3 (29) 2015 (мамыр-маусым) 3



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата06.03.2017
өлшемі7,35 Mb.
#7874
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1 http://bilim.idhost.kz/tarbie-sagaty/2549-ulttyk-oyyn-halyk-murasy.html

2 «Жанталас», – Алматы: «Жазушы» баспасы, 1973, -35б.

3 Е. Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары», – Алматы: Рауан 1991.

4 М.Сәтімбекова. «Тәрбиелеу мен білім беруді жаңарту негізі» – Алматы: 2004.

5 Төтеней Б. Қазақтың ұлттық ойындары (Тарихи-этнографиялық зерттеме) – Алматы, 

1998.

6 Қазақ халқының философиялық мұрасы. 7-том, – Астана, 2006 ж, -452-бет.



7 Атабаев А.С. Ұлттық ойындар- халық мұрасы. – Алматы, Кітап, 2006, -255 б.

8 Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы, 1995, -91б.

9 Құрманбаева С.К. Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі. – Алматы, 2004, -200 б.

10 Несіпбаев Б.К. Ұлт мәдениеті мен өнері. – Алматы, 2003, -190 б.



76

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37.376.1



Э. Ганибаева

Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Психология және пе-

дагогика» мамандығының 2-курс магистранты

БАТЫР БАБАЛАР ЕРЛІГІ – ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА

ТӘРБИЕЛЕУ НЕГІЗІ

Мақалада  жастарды  патриоттыққа  тәрбиелеу  мәселелері  қарастырылған.  Патриотизм, 

қа   зақстандық патриотизм және патриоттық тәрбие ұғымдары анықталған. Жазушылардың 

зерт теулері мен шығармаларындағы Б. Момышұлы, К. Кайсенов және К. Маденов сынды 

тұ лғалардың ерлік істері талданған. 

Түйін  сөздер:  Патриотизм,  қазақстандық  патриотизм  және  патриоттық  тәрбие, 

ерлік.

В  статье  рассмотрены  проблемы  патриотического  воспитания  молодежи.  Определены 

пониятия: патриотизм, казахстанский патриотизм, патриотическое воспитание. Анализиро-

ваны героические поступки Б. Момышұлы, К. Кайсенова и К. Маденова в исследованиях и 

произведениях писателей. 

Ключевые словапатриотизм, казахстанский патриотизм, патриотическое воспита-

ние, подвиг.

The  article  deals  with  the  problem  of  patriotic  education  of  youth.  Poniyatiya  determined 

patriotism, Kazakhstan patriotism and patriotic education. Analyze B. Momyshuy heroic deeds, 

and K. Kaysenov K. Madenov research and works of writers.



Keywordspatriotism, Kazakhstan patriotism and patriotic education, feat.

Қазiргi кезде республикамыздың еге мен-

дi гi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның па-

т   риоттық  құндылықтарын  дамыту  арқылы 

Қа зақстандық патриотизмді қалыптастыруға 

үл кен  мән  берiлiп  отырғандығы  Қазақстан 

Рес публикасы Конституциясында, Қазақстан 

Республикасы «Бiлiм туралы» Заңында, Қа -

зақстан  Республикасы  Мемлекеттiк  «Бi-

лiм»  бағдарламасында,  Қазақстан  Рес пу    -

бликасы Президентiнiң республика хал қы на 

жолдауларында,  Қазақстан  Республи     касы 

та рихи  сананы  қалыптастыру,  Қазақстан 

Рес публикасы  мәдени-этникалық  білім  бе-

ру  тұжырымдамаларында,  «Адам  құқықта   -

рының  жалпыға  бiрдей  декларациясында», 

«Бала  құқығы  туралы  декларацияда»  жә не 

үкiметтiң  құжаттарында,  ғылыми-зерт теу 

жұмыстары  мен  ағымдағы  басылым  бет те-

рiн де  айқын  аңғарылады.  Алдымен  негізгі 

ұғы мдарға түсінік берейік.

Патриоитизм дегеніміз не?

Патриотизм – мемлекеттің өміршеңдігіне 

әс ер  ететін  негізгі  рухани  ізгі  тірегі  бола 

оты рып,  қоғамның  дамуына,  азаматтың 

адам  гершілік  қасиеттерінің  қалыптасуына 

ота ны  үшін  жан  қиярлықтай  іске  баратын 

па  триоттық  сезім  қандай  да  болмасын  ұлт 

пен  мемлекеттің  дамуы мен  күн  көруін  қа-

лыптастырып  негіздейтін  әлеуметтік  құ бы-

лыс.

Патриотизмде  отанға  деп  жан  қиятын, 



бе  ріліп еңбек ететін барлық ұлттың ең жақ-

сы  әдет-ғұрып  өрілген.  Патриоти зм  ба уыр-

мал дылықпен  тығыз  байланыс та  болып, 

ұлт шылдық,  сенаратистік,  космопо лит  -

тік тен  алшақ.  Патриотизм  –  бұл  отан ын 

сү йетін  әр  азаматтың  өзін-өзі  осы  жол       да 

паш  етуі  жөніндегі  әлеуметтік  мі     нез-құл-

қы,  Ресей  суверинитеті  мен  бір тұ тас   ты ғын 

сақтауы  үшін  қызмет  етуі,  елінің  ұлт  тық 

қамсыздығын,  бір  қалыпта  дамуын  қа да ға-

ла уы, әр адамның, әлеуметтік топ тар дың, қа-

уы мның әр саласындағы ортасында жү  рген 

ха лықтың өз мүддесінен отанның мүд десін 

жо ғары қоюы. 



77

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ

«Қазақстандық патриотизм – әрбір азамат-

тың өз отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, 

бо лашағына  деген  жауапкершілігін  сезіну. 

Бар лық отандастар ды ұлты мен конфессия-

сы на  қарамастан  жете  құрметтеу,  олардың 

сал тын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін құр-

мет теу,  мемлекет  рәміздеріне,  мемлекеттік 

тіл ге құрметпен қарау. Туған жерге деген ма-

хаб баты, Қазақстанды барлық азаматтардың 

бі рыңғай отаны ретінде түсінуі».

Патриоттық тәрбие конституциялық жә-

не құқықтық нормаларды, патриоттық идея-

ларды насихаттау, туған елге, салт-дәстүрге, 

тіл ге деген құрметті, Отан алдындағы парыз, 

сү йіспеншілік,  адалдық,  мақтаныш  сезімін 

қа лыптастыру,  мемлекетіміздің  тәуелсіздігі 

мен бірлігін сақтауға, Отанды қорғауға дай-

ын тұру [1]. 

Мектеп  оқушыларынан  бастап,  сту-

дент тер  мен  жастарды  патриоттыққа,  пат -

риоттық  құндылыққа  тәрбиелеу  бүгінгі 

таң да  кезек  күттірмейтін  мәселелердің  бі-

рі  екені  ешқандай  дәлелдеуді  қажет  ет пей-

ді. Жастардың патриоттық сезімін оя та тын, 

оларға  патриоттық  рух  беретін,  адам гер ші-

лік ке,  ізгіліктілікке  тәрбиелейтін,  олардың 

бо йында адами қасиеттерін қалыптастыруға 

не гіз  болатын  қазақ  халқында  тарихи  тұл-

ға лар  жеткілікті.  Зиялы  қауым  өкілдері 

мен  педагогтар,  болашақ  педагогтар  тари-

хи тұмарға айналған тұлғалардың ерліктері 

мен батырлықтарын, қайсарлықтарын, Отан 

сү йгіштік  қасиеттерін  дәріптеп,  жастарға 

үл гі, өнеге ретінде айтып, оны олардың бо-

йына  сіңіруге  ат  салысуы  тиіс.  Қазақ  хал-

қы ның  патриоты  дегенде  ойға  оралатын 

ал ғашқы  тұлғалар  Бауыржан  Момышұлы 

мен  Қ.Қайсенов  екені  белгілі.  Бауыржан 

Момышұлының  «тұла  бойы  тұнған  пат-

риоти зм»  деп  нық  сеніммен  айта  аламыз. 

Ұлы Отан соғысы кезінде ерен ерлігімен ел 

қор ғаған балардың тізімін жалғастыра беру 

бо лады.  Сондай  ұлы  тұлғалардың  бірі  – 

Ратушаға ту тіккен қазақ батыры – Кенжебай 

Мәденов. 

Бауыржан  Момышұлы  –  әділеттіліктің, 

шын дықтың, адамгершіліктің, Отанға деген 

сүйіспеншіліктің, асқан ақылдылық пен да-

налықтың, ер азаматқа тән батырлықтың сим-

волы іспетті. Ал, Бауыржан Момышұлы шы-

ғар малары тұнып тұрған патриоттық тәрбие, 

әр бір айтқан сөзі, жазып қалдырған әңгіме, 

жыр дастандары мен шығармалары жастар-

ды  патриоттық  құндылыққа  тәрбиелейді. 

Мұ ның  дәлелі  ретінде  бұл  жөнінде  қалам 

тар тқан  жазушылар  мен  ақындардың,  зерт-

теу ші ғалымдардың еңбектерін атауға бола-

ды. Біз зерттеу жүргізген жазушылар мен ға-

лым дарыдың еңбектеріндегі батыр бабамыз 

Бауыржан Момышұлының ұрпаққа мұра етіп 

қал дырған,  жастардың  патриоттық  сезімін 

оя татын  әңгіме-дастандарынан  үзінділер 

кел тірейік.

М.Қалдыбаевтың  «Ұмтылмас  кездесу-

лер»  атты  шығармасында:  «Командир  бо-

лу  деген  сөз  –  ұстаз,  тәрбиеші  болу  деген 

сөз. Әскери іс оқытумен, тәрбиелеумен жү-

зе ге  асады»  деген  Бауыржан  Момышұлы 

сұрапыл соғыстың ең ауыр, ең күрделі кезеңі 

ту ралы  жазылған  «Москва  үшін  шайқас» 

ро манында  оқиғаны  жалаң  баяндамайды, 

әр  жауынгердің  көңіл-күйін  түсінеді,  әр 

жауынгердің  ұстазы,  тәрбиешісі  бола  біл-

ген дігін  көрсетеді.  дұшпандарды  артымыз-

дан  ертіп  Москваға  не  бетімізбен  барамыз, 

жі гіттер  сүйегіміз  осы  жерде  қалсын,  бір 

адым кейін шегінуге жол жоқ», – деп солдат 

кеу десіндегі  патриоттық  сезімді  оятады  [2; 

147].

Бауыржан  Момышұлының  асқан  ба тыр-



лығы  мен  батылдылығын  оның  әрбір  шы-

ғар масынан байқауға болады. Соның ішінде, 

оның күнделігінде жазылған: «Дарвин май-

мылдан  жаралған,  ал  мен  Көк  Бөріден  жа-

рал ғам!» деген сөздерінен де байқауға бола-

ды. 


Б.Момышұлының кейбір ұшқары мінез де-

рі аңызға айналып, ол туралы қаншама аңыз-

әң гімелер,  анекдоттар  таралып  жатқанмен, 

ол  –  жөн-жосығын  білетін,  қазақтың  аңыз-

әң гімелерін,  ертегілерін  білетін  өте  сауат-

ты  адам  болған.  Ол  туралы  келіні  Зейнеп 

Ахметованың «Шуақты күндер» атты естелік 

кі табында [3] өте жақсы баяндалған. Атасы-



78

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

мен  бірге  тұрған  жылдардағы  қызықты, 

ба қытты  сәттерін,  қиыншылықтарын  бей-

не  леген.  «Халық  қаһарманы»  Бауыржан 

Момышұлының  не  нәрсеге  де  бей-жай  қа-

ра  мағанын,  адалдығымен,  әділдігімен,  ту-

ра шылдығымен өзін биік ұстағанын, еңсесі 

би ік  болғанын  байқауға  болады.  Ол  қажет 

же рінде  пікірін,  ақылын  айтып  отырған. 

Осы ған  кітаптан  мысал  келтіре  кетсек,  ке-

лі нінен  садақаның  дастарханына  шараптар 

қо йылғанын  естігенде  Б.Момышұлы  былай 

деген  екен:  «...Өлім  –  жаратылыстың  бұл-

тар тпай  бұғаулайтын  тұзағы.  Біреуге  ерте, 

бі реуге кеш келеді. Уақыт шіркін мидың ине 

кө зіндей тесігінен құм сағаттай сырғып өте 

шы ғады. Смерть – это приговор природы, не 

под лежащий обжалованию! Сонық анық біле 

жү ріп өмір сүру адамзаттың ұлылығы. Қалай 

де сең де өлімнің аты ызғарлы, тіпті асарын 

асап,  жасарын  жасап,  немере,  шөбере,  туа-

жат сүйіп өлсе де, тіршіліктен адам қайтады. 

Қу рай сынды дей алмайсың. Суық қара жер-

ге, қараңғы көрге мәңгі жалғыздыққа аттана-

ды. Айналасындағыларды дір еткізіп, бір сәт 

алды-артына көз жіберуге мәжбүр етеді. Ті-

рілер тірлігіне іштей тәубә етіп, жарық дү-

ни енің қадіріне жетуге тырысады. Міне, не 

үшін  құрметтеу  керек  өлімді!  Марқұмды 

ақ жауып, арулап көмген соң артын күтеді. 

Қайт қан адамның үйіне жетісі, қырқы, жылы, 

асы деп туған-туысқан, жекжат-жұрағат, жан 

аш ыр  жолдас-жоралары  жиналады.  Жақсы 

қа сиеттерін еске түсіріп, өнегелі істерін үлгі 

ете ді. Міне, өлімнің артын күту деген осы, 

бі рақ бөтелкені мөлтілдетіп тізіп, ән салып 

ата-бабам өлім жөнелтпеген», – деп, өнегелі 

өс иет айтып кеткен [4; 99]. Алмас қылыштай 

жар қылдаған  Б.Момышұлы  не  нәрсеге  де 

орын ды пікір айта білген. 

Шындықты бәрінен жоғары қоятын, өті-

рік ке жаны қас Бауыржанның аталы сөздері 

ұр пақтан-ұрпаққа жетері хақ. 

«Халқымыздың  қарапайым  бір  ұлымын, 

жа нымды  арым  үшін  құрбан  еткен»  деген 

Б.Момышұлы арын бәрінен жоғары қой ған, 

оның  Ұлы  Отан  соғысында  қа жыр лы лы ғы-

мен, жігерлілігімен аты аңызға айналады [1; 

53].

Ал, патриотизмге алғашқы қадамды әде-



би  мұ ралардағы  іздестіруде,  әсіресе  со ғыс 

жылдарындағы  әдебиеттен,  соның  іш ін-

де  Бауыржаннан  кең  кездестіруге  болады. 

Бауыржанның  күнделігінде  «Дарвин  май-

мылдан  жаралған,  ал  мен  Көк  Бөріден  жа-

ра л ғам!»  деп  жазылған  екен.  Шынында  да, 

ұлты мыздың намысын жыртқан жігерлі жі-

гіттерді Бауыржанның Көк Бөрісі неге қол-

да масын! Қолдайды ғой...

Қазақстан 

майдангер 

жазушылары    

Б.Мо мыш  ұлы, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов шы-

ғармаларының («Москва үшін күрес», «Со-

ғыс психологиясы», «Партизан қызы», «Жау 

ты лында» және т.б.) патриоттық мүдде мүм-

кіндіктерін негіз етіп, сүйеніп, аталған ол қы-

лық тардың бәрі ескерілген. 

Б.Момышұлы  шығармаларын  талдау-

да  халықтық  принцип  негізінде  алынады. 

Оның  ерлік,  батырлық  тұлғасының  қа-

лыптасып,  дамуына  ықпал  еткен  фак тор-

ларға  көңіл  бөлінеді.  Кейінгі  ұрпаққа  са-

бақ, заң ретінде мұра етіп негізінде саралап 

көрсеткен  адамияттық  өреге  жеткізер  ха-

лық  тәжірибесі,  елдің  тарихи  тағдыры,  мә-

дениеті,  игі  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы  озық-

тық  мазмұндағы  ырым-жоралғылары,  әде-

би  арналары,  ұлттық  спорттық  ойындары, 

қа рым-қатынас  барысынды  ілгері  дамытар 

қо ғамдық,  философиялық  мінез-құлық  та-

ным дары,  өзінің  осылар  жайлы  айтқан 

ақыл-кеңестері  мен  өсиеті  мазмұндалады. 

Жа зушының  жастарды  ұлттық  дәстүр  не-

гі зінде  тәрбиелеуге  байланысты  айтқан  пі-

кір лері  өзінің  қажеттілігін  бүгінгі  күнде 

дә лелдеп  отыр.  Тақырыптың  жүйелі  зерт-

те луі  оқушының  Отанға,  туған  жерге,  елге 

де ген  сүйіспеншілігін  арттырады,  олардың 

тағ дыры,  болашағы,  шамасы  өзіне  бай ла-

нысты  екенін  мойындатады,  әскери  да яр-

лықтан міндетті түрде өту қажеттігін ес кер-

теді,  туысқан  халықтар  арасында  ежелден 

қалыптасқан достық қарым-қатынасты ба ға-

лап, сақтауға үйретеді.

1943  жылы  8  қаңтарында  18  жасқа  тол-

мас тан кенже ұлы Кенжебай Мәденов те өз 

ер кінімен Қызыл Армия қатарына аттанады. 

Ол кіші командирлер даярлайтын курсты бі-

ті ріп, 1943 жылдың қараша айында 3-Укра-



79

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ

ин  майданының  57-гвардиялық  атқыштар 

ди визиясына  қарасты  170-гвардиялық  ат-

қыш  тар  полкінің  құрамында  станковтік-

пу  лемет  бөлімшесінің  командирі  болып 

Кри вой-Рог  шайқасына  қатысты.  5-екпінді 

ар мия  офицерлік  жаяу  әскерлік  курсты 

аяқ  таған  соң,  «кіші  лейтенант»  офицерлік 

ата  ғын  алып,  1944  жылы  қарашадан  бас-

тап,  1-Белоруссия  майданның  5-екпінді 

әс  кері 

266-атқыштар 

дивизиясының, 

10      08-ат қыштар  полкі,  2-батальон  ротаның 

5-ат қыштар взводына басшылық етті. Оң жа-

ға лық  Украинаны  (Днепр  өзені),  Молдавия 

ау мағын (Яссо-Кишеневтік операция), Поль-

ша ны, оның астанасы Варшаваны, Германи-

я ны (Висла-Одерлік операция) азат ету бой-

ын ша  әскери  шабуылдарына  және  Берлин 

ша буылына (Берлиндік операция) қатысты.

Қаратөбеден  Берлинге  жетіп,  «Империя 

ке ң сесі»  деп  аталатын  Рейхстагтан  кейінгі 

ор дасы Ратушаға бірінші болып өз взводы-

мен кіруі, оны жаудан тазартудағы белсенді 

ер  лік істері үшін арнайы таңдалып, жеңіс ту-

ын тігуі – ерен тұлғаның даңқты ерлігі [5].

Кенжебай  Мәденовтің  ерлігі  туралы  Бас 

қол басшы,  маршал  Г.К.  Жуковтың  «Есте 

қал ғандар  мен  ойға  оралғандар»  кітабынан 

бас тап, көптеген әскери басшылар, жазушы-

лар, журналистер жазды.

Жастарды отансүйгіштікке, қазақстандық 

пат риотизмге 

тәрбиелеуде 

Бауыржан 

Момышұлы, Кенжебай Мәденов сынды ба-

ба ларымыздың  ерлік  дәстүрі  өнеге  болаты-

ны  сөзсіз.  Біз  ата-бабаларымыздың  өнегелі 

ер лігін үнемі жадымызда ұстап, кейінгі ұр-

пақ тарға  үлгі  еткен  жағдайда  ғана  өз  От-

анын шексіз сүйіп, қорғау үшін жанын сала-

тын азаматтарды тәрбиелейміз. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1  Иманбаева  С.Т.  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік  даму  жағдайында  мектеп 

оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері//п.ғ.д. ғылыми 

дәрежесін алуға дайындалған дисс. Автореф. – Қарағанды, 2007.

2 Қалдыбаев М. Ұмытылмас кездесулер. Алматы: Қазақстан, 1989. -176 б.

3 Ахметова З. Шуақты күндер. Алматы: «Жалын», 1982

4 Аманұлы Ә. Қазаққа патриотизм керек пе? // Қазақ әдебиеті. – 2000. - №35. – 1 қыркүйек.

5 Маденов М.К., Маденова Р.К., Джанзакова Ш.И. «Ратушаға ту тіккен қазақ батыры». – 

Атырау, «Ақ Жайық», 2015. 

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы   

істің бірі

К.Д. Ушинский.


80

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 372.857



А.С. Махашева

жаратылыстану ғылымдарының магистрі, ізденуші

Қырғызстан ел аралық университеті, PhD докторанты

К.М. Каратаева

№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің биология пәнінің мұғалімі.

Ақтөбе қ.

БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Мақалада биология пәнін оқыту барысында оқушыларды ұлттық тәрбиені қалыптастыру-

ды қарастырған. Биология пәнін оқу кезінде оқушылар біліммен, шеберлік пен дағдыларға, 

олардың өзіндік таным деңгейін көтеретін қабілеттерге ие болады. Оқушылардың био ло-

гиялық білімді және оқулықты игеруі – олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру, атеистік 

ой-пікірін, гигиеналық, жыныстық, экологиялық, еңбек, және адамгершілік жағына тәр бие-

леу міндетті шарт болып табылады.

Түйін сөздер: биология, ұлттық тәлім-тәрбие, ұлттық мәселе, экологиялық мәдениет, 

биосфера, ұлттық салт-дәстүр.

В статье рассматривается формирование национальных воспитании школьников при об-

учении биологии. В процессе усвоения биологии учащиеся овладевают учебными знания-

ми, умениями и навыками, что способствует повышению уровня их познавательной само-

стоятельности. Усвоение учащимися системы биологических знаний и овладение учебными 

умениями - необходимое условие формирования их мировоззрения, атеистических взгля-

дов, гигиенического, полового, экологического, трудового и нравственного воспитания.

Ключевые слова: биология, национальные воспитание, национальная проблема, эколо-

гическая культура, биосфера, национальная традиция. 

The article deals with the formation of national education of pupils at biology training. In the 

process of assimilation of biology students master academic knowledge, abilities and skills, thereby 

increasing their level of cognitive independence. Assimilation students of biological knowledge 

and  mastery  of  academic  skills  -  a  necessary  condition  for  the  formation  of  their  worldview, 

atheism, hygiene, sexuality, environmental, labor and moral education.



Keywords:  biology,  national  education,  national  problem,  ecological  culture,  Biosphere,  a 

national tradition.

Бүгінгі  таңда  жас  ұрпақты  өз  халқының 

та рихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, 

адам заттық мәдениетті, адами қасиетті мол 

те рең  түсінетін  шығармашылық  тұлға  етіп 

тәр биелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан  Республикасының  «Білім  ту-

ралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  бас-

ты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адам зат -

тық  құндылықтар,  ғылым  мен  практи ка 

жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қа лып-

тастыруға,  дамытуға  және  кәсіптік  шың-

дауға  бағытталған  сапалы  білім  үшін  қа-

жет  ті  жағдайлар  жасау;  жеке  адамның 

шы  ғармашылық,  рухани  және  күш-қуат 

мүм   кіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  пен 

са   лауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін 

қа   лыптастыру,  даралықты  дамыту  үшін 

жағ  дай  жасау  арқылы  ой-өрісін  байыту» 


81

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

деп атап көрсетілген. Заңда қарастырып өт-

кен  мәселелерді  ұлттық  тәрбие  беру  ар қы-

лы  жүзеге  асырылады.  Ұлттық  тәрбие  деп, 

жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мі нез-

құлқының  ана  тілін,  ата  тарихын,  төл  мә-

дениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді мең-

геруі  негізінде  қалыптасуын  айтамыз.  Өзі-

міз ді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық 

бай лығымызды игеру, ұлттық санамызды да-

мы ту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту 

про цесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұр-

ған асыл мұралық рухани байлығынан бо ла-

шақ та ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, 

от басында да, мектепте де ұлтжандылық пен 

отаншылдыққа  баулып,  өз  халқын,  өз  мем-

ле кетін  көздің  қарашығындай  қорғайтын 

тұл ғаларды  тәрбиелеп  шығару.  Өз  ұлтын 

қа дірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген аза-

мат тың  бірі  Ж.Аймауытов:  «Мен  халыққа 



кін дігіммен  байланып  қалғанмын.  Оны  үзе 

ал маймын. Үзу қолымнан келмейді» – дейді. 

Сырым  Датұлы:  «Мен  ағайынды  екеумін: 



бірі-өзім, екіншісі – халқым» – дейді.

Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, ма те-

риа лдық, мәдени құндылықтардың алмасуы 

оқы ту процесі арқылы жүзеге асырылады. 

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы да-

мы та отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда 

тө мендегі құндылықтардың болуы қажет:

-  белсенді  қарым-қатынас:  оқушы  мен 

мұ ғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын 

біл діріп отыруы;

- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқу шы-

ның ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы 

жа уапкершілігінің болуы;

- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен ба ға-

лау ды, шешім қабылдауды үйрену және оны 

да  мыту;

-  шыдамдылық:  әр  түрлі  пікірлерді  қа-

был дай  алу,  бір-бірінің  пікірлері  мен  ерек-

ше ліктерін құрметтеу, қабылдау.

Олай  болса,  оқушылардың  ұлттық  құн-

ды лық  қасиеттерін  қалыптастыру  негізінің 

бір ден-бірі мектепшілік жүргізілетін пән дік 

іс-шаралар.  Адамның  бойына  жақсы  адам-

гершілік  қасиеттерінің  қалыптасуы,  өнер-

бі лімді игеруі – тәрбиеге, өскен ортаға, үл-

гі-өнеге  берер  ұстазға  байланысты.  Осыны 

жақ  сы  түсінген  халқымыз  «Тәрбие  басы  – 

тал  бесік»  деп  ұлағатты  ұстаздың  еңбегін 

тек  ке кетпейтіндей өсиет еткен.

Ата-ананы, үлкенді сыйлау, үлкеннің сөзін 

тың дау  –  қай  уақытта  да  қазақ  тәрбиесінің 

бас ты  ерекшелігі  еді.  Жас  жеткіншектерге 

ұлт тық  тәрбие  беру  барысында  «Ұстазы 

жақ  сының – ұстанымы жақсы», «Тәрбиесін 

тап са адам болар, оқуын тапса білім қонар» 

де ген  нақыл  сөзді  үнемі  есте  ұстаған  жөн. 

Қа лай болғанда да ұлттық тәрбие мен ұлттық 

идео логия  бірінші  сатыда  тұруы  тиіс.  Бұл, 

әсі ресе,  болашақ  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде 

бас ты ұстаным болуы тиіс. Қазақ халқының 

та рихы  дәстүрге  өте  бай.  Отбасы  үшін 

ежел ден  тән  қасиетті  балажандық,  бала-

лар ды  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу,  үл кен ді 

құрметтеу,  туысқандық  байланыс,  көр ші-

лермен  және  ұлты  басқа  халықтармен  дос-

тық,  ізгілік  қатынастар  –  осының  бәрі  қа-

зақ  халқының  тұрмыс  қалпына  байланыс-

ты  болған.  Қазақ  қыз-келіншектері  мен  ер 

азаматтарының  бойында  өзге  халық  өкіл-

дерінен бөлек дара қазақы болмысы жар қы-

рай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Осын-

дай ұлттық тәлім-тәрбие туралы мектептегі 

са бақтарда пәнге, тақырыпқа сай қолдануға 

бо лады.  Мәселен,  биология  пәнінде  тәлім-

тәр биеге  бағыттай  отырып,  оқушыларды 

бі ліммен қатар, тәрбиесін қалыптастыру не-

гіз ге алынады. 

Мектептің негізгі сатысында биологиядан 

білім берудің негізгі мақсаты - тіршілікті ең 

жо ғары құндылық деп түсінетін, экологиялық 

жә не эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, 

эко логиялық  мәдениеті,  дүниенің  ғылым 

бей несіндегі  тірі  табиғаттың,  тіршіліктің 

ор ны мен мәнін сауатты бағдарлайтын, био-

логияның  ғылыми  танымдық  әдіс,  тә сіл-

дерін,  іргелі  ұғымдар  жүйесін  қажетті  дең-

гейде  меңгерген  және  биологиялық  бі лімін 

экожүйелер  мен  тірі  ағзалардың  көп түр-

лілігін сақтап, қорғауға, өндірістік енбек үр-

дістерін экологияландыруға, салауатты өмір 

сүруге тиімді қолдану біліктері бар, био ло-

гия лық  сауатты  тұлға  дайын  болуы  керек. 

Био логиялық және ландшафтық орасан мол 



82

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

алуан түрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім 

тап қан  бұл  жерлер  рухани  және  дене  күш-

қуа тының қайнар көзі ретінде адамға қызмет 

етеді. Елімізде көптеген ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтар анықталған, солардың бірі: 

Мем лекеттік ұлттық қорықтар, Мемлекеттік 

ұлт тық табиғи саябақтар, Мемлекеттік та би-

ғи резерваттар, және т.б.

Биология пәнін оқыту барысында ұлттық 

тә лім-тәрбиені  қалыптастыру  төмендегідей 

си патта келтірілген. Бұл биология пәнін ұлт-

тық  тәрбиемен  байланыстырылған  маз мұн-

ды үлгі ретінде қолдануға болады.

Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы та-

биғат-анаға  қарыздар.  Сондықтан  да,  та би-

ғат  қа  немқұрайлы  қарау,  онымен  санаспау 

–  ана  сүтін  ақтамағанмен  пара-пар.  Адам 

ба  ласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен 

бір ге, ең ұлы қамқоршысы да екенін еш қа-

шан  естен  шығармауымыз  керек.  Адам ның 

қоршаған  ортамен  тығыз  байланысы,  ауа-

ның,  судың,  топырақтың  ластануы,  та би -

ғат  ресурстарының  азаюы,  биосфера  те пе-

теңдігінің бұзылуы, өсімдік, жануар түр ле рі-

нің азаюы т.б. адам денсаулығына, өмір сү ру 

жағдайына кері әсерін тигізуде. Сон дық тан 

жас ұрпақтың биология пәнінен алатын  қа-

жет тігі өте зор. 

Әр халықтың өмір бойы жиналып қа лып-

тас  қан, өзіне тән салт-сана, дәстүрлері бола-

ды.  Бұл  салт-сана  сол  халықтың  дүниеге, 

өмір ге көзқарасы мен рухани күйінен туған. 

Сон  дықтан да ол халықтың жан дүниесінің 

ай  насы,  ұрпақтарының  қадір  тұтар  мұрасы 

бо  лып сақталады.

Қазақ  халқының  ұлттық  әдет-ғұрыптары 

өте көп. Соның бірі – туған жер табиғатына 

де  ген көзқарасын, оны түсініп, ұғынуын, ая-

ла  уы мен орнын тауып пайдалануын, адам-

зат игілігіне жаратуын сөз етпекпіз. Соның 

іш ін  де  ежелден  келе  жатқан,  бүгінде  ұмыт 

бо  ла  бастаған  табиғатқа  сену  мен  сиынуға 

бай ланысты  әдет-ғұрыптарға  тоқталамыз. 

Қа зақ  халқы  ғасырлар  бойы  табиғат  құ ша-

ғында  көшіп-қонып  жүріп,  оның  сырын 

жақсы  білуге  дағдыланған.  Осының  ар-

қасында  халқымыз  табиғатпен  етене  бір тұ-

тас болып кеткен. Халық ұғымында табиғат 

де   ген қасиетті сөз «туған жер», «өскен ел», 

«атамекен»,  «аяулы  өлке»,  «ауылым»  де ген 

тұла  бойға  нәр  беріп,  жүректі  шы мыр ла-

татын  аса  қымбат  сөздермен  қатар  тұ рады. 

Мынау  жарық  дүниедегі  әсем  өсім діктер 

мен  қыруар  қызықтар,  рухани  рахаттар, 

таңғажайып тамашалар Жер-Ана ның жү зін-

де  өтіп  жатады.  Қасиетті  Жер-Ана  –  алып 

Күн ді  айналып  жүретін  7  ға лам шар дың  ең 

құдіреттісі.  Өйткені  өрнекті  жер  жү зін де 

тыныстайтын  ауа,  сусындайтын  су,  сәу лет-

тен діретін  сәуле,  қайнаған  өмір  бар.  Жер  – 

Ана  бүкіл  адамзатқа  ортақ  мерекелі  ме кен. 

Бүкіләлемдік тіршіліктің құдіретті төрт не гі-

зі бар: күн-ана, жер-ана, ауа мен су. Егер осы 

төрт  негіздің  біреуі  болмаса,  тір ші лік  тоқ-

тай ды. Сондықтан адамзат оларды ар дақ тап, 

қас терлейді.

Күн – барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. 

Ер  теде адамзат Күнді жаратқанның жарату-

шы  сы деп, табынып, барлық тіршілікте Күн-

нің  құдіретіне  сүйенген.  Шын  мәнінде  мы-

нау жарық дүниенің өзі күннің сәулесі мен 

жы  лылығынан қуат алып тұр. Сондықтан да 

күн тұрған аспан әлемін қастерлеп, «аспанға 

қа  рап түкірме», «аспанға тас лақтырма» деп, 

ыр ым-тыйым жасайды. Күннің нұры – сәу-

ле сі, құдіретті күші – Әлемдегі барлық тір-

ші лік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам 

өмі рін  өркендетіп  тұр.  Отты  халық  қас тер-

леп «отты баспа», «отпен ойнама», «отқа тү-

кір  ме» деп, тыйым жасап, кесірді отпен ал-

ас   тап, отқа табынған. 

Жер бетіндені өмір сүрудің негізгі бір ті-

ре гі – су, өсімдік, жануар, адамзат сусыз өмір 

сү  ре алмайды. Судың шығып жатқан жерін 

«әу  лие бұлақ», «әулие көл» дейді. «Судың да 

сұ  рауы бар» деп, суды ысырап жасамау керек 

еке  нін  ата-анамыз  өз  ұрпақтарына  ескертіп 

оты  рады. «Сулы жер-нулы жер», «Өзен бар 

жер  де өмір бар», «Бұлақ көрсең, көзін аш», 

«Су  дай таза, сүттей ақ бол» деп, халық өмір 

мен тұрмыстың жақсы болуы суға байланыс-

ты екенін, сондықтан бұлақтың көзін ашып, 

то ған  тазалап,  судың  ағысына  арна  жасай 

білуді  уағыздайды.  «Суды  улама»  деп,  су-


83

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК

дың  тазалығын  сақтауды  талап  етеді.  Суды 

дұ рыс пайдалана білмегендіктен, Арал те ңі-

зінің  тартылуы,  өзен-көлдердің  улануы  ха-

лық ты  күйзелтуде.  Өзен-көлдерден  құстар 

мен аңдардың кете бастауы – қасірет. Ел ең-

бек теніп, ұрпақтарын табиғат апатына қарсы 

кү реске тәрбиелейді.

Жер бетіндегі өмір ырғағын жасап тұрған 

құдіретті нәрсе – ауа. «Ауа – өмір тынысы» 

дей ді халық. «Асқар таудың ауасы- аурудың 

да уасы»,  «Ауаны  былғама,  алланың  демі» 

деп, халық кең ауаны, таза самалды қасиет 

тұт қан.  Ең  қымбатты,  қажетті  нәрсені  «ау-

адай  қажет»  деп,  халық  ауаны  қымбаттың 

қым баты деп бағалайды. «Ауаны қылышпен 

ес пе» деп тыйым салады. Демек, тіршіліктің 

төрт  тірегін  қастерлеу  –  халық  салты,  өмір 

за ңы.

Қазақта «Ер туған жерінде, ит тойған же-



рінде» деген мақал бар. Әрбір адамның ту-

ған  жері  –  бәрінен  де  қымбат.  Өйткені  сол 

жер дің топырағында өсіп, ауасымен тыныс-

тады, табиғатымен біте қайнасып, адам бо-

лып қалыптасты. Сондықтан да әр адам ту-

ған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қас тер-

лей ді.

«Бұлақ  көрсең,  көзін  аш»,  «Жол  үстінде 



тас  жатса,  алып  таста»,  «Гүлді  жұлма», 

«Ағаш ты  жастай  қырықпа»,  «Шыңнан  тас 

до малатпа»,  «Құмырсқаның  илеуін  бұзба», 

«Су дың да сұрауы бар», «Суды ысырап қыл-

ма»,  «Аққуды  атпа»,  «Құс  ұясын  бұзба», 

«Ар тыңда мал қалғанша, тал қалсын» т.б. ты-

йым дар мен мақалдар табиғатқа байланысты 

әдет-ғұрыптар  мен  салт-дәстүрлердің  ерте-

ден қалыптасқанын көрсетеді. Ата-бабамыз 

ұр пақтарына табиғатты аялауды әрқашан да 

әдеп пен аңғартып отырған.

Табиғатты аялап, оның қызықтарын көре 

біл ген  халқымыз  табиғат  заңдылықтары 

мен  оның  сиқырлы  сырларын  да  жақсы 

біл ген.  «Ай  қораланса,  аяғыңды  сайла, 

күн  қораланса,  күрегіңді  сайла»  деп,  күн 

райының  құбылуын  ай  бетіне,  күн  жү зі не, 

жұлдыздарға  қарап  болжаған.  Ай  шал қа-

йып  туса,  «өзіне  жайлы,  шаруаға  жайсыз» 

деп,  ол  айда  жауын-шашын,  жел,  құ был-

малы  ауа-райы  болатынын  алдын  ала  бі-

ліп,  күнделікті  тұрмыста  қолдана  білген. 

Тіп  ті  «Түнде  жұлдыз  жиі  көрінсе,  күндіз 

ашық  болады»,  «Жатқанға  дейін  үркер 

жам  басқа  келсе,  жаз  шықпағанда  несі  қал-

ды»  деп,  көктемнің  келуіне  байланысты 

ауа-райының  құбылыстарын  күні  бұрын 

бол жап,  жыл  мезгілдерінің  кезеңдерін  ай-

қындап,  жақсылыққа  жадырап,  әсем  та би-

ғатты  әдеппен  қорғаған.  Халық  арасын да 

туған  жер  туралы  әндер  мен  күйлер  өнер 

адамдарының,  өнерпаз  халқымыздың  ту ған 

жерді  ардақтай  сүйетінін  дәлелдейді.  Құр-

ман ғазы атамыздың «Сарыарқа», «Алатау», 

Тәт тімбет атамыздың «Саржайлау» күйлері 

кең  даламыздың  тамаша  табиғатын  көз  ал-

ды мызға келтіреді.

Айналадағы орта және адам арасындағы 

бай  ланыс  жайындағы  білім  пәнаралық  жә-

не пән тұрғысында қарастырылуы керек, яғ-

ни экологиялық, биологиялық арнайы же ке 

пән  деп  қарамай,  барлық  оқу  жоспарын да 

пәндерді  айналадағы  ортаны  қорғау  идея-

сына  бағындыру  деп  ұққан  жөн.  Сонда 

оқушылардың  айналадағы  табиғи  орта  ту-

ралы  біртұтас  түсінік  алуына  болашақ  ма-

мандардың  айналадағы  табиғи  ортаға  ти гі-

зе тін  нәтижелі  тәсілдер ықпалы  мен  әсерін 

ба ғалай білуіне мүмкіндік туады.

Табиғат  құбылыстарының,  қоғамдық-

әлеу  меттік  өмірдің  мәнін,  заңдылықтарын 

те рең  түсінудегі  өздігінен  өзінің  білім  дағ-

дылары мен іскерлігін жетілдірудегі оқу шы-

ның әрбір қадамы оның дүниетанымын ке-

ңей те түседі.

Аға ұрпақтың еңбегімен жасалатын таби-

ғи  мұраларды  қорғауға  тәрбиелеп  қоймай, 

олар ға бұл игі істі жалғастырушы екендіктері 

ұғын дырылып, оған үлес қосу әрбір адамның 

аза маттың қасиеті екендігі сендіріледі. Туған 

жерді  көркейтуге  әрбір  жас  неғұрлым  ерте 

ара ласса, еңбегі сіңсе, ол соғұрлым қымбат 

тү  седі.  Табиғи  қорларды  молайтуға  арала-

сып,  оның  сырын  жан  дүниесімен  сезінген 

оқу  шы кез келген шыбықты сындырмайды, 

құстарды  зәбірлемейді,  барлық  игілікті  ең -

бекпен  келетінін  біледі.  Оқушылардың  та-


84

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

би ғатты қорғауға тәрбиелегенде оның адам 

ден саулығын  нығайтудағы  материалдық 

жә не  рухани  тәрбиелік  әсері  бөлекше. 

Адам  денсаулығының  қайнар  көзі  таза  су, 

ауа,  күн  нұрының  шипалық  қасиетін,  қоз-

ғалыс,  орманбақтарындағы,  мектеп  уч ас-

кесінде  дене  еңбегі,  практикалық  жұ мыс-

тар  организмді  шыңдаушы  екендігін,  әрі 

табиғатқа  пайдалы  екенін,  табиғат  бай лық-

тарын  қорғауға  керек  екендігін  таныту,  ал 

табиғаттың әсем көріністеріне сүйсіну, қуа-

ну, рахат сезіміне бөленуге және жаңа күш 

бе ріп, денсаулығын нығайтуға көмектесетін 

пән дік тақырыптар. Бұндай мазмұндағы та-

қырыптардың тәрбиелік мәнін аша отырып 

оқыту  –  табиғаттың  адам  организмін  са-

уықтырушы, денсаулығын қамтамассыз ету-

ші ұлы емші екендігін білдіреді.

Биология пәнін оқыту барысында ұлттық 

тәлім-тәрбиені қалыптастыру жолдары ке ле-

сідей:


1)  Ұлттық  табиғи  саябақтарда  табиғат 

қор ғау жұмыстарымен бірге табиғат қор ғау-

ды  насихаттау,  экологиялық  білім  мен  тәр-

бие беру, туризмді үгіттеу жұмыстарын жү-

ргізу үшін, өзі тұратын мекенге байланыс ты 

далалық  саяхаттарды  ұйымдастыруға  бола-

ды. Оқушылар саяхат жасау барысында, өз 

туған жерінде қандай өсімдік өсетінін анық-

тайды. Сонымен қатар, оқушылар туған жер 

та биғатының қазіргі жағдайын көре отырып, 

тал дау жасауға мүмкіндік болады.

2) Биология сабағында еліміздің табиғат 

алаптары сиреп, құрып кетуге айналған жан-

жануарлар  мен  өсімдіктердің  аса  маңызды 

тір шілік  ортасын  сақтауға  тәрбиелеу  үшін 

жа зушылардың еңбектеріндегі үзінділерден 

мы салға келтіруге болады Мәселен, белгілі 

жа зушы,  ғалым  Ақселеу  Сейдімбеков  өз 

шы ғармаларында  халқымыз  бен  табиғат 

ара сындағы үндестікті, бірлікті ерекше атап 

өткен: «Көшпелі өмір салты табиғи гео гра-

фия лық дара бітімдегі биосфераға бірден-бір 

үйлесетін халық. Ата-бабамыз туған же рі не 

кіндік қанын ғана тамызып қоймаған, қа жет 

болса,  жүрек  қанын  да  төге  білген».  Хал-

қымыздың қажырлы да қайсар, батыр да ба-

тыл ұлы Бауыржан Момышұлы атамыз: «Сұ-

лулық  дегеннің  тамыры  табиғаттану  де ген 

нәрседе жатыр. Мысалы гүлді алайық. Сол 

гүл дерге біз сұлу емессің деп айта алмай мыз. 

Ол табиғаттың жасаған сұлулығы. Аңдардың 

ішінде де сұлуы аз емес. Құстарды да алып 

қа рағын. Олардың ішінде де қаншама сұ лу-

лар бар. Сол себепті, қарағым, сұлулық де-

ген  нәрсенің  өзі  табиғаттың  творчествосы. 

Осы күнде ғалымбыз деп жүрген, бірақ та-

би ғатқа қарсылық ету күнә» деп, табиғат сұ-

лу лығын  сезіне  білу  және  аялау  қажеттігін 

ерек ше ескерткен жөн.

3)  Халқымыздың  табиғатқа  деген  сү йіс-

пен шілігі  және  оны  көздің  қарашығындай 

сақ тап  келуі  жайында  қазіргі  жастарға  үл-

гі-өнеге  боларлық  асыл  мұралар  даналық 

ұғым дар  түрінде,  мақал-мәтел,  нақыл  сөз, 

аңыз әңгіме, ырымдар мен тыйымдар тура-

лы  хабардар  ету  арқылы  жеткізуге  болады. 

Жо  ғарыда  биология  пәніндегі  мазмұнды 

ұлт  тық тәлім-тәрбиемен байланыстырылған 

кү йінде сипатталған мысалдарды қолдануға 

бо лады.


Биологияны оқыту барысында оқу шы лар-

ға  ұлттық  тәрбие  беру  білім  мазмұнын  те-

реңдетеді, қоғамдық әлеуметтік өмір мен ғы-

лым-білімді ұштастыра келіп шәкірттің дү-

ниетанымын  кеңейтеді,  өзінше  ой-пікір  тү-

йін деуге үйретеді, қоршаған ораны қорғауға 

икем дейді.

Қорыта  айтқанда,  биология  пәнін  оқы-

ту  барысында  ұлттық  құндылықтар,  мәде-

ниет,  салт-дәстүрлер,  ырымдар  туралы  мә-

лі мет терді  қолдана  отырып,  жастарға  ұлт-

тық  тәлім-тәрбиені  бойына  сіңіре  аламыз. 

Био логия  пәнінде  жастарға  ұлттық  тәрбие 

бе ру  өте  маңызды.  Өйткені,  қоршаған  ор-

та ны  қорғау  –  бұл  ұлттық  міндет.  Ол  тек 

жақ сы  дамыған  индустриялды  мемлекет-

тер де  ғана  емес,  барлық  материктерді  тұ-

щы сулы бассейіндерді, теңіздерді, адамдар 

мен  тірі  организмдерге  қажет  ауа  қа ба тын 

да  қамтиды.  Оқушыларға  мектепте  оқы-

ты латын  биология  пәнінің  өзіндік  ерек ше-

лігі  осында.  Ата-бабамыздан  мұра  бо  лып 

келе  жатқан  нақыл  сөздерді,  мақал-мә тел-

дер ді,  әңгімелерді,  өсиеттерді  биология 

сабағында әр тақырыпқа қатысты сабақ ба-

рысында  қолданса  оқушылардың  ұлттық 

тәлім-тәрбиесін  қалыптастыруда  үлкен  рөл 

атқарады. 



85

МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет