3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Тұлғаны өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінің мазмұны



бет43/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102
8. Тұлғаны өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінің мазмұны. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» елімізде он метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту механизмдерінің мықты катализаторы рөлін атқара алады. Әлемдік білім беру кеңістігінде тәрбие теорияларының шабыттандыратын ең соңғы идеялар қолданылған, халықтық педагогиканың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделген «өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аналогы жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы ізгі ниетті және адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді.
Үздіксіз білім беру жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу арқылы тұлғаның «өзін-өзі тану», «өзін-өзі бағалау», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі дамыту» сынды қасиеттерді меңгерту, бойына сіңіру баса назар аударылуда. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде оқытылып жатқан «Өзін-өзі тану» пәнінің тұлғаның рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда маңызы ерекше. «Өзін-өзі тану» пәні ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылы 15 қаңтарда № 6 бұйрығымен 1-11 сыныптарға енгізілді. ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2012 жылы 29 маусымында №873 бұйрығымен «Өзін-өзі тану» пәнінің кешенді типтік бағдарламасы оқу-әдістемелік құралдар білім беру жүйесіне енгізілді. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 15 қаңтарда №11 бұйрығымен «Өзін-өзі тану» бойынша рухани –адамгершілік білім берудің республикалық кеңесі құрылды.
«Өзін-өзі тану» пәні тұлғаның бойындағы рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады. Тұлға - бұл әлеуметтік қатынасқа түсетін адам, қоғам мүшесі, оған қоршаған орта әсер етеді, ол саналы түрде адамдармен және әлеуметтік құбылыстармен қарым-қатынас орнатады. Қабылдау қабілеті әр адамда әр түрлі, бірақ жеке тұлға әлеуметтік ортада өзін дара ұстайды және өз қарым-қатынастары үшін есеп бере алады. Қазақстанда тұлғаның рухани-адамгершілік білімін дамытатын «өзін-өзі тану» пәнін үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу үдерісін теориялық және практикалық тұрғыда негізделді.
Бүгінгі бізге жеткен ауызша және жазба мұралардан қазақ елінің рухы биік халық болғанын аңғаруға болады. Рух дегеніміз адамның ішкі жан дүниесі арқылы көрініс бере отырып, бүкіл ұлттың бойына сіңісті болатын асыл қасиет (туған жерге, елге, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлы бабаң аманаттаған жерді көзіңнің қарашығындай сақтау, тілге деген құрмет, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді білу, оның аманат ретінде ұрапқтан ұрпаққа жалғастыру т.б) тұрғысынан бағалауға болады.
Руханилық ұғымы педагогикалық сөздікте «Руханилық - тұлғаның екі фундаментальді қажеттілігі себептерінің жүйеде көрінуі: идеалды таным қажеттілігі мен «басқалар үшін» өмір сүру мен қызмет ету әлеуметтік қажеттілігі. Руханилық категориясымен өмірді, өзін және өмірінің мақсатын және мәнін тану қажеттілігі астасады. Адам қаншалықты осы сұрақтарға жауап іздесе және табуға тырысса, соншалықты рухани болады», - деп атап көрсетуі де жоғарыда ғалымдардың рух, руханилық ұғымының мәнін нақтылай түседі.
Құндылық кез-келген тұлғаның бойында қалыптасатын қасиеттердің негізгісі болып табылады. Құндылық тұлға, топ, әлеуметтік ортада адамгершілік ұстанымдар, мақсаттар, мен белгіленген әдістері және көрсеткіштермен нақтыланады. Тұлға бойындағы құндылықтар тұлғааралық қарым-қатынаста, іс-әрекетте, мінез-құлықтар тұлғааралық қарым-қатынаста, іс-әрекетте, мінез-құлықта көрініс береді.
П.И.Пидкасистый құнды қатынастарды тәрбие үрдісінің маңызы ретінде ұсынады. Қарым-қатынас кез-келген ұстаздың оқу-тәрбие үдерісінің негізгі ұстанымы болуы қажет екені белгілі. Пидкасистый құндылықтарды төмендегідей бөліп қарастырады: құнды қатынастар – тәрбие үрдісінің мазмұны; адам құндылығы ретінде; табиғат құндылық ретінде қарастырылады.
Белгілі ғалым Н.Е.Щуркова адам мен адамзат үшін жасалатын құндылықтар жүйесіне: адам, өмір, табиғат, қоғам, жақсылық, ақиқат, сұлулық, еңбек, таным, қарым-қатынас, ойын, еркіндік, бақыт, ар-ұят, теңдік, әділеттілік, бауырластылықты жатқызады.
Егемен еліміздің жастарын тәрбиелеуде Әл-Фараби мұраларының да тәрбиелік маңызы аса зор. Әл-Фараби артына үлкен педагогикалық мұра қалдырып отыр. Ғұламаның еңбектерінде педагогика ғылымының мәні мен мақсаттары, жалпы педагогтикалық идеялары, дидактика проблемалары, педагогикалық идеяларының жаратылыстану ғылымдарында пайдалануы, әл-Фарабидің тармақтауы бойынша «Азаматтық философия екі түрге бөлінеді: оның біреуі арқылы жақсы әрекеттерді тудыратын және осы әрекеттердің себептерін анықтау қабілетін тудыратын жақсы әрекеттер мен мінез-құлықтарды танимыз. Осының арқасында тамаша нәрселер өзіміздің қасиетімізге айналады. Бұл түр этикалық өнер деп аталады. Екінші түрі қағидаларды, сол арқылы тамаша көркемдікке ие болу, оны сақтай білу қабілетіне жететін қағидаларды біліп алуды қамтиды. Бұл түр саяси философия деп аталады.
Оның мұраты бойынша педагогикалық категориялар арқылы адам бақытқа жету керек.
«әл-Фараби – педагогика философиясының негізін салды», - деп атап көрсеткендей, тәрбие философиясының негізін салушы да әл-Фараби болып табылады.
Ғұламаның «Білім мен тәрбие егіз» деген ұстанымды ұсына отырып, адам дүниеге келгеннен бастап бойына даритын 12 ізгі қасиетті ұсынады. Олар: денсаулық, ақылдылық, қоғамдық істерге бейім, ұғымтал, шыншыл, ар-намысы жоғары, есте сақтау қабілеті дұрыс, тілмар, еңбекшіл, жалған нәрселерге жиіркене қарау, әділ, әділеттілерді сүю. Бұл қасиеттер адамның бойында толық бола қоймас дейді ғұлама, бірақ, мүмкіндігінше осы қасиеттердің дәндерін тұлғаның бойына сіңіруіміз керек – деп, философиялық тұрғыда зерделейді.
Әл-Фараби тәрбиеде бірінші орынға мінез-құлықты қояды, оны қалыптастыру үшін ерік, қайратты жетілдіруді қажет деп санайды. Әл-Фараби трактаттарында адамның ақылы, ойлау қабілеті, мәдени дамуы, ғылыми өсуі туралы, қоғамдық дамуды әлеуметтендіру және ізгі мемлекет ілімін жасайды.
Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер – объективті құбылыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылық салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың мәні неде екенін білген дұрыс. Егер адамдар жақсылықтардың да, жамандықтың да не екенін, олардың табиғатын түсініп, білетін болса, онда олар еш уақытта да жамандыққа бармас еді. Жамандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болтын құбылыс. Олай болса, әдептілік дегеніміздің өзі – танып білудің салдары.
Шығыстың ғұлама ғалымы, философ әл-Фарабидің: «Жүрек – басты мүше, оны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді, бұдан кейін ми келеді, бұл да басты мүше бірақ мұның үстемдігі бірінші емес» - деген көзқарасымен сәйкес келеді. Абайдың он жетінші қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек туралы пікірін: «Осы үшеудің басын қоспақ менің ісім, бірақ сонда билеуші жүрек болса жарайды», - деп білдіреді. Бұдан біз, Абай мен әл-Фарабидің «Жүрек» туралы танымдарының негізі бір екендігін көреміз. Абай, әділет, ізгілік, шапағаттың мекені, көзі: жүрек деп түсіндіреді, ал бойында ақылы мен қайраты ғана бар кісі, үшеуінің (ақыл, қайрат, жүректі), «ақыл, қайрат, жүректі сол басшылық етсін дегенінен «толымды адам (ақыл, қайрат, жүректі)» қалыптастыруды көздейді.
Абайдың осы танымын мына бір нақыл сөзі де растай түседі: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» - немесе « Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», - дегендегі тұжырымдар ойы да адамгершілік қасиет еді.
Қай ғасырда да болмасын тұлғаның рухани – адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру негізгі орында тұрғаны белгілі. Елімізде егемендік алғаннан бері қоғамдағы рухани - адамгершілік мәселелерге байланысты үкімет тарапынан да, ғалымдар тарапынан да ғылыми ұсыныстар көптеп табылады. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда жоғарыдағы ғалымдардың тұжырымдары, идеялары пәннің теориялық тұғырларын айқындауға негіз болды.
Тұлғаның бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі А.С. Макаренконың педагогикалық теориясы мен практикасында ғылыми тұрғыда негізделген. Оның ұстаздық тәрбиесінен туындаған «Ұстаздық дастан», «Мұнара үстіндегі тулар», «Ата-аналарға арналған кітап» атты ғылыми еңбектері әлі де болса өзінің өзектілігін жойған жоқ. Оның тәрбиедегі алдына қойған негізгі ұстанымы тұлғаның ұжым арасындағы қарым-қатынасы, алдына қойған талаптарды нақты орындай білуі, өзін-өзі жетілдіруіне, ұйымдастырушылық қасиетінің дамуы негізгі орында тұрды.
А.С.Макаренко жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыруды екіге бөліп, бірінші, барлық тұлғаларға ортақ сапалар болса, екіншісі, тұлғаның сапалық дамыту үшін оның қабілеттерін ескеру керектігін қарастырды.
А.С.Макаренко еңбегінде, тәжірибиесінде бүгінге біз зерттеу нысаны етіп алып отырған өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі қиын балаларды тәрбиелеуде сол тұлғаға деген сенімі арқылы іске асырып отырды. Адамды құндылықтарын негізі деп қараса, еңбекті де негізгі құндылық деп қарады.
Жоғарыда П.И.Пидкаситый қарастырған құндылықтар жүйесімен ұштасып жатқаны байқалады. Еңбек тұлғаның психикалық, рухани дамуының негізгі көрсеткіші деп бағалай отырып, еңбекті өмірдегі негізгі құндылықтарыдың бірі, бала еңбекпен тікелей араласуы керек деген ұстанымды ұстады. Сонымен қатар, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызын ашқан көрнекті ғалымдардың бірі болып табылады. «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу лекциялары» атты еңбектерінде отбасындағы бала тәрбиесінің нақты жүйелі түрде дұрыс ұйымдастыру арқылы азамат тұлға тәрбиелеудің мүмкіншілігі мол екенін практикалық тұрғыда да дәлелдей білді.
Ресей ғалымы В.В.Воронов тәрбие үдерісінде тұлғаны қалыптастыру мәселесі бойынша зерттеуінде тұлғаның білімділігі, интеллектуалды және дене дамуымен бірге дүниетанымдық көзқарасы мен адамгершілік тәрбиесін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана жақсы нәтиже алатынымызға тоқталады. Тұлғаның рухани адамгершілік құндылығын қалыптастыруда әдептің негізгі орын алатынына аса мән берген. Ғылым адамгершілік тәрбиені тәрбиеленушілердің бойында адамгершілк білімді, сенімді және тәртіпті қалыптастырудағы педагогикалық іс-әрекет тұрғысынан қарастырады.
Дүниетанымдық көзқарас адамның санасындағы жалпы әлемдік түсінікті нақтылайды және іс-әрекетінің бағытын айқындайды деген тұжырымды бере отырып, әр жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасуы мен көп қырлы, күрделі үрдіс олардың өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным принциптерін қалыптастыратынына аса мән береді.
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастыру дегеніміз – рухы биік, қайырымдылықты, ізгілікті, тазалық пен арлылықты өз бойына сіңірген, елі мен жерін сүйетін, білімді меңгерген тұлға деп қарастырамыз.
Қ.Б.Жарықбаевтың «Психология» атты еңбегінде өзін-өзі тәрбиелеу мәселелері бойынша бір адам тұйықтықтан, екінші адам орынсыз ұялшақтықтың арылғысы келеді. Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Адамның өзін-өзі тәрбиелеу жан мен тәнді үнемі шынықтырып, жатықтырып отыруды тілейді. Адамөзін-өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық танытып, ұзақ уақыт қажымай талмай ерінбей жалықпай жұмыс істей білуге машықтануы керек.
Бала жастағылардың арасында ой-армандарын күнделік бетіне түсіріп отыруы да адамның өзін-өзі тәрбиелеу ісінде психологиялық жағынан құнды құжаттардың бірі. Күнделік арқылы өзімен-өзі мұндасып, сырласады.
Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі имандылық пен адамгершіліктің биік принциптерімен ылғида ұштасытырылса, жеке мүддені жұрт мүдесімен орайластырып, туған халқы мен отбасына адал қызмет ету, оларға ылғи да борыштымен деу секілді ізгі ниеттерден туындап жатса, оның осы саладағы тыныс-тіршілігі мазмұны да, жемісті болады, өйткені борыш пен дауапкершілік, парыз бен қарыз, ар-ұят, намыс сезімінің болуы өзін-өзі тәрбиелеу ісіне зор түрткі болып, кісінің қиыншылықтарға төзуіне және оларды жеңе білуіне, әркез жарқын да шат-шадыман өмір сүруге жету жолында күресіне демеу болып отыр деп атап көрсетеді.
Ғалым адам бойындағы асыл сезімдер адалдық, шыншылдық, бауырымдылық, ар ұят, намыс, т.б., осынау асыл арман, асқақ мұратқа жетуге демейтін қуат болса, адамдар арасында кездесетін мінездегі міндер сараңдық, пайдакүнемдік, екіжүзділік пен мақтаншақтық, тәкапарлық, жалқаулық, қызғаншақтық, біздің бүкіл тәрбиемізге, әсіресе өзін-өзі тәрбиелеу ісіне кедергі келтіретін қырсық та жаман қасиеттер деп бағалайды.
Әсіресе ұлттық мінез, ұлттық болмыс, ұлттық психологияны зерделей келе халқымыздың кеңжазира даласы сияқты дархандылығы, қонақжайлылығы, әр кез жақсылық жасауға, қол ұшын беруге даяр тұратын қасиеттерін ерекше айтады.
Рухани құндылықтары қалыптасқан тұлға ізгілік, кісілік, мейрімділік, парасаттылық қасиеттерді бойына сіңіре білген тұлға.
Жалпы өзіндік танымға қазіргі таңда ғалымдар өте жоғары деңгейде көңіл бөліп отыр. «Өзін-өзі тану» терминдерінің түсіндірмелі сөздігінде өзін-өзі тануға байланысты ғылыми негіздері нақты ашылып берілген:
Өзін-өзі тану: тұлғаның өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында өзі туралы нақты білім алуға бағытталған шығармашылық іс-әрекеті;
Өзін-өзі тәрбиелеу: жеке тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау, өзін өзі бағалау арқылы өзінің жағымды қасиеттерін жетілдіруіне және жағымсыз әрекеттерінен арылуға бағытталған саналы, мақсатты бағытталған іс-әрекеті.
Өзін-өзі анықтау: Өзін-өзі бағалау дәрежесі; тұлғалық бағытының мазмұнды жағы; адамның қоғамда өзін-өзі тұлға ретінде анықтауы, оның әлеуметтік-мәдени құндылықтарға байланысты белсенді көзқарас ұстауы және осы арқылы өзінің өмір сүру мәнін анықтауы (болашақ ұмтылу арқылы); қандай да бір проблемалық жағдайда өзіндік ұстанымын анықтау мен бекіту бойынша жеке таңдауын саналы түрде жүзеге асыру процесі мен нәтижесі; адамның ішкі еркіндігіне ие болуының және оны көрсетуінің негізгі тетігі.
Өзін-өзі дамыту: Тұлғаның рефлекция, жоспарлау, өзіндік даму нәтижелерін болжап білу сияқты психикалық көріністерінің негізінде жүзеге асатын өзін-өзі жетілдіру процесі мен нәтижесі.
Өзін-өзі жігерлендіру: Жеке тұлғаның рухани және шығармашылық әлеуеті көрінісінің жоғары деңгейі, өзінің жеке тұлғалық мүмкіндіктерін толық анықтау мен дамытуға ұмтылуы; мүмкіндіктердің шындыққа айналуы.
Өзіне-өзі қызмет ету – тазалық ережелерін сақтау, өзінің киім-кешегін күтіп кию, тамақ әзірлеу, отбасы тұрмысында қарапайым еңбек ету.
Өзін-өзі алдау – өзінің шектеулерін дәл түсіне алмағандықтан адамның өзін-өзі алдауы. Өзін-өзі алдайтын адамда өзін-өзі қабылдау қабілеті болмайды.
Өзін-өзі аңғару – адамның өз бойындағы жағымды-жағымсыз қасиеттерін көре, аңғара білуі.
Өзін-өзі билеу – адамның кез-келген жағдайда ешқандай сезім ықпалына ермей, ұстамдылық көрсетуі.
Өзін-өзі тексеру – субъектінің өз әрекеттері, психикалық үдерістер мен көңіл көңіл күйін жете ұғынуы және бағалай алуы.
Өзін-өзі ұстау- сезімге әсер етіп, істі кері кетіретін жағларда, адамның өз әрекетін дұрыс жүзеге асыра алуға қабілеттілігі өзін-өзі ұстауда осы іс-әрекетті реттейтін психикалық үдерістерді саналы-еріктік ұйымдастыру көрінеді. Өзін-өзі ұстай білу адамның эмоциялық және әлеуметтік кемелділігінің көрсеткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет