3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Төс I Адамның, жан-жануардың қабырғасын біріктіріп, кеудесін құрайтын мүшесі, көкірек. Төс II



бет30/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Төс I Адамның, жан-жануардың қабырғасын біріктіріп, кеудесін құрайтын мүшесі, көкірек.
Төс II Үстіне темір қойып соғатын ұстаның құралы[ҚТТС, 817 бет].
9.Содан болар, мясокомбинаттың еті асханаға, ресторанға түседі де, дүкендердің сөрелеріне жайылған азын-аулақ ет қала халқына шақ келмейді(43 бет).
Сөре I Үстіне құрт, ірімшік т.б.тағамдары кептіруге арнап, төрт бағана үстіне жайған өре.
Сөре II 1. Киім-кешек, ыдыс-аяқ, кітаптар қойылатын тақта. 2. Адам отырып-жатуға арналған сәкі.
Сөре III Бәйгеден, жарыстан озып, бұрын келген жерді белгілейтін көмбе, мәре[ҚТТС, 741 бет].
10. –Ата, атыңыз ерттеулі ғой, бұлай қолға түсіп қор болғанша атысып өлейін(158 бет).
Қол I Адамның бір нәрсені ұстайтын, жұмыс істейтін дене мүшесі.
Қол II көне Әскер, жасақ, жауынгер.
Қол III Жөн, ыңғай, лайық[ҚТТС, 511-513 бет].

Лексика-грамматикалық омонимдер:
1. Екеуі де бір-біріне тіл қатыспады(11 бет).
Тіл I 1. Жан-жануар мен адамның дәм сезетін, үн шығаратын, адамның сөйлейтін ауыз қуысындағы негізгі мүшесі. 2. Сағаттың уақыт, мөлшерін білдіріп тұратын көрсеткіші.
Тіл II 1. Адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын, пікір алысып, өзара түсінісетін құралы, дыбыстық, сөз құрамы мен грамматикалық тәсіл жүйесі. 2. Айтпақ ойды білдіретін сөз, мәнерлі тіркес.
Тіл III Жіңішке етіп кесу, осып түсу[ҚТТС, 844 бет].
2.Ортадағы жал-құйрығы төгілген қабырғалы биік қара ат оңай ойыса қоймай, жеңіл лықсытып жіберіп тор дөненді күртікке қайта түсіреді(13 бет).
Ат I Мініп, жегіп күшін пайдаланатын көлік.
Ат II Белгілі бір нәрсеге, затқа қойылған атау.
Ат III Қару-жарақтан оқ шығару[ҚТТС, 64-65 бет].
3.Лезде көрпемен басын тұмшалап алып, көзін тарс жұмды(28 бет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет