№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 issn 2307-0188


Әдебиеттер  1  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  –  Астана:  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі»  ДББҰ, 2012.  2 https://www.google.kz



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата22.01.2017
өлшемі5,17 Mb.
#2423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Әдебиеттер 
1  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  –  Астана:  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі» 
ДББҰ, 2012. 
2 https://www.google.kz. 
 
ҚЫЛЫШБАЕВА Гҥлнҧр Серiкбайқызы, 
№270 орта мектебі «Тарих» пәнінің мҧғалімі, Шиелі ауданы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ 
 
Мақсатым:  кӛне  ескерткіштер  мен  тарихи  мәдени  мұралардың  мекенін 
зерттеп, ӛз үлесімді қоссам деймін. 
Негізгі  зерттеу  нысанасы:  қазіргі  Сығанақ  қаласының  орнын  кӛру; 
шырақшымен  кездесу;  ауыл  ақсақалдарымен  кездесіп,  сұхбаттасу;  суреттерге  және 
бейне  таспаға  түсіру;  мұражай  қорларымен  байланыс  жасау; жанға  –  шипа,  емге  – 
дәру киелі жер екендігін айта отырып, нақты мысалдарымен дәлелдеу. 
Сығанақ  орны  Қызылорда  облысындағы  Жаңақорған  ауданының  Тӛменарық 
темір  жол  станциясынан  8  шақырым  жерде,  Қаратау  қыратының  оңтүстік-батыс 
етегі  мен  Сырдария  ӛзенінің  жағалауларынан  15  шақырым  қашықтықтағы  Белқар 
үстіртінде  жатыр.  Ең  алғаш  кӛзге  бірден  кӛрінетін  үлкен  қырат,  жал-жал  болып 
үйіліп жатқан ежелгі қала қорғандарының орыны. Қорғанның солтүстік беті жермен 
жексен болып шӛгіп кеткен. 
Сығанақ қаласы ертеректе еліміздегі үлкен мәдени ошағымыздың бірі болды. Х 
ғасырда  Сығанақ  –  ғұндар  мен  қаңлылар  тайпасының,  ал  ХІ  ғасырдың  екінші 
жартысында  әлемге  әйгілі  қазақ  халқының  құрылуына  ұйтқы  болған  қыпшақтар 
мемлекетінің  шығыс  бӛлігінің  астанасы.  ХІІ  ғасырдағы  монғол  шапқыншылығы 
қазақ даласының ойран-топанын шығарды. Сол ойран топанға ұшырағандардың бірі 
– Сығанақ болды. 
1219 жылы Жошы хан әскері Сығанақты жаулап, оның қорғанын қиратады. 100 
жылдан соң Сығанақ қайта қалпына келіп, гүлденеді. Онда талай ошақтарының бірі 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
63 
болған.  Қала  Х-ХІІ  ғасырларда  Сунақ  деп  аталса,  кейін  Сығанақ  қаласы  болып 
ӛзгерген. 
Қазақ  жеріндегі  моңғол  империясының  ыдырауына  байланысты  жергілікті 
этникалық  топтардан  құрылған  мемлекеттер  пайда  пайда  болды.  Солардың  бірі  – 
ХІІІ  ғасыр  мен  XV  ғасыр  басында  Шығыс  Дешті  Қыпшақта  ӛмір  сүрген  Ақ  Орда 
мемлекеті  болды.  Ақ  Орда  –  Қазақстан  аумағында  моңғолдардан  кейінгі  құрылған 
алғашқы  мемлекет.  Орталығы  Сырдария  ӛзенінің  орта  ағысы  бойынша  орналасқан 
Сығанақ қаласы болды. Ақ Орда аумағы Жошы ханның екі баласы Орда Ежен мен 
Шайбан хандарының жерін қамтыды. 
1219  жылы  Сығанақ  қаласы  моңғол  шапқыншылығына  ұшырайды. 
Шыңғысханның  үлкен  ұлы  Жошы  қаланы  шаппас  бұрын  ең  алдымен  жергілікті 
саудагер  Хасан  қожаны  қала  тұрғындарын  берілуге  кӛндіру  үшін  Сығанаққа 
жібереді.  Бірақ  сығанақтықтар  сатқын  Хасан  қожаны  ӛлтіріп,  ӛздері  жауға  қарсы 
күреске  шығады.  Жошының  әскерлері  қаланы  қоршап  алады.  Қала  халқы  жеті  күн 
бойы  берілмей,  қарсыласып  бағады.  Бірақ  күші  басым  Жошы  қаланы  басып  алып, 
халқын қырып-жойып, қаланың күл-талқанын шығарады. 
Х ғасырдан бастап Сығанақ қаласы қайта салынып, қалпына келтіріледі. Қала 
жандана  түседі.  Қала  біртіндеп  Сыр  бойындағы  саяси-эканомикалық  орталыққа 
айналады. 
Монғол шапқыншылығынан кейін, XIV ғасырдың басында алғашқы феодалдық 
Ақ Орда мемлекеті Жайықтан Ертіске дейінгі, Арал теңізінен бастап Сырдарияның 
оң  жағалауынын  Сығанаққа  дейінгі  аралықтарды  қамтиды.  Астанасы  Сығанақ 
қаласы болды [1]. 
Ақ Орданы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның үлкен ұлы Жошы ханнан 
тараған ұрпақтары билей бастайды. Ерзен хан тұсында Сығанақта кӛптеген құрылыс 
жұмыстары  жүргізіледі.  Қала  гүлденеді.  Сыр  бойындағы  қалалармен  байланыс 
жасайды.  Ерзен  хан  кейін  Сығанақта  қайтыс  болып,  осында  жерленген.  Ерзеннен 
кейін  хан  тағына  оның  ұлы  Мүбәрак  хан  (1327-1361)  отырады.  Мұның  тұсында 
Сығанақта теңге соғылады. Одан кейін хандық Орыс ханға (1361-1375) тиеді. 
Тоқтамыс 1380 жылдан бастап Алтын Орданың бірқатар жерін ӛзіне қаратып, 
Мамай  Ордасын  басып  алады.  XIV ғасырдың  аяғында  Тоқтамысқа  қарсы  әрекет 
жасай бастаған Әмір Темір оның орнына 1395 жылы Ақ Орда тағына Орыс ханның 
тағы бір баласы Қойыршақ Оғыланды хан етіп қояды. Ақ Орданың келесі ханы бірақ 
Сырдария  бойындағы  қалаларды  қайтару  үшін  әрекеттер  жасайды.  Темірдің 
немересі  Ұлықбекті жеңіп, кӛптеген қалаларды ӛзіне қаратады. Алайда, 1428 жылы 
Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы  билік  Жошының  Шайбани  әулетінің  ұрпағы 
Әбілхайырға тиеді. Ол Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, ӛз хандығын құрады. 
Ақ  Орда ӛмір  сүруін тоқтатады. Сӛйтіп Ақсақ Темірдің қанды жортулары Сығанақ 
қаласының шаңырағын шайқалтып, Ақ Орданы қиратып кетеді. 
Ақсақ  Темір  1405  жылы  қайтыс  болғаннан  кейін,  әлсіреп  қалған  Ақ  Орда 
қайтадан  бой  кӛтереді.  Орыс  ханның  немересі  Барақ  хан  1423-1428  жылдары  Ақ 
Орданы қалпына келтіре бастайды. Бірақ ол кӛп ұзамай қайтыс болады. 
Ақ  Орданың  билігі  енді  Жошы  ханның  бесінші  ұлы  Шайбанның  ұрпағы 
Әбілхайыр  ханның  (1428-1468)  қолына  кӛшеді.  Әбілхайыр  хан  мемлекеттің 
құрамына  ӛз  кезінде  бұрыңғы  қағанаттар  мен  хандықтардың  құрамында  болған, 
кейіннен қазақ және ӛзбек халықтарын құраған кӛптеген тайпалар енді деп жазды. 
Осылай  Сығанақ  бірде  Алтын  Орда  билеушілерінің,  бірде  Ақсақ  Темірдің, 
бірде  Ұлықбектің  қол  астына  қараған.  Әбілхайыр  –  ӛзбек  ханы,  оның  хандығы 
«Кӛшпелі  ӛзбектер  мемлекеті»  деп  аталған.  Әбілхайыр  хан  Моғолстанды  алам  деп 
аттанып  кеткенде,  Жәнібек  хан  Шиелі  жақтан  келіп,  Сығанақты  басып  алады. 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
64 
Әбілхайыр  хан  ауырып  қайтыс  болады,  сүйегін  Созаққа  қояды.  Жәнібек  хан 
Ордасын Сығанаққа кӛшіріп, билікті Бұрындыққа береді. Сӛйтіп, Қазақ хандығының 
тұңғыш астанасы Сығанақ қаласы (1468) болады [4]. 
Сығанақ халқы отырықшы болған.  Онда сауда, қолӛнер жақсы дамыған. Қала 
мәдениеті  Тараз,  Баласағұн,  Шиғу,  Сайрам,  Отырар  шаһарларымен  қатар  қанат 
жайған.  ХІІІ ғасырға  дейін  Сырдың  шығысында  Отырар  мен  Сығанақтай  ірі  қала 
болмаған. Олар ислам дінін Х-ХІ ғасырларда қабылдаған болуы керек. 
Шығыстан  келген  қара  дүлей  Моңғол  шапқыншылығы  1219  жылы  күзінен 
бастап  қала  тұрғындарын  ӛз  қолына  алған.  Сонымен  1219  жылы  Сығанақ  қаласы 
күйреу  жылы  болды.  Осы  бір  қатты  соғыстан  соң  XIV  ғасырға  дейін,  яғни  100 
жылдай қалпына келе алмады. Қазір Қазақстанның бір заманғы мәдениет ошағы мен 
мақтанышы болған Сығанақ қаласының қираған орны жатыр. 
XIV  ғасырда  Сығанақ  қаласында  Дешті  Қыпшақ  ұлысының  ақша  тиындары 
басылып тұрды. Сығанақ үлкен білім орталығы болған. Оның топырағында сан қилы 
ғалымдар,  ақындар,  қолбасшылар  шыққан.  Соның  бірі  –  әйгілі  ақын-жазушы 
Хисамиддин  Әл-Сығанақидың  «Хихаиа»  деген  кітабы  осы  Сығанақ  қаласында 
жазылды [5]. 
А.  Якубовский  ӛз  зерттеуінде  Сырдың  тӛменінде  қала  мәдениетінің  туғанын 
айта  келіп:  «Билік  түрлі  тайпалардың  қолында  болса  да,  оның  бәрін  мұсылман 
кӛпестер салған»,  - деп тағы бір ұшқары ойдың ұшын шығарыпты. Бір  анығы, кез-
келген мәдениет сол жерді мекендеген тұрғылықты тайпалардың қолымен жасалып, 
олардың қоғамдағы даму деңгейін анықтаса керек [7]. 
1867  жылы  П.И.  Лерх,  1906-1907  жылы  И.А.  Кастанев  ертедегі  қала  орнында 
болып, сол жылы Каллаур қала жәдігерлерінің жоспарын жасаған. 1927 жылы А.Ю. 
Якубовский  қала мұрағаттары  мен  Сунақ  мавзолейінің  қала  орнын  сипаттап  жазды 
[8]. Тарихи деректерде бірде Сунақ, бірде Сығанақ деген атпен түскен қала туралы 
мәліметтер шығыс, батыс жазбаларында ұшырасады. 
Зерттеу  жұмысы  нәтижесінде  қазіргі  Сунақ  ата  (Сығанақ)  жерінен  кӛптеген 
ӛрнекті  керамикалық  бұйымдардың,  ыдыстардың  қалдықтары  табылды.  Біз  бұл 
жерде Сығанақ қаласында қыш құмыра үлгілері жақсы дамығанын кӛре аламыз. 
Сығанақты  зерттеген  археологтардың  бірі  В.  Каллаур  (1899)  еңбектерінен 
бірқатар  тың  әрі  қызықты  деректер  табамыз.  Ӛзінің  «Протоколы  Туркестанского 
кружка любителей археологии» жинағында жариялаған хабарында ол: «Сунақ атада 
ең  алдымен  күйдірілген  қыштан  соғылған  екі  құрылыс  назар  аудартады.  Олар  осы 
жердегі қаламен тұспа-тұс болуға тиіс. Кӛлемді үлкен құрылыс үш бірдей тіреу есігі 
бар екі бӛлмеден тұрады. Бұл бӛлменің ұзындығы мен ені 9 кез», - деп жазады [15]. 
В. Каллаур екінші бӛлменің астында табыт болғанын анықтаған. Бірақ оны тас 
басып, бӛлме үстіндегі күмбездер қираған екен. Шырақшы бұл бӛлмелердің тӛбесіне 
бӛрене  қойып,  қамыспен  жауыпты.  В.  Калаур  Сығанақ  шаһарының  тұрғындары 
туралы  да  пікір  қозғап,  онда  сунақтардың  тұратынын  айтқан.  Қаланың  сунақтар 
арасында Сунақ деген атпен мәлім екенін де айта келіп, Каллаур қала қираған кезде 
олардың  Бұлған  шаһар,  кейін  Қараспан  жағына  кетіп,  қыпшақтарға  бағынғанын 
жазады [10]. 
Махмұт  Қашқари:  «Сығанақ  –  оғыздар  еліндегі  қала»,  -  деп,  ал  Әбілғазының 
жазбаларында:  «Қала  қақпалы,  қуатты  дуалдармен  қоршалып,  ішінде  сауда  үйлері, 
керуен сарайлары және басқа да қоғамдық құрылыстары бар қала үйлері орналасқан. 
Сығанақ  Сырдария  ӛңіріндегі  ірі  тұрақ  еді.  Оның  тұрғындары  Кедейдің  елшісі 
Хасан-Қажыны ӛлтіріп, моңғолдармен барынша қарсыласты», - деп жазған [11]. 
«ХІІ  ғасырдан  бастап  Ислам  дінін  қабыл  етті.  Араб  жазушыларының 
айтуынша,  Сығанақ  қаласында  тұрған  –  бір  ғана  қыпшақ  пен  қаңлылар,  оларды 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
65 
бірінен  бірін  айырып  болмайды.  Сығанақ  –  солардың  астанасы»  [12].  Сығанақ 
туралы 1867 жылы шаһар орнын кӛрген Лерх 1899 жылы жол-жӛнекей соғып ӛткен 
А.Ю.  Якубовский  арнайы  зерттеу  жазып  қалдырды.  Мұнда  бірер  тәуліктен  ғана 
аялдаған  тарихшы-зерттеушілер  қазба  жұмыстарын  жүргізбесе  де,  Сығанақ 
қаласының жұртын, күмбезді құрылыстардың жұрнақтарын кӛреді. Оларды саралап, 
ӛлшеп, суреттеп, суретке түсіреді, ӛрнекті  керамикалық  бұйымдарын музейге  алып 
кетеді.  Бұл  кезде  жекелеген  күмбезді  ғимараттардың  сұлбасы  аман,  қорған 
қабырғалары  түгел  тӛбе  жиектері  бойымен  айқын  кӛрініп  жатқан  уақыт  екен. 
Якубовский  қорғанды  айнала  қадалап  ӛлшеп,  630  сажын  екен  дейді.  Каллаур  да 
солай  мӛлшерлеп,  540  сажын  деп  жазады.  Каллаур  да,  Якубовский де  олардың  сәл 
ғана артында кӛне жол үйінділердің ізі жатқанын айтады [14]. 
Қазіргі  Сығанақ  қаласының  жағдайы.  Зерттеу  нәтижесі.  Қазіргі 
Сығанақтың солтүстігі – 275 метр, солтүстік-батысы – 175 метр, оңтүстік-батысы – 
190  метр  және  оңтүстігі  –  175  метр,  ал  оңтүстік-шығысы  –  320  метр  ӛлшемінде. 
Биіктігі  –  1,5  метр.  Қала  6-7  метр  шығыңқы  15  тӛбешікке  айналған  және  мұнара 
іздері  сақталған.  Қасында  Сунақ  ата  мешіті  бар.  Маңайында  құрылыс  іздері  тӛбе-
тӛбе  болып  кездеседі.  Ертегі  қаланың  үстіңгі  мәдени  қабаты  керамика 
сынықтарымен толы екенін кӛруге болады. 
1988  және  1996  жылдары  ертедегі  қаланың  солтүстік-шығыс  қорған  дуалы 
бұрышынан  жақын  іш  жағынан  және  оның  маңында  археологиялық  барлау 
қазбалары жүргізілді. 
Зерттеу  жұмысымды  қорытындылау  мақсатында  ауыл  ақсақалдарымен  және 
шырақшы  Бақытжан  ағаймен  кездесіп,  сұхбаттастым.  Ауыл  ақсақалдарымен 
кездесіп,  сұхбаттасқанымда  олар  Сығанақ  қаласы  тұрған  жер  диқаншылық, 
жартылай  кӛшпелі  мал  шаруашылығына  қолайлы,  әрі  сауда  орталығы  болғанын 
баяндады.  Қаладан  су  құбыры  пайдаланып,  егін  шаруашылығының  күшті 
дамығанын ерекше айтып берді. Сунақ ата – «Сунаның ақ жолында» деген ұғымды 
білдіреді  деп  түсіндірді.  Ауыл  ақсақалдарының  айтуынша,  Сунақ  деген  ұғым 
Сырдариядан аққан су, арнаға нақ түскендіктен айтылған. Содықтан суы нақ ағады, 
яғни Сунақ деген сӛзден шықан деп түсіндіріп берді. 
Сығанақта жер асты жолы бар деген мәліметтер кӛп кездеседі. Күрішшілер егін 
жеріне су жібергенде бәрібір толмайды және де сол жерлерде тесіктер бар кӛрінеді. 
Сол тесікке тас тастаса домалап, тоқтамай кете беретін кӛрінеді. Біз бұдан жер асты 
жолы  бар  деген  мәліметтердің  рас  екенін  жоққа  шығара  алмаймыз  деп  ауыл 
ақсақалдары айтып берді. 
Шырақшы  Бақытжан  ағайдан  Орта  ғасырдағы  Сығанақ  қаласы  жайында 
сұрағанымда, былай деп жауап берді: Сығанақ – ежелден келе жатқан қала және де 
Моңғол  шапқыншылығы кезіндегі  үлкен  қала.  Сығанақты  Шыңғыс  ханның  ұлы 
Жошы хан билеген және сол жерде теңге соқтырған. 
Сығанақтағы мешіт – бұл сол жердің халқының мешіті. Бұл мешітті шамамен 
1937-1938 жылдары «Авангард» колхозының кәрістері келіп қиратқан. Осы мешіттің 
кірпіштерін монша, үй және т.б. құрылысқа пайдалануға алған. Бұзған адамдар, яғни 
мешітке  балта  шапқан  адам  сол  жерде  құлап  ӛлген.  Мешітті  қиратуды  бастаған 
адамнан ұрпақ қалмаған. Кейбірі ауруға шалдығып ӛлген кӛрінеді. 
Бұл мешітті Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік  университетінің  профессоры  С.  Жолдасбаев  100-ден  аса  студенттермен  бірге 
жазда келіп, зерттеген. С. Жолдасбаев бастаған археологиялық зерттеу жұмыстары 2 
жылдан бері жүргізіліп келеді. 
Сығанақтағы  археологиялық  зерттеу  қазба  жұмысы  әлі  де  жалғастырылып, 
зерттелуде.  Студенттер  қазба  жұмысында  бүтін  және  сынық  құмыралар,  қыш 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
66 
құмыралар  тапқан.  Яғни  Сығанақта  қолӛнер  жақсы  дамыған.  Саудасына  келетін 
болсақ, Ержановтың  «Сунақтар»  атты кітабында әр базар сайын 500 түйе сатылған 
деседі. Бұл дерек Сығанақ қаласының үлкен болғанын айтады. 
Сығанақ  қаласының  орны  қазіргі  Сунақ  ата  атауы Жӛлек  ауылына  дейінгі 
орынды  қамтыған.  Сығанақтың  жер  кӛлемі  45  шаршы  шақырым  болған.  «Неге 
Сығанақ  қаласына  тақтайлар,  қоршау  қойылмаған?»  -  деп  сұрағанымда:  «Бұл 
мемлекеттің меншігінде,  одақтың  кезінде  мән  бермеген,  1951-1954  жылдары  су 
тасқыны кезінде,  бейіттерді  қорғанға  қойған  болатын.  Қазіргі  таңда  бұл  бейіттерді 
қайта алғызып жатыр», - деп сауалдарға жауап берді. 
«Жанға  –  шипа,  емге  –  дәру»  киелі   жер  турасында, Сығанақ  қаласы да  киелі 
екендігін айта отырып, нақты мысалдармен дәлелдейін. 
Ата-баба  әруағына  бас  иіп,  жер-жерден  келіп  жатқан  адамдар  легі  тоқтаған 
емес. Соңғы 5 жылда бабалар әруағана әр түрлі ауруларына шипа іздеп келушілерді 
орташа есеппен былай кӛрсетуге болады: 
Науқастардың  кӛпшілігі  –  нәрестеге  зәрулер,  бас  ауруына,  жүйке  ауруына 
ұшырағандар,  ұйқысыздық,  қан  қысымы  аурулары  т.б.  Ниет  етіп  келе  жатқандар 
шырақшының айтуынша, ата-баба әруағына бас иіп, киелі жер екенін айта отырып, 
түрлі  ауруларына  шипа  іздеп  келіп  жатқан  кӛрінеді.  Нәтижесінде,  алғыс  айтып 
жүрген адамдар қаншама. Ендеше қолда барды сақтап, қадірлей білейік дегім келеді. 
Қазіргі Сығанақ қаласының орны бүгінде біраз жерді алып, тӛбе болып жатыр. 
Зерттеу  жұмысымды  қорытындылай  келе,  Сығанақ  қаласында  мәдениеттің  жақсы 
дамығанына  онда  табылған  қыш  ыдыстардың  қалдықтары  және  Сығанақтан 
табылған  қыш  құмыра  үлгілері  дәлел  бола  алады.  XIV  ғасырлардағы  бұл  қыш 
құмыра Сығанақтан табылған. Сонымен қатар бұл қыш құмыра ауданымыздағы Ы. 
Жақаев музейінде сақтаулы тұр. 
Жұмыстың  мазмұнын  қорытындылай  келе,  Сығанақ  қаласының  орнынан  тек 
үйінді  тӛмпешіктерді  кездестіреміз.  Бейнетаспаға  жазып  алынған  ауыл 
ақсақалдарының  әңгімесіне  назар  салатын  болсақ,  Орта  ғасырда  ӛте  үлкен  шаһар 
болғанын жоққа шығара алмаймыз. Бұл қалаға археолог ғалымдар зерттеу жұмысын 
толық  жүргізіп,  ондағы  бейіттерді  алғызып, әлі  ашылмаған  құпия  сырларын  ашып, 
халыққа соны жеткізе білсе, біз одан ұтылмаймыз. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  қолдауымен 
жүргізіліп  жатқан  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  шеңберінде  «Сунақ 
ата»  қорымы  мен  Сығанақ  қаласының  орнын  қорғау  жӛнінде  нақты  іс-шаралар 
жүзеге  асырылса,  ата-бабаларымыздың  алдындағы  парызымызды  ӛтегеніміз  болып 
саналады. 
Қорытынды.  Республика  мұражайларының  қорында  сақталған  тарих  пен 
мәдениеттің  жылжымалы  ескерткіштерін  тұрақты  түрде  қалпына  келтіру 
жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осыны назарға ала отырып, ұлттық тарих үшін 
айрықша  мәні  бар  мұражай  қорларын  қалпына  келтіру  мен  түзеу  жӛнінде 
орталықты құру мүмкіндігін қарау қажет. 
Зерттеу  барысында  кӛптеген  әдебиеттер  арқылы  жұмыстың  мазмұнына  және 
ауыл  ақсақалдарының,  шырақшы  Бақытжан  ағайдың  әңгімелері  арқылы  ежелгі 
қаланың  қазіргі  жағдайына  кӛз  жеткіздім.  Дәл  қазіргі  уақытта  Сығанақ  қаласы 
тӛмпек астында қайнаған сыр, сарғайған тарихымыздың құпиясын жасырып жатыр. 
Бір  кездері  гүлденіп  тұрған  Сығанақ  қаласы  дәл  қазіргі  уақытта,  ӛзінің  бұрынғы 
мұрагеріне бүтін жетпей, тек үйінділер ғана қалған. 
Сонымен  қатар  Орта  ғасырдағы  қалаларға  бүгінде  Қожа  Ахмет  Ясауи,  Айша 
бибі,  Қорқыт  мазарлары  қорғауға  алынып,  қайта  салынып,  жӛндеуден  ӛткен.  Дәл 
осындай маңызы зор ескерткіштердің бірқатары құлап жатыр. Есімі бүкіл шығысқа 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
67 
әйгілі  Кӛккесене,  Сунақ  ата,  Жүніс  әулие  т.б.  бүгінде  толық  жойылған.  Ал  Қазалы 
жеріндегі  Бегім  ана,  Сараман  қожа,  Қарақұмдағы  Қырық  қыз  мазарлары  жартылай 
қираған. Әзірге аман тұрғандары Сырылтым, Ақтас, Оқшы Ата сияқты ескерткіштер 
ғана.  Солардың  ӛзі  жарылып,  бүгін  болмаса,  ертең  құлап  қалу  қаупінде  екенін 
ескерер болсақ, бұл салада атқарылар жұмыстар аз болмаса керек. 
Қызылорда  облысының  тұрғындары  үшін  мақтаныш  тұтып,  тағылым  алар 
мәдениет  мұралары  баршылық.  Олар  мемлекеттік  қорғауға  алынатын  халық 
байлығы  болып  табылады.  Сондықтан  суландыру  жұмысын  жүргізетін  мекемелер, 
ауыл  шаруашылығымен  айналысатын  кіші  кәсіпорындар  және  тұлғалар  барлық 
жердегі тарих пен мәдениет ескерткіштерін қамқорлыққа алуға тиіс. 
Бәрімізге белгілі, Сығанақ қаласы қазір Сунақ ата ауылы болып табылады. Бір 
кезде  Шиелі,  Жаңақорған  бір  болғанын  ескерсек,  оның  Ұлы  Жібек  Жолында 
орналасқанын  пайдалансақ,  бұл  қасиетті  қала,  әлі  талай  тарих  тұңғиығынан  тіл 
қатары анық. 
Сығанақ  қаласына  туристер  келуге  жағдай  жасалса,  Интернет  арқылы  бүкіл 
дүние  жүзіне  насихаттауды  ойластырып,  арнайы  жобалар  дайындалса,  сайын 
даламыздағы  мыңдаған  асыл  мұралардың  жаңа  ғасыры  басталары  хақ.  Осы 
жәдгерлерімізді  бар  әлемге  осылайша  насихаттасақ,  ұтылмаймыз  деп  ойлаймын. 
Сонымен  қатар  Сығанақ  қаласына,  аймақ  қалаларына  жүргізілетін  археологиялық 
жұмыстар нәтижесінде осы қаланың маңызы мен рӛлін одан әрі арттыра түседі деген 
ойдамын. 
Ҧсыныстарым:  археолог  ғалымдар  жүргізген  жұмыстары  үнемі  теледидар 
арқылы кӛрсетіліп отырса; бейнетаспа касеталары қолға тисе; тарихи және ӛлкетану 
мұражайларына  тапсырылса;  Сығанақ  қаласына  туристер  келуге  жағдай  жасалса; 
Интернет  арқылы  бүкіл  дүние  жүзіне  насихаттауды  ойластырып,  арнайы  жобалар 
дайындалса; Сығанақ қаласының орны қоршалып, тақтайлар қойылса, ондағы тұрған 
бейіттер түгелімен қамқорлыққа алынса. 
Мені  толғандырған  мәселе:  Орта  ғсырдағы  Сығанақ  қаласының  қазіргі 
жағдайы  және  орны.  Себебі  ондағы  бейіттер әлі  де  толық  қамқорлыққа  алынбаған. 
Қорғанның жоғарғы бӛлігі қоршауға алынбаған. Киелі орындарды ардақтау  – әрбір 
азаматтың міндеті екенін есімізден шығармағанымыз жӛн. 
Әдебиеттер 
1  Қоңыратбаев  Ә.  Сыр  бойындағы  Оғыз-Қыпшақ  далалары  //  Сыр  бойы.  – 
16.09.2005. – №№187-188. 
2 Сунақ Ата // Сыр бойы. – 20.10.2004. 
3 Сығанақ // Қазақ тарихы. – №3. – 1995. – 7 б. 
4 Сопыбеков А. Сығанақ // Сыр ӛңірі. – 23 маусым. – 2006. – №14. 
5 Жонтаева А.Ж. Сыр елінің мәдени мұралары. – Қызылорда, 2005. – 265 б. 
6 Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек Жолы және ортағасырлық Қазақстан. – 
Алматы, 1992. – 16 б. 
7 Якубовский А.Ю. Развалин Сыганака. Сообщение. – 1929. – 124 б. 
8 Мәмбиев Т. Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат. – Қызылорда, 2000. – 89 б. 
9 Бәкіров Ә. Сығанақ // Сыр бойы. – 1993. – 7 қазан. – №120. 
10 Әбіласанов Ә. Сығанақ. – Алматы: Ӛнер, 1991. 
11 Мәмиев Т. Қызылорда облысының археологиялық ескерткіштері. – Алматы, 
2000. – 28 б. 
12 Жайлыбай З. Сырлы Сығанақ // Ақиқат. – №6. – 2005. 
13 Диваев Ә. Сығанақ // Тарту. – 260 б. 
14 Шайдар Ж. Сыр ғұламалары. – Шымкент, 2002. 
15 Рүстемұлы Т. Қылауыз – Ата шежіресі. – 1998. 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
68 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ҤЗДІК 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҦМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҦМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН ЖҦМЫСТАР 
 
АНАЕВА Муслима Камиловна, 
ИМАНКУЛОВА Бибигуль Кургановна, 
№2017 әскери бӛлімінің «Ҧшқын» балабақшасының тәрбиешілері
Зайсан қаласы, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІМЕН «ҚОЛ ЕҢБЕГІ» САБАҒЫНДА 
МОНШАҚТАРМЕН ЖҦМЫС ІСТЕУ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет