№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата12.03.2017
өлшемі30,5 Mb.
#8858
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Литература 
1  Приветственное  слово  Президента  РК  Н.А.  Назарбаева  участникам 
Международного симпозиума «Степь и культура. Великий путь во времени» // Наука 
Казахстана. – 1997. – №15. 
2  Государственная  Программа  «Культурное  наследие»  на  2004-2006  гг.  Указ 
Президента Республики Казахстан от 13.01.2004 г. // Собрание Актов Президента 
Республики  Казахстан  и  Правительства  Республики  Казахстан.  –  Астана.  – 
13.01.2004. 
3  Масанов  Н.Э.,  Абылхожин  Ж.Б.,  Ерофеева  И.В.  Научное  знание  и 
мифотворчество  в  современной  историографии  Казахстана.  –  Алматы:  Дайк-пресс, 
2007. 
4 Ранние кочевники // КСИА. – Вып. 154. – М.: Наука, 1978.  
5 История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. В 5 т. – Т. 1. – 
Алма-Ата: Наука, 1977. 
6  Акишев  К.А.  Археологические  исследования  в  Казахстане  //  Историческая 
наука  Советского  Казахстана  (1917-1960  гг.).  Очерки  становления  и  развития.  – 
Алма-Ата: Наука, 1990. – с. 231-245; Байпаков К.М. Археологические исследования 
в Казахстане // Российская археология. – 1996. – №1.  
7 Хабдулина М.К. Кочевая цивилизация: критерии и понятия // Известия МН-
АН РК. – Сер. общ. наук. – Алматы: Гылым. – 1997. – №1. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
155
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ҚАЛАМГЕР» АТТЫ ШЫҒАРМАЛАР 
КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
БАКТЫГАЛИЕВА Назерке, 
«№37 гимназиясы» КММ 11 «А» сынып оқушысы, Семей қаласы, 
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КАРИБАЕВА Кульгайша Дикеновна, 
«№37 гимназиясы» КММ «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі, 
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АЗАТТЫҚ РУХЫ – АЛТЫН АДАМ 
Жарқын болашаққа бастаған ұлт көшбасшысы 
 
Сүйер ұлың болса, сен сүй – сүйінерге жарар ол. 
Абай Құнанбаев. 
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. 
Иә,  бостандық,  теңдік,  тәуелсіздік...  Бүгінгі  тәуелсіздікке  халқымыз 
оңайшылықпен жеткен жоқ. Елім деп еңіреп, жерім деп тебіреніп, қазақтың елдігін, 
азаттығын  сақтап  қалуға  үлкен  үлес  қосқан  хан-билердің,  батырларымыздың 
есімдері ақиқаттың тарихынан белгілі. Олар бостандық пен азаттық үшін жандарын 
шүберекке  түйіп,  халқын  ересен  ерлікке  бастаған,  бірлік  туын  көкке  көтерген 
батырларымыз,  ісімен  де,  сөзімен  де  елді  біртұтас  ынтымаққа  жұмылдырған,  от 
ауызды,  орақ  тілді  шешендеріміз,  кемеңгер  билеріміз,  халқы  үшін  ғұмырын  арнап, 
жандарын  беруге  даяр  ел  басқарған  хандарымыздың  есімі  әр  қазақтың  жүрегінде 
алтын әріппен жазылған. 
Бұл  күнге  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарған  бірлігіміздің  арқасында 
жеттік. Тәуелсіздік жолында қаншама адам жан тапсырды. Өрімдей жастарымыздың 
өмірі  азаттық  үшін  күрес  жолында  қыршынынан  қиылды.  Ата-бабаларымыз  ат 
үстінде қасық қаны қалғанша күресті. 
Тәуелсіздік  –  ең  алдымен  қазақ  халқының  бостандыққа  ұмтылған  асқақ 
армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да бізге тәуелсіздік үшін күрес – 
ең қадірлі күрес. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
156
Тәуелсіздік 
деген 
кезде 
Тәуелсіздігіміздің 
символы 
іспеттес 
Жұбан 
Молдағалиевтың: 
...Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 
Қайта тудым, өмірге қайта келдім. 
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, 
Айта бергім келеді, айта бергім..., - дегені еріксіз ойға оралады. 
Халқымыздың  сан  ғасырлар  бойғы  азаттық  жолындағы  арпалысы,  сол  жолда 
көрген  азаптары  мен  қиындықтары  жадымызда  мәңгі  жаңғырып  тұрмақ.  Есепсіз 
азаптарды  бастан  өткеріп,  қазіргі  күні  тәуелсіздікке  қол  жеткіздік.  Бүгінгі 
өміріміздің  барлық  жетістіктері,  ұлтымыздың  қайта  өрлеп,  өркендеуі,  рухани, 
экономикалық еркіндігіміз – бәрі біздің мемлекеттік Тәуелсіздігімізде. 
Бүгінде  құлан  жортса  –  тұяғы  тозатын,  қыран  ұшса  –  қанаты  талатын  ұлан-
байтақ  жеріміз  бар,  сол  жері  мен  елін  егемен  ел  етіп,  әлемге  танытқан  Елбасымыз 
бар. 
Мемлекеттік  тәуелсіздігімізді  жария  еткен  алғашқы  сәттен  бастап,  бүгінгі 
күнге  дейінгі  барлық  жетістіктеріміз  бен  көрген  жақсылығымыз,  дербес 
мемлекетіміздің  қуаттануы ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаевтың есімімен, еңбегімен, басшылығымен тікелей байланысты. 
1991  жылғы  1  желтоқсанда  Қазақ  елінің  тарихында  тұңғыш  жалпыхалықтық 
сайлау өтіп, егемен  Қазақстанның негізін салушы, Қазақстанның Президенті болып 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 
Бұл жеңіс жоғары сенімнің, қиын өтпелі кезеңде сенімді басшыға өз тағдырын 
сеніп  тапсырған  халықтың  жауапты  таңдауының  белгісі  болды.  Халқының  өзіне 
артқан  үкілі  үмітін  орындай  бастады.  Елбасымыз  жанын  салып,  еліміздің 
дағдарыстан  шығуына  сара  жол  сала  білді.  Аз  уақыт  ішінде  Қазақстанның  әлемге 
танылуы  Елбасының  салиқалы  саясатының,  толассыз,  тынымсыз  еңбегінің  арқасы 
екені белгілі. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  –  сөз  бастаған  шешен,  ел  бастаған  көсем, 
сарабдал  саясаткер,  әлемдік  деңгейде  өзіндік  орны  бар  үлкен  тұлға,  қажырлы 
мемлекет  қайраткері,  ұлтжанды  азамат.  Алғырлығы  мен  көрегендігі,  ептілігі  мен 
тектілігі,  батылдығы  мен  өжеттігі,  мейірімділігі  мен  қайсарлығы  қатар  жүретін 
нағыз марғасқаның бірі әрі бірегейі. 
Баяғыда  бір  ойшыл:  «Саясаткер  –  сайлау  мен  сайлаудың  арасында  ғана  көзге 
көрінетін белсенді. Ал шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының тағдырымен 
байланысты.  Оның  мұраты  –  халқының  бүгіні  мен  ертеңі»,  -  деген  екен.  Бұл  сөз 
дұрыс  айтылған  деп  ойлаймын.  Елбасының  тәуелсіздік  туын  қолға  ұстағалы  бері 
әлем,  еліміз  алдындағы  көрсетіп  келе  жатқан  ұлан-ғайыр  қажыр-қайраты  – осының 
дәлелі деп білемін. 
Қандай да басшының сөзі, іс-әрекеті және соның нәтижесі ел көңілінен, қалың 
жұрттың ойынан шығып жатса ғана халықтың сеніміне ие болады. Біздің Президент 
–  сондай  ел  сенімін  арқалаған  адам.  Әзілхан  Нұршайықов  Елбасымыз  туралы: 
«Білімділігі, алғырлығы, даналығы үшін таңдандым. Басқалардан артықшылығы көп. 
Ең алдымен шешендігін айтар едім. Халықты басқарып, оны алға қарай бастап жүру 
үшін  президентке  әр  айтқан  сөзін  жұрттың  жүрегіне  жеткізуге  шешендік  керек. 
Нұрекең қазақша да, орысша да шешен. Ол кісінің сөздеріне  қарап, Елбасымыздың 
сөзге  шебер,  даналық  қасиеттерін  байқаймыз»,  -  дегені,  «Адал  ұл  боп,  ер  туса  –  ел 
тірегі», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, біздің адал да ардақты Президентіміз 
– шырағымыз, еліміздің тірегі. 
Халық даналығында «Алланың назары түскен адам ғана патша болады» деген 
мән-мазмұны  аса  жоғары  қасиетті  сөз  бар.  Біз  осы  ұлағатты  ойға  мән  бермейміз. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
157
Болмаса  кез  келгеніміз  неге  патша,  бүгінгі  тілмен  айтсам,  неге  Президент 
болмаймыз?  Құдай  ондай  бақты  әрқайсымыздың  пешенемізге  жазбағаны  анық. 
«Мың қосшыға – бір басшы», - дейді тағы да атам қазақ. Бұл да зиялы халқымыздың 
ел билеу тәжірбиесінен түйген ойы. 
Қазіргі  таңда  әлемді  аузына  қаратқан,  Қазақ  елінің  маңдайына  біткен  дара 
тұлға, ұлт көшбасшысы. Елін сүйген – елі сүйген Елбасы. 
Мемлекет те тірі организм іспеттес. Мемлекет тіршілігінде тыным, тоқтау жоқ. 
Оған күнде «қорек» қажет. Оның тамырын үздіксіз ұстап, қан айналымының, жүрек 
соғысының  дұрыстығын  үнемі  бақылап  отыру  –  мемлекет  басшысының  міндеті, 
борышы. Сондықтан да үміт артқан ері  халқы алдында борышын орындауда. Ол өз 
халқының  тілін,  дінін,  егемендігін  қайтарып  берді.  Ол  Қазақстан  Республикасын 
алға  тартып,  әлемдік  аренаға  шығарып,  қазақ  халқын  дүние  жүзіне  таныстырып, 
оның  тарихын,  салт-дәстүрін  паш  етті.  Ұлттық  мемлекетіміздің  жаңа  шаңырағы 
көтеріліп,  оның  аса  маңызды  нышандары  Туы,  Әнұраны,  Елтаңбасы  және  ұлттық 
Ата Заңы, ұлттық валютасы – Теңге өз күшіне енді. 
Рәміздерді  құрмет  тұтып,  оларды  болашақ  ұрпаққа  насихаттау,  әрбір 
қазақстандықтың  азаматтық  міндеті.  Қазақтың  көк  Туы  желбіреп,  Әнұраны 
шарықтап шырқалып тұрса, бізге неге мақтанбасқа! Қазақ елі өзін өзі басқа елдерге 
таныту  арқылы  көптеген  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болып,  өз  орнын  тұрақты 
айшықтап бере алды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен 
тәуелсіздік  жылдарында  республикамызда  жүз  жылға  татырлық  істер  атқарылды. 
Елбасы  экономикасы  тығырыққа  тірелген,  саяси  дағдарысқа  ұшырау  алдындағы 
Қазақстанды  жаңа  дәуірлік  жарқын  күндерге  алып  шықты.  Әлі  де  алып  шығарына 
нық сенеміз. 
Шынында  да,  осы  қысқа  уақытты  оймен  шолып  шықсақ,  еліміз  тәуелсіздік 
алып, іргесін бекіткен, халқымызды қуанышқа кенелтіп, жігерлендіре түскен, бұрын-
соңды түсімізге де кірмеген талай ғажайыптардың куәсі болғанымыз анық. 
Тәуелсіздігіміздің алғашқы он жылында жаңа бас қаламыз Астана бой көтерді. 
Кезінде  Кәкімбек  Салықов  «Егемен  Қазақстан»  газетіндегі  «Елорда  –  Елбасының 
еренғайып ерлігі» деп аталатын мақаласында: «Елордамыз жайында сөз қозғалғанда 
Елбасы,  Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  еске  еріксіз  түседі,  ол  – 
қазақстандықтардың  көкірегінде  берік  ұялаған  шынайы  сезімнің  айнадағыдай  анық 
көрінісі.  Вашингтон  дегенде  АҚШ-тың  бірінші  президенті  Джордж  Вашингтон, 
Санкт-Петербург  дегенде  орыс  халқының  патшасы  бірінші  Петр  елес  беретіндей, 
Астана дегенде Нұрсұлтан Назарбаевты заңды түрде еске аламыз. Бұл сезім – нағыз 
таза  сүйіспеншіліктен  туған  риясыз  сезім.  Елорда  –  Елбасының  таңғажайып  ерлігі 
десек, ол – тарихи шындық», - деп жазған. Шын мәнінде Елбасымызды «Астананың 
бас  сәулетшісі»  деп  оның  еңбегін  жоғары  бағалағандықтан  әрі  сүйсінгендіктен 
айтады деп ойлаймын. 
«Халық айтса, қалт айтпайды» деген бар. Қазір де Астана мен Президент есімі 
егіз  ұғымдай.  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзі  барған  әлем  қалаларының  ең  үздік  сәулет 
өнерімен  мұқият  танысып,  ондағы  айрықша  ғимараттарды  зерделей  келе,  Астанада 
да сондай үздік үлгілерді енгізуге ұмтылды. 
Бүгінде  Астанада  сан  алуан  үлгідегі  ғимараттар  бой  көтерген.  Ұлтымыздың, 
еліміздің  рәмізіне  айналған  «Бәйтеректі»  Елбасы  өз  үлгі-жобасымен  салды.  Қазір 
Астана  «тотыдайын  таранған,  сұңқардайын  сыланған»  таңғажайып  шаһарға 
айналды.  Астанамыз  күн  сайын  жайнап,  көркеюде.  Бұл  да  бүгін  ұлтымыздың 
абыройына айналған Президентіміздің тынымсыз еңбегінің арқасы. 
Елбасы  біз  үшін  Еуропаға,  тіпті  әлемге  жол  ашты.  Қазіргі  заманда  әлемнің 
түкпір-түкпіріне  оқуға  да,  демалуға  да  баруға  жол  ашық.  Бізге  дейінгі  жастар 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
158
шетелде  білім  алуды  орындалмас  арман  деп  келсе,  біз  үшін  оқимын,  білім  аламын 
деген балаға қайда барса да есік ашық. 
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Президентінің есімі өз ұлтымыздың ғана емес, бүкіл 
түркі  жұртының  көсемі  ретінде  төрткүл  дүниеге  тегіс  мәлім  деп  айта  аламын. 
«Сүйер ұлың болса, сен сүй – сүйінерге жарар ол», - деп ұлы Абай өсиет еткендей, 
бүгінгі  таңда  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  –  күллі  бір  ұлттың  мақтанышына, 
махаббатына айналған ерекше тұлға. 
«Назарбаевты  қазақ  халқының  бағы  үшін  бере  салған»  деген  сынды 
мадақтаулар  әрбір  қазақстандықтың  жүрегін  жылытып,  көңіліне  мақтаныш  сезімін 
ұялататыны сөзсіз. 
Нұрсұлтан  атама  деген  мақтаныш  сезім  менде  де  туып,  шабытымды  оятып, 
мына өлең жолдарын арнағым келеді: 
Президентім бар менің, 
Мақтан тұтып жүретін. 
Еңбек етіп үздіксіз, 
Елін қорғай білетін. 
Тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбеген, 
Еш күйзелу жүзінен білінбеген. 
Әрқашан мақтан етем мен өзіңді, 
Жаса, жаса Президентім, күлімдеген! 
Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт тарихындағы жаңа дәуірдің жанды бейнесі. 
Елім,  жерім  деген,  елдің,  жердің  қамын  жеген  Елбасымызбен  халқымыз 
мақтанады, құрметтейді, амандығын тілейді. Бұл – бірдің емес, мыңның тілегі, бүкіл 
халық  тілегі.  Өйткені,  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевты  халқымыз  аяулы  Алтын 
азаматтарының бірі, бірегейі санайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
159
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ГЕОГРАФИЯ – МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ» АТТЫ 
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
АРЫНҒАЗЫ Ерсін, 
Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 
11 сынып оқушысы, Шар қаласы, Жарма ауданы, 
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ТУНГАТОВА Гульназ Слямовна, 
Абай атындағы мектеп-балабақша кешені «География, биология» 
пәндерінің бірінші санатты мұғалімі, Шар қаласы, Жарма ауданы, 
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
  
ШАР ӨҢІРІНІҢ ТОПЫРАҒЫ 
 
Топырақ деп жер бетінің ұнтақталған құнарлы қабатын айтамыз. Оның негізгі 
қасиеті – тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті барлық заттар мен ылғалдың болуы. 
Топырақ  туралы  орыстың  топырақтанушы  ғалымы  В.В.  Докучаев  (1846-1903) 
былай  деген:  «Топырақ  күрделі  ерекше  құрылым,  ол  бір  үйлестіктен  екінші 
үйлестікке ауысады...». 
Қазақстан аумағының топырақ жамылғысы күрделі және алуан түрлі. 
Өзімнің  туған  мекенім  –  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Жарма  ауданы,  Шар 
қаласы  Қазақстан  Республикасының  шығысында,  Сарыарқа  даласының  Шар-
Көкпекті шоқыларының солтүстігінде, Шар өзенінің сол жағасында орналасқан. 
Шар  өңірінің  құрамына  Шар  қаласы,  Кезенсу,  Көшек,  Сарыарқа,  ПМС 
ауылдары кіреді. Бұл өңір дала табиғат зонасында орналасқан. Топырағы қара қоңыр 
және сортаң, құмайт, саздауыт. 
Төмендегі  кестеде  Шығыс  Қазақстан  облысында  кездесетін  топырақ  типтері 
көрсетілген: 
Топырақ түрлері 
Гумус құрамы, % 
Топырақ қабатының 
қалыңдығы, см 
Қара топырақ 
4-13 
40-100 
Таулы қара топырақ 
6-10 
50-80 
Қара топырақ (аз және 
орта гумусты) 
4-6, 6-8 
50-60 
Қара қоңыр 
3-4 
30-50-60 
Қоңыр 
2-3 
30-40 
Ашық қоңыр 
1-2 
16-18, 25-40 
Шар  өңірінің  топырағы  қара  қоңыр,  сортаң.  Қара  қоңыр  топырақтың 
құрамында  3-4%  гумус  бар.  Ал  сортаң  топырақ  құрамында  хлорлы  сульфат, 
сульфатты хлор және көп мөлшерде тұз бар. Мұндай топырақ егістік пен бау-бақша 
дақылдарын егуге жарамсыз, тек мал жайылымына жарамды. 
Туған  жерімнің  топырағының  құрамын  анықтау  мақсатында  тәжірибе 
жасадым.  Мектеп  бау-бақшасындағы  жүйекті  20-25  см  тереңдікте  қазып,  топырақ 
алдым. Алынған топырақтан 100 г өлшеп алып, оны жылы жерде кептіріп, ертеңінде 
кептірілген  топырақты  таразыға  салып  өлшегенде  70  г  салмақты  көрсетті. 
Кептірілген топырақтың құрамындағы 30 г су  буланып кетті. Содан соң топырақты 
қалбырға  салып,  қыздырдым.  Қыздырғанда  топырақтан  түтін  шықты,  осы 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
160
топырақты  таразыға  салып  өлшегенде  45  г  салмақты  көрсетті,  топырақтың 
құрамындағы  қарашірік  пен  микроорганиздер  күйіп  кетті.  Қалған  45  г  топырақты 
шыны  ыдысқа  салып,  үстіне  су  құйып,  шайқап-шайқап  тұндырып,  суын  төгіп,  су 
тазарғанша қайталап, ыдыстың түбінде құм мен саз ғана тұнып қалды. 
Жергілікті  жер  топырағында  бөлме  өсімдіктерін  өсіру  үшін  Шар  өзенінің 
бойынан  және  мектеп  бау-бақшасының  жүйегінен,  жол  жиегінен  топырақ  алып, 
тәжірибе  жасадық.  Үш  шыны  құйғыш  (воронка)  алып,  тұтқышқа  бекітіп, 
құйғыштардың  түбін  дымқыл  дәкемен  бекітіп,  бірінші  құйғышқа  жол  жиегінен 
алынған топырақты, екінші құйғышқа Шар өзенінің бойынан алынған топырақты, ал 
үшінші құйғышқа мектеп бау-бақшасынан алынған топырақты салып, үстіне бірдей 
мөлшерде  калий  перманганат  ерітіндісі  бар  су  құйылды.  Құйғыштардың  астына 
стақан қойып, қай ыдыстағы топырақтан су тамшылайтыны бақыланды. 
Тәжірибе  қорытындысы  бойынша  бірінші  құйғыштағы  жол  жиегінен  алынған 
топырақ сортаң топырақ, су құйғыштан тамшылап аққан жоқ. Ал екінші құйғыштағы 
саздақ топырақ суды жақсы сіңірді. Бұл топырақ өсімдіктер өсуге қолайлы. Үшінші 
құйғыштағы топырақтан стақанға су тамшылап ақты. Бұл құмды топырақ. 
Қорытынды:  сазды  сортаң  топыраққа  су  сіңбей  кілкіп  тұрып  қалады, 
құрғағанда  топырақтың  беті  қатып,  жарықшақтанады.  Құмды  топырақ  суды  жақсы 
сіңіреді, бірақ ылғалды бойында ұстап тұра алмайды да, тез кеуіп кетеді. 
Өсімдіктердің  өсуіне  қолайлы  саздақ  топырақ.  Себебі  саздақ  топырақ  ылғал 
өткізгіш  және  ылғал  сыйымдылығы  жоғары.  Осы  топырақ  түрлерінде  бөлме 
өсімдіктері қалай өсетіндігіне көз жеткізу үшін тәжірибені ары қарай жалғастырдым. 
Бөлме  өсімдігі  хлорофитумды  қазан  айының  басында  үш  ыдысқа  отырғыздым. 
Бірінші  ыдысқа  сортаң  топырақ,  екінші  ыдысқа  саздақ,  үшінші  ыдысқа  құмайт 
топырақ  салынды.  Ыдыстағы  өскіндерді  мектеп  зертханасына  қойып,  аптасына  екі 
рет  тұщы  сумен  суарып  отырдым.  Бір  ай  өткен  соң  аптасына  бір  рет  калий 
тыңайтқышымен,  келесі  аптада  фосфор  тыңайтқышын  қосып  суардым.  Бұл 
өсімдіктер сәуір айына дейін бақыланды. 
Бірінші  ыдыстағы  сортаң  топырақта  хлорофитум  жапырағы  бозғылт  өте  баяу, 
нашар  өсті.  Екінші,  үшінші  ыдыстағы  хлорофитум  жақсы  өсті,  себебі  саздауыт, 
құмды топырақ. 
Топырақтың механикалық құрамын анықтау үшін, топырақты дымқылдап алып 
илегенде құрамында саз бен шірінді бар топырақ жақсы бірігеді. Бұл саздақ топырақ, 
ал құрамында құмы көп топырақ нашар бірігеді. 
Мектеп  бау-бақшасында  1  метр  тереңдікте  жерді  қазып,  беткі  қабаттағы 
топырақ сортаң, 13-14 см қазғанда қарашірік қабаты, 14-32 см құм қабатын, 33-58 см 
саз  қабаты,  59-80  см  ұсақ  қиыршық  тасты  қабат  екендігін  анықтадық.  Топырақ 
бетінде  тұз  мөлшері  көп.  Мұндай  топырақта  бау-бақша  дақылдарын  егу  алдында 
топырақты қопсытып, көң мен тыңайтқыштар қосып, тыңайтып алу қажет. 
Шар  өңірінің  топырағы  қасиеттеріне  қарай  құнарсыз.  Топырақтың  құнарсыз 
болу  себептері  жел,  су  эрозиясының  әсерінен.  Шар  қаласы  қоңыржай  климат 
белдеуінде  орналасқан.  Бұл  белдеудің  тұрақты  желі  Батыс  желдер  және  жергілікті 
жел  Жаңғыз  төбе  желінің  әсерінен  топырақ  эрозияға  ұшыраған.  (Оны  төмендегі 
кестеден көруге болады. Бұл мәліметтер жер қорларының эрозияға ұшырауы туралы 
1987 жылғы зерттеулерден алынған). 
Жел эрозиясына ұшыраған жер көлемі (мың га) 
№ 
Аудан атауы 
Эрозияға ұшыраған 
аудан 
Егістіктер 
Шабындықтар 
1.  Жарма 
37,4 
46,8 
27,2 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
161
2.  Шар 
97,7 
30,6 
66,8 
Көктемде  қар  суы  ерігенде,  жазда  нөсер  жаңбырдың  жаууынан  топырақ  су 
эрозиясына  ұшырайды.  Топырақтың  беткі  қабатын  су  шайып,  жыралар  пайда 
болады. 
Топырақ  тозуының  бір  түрі  –  ластану.  Бау-бақша  дақылдарын,  егістік 
дақылдарын  еккенде  зиянды  бунақденелілер  мен  арамшөптермен  күресу  үшін 
химиялық  заттарды  қолдану  топырақты  көп  ластайды.  Анда-санда  жауатын 
қышқылды  жаңбырдың  әсерінен  топырақта  адам  өміріне  зиянды  улы  заттар 
жинақталады.  Көліктер  көп  жүретіндіктен  топыраққа  көліктен  шыққан  улы  газдар 
сіңіп, өсімдіктердің жемісін  улайды. Адамның топырақ түзілуіне тигізетін әсері  бір 
жағынан,  топырақты  тыңайтқыштар  пайдаланып  құнарландырса,  екінші  жағынан, 
тыңайтылған жерлерді үздіксіз пайдаланып, эрозияға ұшыратады. 
Топырақ  –  ауыл  шаруашылығының  басты  байлығы,  негізгі  құралы.  Шар 
қаласына  қарасты  Кезеңсу,  Көшек,  Сарыарқа  ауылдарында  мал  шаруашылығы 
жақсы  дамыған.  Жайылымдар  мен  шабындықтар  шөбі  жылда  шабылып,  топырақ 
эрозияға көп ұшырайды. 
Шар өңірінің топырағының экологиялық жағдайының төмендеу себептері: 
- Қала тұрғындарының үй тұрмысынан шыққан қалдықтарды өртеуі; 
- Лас суларды жер бетіне төгуі; 
- Үй жануарларының санының артуы; 
- Автомобильдердің санының артуы; 
-  Бау-бақша  дақылдарын  бунақденелілерден  қорғау  мақсатында  себілетін  улы 
химикаттардың көп пайдаланылуы. 
Топырақтың құнарлылығын арттыру және эрозиядан сақтандыру жолдары: 
- Ағаш отырғызу; 
- Агро-техникалық іс-шаралар жүргізу; 
- Жерді қопсыту; 
- Лас суларды төгетін шұңқыр қазу; 
- Қар тоқтату; 
- Топырақты үстеп қоректендіру. 
Осы  іс-шараларды  толығымен  жүзеге  асырғанда  ғана  топырақ  құнарлылығы 
артады. 
Ата-бабамыздың  ғасырлар  бойы  «балағынан  мұз  қатып»  жүріп  қорғаған 
қасиетті  жеріміздің  топырағын  қастерлеп,  жанашырлықпен,  ұқыпты  қарап,  өз 
игілігімізге жаратуымыз керек. 
Топырақ  –  республикамыздың  негізгі  байлығы,  оны  қорғау  мен  тиімді 
пайдалану әр азаматтың міндетті борышы. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет