1) Толық омонимдер деп бір сөз табына тән және бірдей түрленетін, дыбысталуы бірдей сөздер айтылады
2) Жартылай омонимдер деп дыбысталуы бірдей болғанымен, әр түрлі сөз табына қатысты болып, түрленгенде әрқайсысы өзгеше формаға ие болатын сөздер айтылады.
3) Аралас омонимдер деп кемінде үш сөздің дыбысталуы бірдей, болып, өзара толық және жартылай омонимдер түрінде келетін сөздерді айтады
Тілші – ғалым Әдішева Айман Өмірзаққызы 2002 жылы қорғаған “Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің әдеби – диалектілік варианттары (этнолингвистикалық зерттеу)” атты кандидаттық диссертациясында гомогенді омонимдерді зерттей отырып, танып – білудің әдіс – тәсілдерін ұсынады. Олар: 1) визуальді таным; 2) этимологиялық таным; 3) логикалық таным; 4) этнолингвистикалық таным.
1. Визуальді (көрнекілік) таным. Гомогенді омонимдердің мағыналық қатарына жататын ұғым – түсініктердің материалдық негізін құраушы заттар мен құбылыстар арасында көзге көрінетін, көңілмен түсінетін бір ұқсастық, ортақ қасиет болуы шарт.
2. Этимологиялық таным. Сөздердің о бастағы негізгі мағынасы мен одан туындап, даму барысында ұмыт болған омонимдік мағыналарының ортақтығын дәлелдеудің бірден – бір ғылыми жолы – этимология. Гомоомоним табиғатын тануда да, міне, осы таным тұрақты түрде сақталуы тиіс.
3. Логикалық таным. Ой, түсінік, ұғым сияқты абстракты құбылыстар адамның жан дүниесіне тән зиялы (интеллекті) қасиеттері болып саналады және олар тіл әлемінде семасиология құзырына жатады. Гомогенді омонимдердің мағына қатарлары арасындағы байланысты, астарлы да айқын ұқсастықты таразы басына салып анықтау логикалық танымға, бұлтартпайтын объективті заңдылыққа әкеледі. Ол тіл өмір сүретін қоғамның өзіндік болмысын, адамдар табиғатын, психикасын, ондағы сан алуан қарым – қатынас, құбылыстардың пайда болуын терең білуді қажет етеді.