Диплом жұмысының методологиялық негізі: Бітіру жұмысын жазу барысында жан-жақтылық, нақтылық және объективтілік принциптері басшылыққа алынды. Дегенмен Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін алғанда орта мектеп базасы назарда болды. Яғни, зерттеу жүргізу барысында оқушы қауымының психологиялық танымы, мативтік жағдайдағы ескерілген.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі дейінгі кезеңді қамтиды, яғни 1991-2012 жылдар аралығы.
Диплом жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, яғни қорытынды, тәжірибелік ұсыныстардан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмысымдағы зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті түрде бейнеленген.
1. ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫНА САЙ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
1.1.Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудегі кемшіліктер және осы заманғы білім берудің сапасын арттыру тәсілдері
Жалпы білімнің жүйесі, жағдайы – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қалыптасуы Кеңес Одағы кезінен бастау алатын ауқымды үдеріс болып табылады.
1991 жылы жаңа үлгiдегi мектептер мен арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындары: лицей, гимназия, кәсiптiк-техникалық мектептер, колледждер өмiрге келдi. 2003 жылы республикада — 108 гимназия, 63 лицей, 289 лицейлiк және гимназиялық сыныптары бар мектептер, дарынды балаларға арналған 30 мектеп жұмыс iстедi. Сондай-ақ, 312 кәсiптiк-тех. мектепте 89 мыңнан астам оқушы, 382 колледжде 207 мыңнан астам студент оқыды. 1995 ж. Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бiрдей мiндеттi әрi тегiн орта бiлiм беру бағыты жарияланды. Қазақстан Республикасы “Бiлiм беру туралы” жаңа Заңында да (1999 жылы 7 маусымда қабылданған) бұрынғыдай жалпы бiлiм беретiн мектептiң бастауыш (1 — 4 сыныптар), негiзгi (5 — 9 сыныптар) және жоғары (10 — 12 сыныптар) деп аталатын үш сатысы бекiтiлдi. Орта (толық) бiлiм алудың түрлi жолдары айқындалды. Орта бiлiм жалпы бiлiм беретiн (күндiзгi, кешкi) және кәсiптiк мектептер (лицейлер) мен колледждерде берiлетiн болды. Мұнда оқушы кәсiби мамандық алумен қатар оқуын мектеп бағдарламасы бойынша аяқтайды. “Бiлiм беру туралы” Заңға сәйкес бұрынғы нормативтiк құқықтық негiз жаңартылып, мемл. “Бiлiм” бағдарламасы жасалуда. Бұл бағдарлама бiлiм беру жүйесiн реформалауды қазiргi экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайға сәйкестендiредi /5.346/.
1990 — 1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында бiлiм саласына қатысты оннан астам мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Олар: “Дарын” мемлекеттiк бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша Дарынды балалардың шығармашылық дамуын қолдау мақсаты көзделген болатын. Осы бағдарлама шеңберiнде 1997 жылы біздің республикамыздың сегiз облысында дарынды балалар үшiн арнаулы мектептер мен мектеп-интернаттары бар республикалық “Дарын” ғылыми-практикикалық орталық құрылды. 1996 жылдың соңында шет елдерде тұратын отандастарды қолдау мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды. Оның шеңберiне тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту мен қайта оқыту кiредi. 1997 жылы Орта бiлiм жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — республика мектептерiн мультимедиялық компьютерлiк сыныптармен қамтамасыз ету, бұл оқушылардың толыққанды және жан жақты дамуына қолайлы жағдай туғызады, сонымен қатар компьютерлiк оқу бағдарламаларын, электрондық оқулықтар жасау, бiлiм берудi басқару жүйесiн ақпараттандыру мәселесін шешу. “Жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн оқулықтар мен оқу - әдiстемелiк кешендердi дайындау және басып шығару туралы” кешендi бағдарлама жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн жаңа үлгiдегi оқулықтар мен оқу - әдiстемелiк құралдар жасауды мақсат етедi. Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы тiлдердi оқытудың түпнұсқа бағдарламалары мен жаңа технологиясын дайындауды, қазақ тiлiн оқытуды тиiмдi жүргiзуге байланысты оқулықтар, аудиокөру, компьютерлiк бағдарламалар шығаруды көздейдi. Экологиялық бiлiм беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының бiлiм беру және басқа құрылымдарында үздiксiз экологиялық бiлiм берудi дамыту мен үйлестiрудi мақсат еткен болатын. Қазақстан Республикасында 1998—2000 жылдары кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi кешендi бағдарлама қабылданған болатын, бұдан басқа да бағдарламалар қабылданды /4.34/.
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны негізгі орта білім беру деңгейіндегі міндетті оқу пәндерін жүйелі оқытудың аяқталатындығын ескере отырып құрылады. Жалпы орта білім берудің базалық мазмұнының құрамы мен құрылымы жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында элективті саралау жүйесін ұйымдастыруға бағдарланған. Инвариантты және вариативті компоненттер жалпы білім берудің қызметтік толықтығын қамтамасыз ететін базалық мазмұнның құрамдас бөлігі болып табылады.
Инвариантты компонентке оқу тіліне, оқыту бағытына және жеке меншік түріне қарамастан жалпы білім беретін мектептердің барлық типтері мен түрлеріне міндетті оқу пәндері кіреді. Сонымен қатар міндетті пәндер негізгі орта білім беруден, яғни 10 сыныптан кейін лицей, колледждерде білім алушыларды оқыту үшін орта техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының жалпы білім беру компоненттерінің негізін құрайды. Жалпы алғанда міндетті пәндер базалық білім берудің біртұтас негізі ретінде мемелекет мүддесін анықтайды, білім алушыларды жалпы мәдени және ұлттық құндылықтарды меңгеруге тартады.
Вариативті компонентке жеке және топтағы білім алушылардың білім алуға деген сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін бағдарлы пәндер, таңдау бойынша міндетті пәндер, қызығушылықтары бойынша курстар кіреді /6.26/.
Бағдарлы пәндер топ қызығушылықтарына сәйкес білім мазмұнын саралау қызметін атқарады. Оқытуды бағдарлау бағытын бағдарлы пәндердің жиынтығы анықтайды. Білім алушылар өз бетінше қабылеті,даму деңгейі мен білім алу ниетіне сәйкес оқыту бағыттарын (жаратылыстану- математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық) таңдайды.
Таңдау бойынша міндетті пәндерге таңдап алған оқыту бағыты бойынша бағдарлы пәндердің құрамына кірмейтін бірақ, басқа бағыт бойынша бағдарлы пән болып саналатын оқу пәндері жатады. Білім алушылар жалпы орты білім беру деңгейінде екі жыл көлемінде оқу қорытынды аттестациялау жүргізу үшін осы пәндер жиынтығының ішінен екі пәнді таңдап алуға міндетті.
Қызығушылықтары бойынша курстарға білім алушылардың әртүрлі жеке білім беру сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған элективті модульдік курстар жатады.
Базалық мазмұнның инвариантты және вариативті құраушылары ретінде барлық пәндердің мүмкіндіктерімен бастапқы қалыптасуы бастауыш және негізгі мектепте жүзеге асқан базалық, түйінді және пәндік құзыреттер дамытылады.
Әрбір білім саласының базалық мазмұны нақтылы оқу үдерісін жобалауға негіз бола отырып, оқу жетістіктерінің деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелерге жету үшін пәнаралық сипаты ұқсас жалпы білім беретін пәндердің мазмұнын кіріктіруді жүзеге асырады. Нақтылы пәндердің мақсат, міндеттеріне сәйкес базалық мазмұн оның өне бойынан өтетін пәнаралық сипаттағы мазмұнның келесідей аспектілерімен кіріктіріледі:
– қоршаған орта және табиғи әлемді сақтау;
– жергілікті және ғаламдық экологиялық проблемалардың жайы және оның туындауының себеп-салдарлары;
– тіршілік қауіпсіздігі және оны қорғау;
– ақпараттық технологияларды қолдану;
– Қазақстан Республикасының орнықты дамуына үлес қосу;
– мамандық әлемі.
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны әлем және ондағы адамды біртұтас дүние ретінде қабылдауды қалыптастырудағы алған білімді жүйелейтін білім салаларының мазмұндық желілері негізінде құрылады. Білім салаларының мазмұндық желілері жалпы орта білім берудің инвариантты және вариативті компоненттерін құраушы оқу пәндерінің логикалық құрылымын анықтауға негіз болады /7.52/.
Оқу пәндерінің мазмұнын құрылымдау объектілік ұстаным негізінде нақтылы бір білім салаларының мазмұндық желілерінің әрбір келесі компоненттерін ашып көрсету төмендегі логикамен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |