О жизни и творческой деятельности Ибрая Сандыбайулы
В статье даны обобщенные сведения о жизни и деятельности одаренного поэта, певца и композитора
Ибрая Сандыбаева. Отмечено, что его разносторонний талант проявился рано. Еще в молодости он
получил известность благодаря своему импровизаторскому таланту, чудесному голосу,
композиторским способностям. Подчеркнуто, что хотя он и стал в свое время легендарной личностью,
но жизнь его была трудной, отмечена многими горестями. В начале тридцатых годов прошлого
столетия выдающийся поэт подвергся гонениям и был репрессирован. Показана яркая и трагическая
судьба Ибрая Сандыбайулы, оставившая глубокий след в памяти народа. Сделан вывод о том, что
в казахской литературе образ этого удивительного человека стал основой для создания повестей,
новелл, статей, драм, поэм
The generalized information on life and activity of the gifted poet, the singer and composer Ibray Sandybayev
is supplied. It is noted that his versatile talent was shown early. It is proved that else in youth he received
popularity thanks to the improvisatory talent, a wonderful voice, composer abilities. It is emphasized that
though he became in due time the legendary personality, but his life was difficult, with many sorrows. The
fact that the outstanding poet underwent persecutions and was subjected to repression in the early thirties of
the last century is shown. It is specified that Ibray Sandybayuly's bright and tragic destiny left a deep
impression in people's memory. It is concluded that in Kazakh literature the image of this remarkable man
was the basis for creating novels, short stories, articles, dramas, poems.
Қ.Д.Асанов
78
Вестник Карагандинского университета
ƏОЖ 398
Қ.Д.Асанов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Айтыс жырларының əсерлілік ықпалы
Мақалада айтыс жырларының публицистикаға тəн ақпаратты, насихатшылдық қырлары сөз болып,
оның тілдік-көркемдік ерекшелігі əсерлілік тұрғысынан қарастырылады.Сондай-ақ ұлттық тіліміздің
ажарын көтерудегі айтыс жырларының журналистикаға тəн көптеген элементтері айқындалып, сөз
өнерінің эмоционалды-экспрессивті сипаттары нақты мысалдар арқылы көрініс табады.
Кілтті сөздер: айтыс, деректілік, насихатшылдық, ақпараттық, əсерлілік, статистикалық, цифрлік
мəліметтер.
Қай қоғамда, қай дəуірде болмасын айтыс сол уақыттың ақиқат айнасы бола білді. Күнделікті
өмірде болып жатқан келеңсіздіктерді ешқандай ақын жаба сіркелеп, жасырып қалған жоқ. Сол
кездегі халықтың көңіл-күйі, сезімі, көзқарас танымы бар болмысымен айтыс жырларында көрініс
тауып отырды. Биліктің көңіліне қарап көлгірсу, қара басының қарекетін ойлап, баз біреуге жағыну
айтыс ақындарына жат əдет. Бəлкім, айтыс тарихында некен-саяқ ондай ақындар болса, халық оның
бағасын сол заматта-ақ беріп, одан сырт айналған. 1997 жылы елдің əлеуметтік жағдайы əлі толық
түзеліп кете қоймаған уақыт та айтыста бар болмысымен көрініс тауып жатты. Тіпті, сол жылы
жарық көрген «Қазақстан–2030» Жолдауының өзіне сын көзбен қараған айтыскерлер де болды.
Оразалы Досбосыновпен арасындағы сөз сайысында ақын Ринат Зайытов осы мəселе жөнінде
ойларын былай деп сабақтайды:
...Егемен ел болдық десек дағы,
Жалдандық кəріс, қытай, орыстарға.
Үкімет — ел қорғаны десек дағы,
Елге есеп беріп жатқан арыс бар ма?
Тонап-тонап жеген соң тайып тұрар,
Тығылған шүрегейдей қамыстарға.
2030 деген ертегі айтып,
Ұстанып ап бейкүнə барысты алға.
Мұншама ұсақталсын деп тілеп пе еді,
Бабамыз ұрпақ үшін алысқанда?!. [1; 90,91].
Қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді осылай деп сынға алған ақындар елдің болашаққа деген
сеніміне де сəттілік тілейді. Халықтың санасына серпін, жігеріне жалын беретін отты ойларды да
ортаға салады.
Айтыс ешқашан да биліктің қолшоқпарына немесе, керісінше, бірыңғай оппозициялық бағытта
болған емес. Айтыс ақыны көзбен көріп, көңілмен сезінгенін жырлайды. Жоғарыда келтірілген Ринат
Зайытовтың «2030» туралы көзқарасын, келесі айтыстарда əріптестері басқаша сипатта өрбітіп,
халыққа басқалай сөз айтып жатады. Мұның өзі қазаққа ғана тəн кеңпейілділік пен көшелі мінезді
танытатын қасиет.
Халық айтыс ақындарын ардақ тұтып, құрметтеген. Айтыскер — қоғамдық аренаға шыққан
халық өкілі. С.Мұқанов айтқандай: «Айтыста озған ақын халық алдында ақындыққа мандат алады.
Бұл мандаттың жазылатын қағазы — халықтың жүрегі. Ақын халықтың жүрегіне ең сүйкімді,
халыққа ең ардақты адамның қатарында тұрады» [2].
Сондықтан да Балғынбек Имашевпен арадағы айтысында ақын Мэлс Қосымбаевтың былай деп
жырлауын қараша халықтың көзқарасы, ой-пікірі деп танимыз:
...Елбасыға сыртынан сын айтқасын,
Көңілің мұңаюмен қам боларсың.
Еліңді сұм сұлтандар билегенде,
Сен ертең Нұрсұлтанға зар боларсың.
Əлеумет қарағасын шырайлана,
Жүрсінші көңіліңде Күн айнала.
Елбасы да адам ғой өзіміздей,
Айтыс жырларының əсерлілік ықпалы
Серия «Филология». № 3(67)/2012
79
Сүйенген көпшілік пен бір Аллаға [1; 171].
Халық санасын оятып, қоғамда болып жатқан өзгерістерге ел назарын аудару тұрғысында, руха-
ни мəселелерді жиі көтеретін Баянғали Əлімжанов айтыстары өзінің əлеуметтік тұрғысынан жаңарған
айтыстың жарқын үлгісі ретінде бағаланады. Əсіресе ақынның бүгінгі күн проблемаларын тарихпен
сабақтастыра қарастыруы көрермен-тыңдарманға зор əсер беріп, айтыс маңыздылығын арттыра
түсетін ерекшелігі деп тануға болады. Қарағандылық ақын Тілеген Əділовпен болған айтысында
Баянғали ақын былай деп толғайды:
...Алашты азаттыққа шақырды кім,
Ақырып аждаһаға атылды кім?
Теңіздей толқығанда төре-қара,
Жол нұсқап айтты оларға ақылды кім?
Кенесары, Наурызбай, Ағыбайлар,
Көтерген қазақ рухын, батырлығын.
Кім кəне күңіреніп солар құсап,
Ел үшін жанын қиып жатыр бүгін?!. [3; 83].
Осы тақылеттес жыр үлгілерін Тəуелсіздік тұсындағы ақындар айтысынан молынан ұшыратуға
болады. Жоғарыда келтірілген Жалпыұлттық татулық жəне қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жыл-
дарында өткізілген айтыста Мұхамеджан Тазабеков сонау сақ бабамыз салып берген сара жолдан
бастап, кешегі аштық-қырғынды, отызыншы жылдардың зұлматын, халық бастан өткерген тар жол,
тайғақ кешуді, ату, асу, айдалу сияқты сұмдықтарды тілге тиек ете келіп ойын былай деп түйіндейді:
...Ақиқаттың атасы арам өліп,
Мəскеудің айтқанынан аспағанбыз.
Лениннің беті ашық жатқанменен,
Шындықты көрге көміп тастағанбыз... [3; 41].
Қоғамдық пікір қалыптастырудың басты шарты — шындық. Шынайы шындыққа көзі толық
жетіп, оны сезінген бұқара халық өзі өмір сүріп отырған қоғамның бүгіні мен болашағын байыпты
бағамдай алады. Сол арқылы келешекке қадам басып, көштерін түзейді. Кейде газеттен оқып, теле-
дидардан айтылған ресми сөздерден гөрі халықтың жан-дүние, сезіміне зор əсер ететін насихат
түрлері болады. Ондай руханият көзі — əрине, айтыс өнері екендігі ақиқат. Ақынның үн-əуезі, дауыс
ырғағы, домбыра шертісі жоғарыда келтірілген жыр үлгілеріне үстеме мағына беріп, тыңдаушы-
көрерменге зор əсер етеді. Бұл туралы біз зерттеу барысында жан-жақты айтып өткен болатынбыз. Ең
бастысы, қоғамның көлеңкелі тұстары мен күнгейін көрсете отырып, айтыс ақындарының белгілі бір
ойға-пікірге халық мүддесін топтастыра білуінде. Бұл тұрғыдан, сөз жоқ, айтыс өнері үлкен рухани
ықпалға ие болды.
Кез келген өнер түрінің ақпаратты-танымдылық сипаты болатыны белгілі. Əсіресе біз сөз етіп
отырған айтыс ақындарының мұрасы, ел өмірі мен халық тарихын таразылауда мол мағлұмат берері
сөзсіз. ХІХ ғасыр қазақ халқы үшін саяси-əлеуметтік һəм тарихи тұрғыдан сындарлы заман болды.
Ресейдің отарлау саясаты мен көршілес Қытай, Қоқан биліктерінің қысымы, қазақ даласында бекініс-
қамалдардың салынуы, елдің əлеуметтік-саяси болмысына үлкен əсерін тигізді. Қазақ жеріне жат ел-
дерден қоныс аударушылардың көбеюі, қазба байлыққа қызығушы шетел кəсіпкерлерінің келе баст-
ауы, Ресей мен Қытайдың саяси-экономикалық, сауда-саттық келісім шарттары ұлтымыздың далалық
өркениетіне кері əсерін тигізе бастады. Хандық биліктің жойылып облыс, губерниялық
əкімшіліктердің орнығуы халықтың рухани болмысына, дəстүр-салтына, шаруашылығы мен
тұрмысына елеулі өзгерістер енгізді. 1836–1838 жылдардағы ішкі Бөкей ордасындағы, 1837–1847
жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістердің басталуына тарихтың осын-
дай қысталаң сəттері себепші болған еді. Ғасырлар бойы сайын сахарада далалық өркениеттің дегдар
қасиетімен тəрбиеленіп өскен халыққа ХІХ ғасырдағы осындай қиыншылықтар оңай соққан жоқ.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен оқиғалар халықтың көзқарас санасына да əсер етпей
қоймады. ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, қам-қарекеті, əлеуметтік ахуалы қандай
деңгейде, қандай жағдайда болғандығын, əрине, сол заманның тарихи шежіресінен, шығармашылық
мұрасынан іздеуіміз заңдылық. Айтыс жырларынан тарихтың сол бір кезеңдерін деректі түрде көріп,
тани алмасақ та, жалпы болмыс сипатын, ұлттың əлеуметтік жағдайын бағамдау барысында мол
мағлұматтар аламыз.
Қ.Д.Асанов
80
Вестник Карагандинского университета
Айтыс жырларында кездесетін сауда-саттыққа, өнеркəсіп орындарына байланысты айтылған ой-
лар сол уақыттағы қазақ қоғамының əлеуметтік-экономикалық өзгерістерінен хабар берсе, жекелеген
саяси оқиғалар көрінісі елдің тарихи ахуалының қандай болғандығын танытады. Ел ішіндегі
адамдардың мінез-құлық, іс-əрекеттері арқылы сол уақыттағы қазақ қоғамының кескін-келбеті,
тіршілік болмысы суреттеледі. Жекелеген сөздік атаулар арқылы көптеген мағлұмат, ақпарат
көздерін аршып алуға болатындығын бүгінде лингвист-тарихшыларымыз дəлелдеп отыр. ХІХ
ғасырдағы айтыс жырларында кездесетін шаруашылық, сауда, өнеркəсіп салаларына байланысты
айтылған ойлар қазақ халқының саяси-экономикалық болмысын танытса, мəдениет, ағарту ісі,
əдебиет, өнер жайындағы мағлұматтар елдің рухани деңгейінің кескін-келбетін сипаттайды.
Осы келтірілген қоғамдық салалардың қайсысы болмасын айтыс жырларында сөздік тұлға,
сөйлем, нақыл, өсиет немесе тұтас логикалық жүйе түрінде көрініс тауып отырды.
Бұл туралы зерттеу барысында жан-жақты айтылып, нақты мысалдар келтірілді. Қандай
шығармашылық иесі болмасын, ол ең алдымен — өз дəуірінің, өз ортасының перзенті. Ол қалдырған
шығарма арқауы да сол замана шындығы болып табылады. Халқының мəдени, рухани, əлеуметтік-
тұрмыстық, саяси-экономикалық өмірінің болмысын сол уақыт үрдісімен бағалайды, суреттейді.
Ешқандай шығармашылық иесі болашаққа арнап немесе келер күннің еншісіне лайықтап рухани
дүние қалдырған емес. Айтыс ақындарының да шығармашылығы өз дəуірінің шындығын шынайы
жеткізе білуімен құнды. Айтыс жырларында кездесетін ой-толғам, пікірлер — уақыттың рухани
жемісі. Оның деректілігі мен ақпараттық құндылығын сөз ете отырып, тағылымдық-тəрбиелік мəніне
де назар аудару қажет. Рухани мұраның құндылығы да осындай қырлармен өлшенсе керек.
Айтыс өнерінің əлеуметтік мəнін айқындайтын ерекшеліктің бірі ой қақтығысы, пікір
қайшылығы екені рас. Хан-сұлтанды, бай-манапты мадақтау немесе сынау, ел ішіндегі
келеңсіздіктерді көрсету, ақындардың бір-бірін мінеуі, ру-тайпа, өскен жерін аспандата жырлап,
қарсылас ақынның шыққан жеріне, тегіне тіл тигізу сияқты сипаттар айтыс жырлары мағынасына
сыйымды, табиғатына тəн ұғымдар. Бұған «ескіліктің сарқыншағы», «білімсіздік», «рушылдық»,
«өресіздік» деп баға берудің еш қажеті жоқ. Егер айтыс жырлары осы келтірілген тақырыптардан ада
болса, онда оның əлеуметтік, қоғамдық маңызы да ашылмас еді. Айтыс жырларының өміршеңдігі де
оның шындығымен, өзектілігімен өлшенері анық. ХІХ ғасырдағы айтыс жырлары өзінің осындай
күрделі психологиялық, өзекті өткір мəселелерді көтеруімен ерекшеленеді. Қоғамның көлеңкелі,
күнгей тұстары, адамдардың жақсысы мен жаманы сияқты əлеуметтік теңсіздік адамзат тарихының
барлық кезеңіне тəн құбылыс. Ал, кейінгі ұрпақ тарих талқысынан өткен сол дерек-ақпарат
көздерінен тек шындықты іздейді. Бұл тұрғыдан келгенде ХІХ ғасырдағы айтыс жырлары өз миссия-
сын толық атқарып тұр деуге болады. Айтыста сөз болған əрбір мəселе, əрбір жағдаят сол уақыттың
бедерін көрсетеді. Мұның өзі айтыс өнерінің ұлт тарихындағы қажеттілігін айқындаумен қатар,
халықпен бірге жасасып, біте қайнасып келе жатқан рухани құндылық екендігін танытады.
Сөз өнері тұрғысынан алып қарар болсақ, айтыс өлеңдерінің өзіне тəн табиғи ерекшелігі болады.
Мəселен, көркем əдебиетті адам оқу арқылы санасына сіңіреді. Газет-журнал материалдарын да дəл
солай қабылдайды. Бұл жердегі айтыс жырларының ерекшелігі сөз құдіреті тыңдаушыға немесе
көрерменге үн-əуез, айтысушы ақынның ым-ишарат, қимыл-əрекеті арқылы, бірнеше үстеме сипаттар
арқылы сіңеді. Кітап пен газет-журналды əр адам өз көзқарас, түсінік деңгейінде қабылдайды. Ал, саз
аспабы арқылы əуенмен əспеттелген жырлардың немесе сөздің тыңдаушыға əсері өзгеше болмақ. Бұл
туралы А.Байтұрсынов мынадай пікірлер айтты: «Сөздің асыл болуы — ұнауымен. Сөз көңілге сипат
жағының көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады. Сөз көркемдігі, əуезінің əдемілігі
мен кестесінің келісті болуынан табылады. Əуез əдемілігі сөзді дыбыс жағынан тəртіптеп, үйлестіріп
тізуден болады. Күштілігі сөздің қалыпты мағынасының үстіне күш қосатын əдістерді істеуден бола-
ды» [4].
А.Байтұрсынов келтірген осы пікір барлық мағынасымен айтыс өлеңдерінің табиғатына толық
сай келеді деуге болады. Эмоциялылық сипат кез келген шығармашылық дүниеге əр беріп, рухани
қажеттіліктің өтеуі болатынын жоққа шығаруға болмайды. Əрине, ғылымда, ресми ақпарат
көздерінде, табиғаты көркем публицистикадан алыс қоғамдық салалар шығармашылығына əсірелеу
əдісі соншалықты қажет емес те шығар. Бірақ əрбір халықтың табиғи болмысы мен ұлттық
менталитетімен де санасу қажет. Сөз өнерінің ғылымы туралы айтқан А.Байтұрсынов
қисындарындағы көріктеу, мегзеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, əсірелеу сипаттарының
барлығы қазақтың айтыс өнеріне тəн қасиеттер. Айтыс жырларының адам санасына тез сіңіп, есінде
ұзақ сақталуына да осындай ерекшеліктер себеп болады.
Айтыс жырларының əсерлілік ықпалы
Серия «Филология». № 3(67)/2012
81
«Əсірелеу деп сөздің əсерін күшейтіп, сөйлетуді айтамыз. Əсірелеу көңіл-күйінен шығып,
көңілге күй түсіреді. Көңіл қалыпты тыныш күйінде тұрғандағы адамның аузынан шыққан сөз бен
көңіл көтеріңкі я бəсең уақытта адам аузынан шыққан сөздің екеуі бірдей болмайды» [5], — деген
ғалым пікірі жоғарыда келтірген ойларымызды қуаттай түседі. Қоғамдық ой қалыптастырудың
алғышарттарының бірі ретінде айтыс жырларының халық жүрегіне жақын, сезіміне түрткі болардай
əсерлі болуынан деп тануымыз сондықтан. Мұхамеджан Тазабековпен болған айтысында ақын Мэлс
Қосымбаев мынадай əсерлі ойлар айтады:
...Ей, дүние, бізден де озамысың,
Топан ойдың сен кейде тозаңысың.
Адамзаттың баласы арпалысқан,
Мына бес күн тірліктің базарысың.
Менің шерлі елімнің шежіресін,
Тарих ата, қайтадан жазамысың?
Арманың болмас еді өлең сенің,
Ағайынның жұбатсаң азалысын.
Келін — заман, кемпір-шал — ауыл болса,
Қазақстан — жалғыз ұл қазақ үшін... [3; 147].
Айтыс ақындарының мұндай ішкі толғаныстары əр кез халықтың қызу қолдау, зор қошаметіне
ие болып жатады. Халқымыздың шерлі тарих шежіресіне келгенде, жан дүниесі арпалысқа толған
ақынның адуынды жырлары, халықты бірден баурап алады. Егер осы жыр жолдары қағаз бетіне
түссе, оны оқыған адамның тыңдап, көргендей əсер алмасы анық. Айтыс өнерінің құдіреті де осы
қасиетінен көрінсе керек.
«Ақындар айтысының жұртшылыққа аса сүйікті болуының бір қанша себептері бар. Қоғамдық
өмірдің де, жеке адам тағдырларының да алуан түрлі сырлары мен сырқаттарының терең ашылуы,
əлеуметтік өмірдің қайшылықтары мен қалтарыстарының кең қамтылуы, халықтың көркем сөзден,
ұтымды ойлардан эстетикалық лəззат алуы — міне, мұның бəрі айтыстың əсері кемімес, қызығы
солғындамас қырлары болып табылады» [6; 88].
Ғалым Р.Бердібаев келтірген бұл ойлардың А.Байтұрсынұлының сөз өнері, тіл ұлағаты жайында
айтқан пікірлерімен сабақтасып жатқандығын анық аңғаруға болады. Айтыс жырларының халық
жүрегіне жақын жанр екендігінде осы тұжырымдарға қарап бағамдаймыз.
Əрине, жоғарыда келтірілген А.Байтұрсынның тұжырымындағы «Сөз мағына жағының
күштілігімен жағады» сөзінің астарына да үлкен мəн берген абзал. Айтпақ ойымызды нақтылап кету
үшін Абайға жүгіне кетелік. «Сөзі тəтті, мағынасы түзу келсе, Оған кімнің ұнасар таласуы» [7]. Осы
айтылған қағидалардың қай-қайсысы болмасын сөз мағынасына үлкен жауапкершілікпен қарауды
мегзейді. Əсерлеу мен əсіре қызыл сөздің екеуі егіз ұғым емес. Айтыс жырларында кездесетін
əсерлеу сипаттары қашанда айтар ойдың өзектілігі мен айтып отырған мəселе мəнінің тереңдігімен
өлшенері хақ. 1989 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық ақындар айтысы туралы «Ажары
бір ашылды ана тілдің» атты мақаласында белгілі қаламгер, журналистер Өтеген Оралбаев пен
Бауыржан Омаровтар төл өнердің сол кездегі сипаты туралы мынадай пікірлер білдірді: «Ғасырдан
ғасырға, атадан балаға, анадан аруға халықтық дəстүр боп қанатын жайып келе жатқан көне де, жаңа
өнер бүгінгі жариялылық жағдайында өрісін кеңейтіп, өнегесін таныта түсті. Бұл күнде ол
жұртшылық жүрегінен орын алып, қоғамдық-əлеуметтік, кемелдік-көркемдік жағынан қалыптаса
түсуде. Ол ел тарихының елеулі кезеңдерінде еркін көрінген ежелгі өнер — ана тілдің ажарын аша
түссек деген перзенттік парызды да бағамдайды. Осы тұрғыдан келгенде оның еңбегі орасан» [8].
Содан бері жиырма жыл өтсе де, «Лениншіл жас» газетінде көтерілген осы өзекті мəселе əлі
күнге өз маңыздылығын жойған жоқ. Қайта уақыт өткен сайын түрлі проблемаларға килігіп, туған
тілдің тағдыры тұсаулы аттың кейпін кешуде.
Белгілі ғалым Ə.Болғанбаев «Тіл жəне шеберлік» атты мақаласында ана тіліне деген журнали-
стер жауапкершілігі туралы мынадай ойлар айтады: «Қазіргі қазақ тілі Қазақстандағы сегіз
миллионға жуық қазақ халқының ортақ дүниесі. Бұл тіл бүгінде сөз байлығы молайған, құрылым-
құрылысы жүйеленген, жазу ережелері орныққан, стильдік тармақтары сараланып жетілген, ауызша
да, жазбаша түрде де жалпыға бірдей қызмет ететін ұлттық жазба əдеби тіл деген сипат алып отыр.
Демек, бұдан былай өз ана тілімізді қалай пайдаланып, қалай дамытамыз десек, бізде барлық
мүмкіндіктің бəрі де жасалған. Бұл ретте журналистер қауымына түсер ауыр салмақ, артылар аманат
ерекше болмақ» [9].
Қ.Д.Асанов
82
Вестник Карагандинского университета
Бұл пікірлерді келтіріп отырғандағы себебіміз, ана тілдің ажарын ашып, айбынын көтеруде
ұлттық журналистика өкілдерімен қатар айтыс ақындарының да еңбегі мол болғандығы. Жоғарыда
айтылған Ө.Оралбаев пен Б.Омаров сияқты зиялы азаматтардың «ана тілдің ажарын аша түссек деген
перзенттік парыздары» деген ойлары, айтыс ақындарының аңсар-мұратын анық айқындап тұрған
сөздер. Жетпіс жыл бойы коммунистік идеология шылауында болып, тоталитарлық режимнің тар
қыспағында өмір сүрген қазақ қоғамы үшін тіл тағдыры өте күрделі, көкейкесті мəселе еді.
Қалалық жерлердегі саусақпен санарлық қазақ мектептері, ұлт тілінде шығатын азын-аулақ га-
зет-журналдар, кеңестік идеологияның насихатшысына айналған телеарналар мен радиотораптары,
шын мəнінде ұлт тілінің ажарын айшықтап, абыройын көтеруде қауқарсыз еді. Осындай аз мүмкіндік,
тар ауқымдағы шығармашылық құрылымына қарамастан, ана тілінің бірден-бір жанашырлары жазу-
шы-журналистер екендігін ғалым Ə.Болғанбаев орынды көрсетеді. Түрлі төңкерістер мен саяси
оқиғаларға толы ХХ ғасыр аласапыранынан ана тілімізді аман алып қалғандар да рухани
шығармашылық иелері екендігін ашық айтуымыз керек. Ақындар айтысындағы ұлттық тіл мəселесі
1985 жылдың сəуірінен күні бүгінге дейін көтеріліп келеді. Əсіресе ана тілдің айбынын асқақтатып,
оның жоғы мен мұңын жырлау ел Тəуелсіздігін жариялаған кезеңнен бастап өте өткір айтыла бастады.
Ақындар айтысында көтерілген ұлттық тіл тағдыры туралы айтқанда мына екі мəселені ашып
көрсеткен дұрыс. Айтыс өнері — қазақ тілінің жоғын жоқтаушысы болуымен қатар, сол тілдің ажа-
рын ашып, абыройын асқақтатушысы ретінде де қызмет жасады. Қазақ балабақшалары мен
мектептерінің көптеп ашылуына, ұлт тіліндегі теле-, радиохабарларының молаюына, газет-
журналдардың жарық көруіне, ақындар айтысы да зор ықпал ете білді. Ең бастысы — қоғамдық пікір
қалыптастырып, билік назарын ел тілегіне аудару болса, жазушы-журналистермен қатар айтыскер
ақындар да бұл шараға белсене атсалысты. Мəселен, Əзімбек Жанқұлиевпен болған айтысында ақын
Ерік Асқаров сол кездердегі қазақ руханиятындағы жаңалықтарды айта келіп, «Алматы ақшамы»,
«Денсаулық», «Қазақ тілі» сияқты газет-журналдардың ашылатындығын көпшілікке қуана былайша
баяндайды:
...Өнердің биік болса шаңырағы,
Көбейер қаламгерлер саңылағы.
Қазақ бар он миллион жер бетінде,
Сол қазақ бір «Жұлдызға» жабылады.
Айтыста айтарыңды сөз етіп ал,
Кейіннен елге пайда қажеті бар.
Осындағы қаншама қазақтардың,
Əдеби жалғыз ғана газеті бар...
Шабытым газет десе, ышқынды-ай бір,
Ақыным, сен де мұны ұшқындай біл,
Орысша бір газет бар — «Казправда»,
Қазақтың мұқтажына пысқырмай жүр [10], —
деп сол кездегі қазақ баспасөзінің ахуалын жан-жақты ашып көрсетеді.
Сайып келгенде, айтыскер Ерік Асқаров көтеріп отырған осы мəселенің түп-төркіні ұлттық тіл
тағдырына тіреледі. Ана тіліне деген журналистер жауапкершілігін, аманатын сөз еткен ғалым
Ə.Болғанбаев пікірінің тегін айтылмағанын уақыт дəлелдеді. Қазақ ауыз əдебиетінің бай тарихын та-
разылап, арғы-бергі дəуірлердегі халықтың рухани дамуына ден қойсақ, көп мəселе тетігі ұлттық
тілге, сөз өнеріне байланысты болып келгендігіне көз жеткіземіз. Бүгінгі ұрпақ тəрбиесі, жастардың
адамгершілік қасиеттері, олардың өнерге, дəстүрге, əдебиетке, мəдениетке, ділге, дінге, жалпы, адами
болмыс-бітімнің қалыптасуына қай заманда болмасын, сөз (тіл) ерекше ықпал етіп келгендігі ақиқат.
Тіл — ұлт болып қалыптасудың, ұлт болып аман қалудың алтын діңгегі. Осыны жақсы түсінген ай-
тыс ақындары да өз мүмкіндіктері жеткенінше жырлап, халыққа қапысыз насихаттай білді. Мэлс
Қосымбаевпен айтысқан ақын Айбек Қалиевтің мына жыр жолдары осы ойларымыздың айқын
көрінісі:
...Датымның біріншісі тілім жайлы,
Ислам ілім тұтқан дінім жайлы.
Орысша, ағылшынша сөйле деген,
Бүгінгі тірліктегі ұғым жайлы.
Айтыс жырларының əсерлілік ықпалы
Серия «Филология». № 3(67)/2012
83
Тіл өшсе, күні қоса өшетінін,
Шенеуніктер неліктен ұғынбайды.
Парламентте осыны ашып айтпай,
Бостан-босқа бас изеп шыбындайды.
Күні ертең ғаламдасу басталғанда,
Тілің өлсе, болмай ма күнің қайғы... [1; 196].
Бұқара халыққа осындай мағыналы ой тастап, көпшіліктің көңілін туған тілдің тағдырына ауда-
ру жалғыз Айбек ақынға ғана емес, ел алдына шығып сөз сайысына түскен айтыскерлердің баршасы-
на тəн деп айта аламыз. Хандық дəуірдің дəстүрімен билікке дат айта отырып, туған тілдің
болашағына сауға сұраған ақын жыры, дəл осы қалпында екі қырынан жарқырай көрініп тұр.
Біріншісі — қазақ қоғамындағы зəру мəселе — тіл тағдырын көтеруі болса, екіншісі — сол тілдің ал-
мастай өткірлігін, семсердей жырларымен көрсетіп тұр. «Тіл тас жарады, тас жармаса — бас жара-
ды», — дейді халық даналығы. Айбек сияқты ұлт ақындарының сөзі ашынғандықтан шығып тұр деп
кесіп айтуға тағы болмайды. Қазақ ежелден сөзді, тілді кұрметтеген халық. Бұл жерде жанға батар
қоғам қасіретімен қоса көнеден келе жатқан дəстүр сабақтастығының жалғастығын да аңғаруға бола-
ды. Кезінде сөз туралы Бөлтірік шешен былай деген екен: «Сөзден тəтті нəрсе жоқ. Сөзден ащы нəрсе
жоқ, Сөзден жеңіл нəрсе жоқ. Сөзден ауыр нəрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет.
Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл.
Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл» [11].
Бөлтірік шешеннің «Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет» деген нақылы бүгінгі айтыс
ақындарының қаперінде жүрер қағида болмақ. Халық алдында сөз сөйлеп жүрген кез келген зиялы
адамның зердесіне тағылым болар бұл дəстүрдің салмағы ауыр. Айтыс ақындарының табиғатын аша-
тын ғалым Р.Бердібаевтың мына пікірі бұл ойымызды растай түседі: «Айтыстың аса бір өзгеше, дара
қасиеті сол — онда əншейінде көзге ілінбейтін жайлар да қалыс қалмайды. Шабыты шамырқанған
ақындар қызды-қыздының үстінде бет-жүзің бар демей, асқынған кесел мен кертартпа кедергілерді
бадырайтып айтып-ақ тастайды. Жəне мұның өзі, əсіресе, айтыс өнеріне сыйымды, кешірімді нəрсе.
Айтыс кезінде қарсы жақтың өз мінін жасыруға шамасы жоқ. Сайысушы ақын белгілі дəрежеде əділ
қазы да, үкім айтушы да. Ол кесімін бүкіл халықтың атынан айтады» [6; 103].
Айтыс сахнасы — халықтық пікірді қоғамға ашық айтудың мінберіне айналғанын уақыттың өзі
дəлелдеді. Халықтың арман-тілегі мен көкіректе шемен болып жатқан зар-мұңы айтыс ақындарының
тілімен айдай əлемге жария болып жатты. Айтыста айтылған əрбір шындық, өзінің діттеген жерінен
шығып, көрермен халықтың зор ықыласына, қошеметіне бөленді. Қоғамдық пікірді қозғап отырып,
айтыс өнері ұлттық идеологияның негізгі алғышарттарын қалыптастырды. Айтысты тыңдап отырған
бір көрермен: «Егер айтыс осылай дамып, осылайша ой қозғай берсе, бодандықтың қамытынан он-ақ
жылда құтыламыз», — деген сөзі сексенінші жылдардағы ақындар айтысының мақсат-мүддесінің
қандай мағынада өткенінен хабар берсе керек. Рухани шығармашылық саласындағы халыққа етене
жақын ақындар айтысы ел Тəуелсіздігі баяндылығы жолында ықпалды қызмет жасаған бірден-бір
өнер түрі екендігі даусыз.
Əдебиеттер тізімі
1 Қазіргі айтыс. — Астана: Күлтегін, 2006. — 3-кіт. — 320 б.
2 Мұқанов С. Айтыстар туралы. Айтыс. — Алматы: Жазушы, 1965. — 1-т. — 16-б.
3 Қазіргі айтыс. — Астана: Күлтегін, 2004. — 1-кіт. — 312 б.
4 Абай. Қалың елім қазағым. — Алматы: Атамұра, 2002. — 208-б.
5 Байтұрсынов А. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. — Алматы: Жазушы, 1989. — 167-б.
6 Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. — Алматы: Мектеп, 1983. — 246 б.
7 Оралбаев Ө., Омаров Б. Ажары бір ашылды ана тілдің // Лениншіл жас. — 1989. — № 74. (12111). — 50-б.
8 Болғанбаев Ə. Тіл жəне шеберлік. Өнер алды — қызыл тіл. — Алматы: Жазушы, 1986. — 208 б.
9 Тоқсанбай Қ. Арман не, өз тіліңде сөз қалдырсаң // Егемен Қазақстан. — 2007. — 10 қырк. — 159 б.
10 Асқаров Е. Астана жұртына айналсам. — Астана: Елорда, 1999. — 231, 232-б.
11 Негимов С. Шешендік өнер. — Алматы: Ана тілі, 1997. — 27, 28-б.
Қ.Д.Асанов
84
Вестник Карагандинского университета
К.Д.Асанов
Достарыңызбен бөлісу: |