3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі



бет43/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

2.3. Портрет
Суреткер көркем бейнені мүсіндеу барысында оның болмысын неғұрлым жан – жақты әрі шынайы, толыққанды тұлғалау мақсатымен түрлі көркемдік әдеби амал – тәсілдерді шебер пайдалануға ұмтылады. Ондай тәсілдердің негізгілерін атар болсақ, олар: портреттік тәсіл, мінездеу, кейіпкер тілін даралау жолдары, адамның күйініш – сүйініш халін суреттеу т.б.
Көркем бейненің жанды, нақты, әсерлі бейнеленіп, танылуында портреттік тәсілдің алатын орны ерекше.
Портрет (франц.portrait-бейнеленген) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісі, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін неғұрлым ашып көрсету үшін оның портретін мүсіндеудің де үлкен мәні бар. Жазушы негізгі қаһармандардың келбетін, бой-тұлғасын, жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп, әсерлі бейнелеуге мән береді. Сонымен бірге жазушы, ақын әйелдің, сұлу қыздың бой-тұлғасын, бет-әлпетін сөзбен мүсіндеуге бейім тұрады. Әдеби шығармадағы портретті алсақ, оның даралық қасиеті өзінше бөлек, мұнда сурет өнеріндегі портретке қарағанда кейіпкердің бет-әлпетін, кескінін жекелеген сипат-белгілер негізінде ойша елестетуге мүмкіндік молырақ.
Портреттің түрлері де, қырлары да сан алуан. Мәселен, портретті ерекшелік сипатына қарай шартты түрде төмендегіше жіктеуге болғандай:

  • мөлтек портрет,

  • топтама портрет,

  • сатиралық портрет,

  • психологиялық портрет,

  • статикалық портрет,

  • портрет – мінездеу,

  • живописьтік портрет т.б.

Тілде портретті белгілеуде соматикалық, вестиалды, кинетикалық терминдері де кездеседі. Сонда портреттің лексикалық құрамын үш сөздер тобы құрайды.
1. Адам денесі мен мүшелерін атайтын сөздер - соматикалық лексика.
2. Киім-кешекті атайтын сөздер - вестиалды лексика.
3. Бет өзгерісін, дене қимылын, дене қалпын суреттейтін сөздер - кинетикалық лексика.
Жазушы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін портреттер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет