Жас I Адамның, жан-жануардың т.б. өмір сүру мезгілін белгілейтін жыл саны, жас шамасы. Жас IIЖаңа өсіп келе жатқан жасөспірім. Жас IIIЖылағанда, қатты қуанғанда шығатын көз жасы[ҚТТС, 276 бет].
2.Лаулап тұрған от едің-ау(8 бет).
От I 1. Қызуы аса күшті алаулаған жалын. 2.Ауысп.Күш-қуат, қажыр-қайрат, жігер. От IIМалға азық боларлық шөп[ҚТТС, 642-643 бет].
3.Табиғат қол диірменге лайықтап бергендей доғал біткен қамыт аяғын бауырына ып-ықшам жинап алады да, арпа мен бидайды диірменнің үңгісіне толтыра салып, жарма ғып түсіре береді(25 бет).
Бауыр I 1. Адам мен жан-жануарлардың қан тарату, зат алмасу, ас қорыту қызметтеріне қатысушы ішкі мүше. 2. Таулы, жоталы биік жерлердің ой жағы, етегі, алқымы. Бауыр IIБірге туған қандас, туыс, ағайын[ҚТТС, 116-117 бет].
4.Жәлелмен отасқалы жастық қызығын бірге өткізген өзінің отауы салқын тартып, бөтен адамның үйіндей сезіледі(30 бет).
Жастық IІшіне құс мамығын салған, бас астына салу үшін жасалған үй бұйымы. Жастық IIЖас шақ, балғын кез[ҚТТС, 278 бет].
5. –Түһ, жарықтық-ай, өзі де аппақ қардай болған екен. Бауыздарының өзі май ғой тұрған, - деп арық қолымен бір-екі шымшып қалды(40 бет).
Арық I Суландыру жүйесіндегі шағын су жолы. Арық II Еті қашқан, жүдеу[ҚТТС, 59 бет].
6.Тек қар кетіп, жер аяғы, кеңігенше, біраз елге барып, сергіп қайтсам деймін(51 бет).
Қар IҚыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын-шашын. Қар IIЖағымсыз мінезді, суық жүрісті әйел[ҚТТС, 477 бет].
7.Одан бір-екі қап қара бидайдың ұнын айырбастап әкелген, ол да болса сеп(103 бет).
Сеп I Күш, жәрдем, көмек. Сеп IIАйдалған жерге ұрық шашу, дән себу[ҚТТС, 726 бет].
8.Әкесі сандықты алып жатқанда, Халел төс қалтасындағы бір уыс он сомдықтарды стол үстіне тастаған(139 бет).