Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні. Қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді.
Диплом жұмысының деректік негізін Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы, Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Президентiнiң № 3645 өкiмiмен 1997 жылы 22 қыркүйекте бекiтiлген ), Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсiптiк оқу мекемелерiн ақпараттандыру бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң № 616 қаулысымен 2001 жылдың 10-мамырында бекiтiлген), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 тамыздағы № 1037 қаулысымен қабылданған “Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы”, нормативтік құжаттар мен ережелер, Халықаралық ЮНЕСКО конгресіндегі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі Журиновтің баяндамасы және т.б. құрайды /1.43/.
Диплом жұмысының мақсаты:
Білім беруді реформалау саласындағы мемлекет саясатты іске асыру жөніндегі жүйелі шаралар кешенін, зерттеп, талдау;
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау;
Қолданыстағы білім нысандарының желілерін сақтау мен кеңейту мәселелеріне көңіл бөлу;
Орта білім жүйесін реформалаудың бағыттары мен мазмұнын анықтай отырып, Қазақстанның мектептеріндегі білім беруді дамыту мәселелеріне көңіл бөлу;