3 ҚОҒамның даму тенденциясына сай қазақстанның мектептегі білім беру жүйесінің дамуы


Техникалық және кәсіптік білім еңбек нарығының



бет7/28
Дата26.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Техникалық және кәсіптік білім еңбек нарығының қажеттілігінен алшақ. ЖБИ көрсеткіші бойынша «Орта білім берумен қамту» 134 орынның ішінде Қазақстан 51-орын алады /4.34/.
Сонымен қатар, еңбек нарығы қажеттілігінің төрттен үші жұмысшы кәсіптермен келтірілген. Тек қана әрбір төртінші білім алушы тапшы техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқиды. Бұл ретте экономика техникалық және қызмет көрсету еңбегінің 100 мың қызметкерін қосымша талап етеді, ал жыл сайын мектептің 12 – 14 мың түлегі жұмыспен қамтылмай қалады. Еңбек нарығында білікті мамандардың жетіспеушілігі: құрылыста – 9,9 мың адам, ауыл шаруашылығында – 9,6 мың адам, машина және жабдықтар технологиясында – 7,6 мың адам, қызмет көрсету саласында – 6,8 мың адам.
Кадрларды даярлау нақты өндіріс сұраныстарынан алшақ жүзеге асырылуда.
Ауыл жастары үшін кәсіптік білім алу қол жетерліксіз. Республиканың 27 ауданында кәсіптік лицейлер жоқ. 113 кәсіптік мектепте жатақхана жоқ. Жоғары білікті инженер педагог кадрлар еңбекақы деңгейінің төмендігі салдарынан өндіріске кетіп қалуда. Білім беру бағдарламалары халықаралық талаптарға сай келмейді. Әлеуметтік серіктестік дамымаған.
12-жылдық мектепке көшу жағдайында жоғары деңгейде (бейінде) оқу үшін оқушылардың 30 %-ына дейін оқуын жалғастырады және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіпке ие болады. Осыған байланысты қосымша кәсіптік лицейлер мен жатақханалар салу қажет.
5538 өндірістік-оқу шеберлерінің теңбе-тең еңбекақысы, кәсіптік мектептер үшін 2009 – 2011 жылдары ағылшын тілінің шетел оқытушыларын тарту, оқытушылардың шетелде тағылымдамадан өту мәселесі шешілмеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында негізгі орта білім беру базасында 325997 адам білім алады (білім алушылардың жалпы контингентінің 58 %).
Білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу – әдістемелік қамтамасыз етуді талдау базалық және кәсіптік құзыреттерді бағалауға талаптардың жоқтығын, теориялық даярлық пен ескірген деректердің басымдылығын, икемділік пен сабақтастық деңгейінің жеткіліксіздігін, жағдайды талдауға зиян фактілердің үстемдігін көрсетеді.
Бастауыш және орта кәсіптік білім кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес бастауыш және орта білім кәсіптері мен мамандықтарының саны 697 құрады ( кәсіптер – 331, мамандықтар – 366), әзірленген және бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш және орта арнайы білім стандарттары 2004 жылдан бастап 2007 жыл аралығында – 325.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек нарығындағы өзгерістерді көрсететін жұмыс берушілердің талаптарына да, кең базалық біліммен және іскерлікпен қамтылған қажетті дағдылар алуға ұмтылатын білім алушылардың талаптарына да жауап бермейді. Колледждер мен кәсіптік лицейлерде оқу - әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, қазіргі заманғы, әсіресе арнайы пәндер бойынша оқу әдебиетіне тапшылық оқу үрдісінің сапасын арттыруға едәуір кедергі болып табылады.
Оқытудың озық технологиялары нашар пайдалануда. Кәсіптік мектептердің оқу - өндірістік шеберханаларының материалдық-техникалық базасы моралдық және табиғи тұрғыдан тозған. 2005 жылдан бастап қаржыландыру көлемінің ұлғаюына қарамастан ұстауға, ғимараттарды, үй-жайларды ағымдағы жөндеуге, құрал жабдықтарды атып алуға жалпы соманың небары 3 %-ы бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет