес,  ол  үлкен  этно-мәдени 

оқи ға.  Мамандар  ойын-сауықтардың  тү-

бір-түйінін  талдай  отырып,  оларды  тәр бие -

лілік, рәсімдік, әскери-жорықтық, жа рыс  тық 

және т.б. әлеуметтік қызметтерін, ке лесілері 

тәрбиелік,  сауықтық,  кәсіптік,  бел  сенділік, 

рәсімдік,  әдеп-ғұрыптық,  дене  шы нық ты-

рушылық,  әлеуметтік  жаттығу  сияқты  қыз-

мет терге жіктеген [7,8,9].

Тарихпен бірге тұлға, заманмен бірге оның 

ұрпақтарының  ойы-сауықтарының  түрлелі 

де өзгергенін, жаңарғанын, жетілгенін бі ле-

міз. Ойын-сауық қауымдастықтағы мәдениет 

пен қарым-қатынастың жетілген, көпке жа-

қын түрлері, ұрпақтың көңілін көтеретін жә-

не оны баулып тәрбиелейтін қызметтер жи-

ын тығы және әдіс амалы [10].

Ойын-сауық  көп  нәрсені  ұқтырды,  көп 

нәр сеге куә болды. Ойын-сауықта іздегендер 

сұ рағанына жетеді. Мұндайда ойын-рәсімге, 

рә сім-ойынға, рәсім-салтқа, салт-ойынға ай-

налып кетеді. Осындай реттілікпен адам ның 

табиғатпен үйлесімділігі жарас ты, туған ел-

жұртқа  ұлттық  ойындар  туын дады.  Ой ын 

тұлға  еркіндігінің  терең  негіздерін  қа лай-

ды.  Балалық  шақта  аз  ойнаған  адам  іш тей 

еріксіз,  оның  санасында  еріктілік  пен  шы-

ғармашылық күші жетісе бермейді. Шы ғар-

машылық  бастаулар  ойында  қаланады.  Ер-

кін дік, шығармашылық және ойын бірінен-

бі рі  ажырамайды.  Ойын  барысында  адам: 

1)  еркін,  болмыстан  қысым  сезінбейді,  ол 

сыртқы  әлем  заттарымен  де,  адам  қа бі-

летімен де еркін қатынаста болады; 2) адам-

дық  және  әлеуметтік  қатынастарды  жасай-

ды.  Ойын  жауапсыз  қылық  емес.  «Ойнап 

айт саң  да,  ойлап  айт»,  деген  ескертпе  бар. 

Ой ын ның шарты тіл табысу:



Тіл алмасаң, түбінде өкінерсің,

Өлген соң шықпастай боп бекінерсің.

(Балықшы илә ғибрит қиссасы, 215).

Жақынды оңынан тапқан, қиянат шығар-

мады. Тіпті ойында әр қимыл- өнер, әр өнер-

ге  лайықты  қимыл-әрекет  ойлап  табылады. 

Көп шіліктің алдындағы сөз өнері үлкен-кі  ші-

нің өрісін ұлғайтып, өресін биіктетті. Сөз бен 

ой дағы,  мінез-құлық  пен  жүріс-тұрыстағы 


75

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

кө рік өзгеге үлгі бола алады. Үлкен де кіші 

де ойнап көңіл көтереді, бір нәрсеге беріле 

қы зығады,  әр  жетістіктен  қанағат  табады. 

Қо рыта келгенде, өмір кейде ойын-сауыққа 

ұқ сас,  ойын-сауықсыз  адамның  өмірін  көз 

ал дыңа  елестету  киынға  соғады.  Өмірдің 

ма ғынасы,  оның  қызығында,  қуанышында, 

қа нағатында.  Қызығу,  қуану,  қанағаттану-

өмір ді тамашалаудың көрінісі немесе өмірде 

са  уық құрудың нышаны. Өнерпаздық-ұқып-

ты лық пен ынталылық нәтижесі, тәртіптілік 

пен қабілеттілік көрінісі, халықтың болашақ 

да муының кепілі. Өнерпаздық ойын-са уық-

тың  шарықтаған,  шалықтаған  және  шие ле-

ніс  кен көрінісі мен қызметі.

Қазақта  ойын-тойдың  көркін  қыздырып, 

жас  тардың  өз  өнерлерін  ортаға  салуына 

мүм кіндік  жасайтын  ұлттық  ойындар  өте 

көп.  Сондай-ақ,  олардың  халық  ауыз  әде -

би еті  мен  ән-жыр  өнерін  ұрпақтан  ұр пақ-

қа  жеткізудегі  маңызы  зор  екені  уақыт  дә-

лел  деген  шындық.  Кейінгі  жазылған  ғы-

лы  ми  анықтамалықтарда  алтыбақанға: 

«Ал тыбақан»  –  қазақтың  ұлттық  ойыны. 

Ал тыбақанды  сырықтың  екі  басында  үш-

үш тен  қосақтап  мосы  ағаш  сияқтандырып 

бай лайды. Бақанның аша тармағы сырыққа 

ки гізіліп тұруға тиіс. Бір деңгейде байланған 

екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады 

да,  төменірек  байланған  арқанға  аяқтарын 

ті рейді.  Бұларды  бір  адам  тербетеді»  –  де-

ген түсініктеме беріліп жүр. Білмейтін адам 

оны қазіргі балалар ойнайтын әткеншектен 

еш айырмасы жоқ деп ойлар. Бұл анықтама 

аталмыш ұлттық ойынның түп мақсаты мен 

діттеген міндеті мүлде бөлек екенін өзіміз де 

ұмытып  бара  жатқанымыздың  белгісіндей. 

Өйткені,  алтыбақан  ертедегі  ауыл  өмірінде 

жас тардың кешкілікте бас қосып, халық ас-

паптарының  сүйемелдеуімен  ән  салатын, 

айтысатын, әзіл-оспақ айтатын, анығы көп-

ші лік  болып  көңіл  көтеретін  ойын-сауығы 

бол ған.  Әткеншек  арқанында  тербеліп  от-

ыр  ған  екі  адам  міндетті  түрде  ән  салуға 

ти іс  болғандықтан,  бұл  ойын  жастардың 

өн ер ін,  ойын,  көз қарасы  мен  танымын  қа-

лыптастыруда  зор  тәрбиелік  қызмет  ат қар-

ған.

Жастардың  бойында  ұлттық  рухты  қа-



лып  тастырып, оларға қазақи бағыттағы тәр-

бие  беруді  аса  қажетсініп  отырған  қазіргі 

уа   қытта мұндай ұлттық ойындардың аса ма-

ңыз ды екені айқын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет