3(25) 2008 содержание “Әділеттің”


А. СМАГУЛОВ әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің  ізденушісі ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ



Pdf көрінісі
бет11/25
Дата26.01.2017
өлшемі1,08 Mb.
#2735
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

А. СМАГУЛОВ
әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің 
ізденушісі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ 
ЖӘНЕ
 ҚАЗАҚСТАН 
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 
БАЛАЛАР ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚ

“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
72
біліміне,  дене,  ой  не  рухани  дамуына 
кері  әсерін  тигізетін  жұмыстар  атқартуға 
болмайды  деп  қарастырған.  Дүние  жүзі 
балалары  бойында  елдер  арасындағы 
достық, 
түсінушілік, 
шыдамдылық 
рухында  тәрбиеленуі  керектігін  арнайы 
қағида  етіп  көрсеткен.  Себебі,    жас 
ұрпақтың  бойындағы  өз  Отанын  сүю, 
өзге  халықты  құрметтеу,  достықты, 
бейбітшілікті  қадірлеу,  «жаста  берген 
тәрбие, жас қайыңды игендей» деген дана 
халқымыздың  ойын ұштай түскендей.
Осы 
аталған 
халықаралық 
шарттарға 
негізделген 
«Қазақстан 
Республикасындағы  баланың  құқықтары 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  
Заңы  2002  жылы  8  тамызда  қабылданған 
[3].  Осы  заңға  сәйкес  бала  тегіне, 
нәсіліне және қай ұлтқа жататындығына, 
әлеуметтік  және  мүліктік  жағдайына, 
жынысына, 
тіліне, 
біліміне, 
дінге 
көзқарасына,  тұрғылықты  жеріне,  ден-
саулық  жағдайына,  балаға  және  ата-
анасына  немесе  басқа  заңды  өкілдеріне 
қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан 
тең  құқыққа  ие.  Некеден  және  некесіз 
туған балалар тең әрі жан-жақты қорғауды 
пайдаланады. Баланың негізгі құқықтары 
ретінде: 
әрбір 
баланың 
денсаулық 
сақтауға,    тегін  медициналық  көмектің 
көлеміне    кепілдік  береді.  Сондай-ақ, 
әрбір  бала  туған  сәтінен  бастап  аты, 
әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы 
болуына  құқылы.  ҚР  Конституциясы 
және  бала  құқығын  қорғаушы  заңдарға 
байланысты  әрбір  баланың  өмір  сүруге, 
жеке  басының  бостандығына,  қадір-
қасиетіне  және  жеке  өміріне  қол 
сұғылмауына,  сөз  бостандығына  және  өз 
пікірін  айтуға,  ар-ождан  бостандығына, 
өзінің  қоғамдық  белсенділігін  дамытуға, 
жасына  сәйкес  ақпарат  алуға  және 
оны  таратуға,  қоғамдық  бірлестіктерге 
өз  еркімен  қатысуға  құқық  берілген. 
Сонымен қатар, әрбір баланың ҚР тұрғын 
үй  заңдарына  сәйкес  тұрғын  үйге,  тегін 
орта білім алуға, конкурстық негізде тегін 
орта  кәсіби  және  жоғары  кәсіби  білім 
алуға  кепілдік  берілетіндігі  айқындалған. 
Мемлекеттік көмек ретінде 2005 жылғы 28 
маусымда «Балалы отбасыларға берілетін 
мемлекеттік 
жәрдемақылар 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының 
заңы 
қабылданған, бұл да балалардың мемлекет 
тарапынан 
қамқорлыққа 
алынғанын 
көрсетеді  [3].  Мемлекет  өзінің  болашақ 
ұрпағына  қамқорлық  жасай  отырып,  
әрбір  бала  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясын 
және 
заңдарын 
сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, 
бостандығын,  ар-ожданы  мен  қадір-
қасиетін,  Республиканың  мемлекеттік 
нышандарын 
құрметтеуге, 
еңбекке 
жарамсыз 
ата-анасына 
қамқорлық 
жасауға, тарихи және мәдени мұралардың 
сақталуына 
қам-қарекет 
жасауға, 
тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін 
сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи 
байлықтарға ұқыпты қарауға міндеттейді.
Мемлекет 
балалардың 
Қазақстан 
халқының  тарихымен,  дәстүрлерімен, 
рухани  қазыналарымен  және  әлемдік 
мәдениет  жетістіктерімен  танысуына 
мүмкіндік  жасайды.  Сондай-ақ,  ба-
лалардың    шығармашылық  және  ғы-
лыми  қабілетін  дамыту  үшін  ұйымдар 
құруды,  кино  және  бейнефильмдер,  
теледидар 
және 
радио 
хабарларын 
шығаруды,  балаларға  арналған  газеттер, 
журналдар,  кітаптар  басып  шығаруды 
көтермелейді.    Мемлекеттік  органдар, 
жеке  және  заңды  тұлғалар  баланы  оның 
денсаулығына, 
имандылық 
жағына 
және  рухани  дамуына  зиян  келтіретін 
әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат 
пен  үгіттің  теріс  ықпалынан  қорғауға 
міндеттенеді.  Салауатты  өмір  салтын 
насихаттау  –  қоғамның,  ата-ананың, 
тәрбие ұйымдарының, білім орталарының 
негізгі  міндеті  болып  табылады.  Балаға 
құқықтық  білім  беруді  мемлекет  өз 
саясатының  басым  бағыттарының  бірі 
деп  таниды.  Бұл  өте  орынды,  себебі, 
өз  құқығын  жете  түсінбеген  адам, 
оны  қорғап,  қолдана  да  алмайды.  Сол 
себептен, 
мектеп 
бағдарламасының 
өзінде  Ата  заңымызға  толық  түсінік 
беретін пәнді 4-сыныптан бастап енгізсе, 
артық  болмас  еді.  Қылмыстың,  зорлық-
зомбылықтың  немесе  өзге  де  заңсыз 
әрекеттің  салдарынан  тән  немесе  жан 
жарақатын  алған  балаға  денсаулығын 
МЕЖДУНАРОДНОЕ ЧАСТНОЕ ПРАВО И СОЦИАЛЬНОЕ ПРАВО

73
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
қалпына 
келтіру 
және 
әлеуметтік 
бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуге 
тиіс  деп  көрсеткенмен,  нақ  осы  мезгілде 
теледидардан  күн-түн  демей  тоқтаусыз 
берілетін 
шетелдік 
сериалдардан 
анайылықтың,  әдепсіздіктің,  бейбере-
кеттіліктің, қатыгездіктің, жүгенсіз кеткен 
қылмыскерліктің,  жалпы  адамшылыққа 
қарсы  небір  сорақылықтардың  үзбей 
көрсетіліп 
жататындықтан, 
осының 
бәрінің  адам  психикасына,  әсіресе 
жастардың  жан-жақты,  жақсы  даму-
ына  теріс  әсер  ететінін  теледидар 
басшылары  да,  жалпақ  ел  де  білмей 
отырған  жоқ.  Ал  теріс  үлгінің  шетел, 
батыс  мәдениеті  десе  онсыз  елегізіп 
тұратын  жастарға  тез  жұққыш  келетіні 
күнделікті  өмірде  байқалып  тұр.  Соның 
бір мысалын тастанды балалар тағдырына 
байланыстырып айтуға болады. Мемлекет 
тарапынан  балалардың  қалыпты  өсуі, 
тәрбиеленуі, оқып, білім алуы, денсаулық 
сақтауы,  басқа  да  әлеуметтік  жағынан 
толық  қамтамасыз  етуіне  қарамастан 
қазіргі қоғамымызда тастанды бала ұғымы 
пайда болды. Бар болмысымызға, қазақы 
ұғым аясына сыймайтын, табиғатымызға 
тіптен жат ұғым. Бірақ бұл бүгінгі күннің 
бір  ащы  шындығы.  Елімізде  туа  сала 
жетімдіктің  зарын  тартқан,  уақыт  өткен 
сайын көбейе түспесе, азаймай отырғаны 
ақиқат.  Ең  сорақысы,  небір  үріп  ауызға 
салғандай  балаларды  көзі  қиып  тастап 
кететіндердің  басым  көпшілігі  жергілікті 
ұлт  өкілдері  арасынан  шығып  отырғаны. 
Неліктен  осындай  келеңсіз  жағдайға 
душар  болдық?!  Әжеміз  «нәресте  құстың 
көлеңкесінен  де  тоңады»  деп  отырушы 
еді.  Құстың  көлеңкесі  тұрмақ,  қазір  өз 
анасының күлімдеген бейнесін көрмейтін, 
олардың  мейірімсіз  тас  жүректерінің 
мұздығынан  тоңған  жетімектер  көбейді. 
Тумай жатып тағдырдың тәлкегіне түскен 
олар  тастанды  сәбилер  аталады»,-деп 
көрсетеді қазақтың тастанды балаларына 
жаны ашыған ұлт өкілдері [4]. 
Ұрпағының  болашағы  үшін  қан 
майданға аттандаған асыл жанды бабалар 
рухы  сәбилерін  тастап  кете  баратын 
аналардың 
бойына 
дарымағандай. 
Алғашында  заман  ағыны  әкелген  тосын 
бір жаман әдет болар, бара-бара тыйылар 
деп  жүрген  тастанды  балалар  тағдыры 
қазір  елдік  мәселеге  арқау  етіліп,  өзге 
ұлтпен  бірге  мұндайды  бұрын-соңды 
естіп көрмеген қазақ халқының да басына 
түскен  қасірет  болып  отыр.  Бұрын  ана 
мен  балаға  қамқорлық  пен  қолдау  жоқ, 
баспанасыз, жұмыссыз ана сәбиін тастап 
кетуге  мәжбүр  деп  жүрдік.  Соңғы  жыл-
дары еліміз нарық экономикасы тудырған 
қиындықтардың  бетін  қайтарып,  ана 
мен балаға жағдай жасалып жатыр, бірақ 
жетімдер үйіндегі сәбилер азаяр емес.
«Жаста  берген  тәрбие,  жас  қайыңды 
игендей»,  -  дейді  дана  халқымыз  [5]. 
Осы  тұрғыдан  келгенде,  бала  тәрбиесі 
мәселесінде  отбасының,  алдымен  әйел-
ананың    ерекше  рөл  атқаратынын  ешкім 
де жоққа шығара қоймас. Өкінішке орай, 
тәуелсіздіктің 
алғашқы 
жылдарынан 
бастап, күні бүгінге дейін әйел-аналардың 
дені дорбаларын арқалап кетті. Қаншама 
әйел  қу  тірліктің  қамымен  күнұзақ 
базарда тұруға мәжбүр. Тауарларын сатып 
бола сала, ала қапшықтарын қайта алып, 
пойызбен сапар шегіп келеді. Жыл он екі 
ай бойы істейтін тірлігі осы. Бар уақытын, 
бүкіл 
күш-жігерін 
кәсіпкерлікпен 
шұғылдануға  жұмсап  жүрген  әйелдер 
де  аз  емес.  Сайып  келгенде,  небір  атпал 
азаматтарға  тиесілі  атан  жүгін  арқалап 
жүрген  мұндай  әйел-аналардың  бала 
тәрбиесімен  айналысуға мұршасы жоқ.  
Республикамыздың  әр  облысында  ең 
кемі  бір-бірден,  әйтпесе  кейбіреулерінде 
екі-үштен  балалар  үйінің  болуы  осының 
айқын  айғағы.  Тастанды  балалардың    
жалпы  саны  жылдан-жылға  көбеймесе, 
азаймай  келеді.  Олардың  төрттен  бірі 
жалғызбасты  әйелдердің  балалары.  2003 
жылы  тастанды  балалардың  жалпы  саны 
4715  жетіп, оның 1022  шетел азаматтары 
асырап  алса,  2004  жылы  олардың  саны 
тиісінше  4379  және  1015  болды  [6].  Ал, 
2008 жылғы 15 наурызындағы деректерге 
сүйенсек  «бүгінде  Республикамызда  100 
мыңға  тарта  жетім  балалар  бар.  Білім 
және  ғылым  министрлігі  Балаларды 
қорғау  комитетінің  келтірген  дерегіне 
қарасақ,  соңғы  тоғыз  жылда  6589  сәбиді 
шетелдіктер  асырап  алған...    Жылына 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚ

“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
74
800-900 сәби шетелге кетіп жатыр», - деп 
көрсетеді [7].
Онсызда,  Қазақ  мемлекетінің  ең  осал 
тұсы  –  саны.  Жеріміз  –  кең,  санымыз 
–  аз.  Әр  түрлі  реформа  жүріп  жатқан 
мемлекетімізде  қазақ  елінің  санын  кө-
бейту, сапасын арттыру мақсатында бірде-
бір  түбегейлі  іс-шара  жүзеге  асырылған 
жоқ.  Тәуелсіз  елімізге  15  жылдай  уақыт 
болса  да,  өз  ішімізде  әлі  15  миллионға 
жете  алмай  жатырмыз.  Соңғы  жылдары 
қазақтың  жетімін  саудаға  салу  басталды. 
Шет  елдерден  келген  кейбір  «қайырым-
ды»  ата-ана  Қазақстандағы  басқа  ұлттың 
жетімдерін  әкетіп  жатқан  жоқ,  негізінен 
қазақ  балаларын  асырап  алып  жатыр. 
Бұл күнде талай Жұмабай – Джон болды, 
талай  Жәмиля  –  Джулияға  айналды. 
Осыны заңдастырып беріп отырған Қазақ 
Үкіметі, Қазақ Парламенті [8]. Әрине, бұл 
ретте  ең  бірінші  орында  тұрған  отбасы-
ның  материалдық-тұрмыстық  жағдайы. 
Тұрмыс-тіршілігі  жақсы,  күнкөрістік 
жағдайы 
бар 
жалғызілікті 
аналар 
балаларын тастап кетуге аса пейілді емес. 
Бір  жағынан  алғанда,  бұл  келеңсіздіктің 
шарасыздықтан  туындайтыны  белгілі. 
Материалдық-тұрмыстық 
жағдайы 
тұрғысынан келгенде, бұл орайда асырап 
алынған  бала  күнкөрісінің  болашақта 
жақсы  болатыны  қуантқанымен,  өз 
елінен  жырақ  кеткен  баланың  мүлдем 
жатжұрттық,  жатбауыр  болып  кететініне 
жан-жүрегің 
күйзелмей 
қоймайды. 
Ертеректе мектептерде «Отбасылық өмір-
дің этикасы мен психологиясы» деген пән 
жүргізіліп,  баланың  санасына  бірталай 
жайлар  қаршадайынан  сіңірілетін  болса, 
қазір ол жоқ.
Осының  бәрі  ең  алдымен,  ата-ананың, 
әсіресе әке рөлінің төмендеп кеткендігінен 
жол  беріліп  отырған  келеңсіздіктер  екенін 
жоққа шығара алмаймыз. Егер қазақ жерінде 
қай  заманда  болсын  ер-азамат  отбасының 
бірден-бір  тірегі,  асыраушысы  болып  
келсе,  еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  бері  бұл 
қалыптасқан  жағдай  түбегейлі  өзгерді. 
Анығын айтар болса, ер-азаматтарымыздың 
басым  көпшілігі  нарық  қыспағына  төтеп 
беруге,  замана  ыңғайына  қарай  әрекет 
етуге  ерік-жігері  жетіңкіремей,  отбасын 
материалдық  тұрғыдан  толық  қамтамасыз 
ете  алмай,  өзгені  қойып,  өз  отбасының 
мүшелеріне өнеге берерліктей тұлға болудан 
қалып барады. Бұл – бір.
Екіншіден,  жалпы  ұлттық  тәлім-
тәрбиенің кемшілігі барған сайын айқын 
сезіле  түсуде.  Өз  ана  тілінің  қайнар 
бұлағынан  мейірі  қана  сусындамаған 
баланың 
бауырмал, 
ұлтжанды, 
жайсаң  азамат  болып  өсуі  екіталай. 
Жасыратын не бар, телеарналарда ұлттық 
намысымызды жанитын, ұлтжандылыққа 
тәрбиелейтін 
арнайы 
бағдарламалар 
жоқтың  қасы.  Ана  тілімізде  берілетін 
концерттік  бағдарламалардың  басым 
көпшілігі  кейбір  телеарналарда  тек 
қана  түн  ортасында  көрсетіледі.  Содан    
ба    жоқ  әлде  басқа  себеп-салдары  бар 
ма,  әйтеуір  кейінгі  толқын  жас  ұрпақ 
өкілдерінің  халқымыздың  небір  інжу-
маржан,  классикалық  әндерінің  орнына 
сөзінің  де,  әуенінің  де  мән-мағынасы 
мардымсыз, бос даңғаза, даурықпа әндерді  
тыңдауға,  қатыгездікті,  жеңіл  күн-көріс, 
жезөкшелікті 
басым 
насихаттайтын 
арзанқол,  тым  қарапайым  туындыларды 
көруге  бейім  тұратыны  таңқалдырады. 
Соның 
астарына 
тереңірек 
үңіліп, 
балаларына дұрыс бағыт-бағдар сілтейтін, 
оларды  оң  арнаға  бұруға  бейім  тұратын 
отбасылар некен-саяқ. 
Үшіншіден,  Үкімет  тарапынан  ана  мен 
балаға жасалатын қамқорлық әлі де болса 
мардымсыз. Тастанды балалар қатарының 
алдағы  уақытта  азаюы  да  нақ  осыған 
байланысты болады. 
«Қазақ  халқы  небір  сұмдықты  көріп 
еді.  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл 
сұламада», «Елім-айлап» еңіреп жүргенде, 
ерінен, жерінен айрылса да өз баласынан 
айрылмап еді. Жетім-жесірін тентіретпей 
келіп еді. Жетімін жылатпаған еді. Кешегі 
орысқа  қарап  тұрған  тұста  да  қазақтың 
жетімі  онша  қиянат  көрмеп  еді.  Бүгінде, 
басқа-басқа емес, қазақтың өзі дербес ел 
болып,  өз  жыртығын  өзі  жамап,  өзіне-
өзі  қамқор,  өзіне-өзі  қорған  болды  деп 
сеніп  отырғанда  жетімдердің  көрген 
күні  анау:  қаншама  балаларға  арналған 
қол  бола  тұрып,  соры  қайнап  жатқандар 
–  жетімдер;  шеттен  келіп,  шытырлатып 
МЕЖДУНАРОДНОЕ ЧАСТНОЕ ПРАВО И СОЦИАЛЬНОЕ ПРАВО

75
“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
ақшасын  санап,  баладан  сұрамай-ақ 
ботадай боздатып әкетіп жатқаны – тағы 
да  жетімдер;  ешкімге  керексіз,  тағдырын 
ойлар мемлекеті жоқ, қорған болар ерлері 
жоқ,  маңдайынан  сипар  анасы  жоқ  тек 
қана  жетімдер!..  Жетімнің  көз  жасынан 
қорықпаушы ма еді бұрынғылар. Жетімнің 
көз жасынан қорықпайды екен бүгінгілер. 
О заманда бұ заман, адамды керек етпеген 
мемлекет  көріп  пе  едіңіз?!  Кез-келген 
мемлекет,  ең  әуелі  халқымен,  адамымен 
мемлекет.  Ал  бізге  адамның  керегі  жоқ.  
Жетім  негізінен  қайда?  Әрине,  қалада. 
Қағынан  жеріген  қазақ  қыздары  ата 
дәстүрді біле ме, білуші ме еді, білгісі келеді 
дейсіз  бе?!  Жетімнің  әкесі  де,  шешесі  де 
–  мемлекет.  Өз  мемлекетіне  керегі  жоқ 
жетім – таза жетім, шын жетім. Жетімнің 
Құраны  -  Әнұран.  Мемлекет  жетімді 
маңдайынан  сипаса  болды,  әр  жетім  сол 
мемлекеттің жолында өледі» [9].  Бұл ащы 
болса да айтылған шындық екені ақиқат. 
Қазіргі  кезеңде  қыз  баланың  тәрбиесіне 
ерекше  көңіл  бөлу  қажеттігінен  туындап 
отыр.  Себебі,  біз  әйелді  ең  алдымен  ана 
деп,  ал  қыз  баланы  болашақ  ана  деп 
құрметтейміз.  Ана  сүті  мен  көкірегіндегі 
мейірімін  бойына  сіңіріп  өскен  әрбір 
адамзат  баласы  үшін  бұлайша  өмір  сүру 
–  сүйекке  сіңер  парыз.  Өйткені  қараны 
да,  ханды  да,  тіпті  Алланың  досы  нәби 
пайғамбарларды да, әке өмірінің жалғасы 
етіп  өмірге  әкелетін  –  жаратылыс 
болмысы, ұлы қасиетпен суарылған, осы 
– Ана деп бағалаймыз!
«Қазір  Қазақстанда  әйел  дерті  дейтін 
диагнозы  ғылыми  толық  қойылмаған, 
бірақ  қазақ  ұлтының  есігін  тықылдатып 
қана  емес,  солқылдатып  ұрып  тұрған 
сұмдық  індет  өріс  алып  отыр.  Ол  дерт 
қыздарымызға  балиғат  жасына  жетер-
жетпестен  жабысуда...  Бұл  ұлтқа  келген 
зауалды дерт. Ауру емделмесе дертке дерт 
қосылып,  ол  ұлғая  түседі.  Сол  дертке 
қосылған дерт біздің елде ата дәстүрімізде 
болмаған,  болмақ  түгілі  өз  тарихында 
естімеген  –  жезөкшелік,  әйелдер  мен 
қыздардың тыйымға тоқтамай өз бетімен 
кетуі...»  [10].  Сөзіміз  дәлелді  болу  үшін, 
мысал  ретінде  тек  қана  бір  жылғы  және 
бір  облыстағы  жағдайды  қарастыруды 
жөн көрдік. Ақтөбе облыстық денсаулық 
сақтау 
мекемесінің 
жанында 
адам 
репродукциясы  мен  отбасын  жоспарлау 
орталығы 
бар. 
Бұл 
«мекемеде 
16 
гинеколог болса, оның үшеуі жас қыздар 
денсаулығын  тексереді.  2004  жылы  
Ақтөбе қаласынан 16-17 жастағы  58 қыз 
бала жүкті болып, олардың 34-і кәмелетке 
жасы  жетпей-ақ  тұрмыс  құрса,  24  қыз 
жасанды  түсік  жасатты»,  -  деп  көрсетеді 
деректер [11].
Ал  қалада  тұратын  бойжеткендер 
осындай  болғанда,  елдегі  жас  қыздар  да 
олардан  қалысатын  емес.  Жылма-жыл 
қала  орталығындағы  жетім  балалар  үйі 
тастанды балалармен толтырылуда.
Қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпында 
жезөкшелік  деген  атымен  болған  жоқ. 
Өз  заманында  жеңіл  жүрісі  барларды 
бабаларымыз  қара  сиырға  теріс  қаратып 
мінгізіп,  құрым  киізден  көйлек  кигізіп, 
бетіне  күйе  жағып,  ел  бетіне  түкірген 
екен.  Әрине,  әйелдерсіз  қоғам  –  тұл. 
Әйел дегеніміз – оң жақтағы қызымыз. Ел 
санын көбейтер болашақ ана. Сондықтан 
да  өз  салт-санамызға  сай  тәрбие  тінін 
қалыптастыру 
қажет. 
Осы 
сөздің 
мағынасына  жүгінер  болса,  қыз  баланың 
тәртібіне ата-анасы ғана емес, бүкіл қоғам 
жауапты болуы шарт. Біздің біразымыз ел 
ішін  жайлаған  осы  жаман  әдеттің  орын 
алуын,  нарық  заманынан,  жоқтықтан, 
әйелдердің  көбінің  базарға  шығып,  бала 
тәрбиесіне  көңіл  бөлуге  уақытының 
аздығынан көреміз. Бұл мүлде қате пікір.
Біріншіден,  базардағы    әйелдердің 
еңбек 
сағаттарын 
мемлекеттік 
жұмыс-тағылармен 
неге 
салыстырап 
қарамаймыз?  Бәрі  де  ертеңгі  сағат  8-
9  кеткеннен  кешкі  6-7  қарай  отбасына 
оралады 
ғой. 
Ендеше, 
қыздардың 
тәртібін  бақылауға,  түнемелікте  үй-
ге  қонбай,  қаңғып  жүргенін  қайда 
тұрғанын  сұрауға,  қадағалауға  уақыттары    
жетпейді   деген   уәжбен өз басым келісе 
алмаймын.  Ойланып  көрелікші,  еге-
мендік  алғанымыздың  он  бес  жылында 
халқымыз  қиындықтың  қыл  шылбырын 
үзіп,  өзге  елдермен  салыстырғанда, 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайымыз 
көш  ілгері  озып  шықты.  Рас,  кешегі 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚ

“Әділеттің” ғылыми еңбектері № 3 (25) 2008
76
өтпелі  кезеңде  ауылдық  жерлерде  өкімет 
өлтірмейді  дегенге  сеніп  қалғандардың 
жоқшылыққа 
ұшырағандары 
болды. 
Олардың 
көбі 
бұрыннан 
жеңілдің 
астымен,  ауырдың  үстімен  жүріп,  жан 
қинап  еңбек  етпегендер.  Соңғы  кезде 
бұлардың  бәрі  де  қалыпқа  келіп,  нарық 
заңына  төселіп,  еңбектерінің  дәмін  тата 
бастады. Олай болса, қыз-келіншектердің 
мұндай  жаман  әдетке  баруы  жоқтықтан 
емес.  Сайып  келгенде,  мұндай  жаман 
қылыққа  бару  тән  ләззатын  алуға, 
құмарлықтан,  жеңілдіктен,  азғырынды 
жеңгетайлардың жол алғандығынан. Тағы 
бір айта кететін жағдай, біздің біразымыз 
қыз-келіншектердің 
жезөкшелікке 
салынуы  ер  азаматтардың  есерлігінен 
дейміз. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық 
аздырар адам баласын» - деп Абай атамыз 
айтқандай,  олардың  арасында  да  «бір 
қарын  майды  бір  құмалақ  шірітеді» 
дегендей,  қалталы  еркексымақтардың 
азғындық  жолға  түсіп  жүргендері  де  бар 
болар.  Дегенмен  жайына  жүрген  жанға 
ешкім ұрына қоймасы анық [11]. 
Қазақта  туылған  бала  бұрын  атала-
рының тәрбиесінде болатын. Ата деген өз 
әулетінің,  артылса  ағайынның,  ауылдың 
пірі  саналатын.  Олар  тұрғанда  өз  балаңды 
өзің  балам  деп  айтудың  өзі  ұят  көрінетін. 
Бұл  қанға  сіңген  имандылықтың  әдемі 
көрінісі  болатын.  Қазақтың  соңғы  20-30 
жылдағы  буыны  қалалы  жерде,  тас  үйде 
өсіп-өнді.  Астымыз  да,  үстіміз  де,  жан-
жағымыздың  бәрі  тас  қоршау,  тас  қамал 
болды. Бәлкім, осы тіршілік бізді тасбауыр 
тасжүрек етіп жіберген шығар [12].
«Жеті  қабат  жер  астына  түсіп  кетсе 
де  неміс  баласы  туа  бітті  қан  жынымен 
азаматтығын  өзімен  бірге  ала  кетеді.  Бұл 
әлемдегі бір ғана ел емес. Еуропа, Америка, 
Шығыс  Азия  елдерінің  көпшілігіне  тән 
қатаң қағида.
Франция  мен  Алманияда,  Батыс 
Еуропада,  Скандинавия  елдерінде  есін 
білмейтін баланы жат жұрттыққа асырауға 
беру  оның  құқын  бұзу  болып  табылады. 
Осы  жолдағы  қандай  да  бір  іс-әрекет 
заңмен қорғалады...», - деп көрсетеді [13]. 
Онда  біз  неге  халықаралық  заңдарды,  өз 
еліміздің  заңдарын, ұлтымыздың жетімін 
жұртқа  телміртіп,  кейбір  әдет  заңдарын 
бұзамыз.
Жетім 
балалардың 
тағдыры 
– 
дүниежүзілік мәселе. Дүниежүзі бойынша 
қазір  100  миллион  асыраушысы  жоқ 
жетім  балалар  бар  екен.  Сонымен  бірге 
балалар  үйі  жоқ  мемлекеттер  де  бар. 
Мысалы,  өз  тәуелсіздігі  жолында  он 
жылдан астам уақыт күресіп келе жатқан 
Шешенстанның өзінде жетімдер үйі деген 
атымен  болмаған.  Сол  іспетті  Малайзия 
мемлекетінде де жетімдер үйінің іргетасы 
қаланбаған.  Тіпті  барар  жері,  басар 
тауы,  қалтасында  мөрі  мен  билігі  жоқ 
сығандардың  өзі  өзгеге  бала  бермейді. 
Олардың  ұғымында  қан  мен  сүйек  ең 
қасиетті құндылық саналады екен.
«Мұсылмандар  арасынан  бір  жетімді 
алып,  оны  ішпек,  жемегіне  ортақ  еткен 
кісіні,  егер  ол  ғафуы  мүмкін  болмаған 
күнә  істемеген  болса,  Аллаһ  тағала 
оны  жаннатқа  кіргізеді»  депті  Хадисте. 
Жетімдерге қамқорлық етуге байланысты 
Хадисте:  «Мұсылмандардың  арасында 
ең  қайырлы  үй,  оның  ішінде  жетім 
болып,  оған  жақсылық  етілген  үй  және 
мұсылмандар  арасында  ең  жаман  үй, 
ішінде жетім болып оған жамандық етілген 
үй» делінген екен [13]. Міне, адамзаттың 
болашағы  ретінде  бала  құқын  қорғауға 
Халықаралық  деңгейде  және  Қазақстан 
Республикасында  да  ерекше  қамқорлық 
жасалып  түрлі  деңгейдегі  нормативті 
актілер қабылданған. Оны жүзеге асыруға 
да 
біршама 
күш-жігер 
жұмсалуда. 
Соған 
қарамастан 
балалар, 
жастар 
бойында  қатыгездік,  немқұрайдылық, 
жанашырлық, 
ағайыншылдық, 
Отан 
сүйгіштік        төмендеп  бара  жатырған 
сияқты. Қазіргі кезде міне осыған ерекше 
көңіл 
бөліп, 
ұлттық 
идеологияны, 
адамзатқа 
тән 
ізгілік 
қасиеттерді 
тәрбиелейтін  ұлы  бабалардан  қалған 
ұлттық рухымыз бен тәлім-тәрбиенің аса 
қадірлі қасиеттерін отбасынан, мектептен 
бастап,    оқу  орындарында  жалғастырып, 
өмірге  салауатты  да,  саналы,  өз  Отанын, 
халқын сүйіп, жақындарына жаны ашитын 
ұрпақ  тәрбиелеуге  ерекше  көңіл  бөліп, 
оны іске асыратын тетіктерді жетілдіруде 
ғасырлар  талқысынан  өткен  әдет-ғұрып, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет