3 ҚОҒамның даму тенденциясына сай қазақстанның мектептегі білім беру жүйесінің дамуы


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту әлемдік стандарттардан артта қалуда



бет8/28
Дата26.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37309
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту әлемдік стандарттардан артта қалуда. Компьютерлік техниканы оның физикалық және моральдық тозуын ескере отырып жыл сайын жаңартып отыру керек. Бүгінгі таңда мектептерде 29664 (24 % ) компьютер ауыстыруды қажет етеді. Әлемдік көрсеткіштерге (1 компьютерге 5-6 оқушыдан келуі тиіс) жету үшін мектептер қосымша 396500 компьютерді сатып алуы керек , яғни қазіргі кездегі көрсеткіштен 3,2 есе көп.
Мұғалімдердің қашықтықтан әдістемелік өзара қарым-қатынасы үшін жағдай жасайтын Министрліктің және біріктірілген ғылыми-білім беру кеңістігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын әзірлеу қажет.
Білім беру ұйымдарын Интернеттің кең жолақты желісіне 100 % қосу қажет. Маңызды мәселе мектептердің Интернет желісіне шығуының құны болып табылады. Төмендетілген тарифтерге қарамастан Интернет өте қымбат болып отыр.
Жоғары білім беру жүйесіне арналған 2380-нен астам, кәсіптік мектептер үшін – 1500-ден астам, колледждер үшін тек қана кәсіптік және арнайы цикл пәндері бойынша 3000 - ға жуық электрондық оқулықтар мен оқыту бағдарламаларын жасау қажет болады. Бұдан басқа, сандық білім беру ресурстарын (электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, бағдарламалар тесті және тағы басқалар) сараптау бойынша сараптама кеңестерінің жұмысын жалғастыру қажет.
Педагог кадрлар қашықтықтан оқытудың спутниктік каналы (бұдан әрі – ҚОСҚ) бойынша жұмысқа дайын емес. ҚОСҚ мазмұнын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды нысаналы қаржыландыру қажет, қымбат бағалы арнайы жабдық керек. Өзіндік проблема мұғалімдерге кері байланысы бар ҚОСҚ өнімдерін пайдалану технологиясын үйрету болып табылады. Одан да өзекті проблема барлық мектептік пәндер бойынша тьютерлер даярлау болып табылады /16.44/.
Білім беруді ақпараттандырудың тиімділігі көбінесе педагог кадрларды білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) жүйелі түрде пайдалануға даярлауға байланысты.
Соңғы 5 жылда білім беруді ақпараттандыру бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша 11 мыңнан астам информатика пәні мұғалімдері және пән мұғалімдері даярланды. 2006 жылы 3979 адам, 2007 жылы – 4000 мұғалім, 2008 жылы – 4200 педагог оқытылды /19.39/.
Соңғы жылдары жабдықтарды жеткізу кезінде мұғалімдерді қоса даярлау үрдісі байқалды. Сонымен қатар салыстырмалы түрде айтатын болсақ бұл білім беруді ақпараттандырудың ең төмен көрсеткіштерінің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет