жан жылуы, жанашырлық, кеңдік, жақсы көру, тілеуқорлық семаларын вербалдайтын бірліктер
жатады. Жазушы Қайыркеннің анасын нақты іс-əрекет үстінде көрсетеді, яғни концепт сценарий
түрінде берілген: Көнетоз қара шабаданға бар тапқан-таянғанын салып, апам байғұс қана
көбелектей шарқ ұрып жүр; Апам қуаныштан күліп жүр, жылап жүр. Көзінен аққан жасты
байқайтын емес. Қара баласынан да, келінінен де «айнала» береді; Апам өзге кемпірлер сияқты
«келін деп» жатпай-ақ, оны өз қызындай көріп, «Салтанат» деп атап кеткен.
Повестің алғашқы бетінде-ақ лингвомəдени қоғамда қалыптасқан стереотип байқалады, яғни
«əйел» концептісінің ассоциациялық өрісіндегі жағымсыз құрылымдық элемент өзектендірілген. Бас
кейіпкер Қайыркеннің əкесінің ер бала тəрбиесіне қатысты ұстанымын танытатын бұл танымдық
тармақпен оның жалпы əйел қауымы туралы пікірі де, яғни субъективті көзқарасы да
берілген:...баланы айналып-толғана берсең, əйел тəрізді сынық, жасық болып кетеді. Бұл фрейм
Д.Исабеков шығармаларындағы «əйел»...
Серия «Филология». № 3(67)/2012
51
оның кейінгі сөздерімен де айқындала түседі əрі ол бағалау үш жақты — əкесі əрі əйелдерді, əрі өз
баласын сипаттаса, Қайыркеннің өзі əкесінің іс-əрекеті, мінез-құлқы, дүниетанымына сын көзбен
қарайды: «..Шошаңдап жүріп не мылтыққа түсіп, не машина қағып өліп қалмасам, жасым
жиырмаға жетер-жетпесте еркек шашты біреуге үйленемін де, əке-шеше дегенді ұмытып, соның
айтқанына көніп, айдауына жүріп, əлгінің қалаған жағына лағып кетемін». Жағымсыз номинативтің
эмоционалдық бояуын контекст те қалыңдата түскен. Дəл осы танымдық тармақты күшейтуге тағы
бір күрделі аталым қызмет етіп тұрғаны байқалады: «...Ыбыш қайта əйеліне дегенін істетіп, керекті
жерінде қамшы көтере алады. Сенде ол да жоқ, бір жапырақ шүберегіңнің ашса алақанында,
жұмса жұдырығында болып жүнжіп кетесің бе деп қорқамын....». Алғашқы қолданыс ұлттық
танымдық базада бар, бұрыннан қалыптасқан болса, соңғы екеуі жеке адамның өмірлік тəжірибесін,
қоғамда жиі ұшырасатын жағымсыз көріністерді санадан өткізіп, қорыту нəтижесінде пайда болған.
«Əйел» концептісінің танымдық элементтерінің бірі — əсемдік семасы авторлық баяндауда,
персонаж бағалауында, қосүнді сөзде кездеседі:...бойы сұңғақ, кеудесіне басқан саусақтары ағарып
көрінеді, айтса айтқандай, көрікті, жанары ботаның жанарындай үлкен, кірпіктері найзадай ірі
екен, толған айдай ақ жүз, реңді екен сабазың, ақылы көркіне сай болып келсе, Салтанаттың сұлу
тұлғасы, қыр мұрыны мен дөңгелек жүзі, аппақ əсем тістері, арайлы жүзі мен тізесіне төгілген
білектей қос бұрымы, елегізіген еліктің жанарындай мөлт-мөлт етіп тұрған ойнақшыған көздері,
мөлдір суға маржан сепкендей сылдырап күлу, келіншегінің бойындағы таптырмас еркелік,
жарасымды наз бен тəтті қылық, бұралған сымбат пен күміс күлкі т.б.
«Əйел» концептісінің жазушы өзектендірген келесі бір танымдық тармақтары — Салтанаттың
ішкі жан-дүниесін, психологиясын, рухани тазалығын көрсететін еркелік, нəзіктік, ұяңдық
семалары: Толған айдай жүзіне қысылғаннан қан ойнап шыға келіп, екі беті жаңа піскен алмадай
албырап жүре берді; Ол селт еткен маралдай маған жалт қарап, екі бетін алақанымен басып
отыра кетті.... Ол айтқан əндері үшін ұялып, не істерін білмей жүр; Имек қасы дір-дір етіп,
жанарына бір ұяңдық ойнап шыға келді т.б. Бұл семалар Ыбыштың қаталдығы, отбасындағы
салқындықпен айқын контраста болғандықтан, повестің мазмұндық-астарлы, мазмұндық-
концептуалды ақпарын ашу үшін айрықша маңызды: «Əй, осы мені аямайды-əй, — деді күліп, онысы
несі екен....Сөйтіп жүріп жөндеп тартпайсың деп ұрсатыны бар тағы да, астапыралла!..»;
Салтанаттың бұл үнінде реніш те, зіл де жоқ, керісінше, нəзік əйелдің қатал еріне деген
таңырқауы, сонымен бірге нəзік құрмет пен нəзік сезім жатыр еді; Оның бұл сөзі мен күлкісінде
еріне деген жарасымды əжуа, жеңіл ғана байқалмас наз жатыр еді; Ерке мінезді, сəби сезімді менің
жеңешем əнші де екен-ау! Имек қасы дір-дір етіп, жанарына бір ұяңдық ойнап шыға келді,
Салтанат... сəлден соң жаз күлкісіне қайта енеді т.б. Осы когнитивтік-пропозициялық құрылымдар
Салтанаттың мықтылығын, төзімділігін, беріктігін қоса танытады.
«Əйел — адалдық» фреймін объективтендірген жазушы «суық үйден жабырқап, жалғызсырап
жүрсе де,... жарының бойындағы қаталдықты» кеш байқаған Салтанаттың аузына төмендегі сөздерді
салады: «... Əйтсе де мен енді басқа жақтан бақыт іздемеймін. Іздеп барып дəл үстінен түскен
бақыттың маған енді керегі де жоқ. Мен ол бақытты қиын жерден іздеймін, жоқ жерден іздеймін.
Өмір сонысымен қызық, сонысымен мағыналы.... Міне, мен ақыры сол дегеніме жетемін».
Эмоционалды концепт деп саналатын бақыт лексемасы мағыналық ұйытқы сөз ретінде
микроконтексте бірнеше қайталанып, фреймнің құндылығына акцент түсіріп тұрғаны байқалады.
Байқалып отырғанындай, қаламгер шығармашылығындағы осы мəтінде қазақ əйелінің
эмоционалдық, психологиялық бейнесін танытатын қасиеттер жағымды мəнге ие, яғни «олардың
қазақ мəдениетіне, ұлттық дүниетаным мен болмысқа тəн ассоциация екені байқалады» [2; 30], ал
орыс тіл білімінде «əйел» концептісін зерттеген А.В.Кирилина орыс əйелдерінің мінезін сипаттайтын
ассоциациялық өрістегі лексика-фразеологиялық бірліктердің, паремиялардың жағымсыз
коннотациясы басым екенін көрсетсе [5], зерттеуші Д.Масалимова ағылшын тіліндегі қазіргі кездегі
əдебиетте қыз абыройы, əйел адалдығы, шыдамдылығы сияқты қасиеттер мүлде жоқтың қасы екенін
атап өтеді [6].
Д.Исабеков
өз
шығармаларында
лексика-семантикалық
бірліктерді
кейіпкерлерінің
эмоционалдық сипатына қарай таңдап алады, сондықтан да оның субъективті көзқарасы қыз-
келіншектерге сүйсіне, аянышпен, рақымшылықпен, түсіністікпен, кейде жеңіл ирониямен қарауды
қамтиды да, мəтін модальділігін түзуге ықпал етеді.
«Əйел» концептісінің жоғарыда аталған фреймдері ұлттық танымдағы стереотиппен астасып
жатқанын көруге болады, ал осы танымдық тармақтардан өзге бір үлгісі «Сүйекші» повесіндегі
А.С.Əділова, Б.Хасенов
52
Вестник Карагандинского университета
диуананың бейнесін жасауға мүмкіндік берген жанашырлық, кеңдік, батылдық семалары. Өз
басындағы қиын жағдай, жетімсіздік, қайғы, жалғыздыққа қарамастан, уақытын бөліп, мүлде
танымайтын мүсəпір адамға білгенін еш өтемсіз үйретіп, оны имандылық жолына түсірген əйелдің
бойындағы адами қасиет ұлттық болмыспен, жалпыадамзаттық құндылықпен астасып, аталмыш
семаларды өзектендірген.
Əйел — мұңлық, намысқойлық танымдық моделдері жазушының «Тіршілік» повесіндегі
Қыжымкүл бейнесінен көрінеді. «Бір кездегі ырғалған байдың бұралған қызы Киеван шалдың бір уыс
қара кемпіріне айналған» Қыжымкүлдің бар өміріне қатысты тезаурустағы əр түрлі семантикалық
өрістегі бірліктер оның кескін-келбетін, табиғи болмысын, моралдік ұстанымдарын, эмоционалдық,
психологиялық жай-күйін, отбасылық, əлеуметтік жағдайын, көрген қиындықтарын, екі жақты —
өзін-өзі жəне оны өзгенің — бағалауын жан-жақты, толық, егжей-тегжейлі таныта алады: кемпір,
шүйкедей қара кемпір, қара құмандай боп қушиып отырған кемпір, қырым еті жоқ бейшара,
мəлжубас, іргелі байдың үлде мен бүлдеге оранған қарқаралы қызы, еркін жүріп, еркін тұрып
үйренген қыз, ақ сүйек қыз, үркек те нəзік қыз, тірі тұтқын, Еркежан, сорлы басы, бейшара
түлкідей, Қыжымкүл тотымыз, қалыңдық, жүкті боп қалу, іштен шыққан шұбар жылан, көкпарша
тарта жөнелу, бұл байғұс, абыройы төгілген қызы, сүйекке таңба түсірер қыз, өз перзенті,
орталарыңдағы қыз, қара бет, қарындасы, бейуайым, бейқайғы шағы, жансыз адамдай, қайран қыз,
қор болды-ау, белгісіз əйел, қос бұрымы шұбатылған, үріп ауызға салғандай реңді қыз, бейшара,
төрт құбыласы түп-түгел ерке қыз, тірі жетім, ел кезбе, алтыншы бала, қырық бірінші жамау,
аққудай сыланған сұлу қыз, байғұс бала, оң босағада отырып, екіқабат болу, қасқырға жем болу,
күнəкар, айналайын-ау, киіктей қақаңдап жүрген адам, бұл бейбақ, сөнген нұр, сөнген мейірім,
қатқан көңіл, менбəле, жүрегің нəзік қыз ең ғой, пəленшенің қызы, сіңлім, бөтен əйел, жылтырақ
зат, керек адамы, тұзы жеңіл байғұс, көрші үйдегі келіншек, туған қызымдай, туғанымнан да
артық, келін, келіншегі, жарым, біреудің анасы, тəрбиелі жерден шыққан бала, шын жанашыры,
Қыжымкүл апай, жеңеше, бір жапырақ кемпір, тіршілік иесі, əлжуаз кемпір, күнəсі жоқ қой деймін
байғұстың, əжеміз Қыжымкүл, Қыз Жібегің, сүйеу.
Обал-сауапты белінен басқан тексіздердің, тас жүрек əке мен қайырымсыз ағайынның жалған
намысына бола тағдыры бір-ақ күнде өзгеріп шыға келген жас қыз қорлық пен мейірімсіздікті еш
қарсылықсыз, көзге көрінбес қайратпен қабылдайды. Бұл автор баяндауымен де, кейіпкер сөзімен де
вербалданады:...Кешірім сұрағанмен, кешіретін түрлеріңізді көріп тұрғаным жоқ. Мен өлімнен
жасқанбаймын, қайта, ай далада қаңғып жүргенімде ит-құсқа жем болмағаныма өкініп, тəңірге
тіл тигізіп тұрмын; Қыз алған жоқ, жансыз адамдай сілейіп тұра берді;...Бірақ əкем тереңінен
ойламады. Егер сүйегіне таңба түсіргісі келмесе екеуіңе «Ен далада қаңғып жүріп елге кезіксе,
кімнің қызы екенін айтпасын» деп тапсырар еді. Мен кім екенімді тірі жанға айтпаспын. Оған осы
сөзімді жеткізгейсіздер.
Ұзақ ғұмырында осы сөзінен айнымай өткен Қыжымкүлдің жақынға да, жатқа да жан сырын
ашпай, бойын тік ұстауы қазақ əйелінің өрлігі мен намысқойлығын танытады.
«Əйел — пері, періште» фреймдік тармақтары жазушының «Пері мен періште» повесіндегі
Сафура образынан байқалады. Баяндау фреймі [7] Құлахмет пен көршінің пікірін вербалдағандықтан,
концептінің сценарийлік құрылымы оқиғаның қалай өрбігенін ой елегінен өткізуге мүмкіндік
жасайды: Тыныс алғаны да сезілмейді. Оның жүзінде əбіржу де, қайғыру да, опыну да жоқ, сүйікті
Сафурасына, қатыгез Сафурасына деген реніші мен күйініші де жоқ, бəріне де көнген, бəріне де
разы. Лапылдаған қайғысы мен күйініші, бұрқанған намысы мен ызасы, ешқашан орны толмай
өтетін азабы мен өксігі, бəрі-бəрі де мейірім мен ізгілік үшін жаратылған кеудесінде қамалып,
тұншығып жатыр. Ол Смағұлды да, Сафураны да, ешкімді де кінəламайды, қаралап, қарғамайды.
«Бұларың адамдық емес, хайуандық!» деп даурықпайды да. Бəрін үнсіз көтереді, əл-қуатының
жеткенінше шыдап бағады. Ет жүрегі суға түскен кесектей езіліп, жаншылып, ішкі дүниесіне қара
қан боп тамшылап таусылғанша төзіп бағады; Əйелі деп қайтесің, — деді екіншісі қолын сермеп, —
сайқал демеймісің. Мұны осындай халге жеткізген сол жезөкше. Бұл қаланы былғап болды да, екінші
қалаға ауысты.
Мұндағы бағалау оппозицияға негізделгені вербалды құрылымнан анық байқалады, яғни
эмоционалды бояуы қанық тілдік бірліктердің, ауызекі сөйлеу тіліне тəн элементтердің семантикасы
танымдық тармақтың стереотипін көрсетеді.
Қаламгердің «Қарғын» романындағы Бағила мен Мəлике образдары «əйел» концептісін
құрайтын, жоғарыда аталған барлық танымдық тармақтарды өзектендіру нəтижесінде басқаларға
Д.Исабеков шығармаларындағы «əйел»...
Серия «Филология». № 3(67)/2012
53
ұқсамайтын, танымы да, талғамы да, білімі де, білігі де жоғары қазақ қыздарының бейнесін
объективтендірген. Бұл роман жазушының атақты «Əпке» пьесасынан кейін жазылса да, онымен де,
басқа туындыларымен де үндес екені даусыз.
Бағиланың бейнесін ашу үшін қаламгер оның ішкі монологіне прецедентті мəтін енгізеді, яғни
Абайдың күшті əдеби мəтіндерге жататын өлеңінен алынған «Ойлы адамға қызық жоқ бұл
жалғанда...» цитатасы «əйел» концептісінің бірнеше танымдық тармағының объективтенуіне жол
ашады, себебі: «Кейіпкер сөзіндегі прецедентті құбылыс символдары əдетте оның өзімен қатар
суреттелетін басқа персонажды мінездеуінен, бағалауынан көрінеді. Мұндай интертекстуалды
элементтердің бағалауыштық қызметі екі жақты болады, өйткені қаламгер өз кейіпкеріне айтқызған
интертекст арқылы оқырман сол кейіпкердің өзін бағалай алады» [8]. Бұл тұрғыдан келгенде
Бағиланың өресі өзінен көп жоғары Жасынмен тіл табысуы, тең дəрежеде сөйлесуі, ұшқыр ойлауы,
тапқырлығы, жаны қасаң болмаса да, қатаң мінезді əкесіне деген көзқарасы, туыс ағасының мінез-
құлқы, ортасынан жатсыну сезімі т.б. қамтыған осы дəйексөздегі ойлы сөзі «əйел» концептісінің
атрибутивтік, коннотативтік, субъективтік сипатын танытады. Жасынның сөзінде қайталанған бұл
цитата мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпарды қалыптастыруға да қызмет етеді.
«Əйел» концептісінің айрықша бір танымдық тармағы — «махаббат» фреймі деуге болады.
Əмбебап, метафизикалық деп танылатын махаббат концептісінің өзегі əлем бейнесіндегі түсінікпен
сəйкес келсе де, қаламгер танымындағы шеткері аймақтарда түрлі ассоциативтік-бейнелік,
эмоционалды-бағалауышты модельдермен беріледі. Бұл орайда М.Жұмабаевтың тілдік тұлғасын
қарастырған Ж.Ермекованың «ғаламның діни-мифологиялық бейнесіндегі, ғаламның тарихи
бейнесіндегі, ғаламның философиялық бейнесіндегі, ғаламның психологиялық бейнесіндегі махаббат
модельдерін» 7 топқа бөліп қарастырғанын жəне олардың арасында ең көп вербалданатыны «ер мен
əйел арасындағы махаббат концептісі» екенін атап көрсеткенін [9] айта кету орынды.
Романда «махаббат — сор» танымдық моделі өзектенген. Махаббат адамның жақсы қасиеттерін
ашып, ұлғайтып көрсететіндіктен, оның азабы мен қайғысының өзі кез келгеннің еншісіне
бұйырмайтын, маңдайына жазылмайтын сыбаға деп түсініледі. Концептінің метафорамен
вербалданған тармағы Бағиланың ішкі монологінде ойсурет құрылымда танылады: «Сонда... Сонда
мен бұдан былай не істемекпін? Мұның бəрінің апарып тірейтін жері не болмақ? Көзді жұмып
алып, қайда барары белгісіз кеменің соңынан ілесе беруге болмайды ғой. Ол кеме, əрине, өзгелерге
мүлде ұқсамайтын алып та сырлы кеме, баратын жері де мен көрмеген ғажайып бір ертегідей
қала, бірақ маған басқа қала керек, мүлде басқа қала. Ол, тіпті, кішкене ғана порт болуы мүмкін,
əйтсе де мен баратын жер — сол... ойда жоқта кездескен бір кеменің алыптығына, жүрер
жолының қызғылықты да қиындығына, барар қаласының бір-біріне ұқсамайтын əсерлілігіне елігіп,
сол кеменің ақылды да ашулы, сабырлы да салқын капитанымен алаңсыз еріп кете бермекпін бе?».
Ойсурет құрылымды тармақта «махаббат — сор» танымдық моделі бұлардан басқа жол, дауыл,
жартас, туған порт, жаға тəрізді лексемалармен репрезенттеледі. Бұл метафоралардың
семантикасында үміт, қауіп, қатер, сенімсіздік сияқты түрлі сезімдердің кең ауқымы қамтылғанмен,
трагедиялық тармақтың мықтылығы, беріктігі Жасынның шешімінен көрінеді: Осы ой арпалысы өзін
тынымсыз мазаласа да, ұстап тұруға болмайтын еріксіз күш оны аэрофлот агентствосының
тоғызыншы кассасына қарай итермелей берді. Ол біреу зорлағандай қиналып билет алды, амалсыз
самолетке отырды. Самолет те біреу зорлағандай орнынан қинала қозғалды, қинала екпін алды.
Əйелдің бөлмесінен бері созылған адалдықтың жібі бырт етіп үзіліп кетті. «Махаббат»
концептісінің ассоциативтік өрісіне кіретін адалдық семасының концептуалдық метафора арқылы
объективтенуінің өзі коннотативті.
Осы танымдық тармақ Мəлике тағдырына да тəн, алайда оның сезім толқыныстары, қайшылығы,
сезімін санаға жеңдіруі Бағиланың ішкі жан-дүниесі, психологиялық, эмоционалдық жай-күйіне
қарағанда аз көрінсе де, эмоционалдық тұрғыдан аса ширыққан түрде беріледі: Сол күні оңаша қалып,
адам баласы, əсіресе, əйел баласы өз тағдырына өзі əмір ете алмайтынын, өз дегенінше өмір сүре
алмайтынын ойлап жастығын сулаған. Əйел бақытының еркектердің бақытына мүлдем
ұқсамайтынын, тіршілікте қанша биікке көтеріліп, даңққа ие болса да «бақыттымын» деп сезіну
үшін əйелге олардың аздық ететініне, əйел бақытының тек еркекке тəуелді екеніне ызаланып
жылаған. Сценарийлік құрылымда берілген концепт арқылы қаламгер өз кейіпкерінің өткен
күндерін, өмірлік ұстанымын аңғартады.
Жазушының тағы бір кейіпкері «əйел» концептісінің жағымсыз тармағын көрсетеді. «Есепшот,
түйетауық жəне домино» əңгімесіндегі Пістекүлдің бейнесі өзі/өзге оппозициялық бағалауына
А.С.Əділова, Б.Хасенов
54
Вестник Карагандинского университета
негізделген, яғни « өзін ауылдағы ең ажарлы, өжет, екі сөйлеу дегенді білмейтін жəне көзі
ашықтығы жағынан өзгелерге қарағанда оқ бойы озық əйелмін деп санайтын; Өзі туралы мұндай
берік байлам оның кеудесіне нан пісіріп, көшеге шыға қалса, былайғы жұртты көзіне ілмей, бойын
тəкаппар ұстауға тырысатын;.... білдей бұғалдырдың əйелі...» Пістекүл өзгелердің танымында
шалдуар, шайпау, ұрысқақ. Соңғы бағалауды ішкі интертекстуалдылық көрсетеді:
Əй, Пістекүл, Пістекүл,
Сен қылатын іс не бұл?
Саған жақсы ат əпермес
Ұрыс деген түспегір.
Ағасы шығарған өлеңдегі бағалау автордың субъективті пікірі деуге болады, яғни «... ішкі
интертекстуалдылық (романға хаттардың, күнделіктердің, кейіпкерлердің əдеби шығармаларының
т.б. келтірілуі) — шын мəнінде, жалған болады, себебі келтірінді элементтерді автордың өзі жазады»
[10].
Келтірілген мысалдардан көрініп тұрғанындай, Д.Исабековтің əр шығармасындағы «əйел»
концептісінің танымдық тармақтары келесі туындысында қайталанбай, соны образ жасауға мүмкіндік
берген. Бұл концептіні вербалдаған тілдік бірліктердің эмоционалдық, коннотациялық бояуының
қанықтығы жазушы сөзқолданысының индивидуалдық мəнерін танытады, өзі жақсы білетін,
ұстанатын ұлттық таным, болмыс, діл ерекшеліктерін оқырмандардың бірнеше буынына жеткізуді
діттейді. Қаламгер концепт құрайтын құрылымдық элементтердің қарапайым, күрделі, бейнелі,
кеңейтілген, метафораланған формаларын ұтымды, уəжді қолдану арқылы өз кейіпкерлерінің бітім-
болмысын дəл, əсерлі, көркем бере алған.
Əдебиеттер тізімі
1 Моэм С. Подводя итоги. — М.: Худож. лит., 1989. — С.56.
2 Байғұтова А.М. «Қазақ əйелі» концептісінің этномəдени сипаты: Филол. ғыл. канд. ... автореф. — Алматы, 2008. — 30 б.
3 Нұрдəулетова Б.И. Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесі: Филол. ғыл. д-ры... дис. — Алматы,
2008. — 328 б.
4 Жапақов С. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері: Филол. ғыл. канд. ... дис. — Алматы, 2004. — 117 б.
5 Кирилина А.В. Гендерные компоненты этнических представлений (по результатам пилотажного исследования) //
Гендерный фактор в языке и коммуникации. — Иваново, 1999. — С. 46.
6 Масалимова Д. Когнитивно-прагматическое описание гармонии и дисгармонии речевого общения: Автореф.... канд.
филол. наук. — Алматы, 2005. — С. 19.
7 Кубрякова Е.С. Краткий словарь когнитивных терминов. — М.: Изд-во МГУ, 1997. — 245 с.
8 Əділова А.С. Қазіргі қазақ көркем шығармаларындағы интертекстуалдылықтың репрезентациясы, семантикасы,
құрылымы: Филол. ғыл. д-ры ... дис. — Алматы, 2009. — 208-б.
9 Ермекова Ж.Б. Мағжан Жұмабаевтың тілдік тұлғасы: Филол. ғыл. канд....автореф. — Алматы, 2010. — 19-б.
10 Арнольд И.В. Проблемы диалогизма, интертекстуальности и герменевтики. — СПб.: Образование, 1995. — С. 42.
А.С.Адилова, Б.Хасенов
Вербализация концепта «женщина» в произведениях Д.Исабекова
В статье рассмотрена репрезентация концепта «женщина» в произведениях современного казахского
писателя Д.Исабекова. Являясь, с одной стороны, универсальным, присущим всем ментальным
картинам мира, с другой — включающий в себя национальную специфику языковой картины мира,
концепт может быть репрезентирован с помощью лексических средств языка, лексикографических
материалов, различных текстов. Писателем вербализованы и инвариантные, и вариантные типы
концепта «женщина».
The article deals with the representation of the concept «woman» in the works of a contemporary Kazakh
writer D.Isabekov. Being a universal concept on the one hand, inherent in all the mental pictures of the world,
on the other hand, it includes the country-specific linguistic world. The concept can be represented by means
of lexical means of the language, lexicographical materials, and different texts. Invariant and variant types of
the concept «woman» are verbalized by the writer.
Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері
Серия «Филология». № 3(67)/2012
55
ƏОЖ 81’33
Ф.Т.Саметова
«Қайнар» университеті, Алматы
Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері
Əрбір халықтың салт-дəстүрі, эстетикалық талғамы, əдеп нормалары уақыт өте өзгеріп отыратын
тарихи құбылыс. Олар тілде көрінеді жəне сөйлеу əдебінің арнайы ережелері ретінде сөйлеу этикетін
анықтайды. Ауызекі қатысым, немесе тілдік қатынас, адамдардың қоғамдағы əдебін қалыптастыратын
маңызды үрдіс болса, тіл олардың объективті дүниетанымының деңгейін көрсетеді. Сөйлеу этикетінің
табиғатына келсек, сөйлеу этикетінің микрожүйесі — тілдік қатынас барысында əлеуметтік-реттеу
қызметін атқаратын тілдік амалдардың жиынтығы. Бұл жүйенің екі жақты бағыты бар, біріншіден,
сөйлеу этикеті тілдік жүйеге жатады, оның бірліктері тілдік нормаға тəуелді. Ал, екіншіден, сөйлеу
этикеті жалпы этикеттің құрамдас бөлшегі ретінде адамның тəртібін басқаратын əлеуметтік
нормалармен тығыз байланысты.
Кілтті сөздер: тілдік қатынас, сөйлеу этикеті, қатынас мəдениеті, бата-тілек сөздер, сөйлеу дəстүрі,
тілдік норма.
«Сөйлеу
этикеті» түсінігі «қатынас мəдениеті» түсінігімен тығыз байланысты. «Қатынас»
феномені психология, философия, лингвистика, семиотика, педагогика, этика, эстетика жəне т.б.
көптеген ғылымдардың негізінде дамып келеді. «Қатынас» феномені XX ғасырдың 60-шы
жылдарынан бастап əлеуметтік-психологиялық теория деңгейіндегі барлық формадағы адамдардың
психологиялық өзара əрекеттері ретінде зерттеле бастады. Қазіргі уақытта қатынас психологиясының
қарқынды дамуына байланысты қатынас — адамның өзара қарым-қатынасының ерекше түрі ретінде
анықталады. «Қатынас мəдениеті — көптеген қызметтер: педагогикалық, публицистикалық жəне т.б.
саласындағы кəсіби құзырет белгісі болып табылады» [1; 106].
Қатынас мəдениеті адамдардың мыңдаған жылдар бойы қалыптастырған белгілі бір ережелері
мен нормаларын сақтауға негізделген. Орта ғасырдан бастап адамдар арасындағы қатынастардың
ережелері мен нормалары, соның ішінде «қоғамдағы адам əдептерінің əлеуметтік жинақталған
нормалары» — этикет те жүйелене бастаған болатын [1; 270]. Этикет деп адамның рухани
мəдениетімен, оның басқа адамдарға (айналасындағылармен тіл табысуы) жəне этикеттік маңызы бар
заттарға (киімі, шаш үлгісі жəне т.б.) деген қатынасы айтылады. Адамдардың сөйлеу қатынасы тілдік
əдептер деп аталуы қабылданған əдептің маңызды бөлігін құрайды. Н.И.Формановская жəне де басқа
зерттеушілер «сөйлеу этикеті» түсінігін қалыптастырған болатын.
Сөйлеу этикеті — бұл əлеуметтік берілген жəне коммуниканттардың байланыстарын анықтау,
қолдау мен аяқтау жағдаяттарындағы сөйлеу əдебін ресми жəне бейресми қатынас жағдайындағы
олардың əлеуметтік жағдайлары мен рөлдеріне, рөлдік жəне тұлғалық қатынастарына сəйкес арнайы
ұлттық
реттеуші
ереже [1;
12]. Сөйлеу
этикеті
коммуникативтік
лингвистиканың,
прагмалингвистиканың жəне де функционалдық стилистика, риторика, мəтін лингвистикасы,
психолингвистика, когнитивтік лингвистика, əлеуметтік лингвистика, этнолингвистика мен
паралингвистика сияқты бірқатар ғылыми бағыттардың да зерттеу нысаны болып табылады.
Қазіргі кездегі зерттеулер бізге сөйлеу этикетінің сипаттамалық негізгі ұстанымдарын айтуға
мүмкіндік беріп отыр:
1) Сөйлеу этикеті — қандай да бір қоғамда қабылданған адамдар айналасында жəне тиісті
мəндермен жүзеге асырылатын сөйлеу əдебінің ережесі. Сөйлеу этикеті — бұл «қатынасты
негіздейтін: тілдік, ұлттық, этникалық сияқты көптеген факторлардың түйісіп келетін, адамдар
арасындағы қатынас саласы» [2]. Бір-біріне қарама-қарсы қойылған қандай да бір узустағы тыйым
салу мен рұқсат ету, сөзсіз, осы қайшылықтардың мəдени құндылықтары тұрғысынан ғана беріледі.
Жағдаятқа сəйкес емес сөйлеу этикеті формаларын қолдану қатынастың микроклиматының
бұзылуына əкеліп соғады. Сөйлеу этикеті кез келген ұлттық мəдениеттің маңызды элементі де болып
саналады. Оның мəдениетке екі жақты қатысы бар: 1) ол — қатынас, сөйлеу əдебі мəдениетінің
элементі; 2) ол — тіл элементі, ал тіл болса — мəдениеттің туындауы мен өнімі, оның құралы мен
оның сақтаушысы [1; 54]. Ұлттық мəдениет ерекшеліктері сыртқы белгілерде (мысалы, сəулет немесе
киімі) ғана емес, сөйлеу əдебінің формаларында да көрініс береді. Мысалы, гректер: «Қуана бер!» деп
амандасса, қытайлықтар ішінде ең алдымен: «Тамақ іштің бе?» сұрағынан басталады,
Ф.Т.Саметова
56
Вестник Карагандинского университета
ағылшындықтар: «Бүгін ауа райы жақсы» сұрағынан бастаса, қазақта амандасу: «Мал-жан аман ба?
Үй-ішің аман ба?» сияқты сұрақтармен басталып жатады. Этнографиялық коммуникация мен басқа
да ғылыми бағыттар сөйлеу əдебінің ұлттық-мəдени ерекшеліктеріне сүйенеді.
2) Сөйлеу этикеті — тарихи «əлеуметтік мұраға қалады».
Əрбір халықтың салт-дəстүрі, эстетикалық талғамы, əдеп нормалары уақыт бойынша өзгеріп
отырған тарихи құбылыс. Олар тілде көрінеді жəне сөйлеу əдебінің арнайы ережелері ретінде сөйлеу
этикетін анықтайды. Адам қатынасының əлеуметтік детерминациясы сөйлеу этикеті əр уақытта
қайтадан пайда болады дегенді білдірмейді; олар «əлеуметтік мұраның» тəсілі ретінде мəдени дəстүр
механизмі арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі». Мысалы, қонақ күту, оны қарсы алу, дастархан
басындағы əңгіме тақырыбы, тамақ беру (сыйлы қонаққа берілетін ас түрлері), тағы басқа дəстүрлі
этикеттер. «Этикеттік белгілердің саны шексіз, ол консерватизм мен тұрақтылық белгісіне
қарамастан, қоғаммен бірге дамиды, біреуінің орнына біреуі келіп қосылып жатады» [1;7].
Ауызекі қатысым, немесе тілдік қатынас, адамдардың қоғамдағы əдебін қалыптастыратын
маңызды үрдіс болса, тіл олардың объективті дүниетанымының деңгейін көрсетеді. Осы тұста
Л.П.Якубинский сипаттаған əңгіме тақырыбына қатысты, тұрмысқа байланысты, əдеттегі қатысым
жағдаяттарында жиі қайталанатын типтік фразалар біздің жадымызда дайын тұрады. Мəселен,
Мейрамыңыз құтты болсын! — Рахмет; Нəрестенің бауы берік болсын! — Айтқаныңыз келсін.
Жалпы типтік фразалар стереотиптердің нақты тобын, тұрақты сөйлеу формулаларын құрай отырып,
адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнауына қызмет етеді. Коммуниканттар осы
формулалардың көмегімен ынтымақтастықтың белгілі ережелеріне сүйенетін жоғары мəдени
деңгейлі, сəтті қатысым қалыптастырады. Бұл тұрақты формулалар сөйлеу этикеті бірліктерінің
микрожүйесін құрайды. Сөйлеу этикетін нақты тілдік құбылыс деп жүйелеп зерттеген еңбектердің
бары сөзсіз. Қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілер де бұл мəселені назардан тыс қалдырған емес.
Отандық тіл білімінде біраз зерттеу жұмыстары қазақша сөйлеу тіліне тəн этикет формулаларының
əмбебап табиғатын ашатын ерекшелігін əр түрлі бағытта қарастырған.
Бата-тілек сөздері сөйлесу этикеті ретінде жүріп, белгілі бір жағдайға байланысты шартты
мағынаға ие болады. Олардың мағыналық тараулары сəлемдесу, қоштасу, құттықтау, алғыс білдіру
сияқты адамдардың əр түрлі жағдайларында кездеседі. Семантикасынан бағалауыштық мəн
байқалады. Мысалы: кездесу кезінде айтылатын тілектер: қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш;
қоштасу кезінде: жолың болсын, кездескенше күн жақсы болсын т.б. Құттықтау тілектері: аспаның
ашық болсын, денің сау болсын т.б. Ал тілек-баталарды қолдануда сөйлесімге қатысатын тек айтушы,
ол берілген тілегі арқылы өз мақсатының жүзеге асуын көздейді. Тілектер болған оқиғаға
байланысты, қарым-қатынас түріне қарай, жасына, жынысына қарамай үлкен де, кішіге де беріледі.
Сондықтан эмоциялық пен бағалауыштық қызмет диалог арқылы емес, монолог арқылы жүзеге
асады. Осы орайда тілек-батаның əсер туғызушы қызметі де бүтіндей мəтін ретінде прагматикалық
аспектіні құрастырады. Мысалы:
Е, құдайым оңдасын,
Қыдыр келіп қолдасын.
Бас аман, мал түгел болып,
Береке, бірлік орнасын!
Алғыстарды, немесе баталарды, естігенде, олар жағымды сезімнің əсерінен туындағанын
аңғарамыз. Тілек білдіру кезінде ішкі эмоция арқылы дауыс ырғағы реттеледі. «Баталардың
прагматикалық бағыты риза болу, сүйіну, көңіл білдіру, ықылас таныту, қуану сияқты көңіл-
күйлермен ұштасып жатса, қарғыстарда табалау, сөгіс білдіру, жақтырмау, мұқату сезімдері қабат
келіп жатады. Мұндай эмоцияға толы сөздердің адам психикасына əсері мол» [3;85].
Батаның ғибратты-дидактикалық жəне коммуникативті қызметін басқа да тілдік бірліктердің
бойынан байқауға болады. «Бата сөзі, бір жағынан, халық шығармаларына жататын тілі көркем,
мазмұны келісті сөз үлгісі болса, екіншіден, тəлім-тəрбиелік мəні айрықша байырғы мұрағаттардың
бірі. Халқымыздың бата беру, ізгі тілек айту салты, үшіншіден, сөз əдебі немесе, ғылым тілімен
айтқанда, сөз этикеті деген аса мəнді «ережеге жатады»» [4]. Осы тұста, белгілі бір коммуникативті
интенциямен жұмсалатын кез келген тілдік бірліктердің пресуппозициясына, фатикалық
компонентіне, иллокутивті қызметіне бағытталған дайын жауаптардың да бар екенін айта кеткен жөн.
Мысалы: Ораза қабыл болсын! — Айтқаныңыз келсін!; Сапарыңыз сəтті болсын! — Айтсын!;
Жолың болсын! –Аумин!; Үй-іші тегіс аман ба? — (Құдайға) шүкір; Ертең кездесеміз ғой. — (Құдай)
бұйыртса (қаласа).
Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері
Серия «Филология». № 3(67)/2012
57
Келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, кез келген қазақ тілінде сөйлеуші бұл жауаптардың
түпкі семантикалық пресуппозициясын айқындай алады. Қазақ сөйлеу тіліне тəн импликатуралар
арқылы адресат стимулдың иллокуциясын қалай қабылдағанын, яғни, стимул бойындағы реактивті
тапсырмамен келісетінін не келіспейтінін, болмаса оны растайтынын не қарсы келетінін көрсетеді.
Мұндай жауаптар стимул интенциясымен ұтымды үйлесіп, коммуниканттар арасында түсіністік
орнатуға қызмет етеді. Өйткені олар тыңдаушы санасында орныққан. Осындай тілде бар дайын
жауаптар қандай сөйлеу жағдаятында жұмсалса да, өздерінің иллокутивті қызметін орындайды.
Мысалы, төмендегі стимул-репликаларға бағытталатын дайын жауаптардың ерекше түрлері бар:
Армысыз, əз аға! Асыл аға! — Бар бол, немен жүрсің, жарқыным? [5;11].
Ассалаумағалайкум, Балта аға! Келдіңдер ме кешікпей... — Ақанбысың, əліксалам...
Аманбысың, жарқыным (Құшақтасып амандасады) [5;103].
Күйлі, қуаттымысыңдар, шешелерім! — Шүкір, қарағым... [5;181].
Көбеймісің, жарқыным? Аз ауыл Тобықтың не күйде? Елің, ерің аман ба, ұлдарым? — Ел
тыныш, ер аман, баба! [5;8].
Адресаттың бұл тіл бірліктерін қолдана алуы, яғни, белгілі халықтың мұндай тілдік ерекшелігін
білгені оның дүниетанымы, тəрбиесі, білім қоры деңгейінің көрінісі. «Қазақ баталары халық
дүниетанымына сай негізделген рухани байытушы мəтін болғандықтан, бата деп аталғаннан-ақ не
айтылатыны жəне қалай айтылатыны нақты болмаса да əр қазақтың ұғымында бата мəтіннің
прагматикалық формасы қалыптасады. «Бата» атауынан-ақ жақсылықтың нышаны елес беріп,
жүрекке жылылық ұялатады» [3;81].
Тілек-бата туралы С.Негимов «Ақ бата» (1992), М.Еламжанов «Баталар» (1998), Қ.Ысқақов «Ақ
бата» (2000), Н.Уəлиұлы «Бата-тілектер» (2003) өз еңбектерінде талдап айтқан. З.Б.Үмбеталина,
Г.Смағұлова, С.Төлекова, С.Кенжеахметұлы, Н.Өсерұлы жəне т.б. этнограф-ғалымдар еңбектерінде
бата мен қарғыс мəнді сөздердің топталуы туралы ой қорытқан болатын. Қазақ қауымында өмір
сүрген би-шешендердің философиялық ой туғызатын бата, тілектерінің атқаратын қызметі зор. Əр
əлеуметтік топтың өз тілі болады дейтін əлеуметтік лингвистикалық қағидаға сүйенетін болсақ,
шешендік тіл — зиялы қауымның даналар тілі. Бата адам санасына айрықша формасымен əсер етеді,
əрі оның негізгі мағынасы ойлау нəтижесінде аңғарылады. Ол бата берушінің өз басынан өткен,
өмірдегі оқиғалардан алынған, алайда дəлелдеуді қажет етпейтін шындықты рухани қорытып
шығаруы нəтижесінде пайда болады. Бата ықшам жəне жинақы берілген ойды көрсетумен қатар
қысқа сөзбен түйінделіп отыратын тиянақты, бейнелі ой, оның əр тармағы жеке нақыл ретінде
қолданылады. Баталар ұлттық-танымдық құрылым негізінде қалыптасатындықтан, қазақ
болмысының, мəдениетінің рухани дүниетанымының көріністерін бейнелейді. «Бата-тілек айту
жағдайындағы сөйлеу актісінде суггестор суггерендтен басым түсе отырып, белгілі бір мақсатқа сай
əрекет етеді. Суггестиялау арқылы прагматикалық дəрежеге жету қатысымға қатысушылардың
коммуникативтік жағдаятты психологиялық қабылдай алумен қатар, олардың арасында өзара
түсінушілік, коммуникативті жəне лингвистикалық құзыреті мен тілдік қатынас ұғымдарын ұға
алатын қазақ ұлты өкілі болуы қажет. Бұл тілек-батаның əрекет уақытында пайда болатын сөйлеу
түрі емес, жағдаят кезінде тек дайын түрде қолданысқа түсетін сөйлеу түрі екендігін танытады»
[3;41].
Тілек-бата сөздері ауызша сөйлеу үлгілеріне жатады, бата беруде эмоция мен сезім қатар жүреді.
Сондықтан да бата беру кезеңіндегі психологиялық жағдайды ғалым А.Ж.Машимбаева бірнеше
топқа бөліп қарастырған. «Олар:
а) бата беруге дайындық. Мұнда батагөй жалпы ортамен ықпал күшін арттыру үшін
коммуникативтік қатынасқа түседі, бата берушінің ең алдымен ойлау қабілетінің жылдамдығы
жоғары болу қажет;
ə) сөйлесімді қалыптастыру. Бата беру үшін əр түрлі əдіспен қатесіз, дəл мағынада, анық етіп,
керекті батаға тəн тіркестерді қолдану қажет;
б) батаның тұтастықта сыртқа шығуы. Сөздің дыбыстық жағынан анық болып, интонация
бірліктері арқылы ойлаудың сөйлеуге айналуы, бата беру сəтіндегі ортаны ұйытуы немесе эмоцияға
берілуі;
в) батаның қабылдануы;
г) түсінісу. Бұл жағдай батагөйде вербалды, бата алушыда бейвербалды көрініс табады. Негізгі
мақсаты — бата алушының ойына кей жағдайда əсер етуі» [3;81].
Ф.Т.Саметова
58
Вестник Карагандинского университета
Бата-тілек, өсиет айту даналардың мəндік-мағыналық ерекше стильдік сөйлеу дəстүрі болып
табылады. «Бата — біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй
шалдар — басы бар табақты тартуға алып келгенде, жеп болғанда бата қылады», — деп айтқан
болатын Ахмет Байтұрсынұлы [6]. Яғни батаны тек парасатты, данышпан, дана адам ғана айта алған.
Келтірілген мысалда даланың батыл да батыр ұлы Кебекке Абыз бабаның берген батасы:
Кебек: Бағымды ашсын, батаңды бер, əз аға... Ақбас құндыз алдымды ашсын, бата бер.
Абыз:
Адалдан бер, ақтан бер!
Бəлекетін жатқа бер,
Ер маңдайын баққа бер!
Абырой асар жаққа бер!
Қара түндей қазаны
Қас ойлаған жаққа бер!
Сөнбес күндей шат көңіл
Жазығы жоқ жасқа бер!
Адал жолды аққа бер
Мерейі асқан өренім
Кебек сынды таққа бер! [5; 13].
Байқап отырғанымыздай, бата атауының өзінен-ақ прагматикалық құбылысты байқаймыз.
Өйткені бата қарым-қатынастың түрлі бағыттарын айқындайды. Оң бата, тілек жəне қарғыс болып
бөлінетіндіктен, қуаныш пен реніштің түрлі жағдайлары жағдаят кезінде айқындалады. Ниеті түзу,
жасы үлкен, рухани бай адам ғана бата бере алады. Осы орайда тілек-баталар сөйлеу түрінің үлгісі
болғанымен де, жеке субъектілердің əрекет үстіндегі ойының көрінісі емес, тілдік қолданыста дайын
күйінде сақталған халықтың рухани мұрасы. Ол айтушының ойын жеткізуде нақтылау мақсатында
жеке пікіріне үстеме ретінде жұмсалады, «...бұл да қазақтың ескілікті əдет-ғұрпынан туған, батагөй
қариялар айтатын сөз өнерінің бір түрі. Адам бойына жабысқан əр түрлі ауру-сырқауды сиқырлы
сөзбен қуы, аластауға болады деп сенген халық, бір замандарда, бақ пен дəулетті де, бас амандығы
мен байлықты да ақ тілеу айтып, бата беру арқылы дарытуға болады деп түсінген. Жарылқаймын
десе де, жабырқаймын десе де Қыдыр атаның еркі біледі деп есептеген. Бата қалың нөпір ел бас
қосқан жиындардың, тойлардың, астардың соңында айтылады» [7].
«Тілімізде алғыс мəніндегі бата-тілектермен қатар қарғыс мəнін білдіретін сөздер мен сөз
тіркестерінің де молынан кездесетіні байқалады. Қарғыстардың да шығу тарихы алғыстар секілді
көнеден келе жатқандығы тілдік деректерде байқалады. Мұның себебін адам психологиясының қуану
мен ренжу сияқты көңіл-күйлері кезектесіп отыратындықтан, алғыс пен қарғыс, оң бата мен теріс
бата да жағдаятқа байланысты айтылып отырған» [8]. Қазақ тілінің лексика-семантикалық жүйесінде
құрылымдық жəне мағыналық тұрғыда ерекше лексикалық топ құрайтын тілдік таңбалардың бірі —
қазақ тіліндегі алғыс жəне қарғыс мəнді сөздер. Қарғыс пен алғыстың шығу тегінің өте ертеде екенін
айта келіп, Ə.Болғанбаев былай дейді: «Бұлардың негізгі идеялары көбіне діни ұғымдармен тығыз
байланысты. Кісінің аузынан шыққан алғысы мен қарғысы арқылы адам баласының, жан-
жануарлардың өмір тіршілігін оңайлатуға немесе қиындатуға, ұзартуға болады деген теріс ұғымнан
келіп туған» [9]. Сөздерді мұндай тобы мазмұны жағынан этностың менталді дүниесіне тəн тілдік
жəне тілден тысқары білімдер жүйесінің бар екенін көрсетеді. Бұл қазақ тіліндегі тілек атауына
қатысты ассоциациялық өрістің мəнін ашып береді. Мұндай сөздерді ұғыну үшін тек қана белгілі бір
дəрежедегі аялық білімі ғана емес, қазақи ұғымы да болу керек. Белгілі ғалым Н.Уəлиев: «Сөз
шеберлігі тек нормаға тəн дұрыстықты көздемейді, сонымен қатар толып жатқан тілдік амал-
тəсілдердің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дəл, бедерлі, ұтымды түрін талғау дегенге саяды»,
— деген пікір айтады [10; 362].
Тілдік норма — тіл мəдениетінің қарастыратын мəселесі. «Сөйлеу мəдениетіне жетілу, тілді
тиімді пайдалана білу талабы арғы көне замандардың өзінде болған. Адам баласы өзінің өмірлік
серігі, бүкіл тіршілігінің құралы, рухани айнасы — тіліне, оның тағдырына бейтарап қарамаған, оны
қызғыштай қорып, мəпелеген. Қоғамның мəдени дəрежесін көтеру бағытындағы əрбір қадам алдымен
тіл мəдениетін, жазу өнерін дұрыс жолға қою, жетілдіру талабынан бастап отырған» [10;118]. Тіл
мəдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды, олар: тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық,
грамматикалық, дыбыстану нормасы); этика — сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынастың тиімділік қағидалары).
Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері
Серия «Филология». № 3(67)/2012
59
Тіл мəдениеті, тілдік норма туралы Р.Сыздықова, М.Балақаев, М.Серғалиев, Н.Уəлиев өз
еңбектерінде жан-жақты қарастырған болатын. Қазіргі уақыт талабына сай, сондай-ақ, əлемдік тіл
ғылымында тіл мəдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» ретінде аталып, əрекеттестік (яғни, екі
жақтың өзара қатынасының) бағытында зерттеліп жатыр. Осы əлемдік тіл мəдениеті көтерген
мəселелерін қазақ тілі ғылымында жан-жақты зерттеудің прагматикалық аспекті арқылы шешу
міндеті алға қоюлуда. «Тіл мəдениетінің басты мəселесі — тілдік құралдардың көмегімен қарым-
қатынас жасау барысында адамға ықпал ету. Əрине, мұндайда тілдің эстетикалық, əдемілік жағынан
əсер етуі басты назарға алынады. Демек, əркімнің жүріс-тұрысында, жалпы болмысында мəдениетті
болуының қажеттілігі сияқты, сөйлеу, жазу үстінде де адамның, əр сөзді, сөз тіркесі мен сөйлемді
тиісті мағынасында емес, соған қоса, тартымды, əсерлі қолдана білуі кең мағынадағы рухани
мəдениеттіліктің бір саласы ретінде қаралуы тиіс. Тіл мəдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі
белгілер мен сапалар болады. Олардың бастылары мыналар: дұрыстық, дəлдік, логика, тазалық,
мəнерлілік, сөздің байлығы жəне қисындылық» [11].
Тіл мəдениеті сөзді дұрыс, тəртібімен ғана пайдалану болып саналмайды, тіл мəдениеті
эстетикалық бағдарды қамтамасыз етеді. Ол өзінің ең жоғары деңгейінде стилистикамен түйіседі,
оның мəселелеріне игі ықпал етіп, стилистикалық норманың қалыптасуына толық мүмкіндік жасап
береді. Стилистикалық нормадан тілдік норманың өзгешелігі мынада: əдеби тілдің тілдік нормасын
қолдану аясы шектеулі емес. Тілдік норма жалпы қолданыстың дұрыстық сапаларын игеріп отырады.
Тілдік норманың функционалдық табиғаты варианттылықтың бар болуымен байланысты. Тілдік
тəсілдердің варианттылығы əдеби тілдің функционалды-стилистикалық жіктелуін қамтамасыз етеді.
Тіл нормасы белгілі жүйелілік пен бірізділікке бағынады. Əр халықта бір-біріне ортақ болып келетін
лексикалық мағынасымен бірге сыпайылық мағына білдіретін сөздер көп екенін байқауға болады.
Сөйлеу этикетінің табиғатына келсек, сөйлеу этикетінің микрожүйесі — тілдік қатынас
барысында əлеуметтік-реттеу қызметін атқаратын тілдік амалдардың жиынтығы. Бұл жүйенің екі
жақты бағыты бар, біріншіден, сөйлеу этикеті тілдік жүйеге жатады, оның бірліктері тілдік нормаға
тəуелді. Ал, екіншіден, сөйлеу этикеті жалпы этикеттің құрамдас бөлшегі ретінде адамның тəртібін
басқаратын басқа формалармен тығыз байланысты. Объективті шарттар адамдардың əрекетін
реттейтін болғандықтан, мұндай əрекетті өзіне сай ережелер, нормативтер бақылайды. Сондықтан да
əлеуметтік нормалар əлеуметтік келісімнің маңызды механизмі қызметін атқарады. Демек сөйлеу
тілінің қозғалысты, субъективті сипатымен байланысты сөйлеу нормасы болады. Ал сөйлеу
нормасын «тілдік қолданыста таңдап, белгілеп пайдаланатын тұрақты, дəстүрлі тілдік құрылымның
элементтерін сыртқа шығару» деп анықтайтын болсақ, онда бұл дегеніміз, нені айтуға болмайды,
белгілі қоғамдағы дəстүр бойынша қалай айтуға болатынына көңіл бөлу керек.
Əр заманда əр халыққа тəн əдептер мен дəстүрлер өмірге келіп, соларға сай сыпайылық
қағидалар туындап, ғасырлардан ғасырларға жалғасып, ұласып жатады. Тыңдаушының сөйлесім
мазмұнын дұрыс қабылдауы пікірлесімге қатысушылардың сөйлесу тəжірибесінің ортақ сипатына
тікелей байланысты. Осы тұста П.Грайстың атақты ынтымақтастық қағидасы да адресаттың
коммуникативті қызығушылығын есепке алу керектігін көздейтінін айта кеткіміз келеді. Басқаша
айтқанда, бұл қағиданың негізінде қатысымның сəтті жүзеге асуы алдымен тыңдаушыға тікелей
байланысты екендігі жатыр. Сонымен, П.Грайс ұсынған ынтымақтастық қағидасы: «1) белгілі
хабарды айт; 2) тек қана шындықты айт; 3) тақырыптан ауытқыма; 4) анық сөйле; 5) сыпайы бол», —
дейді. Бұл адресатқа қарағанда сөйлеушіге қойылатын коммуникативті міндеттердің талабы.
Сонымен, адресаттың ролін сөйлеудің тек əлеуметтік этикет формасы қана белгілемейді. Ол
сөйлеушіні өз сөйлеу əрекетін дұрыс ұйымдастыруға итермелейді. Демек кез келген ауытқу
тыңдаушының қайта сұрауларымен əшкереленуі мүмкін, себебі «сөйлеуге өңдеу жасау адресат
факторының қысымымен жүзеге асады [12].
Сөйлеу актілері арқылы тыңдаушыға əсер ету үшін сөйлеуші белгілі тіл бірліктерін қолданады.
Кез келген перлокутивті қызмет негізінде сөйлесімнің үш салаға: əрекетке, ойға, эмоцияға
бағытталған перлокутивті мақсаты жатыр. Сөйлеу актілерінің прагматикалық типтерінде (констатив,
квеситив, директив, менасив жəне т.б.) тілдік бірліктермен берілген авторлық интенция
перлокуцияны да болжайды.
Сөйлеу əрекетін жоспарлап, оны жүзеге асыру кезінде коммуникант қатысымға қатысушының
əлеуметтік сипатын, соның ішінде рольдік сипатын есепке алады. Себебі сөйлесу барысында адамдар
не тыңдаушы, не сөйлеушінің ролін қабылдайды да, əрекетке қатысты өз бағаларын береді. Қарым-
қатынас үрдісін əлеуметтік тұрғыдан бақылау қатысымдағы адамдардың рольдік репертуарына сай
Ф.Т.Саметова
60
Вестник Карагандинского университета
жүргізіледі. Психологияда роль дегеніміз — əркімнің əр түрлі əлеуметтік позицияда өзіне
тағайындалған, белгіленген əдебі. Əрине, бір адам жағдаят түріне қарай əр түрлі роль (əке,
отбасының мүшесі, маман, тұтынушы, жолаушы т.с.) орындайды. Бұл жерде оның əлеуметтік ролінің
алатын орны ерекше. Себебі əлеуметтік рольдер қатысымға қатысушылардың сөйлеу əдебін
анықтайды. Жағдаят кез келген коммуникативтік актіге əсер ету есебімен қатысушылардың
əлеуметтік рольдерінің, олардың психологиялық күйін толық қарастырады. Сөйлеуші де, тыңдаушы
да өз ниеттерін сөйлеу қадамы арқылы білдіруі вербалды жəне əрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.
Қатысымға қатысушылардың мақсаты мен уəжі коммуникативтік жағдаяттың компоненттерімен
тығыз байланысты. Қатысымға қатысушылардың қоғамның мүшесі ретінде, сол қоғам белгілеген
əлеуметтік нормалар мен ережелерді қолдануын, сөйлеу этикетімен есептесуін қадағалайтын — уəж.
Мақсат — мүмкін нұсқалардың қолайлысын дұрыстап таңдау. Сөйлеу əдебінің нормасы əлеуметтік
жəне мəдени мəнбірлерге сүйенеді де, ұлттық ерекшелікпен ерекшеленеді. Сонымен осы сипатталған
мəселелерді ескере отырып, прагматикаға қайта оралсақ.
Кең тараған көзқарас бойынша, «прагматика» ұғымы — адамның тіл бірліктеріне деген
қатынасын зерттейтін сала. Ал тіл бірліктерін де адам қолданатын болғандықтан, қатысым
прагматикасын тіл бірліктерінің өзара қарым-қатынасынан іздемеу керек, оны коммуникацияға
қатысушы адамдардың қарым-қатынасынан іздеген жөн. Себебі прагматиканың орталық категориясы
— субъект категориясы, əлеуметтік жағдаят категориясы, яғни, адресат факторы. Əрине, бұл сөйлеу
əдебінің қоғамдық белгіленген, дағдылы тəртібі екені рас, жəне сол қоғам мүшелері ұлттық
ерекшеліктің осындай сөйлеу формулаларында бекітілгенін біледі. Дей тұрғанмен, сөйлеу
формулалары тарихи құбылысқа, оқиғаға байланысты өзгермелі болады.
Бұл мысалдардың біріншісінде қазақ тілінде сөйлеуші реципиент үшін ақсақалдың батасын алу,
сыпайы сөйлесу, алғыс алу — мерейлі, мəртебелі іс, қоғамда белгілі бір қалыптасқан дəстүріміздегі
үлкенді сыйлау, кішіге құрмет жасау, қонаққа шақыру, бата алу сияқты əдеп ережелері тұрғанын
бірден түсінеді. Сонымен, сөйлеуші де, тыңдаушы да немесе адресант пен адресаттар — белгілі бір
əлеуметтік жіктің өкілдері. Адамның дағдылы іс-əрекеті немесе əлеуметтік əдебі, оның ішінде сөз
əдебі, сол əлеуметтік қоғамға, ортаға лайық болады. Қатынасқа қатысушылардың жас ерекшелігі,
жынысы, мекені, кəсібі, жұмысы, отбасындағы орны оның əлеуметтік белгілері болып табылады. Кез
келген қатынасқа қатысушы адам өзінің əлеуметтік белгілеріне қарай, рөліне қарай сөйлейді.
Коммуникативтік тұлғалардың сөйлеуі тек жасына ғана емес, алған білім деңгейіне, өскен
ортасына, қызметі мен кəсібіне, бір сөзбен айтқанда, əлеуметтік мəртебесіне байланысты болып
келеді. Əдетте коммуникативтік тұлғаның жүріс-тұрысы, əлеуметтік əдебі сол ортада қалыптасқан
нормаға сай болады. Сол нормаға сай тілдік қатынас жасайды. Алайда сол қоғамда қалыптасқан
нормадан, ұстанымдардан ауытқыса, қатынас бұзылады. Сондықтан əрбір сөйлеуші сөйлеу
барысында барынша сыпайылық сақтап, бірлестік, ынтымақтастық ұстанымын орынды қолдануға
əрекеттенеді. Сондықтан, тілде бар айла-тəсілдерді, тактикаларды ұтымды қолдану арқасында сəтсіз
коммуникативтік жағдаятты болдыртпауға тырысу керек.
Əдебиеттер тізімі
1 Формановская Н.И. Речевой этикет и культура общения. — М.: Высш. шк., 2002. — 456 с.
2 Клюев Е.В. Речевая коммуникация. — М.: Рипол Классик, 2002. — С. 9.
3 Машимбаева А.Ж. Тілек-бата сөздерінің суггестиясы мен прагматикасы. — Алматы:
Арда, 2009. — 124 б.
4 Қобланова А. Қазақ сөз этикеті: Канд. дис. ... автореф. — Алматы, 1998. — 108-б.
5 Қазақ пьесалары. — Алматы: Өнер, 1957. — 256 б.
6 Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. — Алматы: Білім, 1992. — 28-б.
7 Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. — Алматы: Ғылым, 1974. — 131-б.
8 Смағұлова Г. Мəтін лингвистикасы. — Алматы: Қазақ ун-ті, 2002. — 36-б.
9 Болғанбаев Ə. Қазақ тіліндегі алғыс жəне қарғыс мəнді тұрақты тіркестер. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы
мəселелері. — Алматы: Өнер, 1960. — 117–121-б.
10 Уəлиев Н. Қазақ тіліндегі фразеологизмдер жəне тілдік норма. — Алматы: Ғылым, 1993.
11 Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мəдениеті. — Алматы: Зият-Пресс, 2004. — 114-б.
12 Арутюнова Н.Д. Фактор адресата // Изв. АН СССР. (Сер. литературы и языка). — 1981. — Т. 40. — № 4. — С. 358.
Қазақ сөйлеу этикетінің ерекшеліктері
Серия «Филология». № 3(67)/2012
61
Ф.Т.Саметова
Достарыңызбен бөлісу: |