6-кесте. Блум таксономиясының деңгейлері
№
|
Таным деңгейі
|
Іс-әрекет мазмұны
|
Деңгей лер
|
1
|
Білу
|
Есте сақтау, жаттап алу, ажырату, қайта жаңғыртып айтып беру
|
Төменгі
|
2
|
Түсіну
|
Өз сөзімен айтып беру, түйіндеу, ережелер мен анықтамаларды мысалдармен дәлелдей алу.
|
Орташа
|
3
|
Қолдану
|
Алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдана алу, мәселелерді шешіде ең оптималды тиімді жолдарды таңдай алу, таныс емес жағдайда білімдерді пайдалана алу.
|
Орташа
|
4
|
Талдау (Анализ)
|
Зерттеу нысанасын түрлі бөліктерге бөлу, әр бөліктің мән-мағынасын саналы түрде түсінуі. Терминдерді, сөздерді топтастыру.
|
Жоғары
|
5
|
Біріктіру (Синтез)
|
Нәтижелерді шығармашылық тұрғыдан біріктіру. Тақырып құрылымы бойынша модель құрастыра білу, барлық білімдерді біріктіріп барлығын қамтитын бір тұжырым жасау.
|
Жоғары
|
6
|
Бағалау
|
Шешім қабылдай алу, түрлі пікірлердегі қкарама-қайшылықтарды жою, өз пікірін қорғай алу, жүйелі тұжырым жасай алу.
|
Жоғары
|
Осы кестедегі көрсетілген таным деңгейлерін салыстыра отырып, жалпы білім беру мектептеріндегі дәстүрлі қалыптасып қалған оқыту жүйесінің қаншалықты жетілдіруді қажет ететінін айқын байқауға болады. Қазіргі орта білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы толығымен осы теориялардың тұжырымдамаларына негізделіп жасалуда. Яғни, сабақты жоспарлауда мұғалім оқушыларға берілетін тапсырмаларды Блум таксономиясының оқу мақсаттарына сай ойластырып дайындауы қажет.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының көптеген стратегиялық тәсілдері бар және олар жылдан жылға көбею үстінде: «Білемін, білгім келеді, білдім», «INSERT» (interaktiv notig system for reading and thinking)», «Синквейн», «Кластер», «Сенесіз бе?», «Зигзаг», «Рефлексиялық сұрақтарға жауап», «Жолақтағы белгілер (+,-,!,?), «Паузамен оқу», «Сұхбат», «Эссе», «Джигсо (jigsaw-пазл)», «Аралас мәтіндер», «Берілген мәтін бойынша сұрақтар құрастырып өзара тексеру», «Мұғалімнің жасырын қателері», «Жарнама», «Тақта алдындағы топтық жауап», «Тарау бойынша блиц-турнир», «Ассоциация», «Болжау», «Венн диаграммасы», «Балықшылар сайысы», т.б. көптеген стратегиялары бар. Тек әр мұғалім осы старатегияларды әр ситуацияда ұтымды пайдалана алуы оның жеке құзырында.
Достарыңызбен бөлісу: |