3 ҚОҒамның даму тенденциясына сай қазақстанның мектептегі білім беру жүйесінің дамуы


Қазақстан Республикасындағы орта білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайындағы қиыншылықтар



бет6/28
Дата26.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Қазақстан Республикасындағы орта білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайындағы қиыншылықтар.


Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алғаннан бері болып жатқан өзгерістер білім саласын да айналып өткен жоқ. Оның бір көрінісі орта білім беру жүйесінде проблемалардың болуы. Білім берудің қалыптасқан жүйесін өзгеріске түсіру оның мәні мен маңызын анықтап, оны ғылыми тұрғыда зерделеу қажеттігін тудырады. Дегенмен, Қазақстанның білім беру жүйесі өзінің ұлттық мазмұнын жоғалтып келе жатқанын айту керек.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030» халыққа жолдауында білім беру саласының әлеуметтік маңызыдылығына және оның даму қажеттігіне ерекше мән береді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту туралы тұжырымдамасында білім беру жалпы ұлттық басымдық ретінде белгіленіп, ұлттық білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды анықтау, осыған байланысты бірқатар міндеттер, соның ішінде, білім берудің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру, білім беру мазмұнын, материалдық - техникалық базасын жаңарту мәселесі қарастырылған. Бұл мемлекеттік құжаттардың басты түйіні - әлемдік қауымдастыққа білім беру саласын жаңа сипатта дамыту арқылы ғана ену мүмкіндігін мойындауда /1.45/.
ХХІ ғасыр қоғамдық-саяси қатынастардың бүкіл жүйесін әлдеқайда серпінді жаңартуды табандылықпен талап етеді, мұның өзі Қазақстанға Республикасына, таяудағы он жылда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруге толық негізде ұмтыла отырып, халықаралық қоғамдастықтың толыққанды әрі құрметті мүшесі болуға мүмкіндік береді.
Оқу орындарындағы білім сапасына қатысты тағы бір түйінді мәселе – оқулықтар мен көмекші құралдарда жатыр. Бұлар жөнделмей, бұлар талапқа сай болмай, оқудың сапалы болмайтыны, істің ілгері баспайтыны анық.
Білім беру жүйесінің ауқымды бөлігін жалпы және кәсіптік орта білім беру мекемелері қамтиды. 2005-2007 оқу жылында республикамызда 7802 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді. Олардың 5814-і, яғни 74,5 пайызы қазақ және аралас мектептер, 3747-і, 48 пайызы – қазақ мектептері /3.34/.
Қазақ тілінде оқытатын мектептер мен аралас мектептерде барлығы 1 миллион 600 мыңнан астам бала білім алуда. Олар барлық оқушылардың 58 пайызын құрайды. Барлық қазақша оқитын балалар санының 65,2 пайызы – қазақ тілінде оқытатын мектептерде, ал 34,8 пайызы аралас тілді мектептерде білім алып жүр.
Ана тілінде білім алатын қазақ балаларының саны артып, олардың 81,4 пайызы қазақша оқиды. 1990 жылғы мәліметтерге қарағанда ол кезде 60 пайыз еді. Сонымен бірге 20 мыңнан астам басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде білім алуда /9.45/.
Өкінішке орай, бүгінгі күні қазақ мектептерінің желісі қалаларда дамымай отыр. Бұл білім ұйымдарының 85,9 пайызы ауылдық жерде орналасқан. Мәселен, Қостанай қаласындағы 38 мектептің 4-і, Өскемендегі 47 мектептің 5-і ғана қазақ тілінде жұмыс істейді. Сол сияқты Батыс Қазақстан облысын алсақ, қазақ мектептерінің 95,5 пайызы ауылдық мектептер. Сонымен қатар республикалық мәртебедегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған 7 мектеп-интернат жұмыс істейді. Олардың 2-і қазақ тілінде, 4-і аралас, 1-і орыс тілінде білім береді. Бұл мектептердегі 3558 баланың 2000 - нан астамы қазақ тілінде білім алуда.
Кәсіптік орта білім ұйымдарында 334,5 мыңнан астам оқушының 137,2 мыңы немесе 43,3 пайызы қазақ тілінде білім алады.
Республикадағы кәсіптік бастауыш мектептерде 80-нен астам кәсіптер бойынша мамандар қазақ тілінде даярланады. Республикадағы 57 гуманитарлық колледждерде болашақ 22 мыңнан астам мамандар қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, аудармашылық іс мамандықтары бойынша қазақ тілінде білім алуда.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептер базасының материалдық-техникалық жай-күйі қазіргі заманның талаптарға әлі де жауап бере алмай отыр: жалпы саны 7620 мектептің 63,0 %-ы типтік ғимараттарда, 37,0 %-ы бейімделген, 202 мектеп авариялық жағдайда тұр. Мектептің 22,7 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Мектепің 86,0 %-ы 1990 жылға дейін салынған. Мектептің 65,1 %-ы екі, ал 86-і үш ауысымда жұмыс істейді. Еліміздің өңірлерінде білім берудің бюджетін қалыптастыру кезінде мектептердің оқу-материалдық базасының мазмұны мен дамуына қажеттілігі іс жүзінде дұрыс есепке алынбайды, нәтижесінде авариялық жағдайда тұрған мектептердің саны азаймай отыр. Ауылдық мектептердің көпшілігі бейімделген ғимараттарда орналасқан. Біздің Республикамызда 2000 – 2007 жылдары бұл үлес өзгермей отыр және 2008 жылда ол мектептердің жалпы санының 37,0 %-ын құрап отыр /қосымша №1/.
2008 жылы оқушы орындарының жетіспеушілігі – 120186 бірлікті құрады. Республика өңірлеріндегі 156,1 млрд. теңге сомаға 242 мектеп салу (және 2008 жылдың бюджетін нақтылағаннан кейін 8 мектеп ) орын жетіспеушілігін кемітеді, бірақ проблеманы толығымен шешпейді. /қосымша №2/.
Оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылар білімінің, шеберлігінің, дағдысының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі – мектептерде пәндік кабинеттердің болуы болып табылады.
Біздің Республикамыздағы әрбір үшінші мектеп физика, химия, биология оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен қамтамасыз етілмеген. Тек мектептердің 28% - ында ғана лингафондық және мультимедиялық кабинеттері бар. Мектеп жиһаздары 1970 – 1990 жылдары сатып алынған, моральдық және табиғи тұрғыдан ескірген және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді. 2008 жылы мектептердің тиісті пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілуі облыстарда өзгеруде. 2007 жылы мектептердің оқу кабинеттермен орташа қамтамасыз етілуі олардың жалпы санының: физика – 55,1 %-ын, химия – 44 %-ын, биология – 37 %-ын, ЛМК – 41,3 %-ын құрап отыр /қосымша №3/.
Бірақ қаржыландыру құрылымында жалақы 82 %-ды құрайды. Күрделі жөндеуге және негізгі құралдарды сатып алуға барлығы мектепке жұмсалған қаражаттан 3 %-ды құрайды /11.48/.
Әрбір бесінші мектептің асханасы мен буфеті жоқ. Нәтижесінде жарты миллионнан астам оқушы оқу үрдісі кезінде тамақтану мүмкіндігіне қол жеткізе алмай отыр. Мектептерде балаларды сапалы және теңестірілген тамақтандыру жүйесі дамымай отыр. Ыстық тамақпен оқушылардың 54,3%-ы қамтылған, бұл ретте 2005 жылмен салыстырғанда оқушының ыстық тамағының құны 2,2 есеге дерлік артты. Оқушыларды тамақтандыру мен тасымалдау шығыстарын ескере отырып, жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі жоқ /12.5/.
Республикада 21 559 оқушы үшін, оның ішінде мектептері жоқ елді мекендерде тұратын 14 748 оқушы үшін жеткізу ұйымдастырылмаған. Тасымалдау ұйымдастырылған жерде тасымалдаудың қауіпсіздігі мен жабдықталуына қатысты проблемалар бар. Автобустардың техникалық жағдайы, жанар-жағар май және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жүйелі түрде шешілмеген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша соңғы бес жылда балалар мен жасөспірімдер арасында аурудың өсу үрдісі бар. Балалар арасында ауру 2007 жылы 100 мың халыққа 99729,3 (2003 ж. – 87619,3); жасөспірімдер арасында 100 мың халыққа – 7403,5 (2003 ж. – 69588,7) құрады. Оқушылар денсаулығының жағдайына мінез-құлық факторлары әсер етеді. Жасөспірімдердің 22 %-ы шылым шегеді. Диспансердің есебінде нарколог-дәрігерлердің бақылауында 9 мыңнан астам жасөспірім тұр /17.9/.
Қазақстанда 1996 жылы 714 меншікті оқулық пен 1717 оқу-әдістемелік кешен әзірленді (ОӘК – әдістемелік басшылық, жұмыс дәптерлер, сөздіктер, шешулер және тағы басқалар). Алайда, жаңа буын оқулықтарының мазмұны мен оның сараптамасына қойылатын талаптар бір ізге қойылмаған. Нәтижесінде 27 оқулық оқу процесінен алынды. Қолда бар оқулықтар мен ОӘК ескі «білімдік» әдіснамаға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет