Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. – Алматы, 2010.
2 Орта мектеп жаршысы. Республикалық оқу-әдістеме журналы. – №№2, 3. –
2011.
3 Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері //
Қазақстан мектебі. – №1. – 2007.
4 Раджерс Э. Инновация туралы түсінік.
5 Интернет желісі // Мектептегі шет тілі. – №2. – 2011.
МАНАБАЕВА Алина,
Алматы облыстық №15 мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы,
Тҥрксіб ауданы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ҚҦРМАШЕВА Бақыт Сыбанбайқызы,
Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты «Химия» пәнінің мҧғалімі,
Тҥрксіб ауданы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
ТҦЗДАР ӘЛЕМІ САН ҚИЛЫ
Кіріспе. Тұз дегенде күнделікті тағамға салып жүрген ас тұзын еске аламыз. Ол
– адамның тұңғыш қажетіне жаратқан заттың бірі. Тұз – адам денесінің зат алмасуы
үшін қажетті зат, десе де, оны қалыптан тыс кӛп тұтыну – зиян. Дәрігерлер тұзды
қалыптан тыс тұтынудың жоғары қан қысымына, жүрек ауруына және бүйрек
қабынуы сияқты ауруларға әкелетінін дәлелдеп отыр.
Ғалымдардың кӛрсетуінше, осы ауруды тудыратын нәрсе ас тұзының басты
құрамы болатын натрий екен. Ӛйткені, жайшылықта бүйрек натрийді организм
ішінде белгілі мӛлшерде сақтайды, егер адам денесіндегі натрий кем болса, бүйрек
ӛз қызметін тездетіп, натрийді қанға ӛткізеді. Ал оның мӛлшері шамадан асып кетсе,
бүйрек оны сыртқа шығаруға дәрменсіз болады да, натрий қанда ұзақ тұрып қалып,
ағза оны сумен сұйылтуға тырысады. Нәтижесінде, қандағы су құрамын кӛбейтіп,
қан қысымын кӛтереді, сонымен бірге, жүректің де соғу реті тездейді.
Қалыптан тыс кӛп болған натрий денеде кӛлкілдеген ісік тудырып, жүректің
қызметін ауырлатып, жүректі әлсіретеді. Зерттеу нәтижесіне негізделгенде, әдетте,
тұзды кӛп тұтынатындарда жоғары қан қысымы ауруының пайда болу
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
85
салыстырмасы тұзды аз тұтынатындарға қарағанда жоғары болады екен, сондықтан
жоғары қан қысымы бар адамдар тұзды күніне 5 грамм мӛлшерінде ғана пайдаланса
болады.
Тҧз туралы аңыздан басталған ақиқат. Тұзбен ертедегі адам кездейсоқ
танысқан болуы керек. Мынадай аңыз оқыдым: Ерте заманда бір адам теңіз
жағасында тамақ ішіп отырып қолындағы етін жерге түсіріп алады. Түскен етті алып
қайтадан аузына салғанда дәмінің қышқылданып ӛзгергенін, дәмінің жақсарғанын
байқайды. Ол теңіз жағасынан бір уыс ақ топырақ алып келеді де, не болғанын ӛз
тайпасына түсіндіреді. Сол кезден бастап адамдар кӛл мен теңіз жағаларында тұнып
қалған тұздарды тамаққа қосып пайдалана бастаған екен.
Ерте заманда «Жер тұзы» туралы адамзат баласы оның пайдасын жақсы
ұғымда түсініп келгені анық. Рас, тұзды кӛптеген аурулардан емделу мақсатында
пайдаланады, малдың шӛп-жеміне қосады, ӛндіріс мақсаттарында қолданады.
Тұздың пайдалы жақтарын күнделікті тіршілігімізде кӛріп жүрміз.
Ал, осы тұздар адам денсаулығына зиян екенін сіз білесіз бе? Күнделікті ішіп-
жеп жүрген тағамыңызға натрий ерітіндісі немесе хлор ерітіндісін қосып әсерлеп
жер ме едіңіз? Мұндай тағамдарды ішіп-жеуге болмайтынын барлық адам біледі,
ӛйткені денсаулыққа зиян. Тұз осы натрий мен хлордың қосындысы екені ғылыми
түрде дәлелденген. Тұздың адам денсаулығына кӛптеген зиян келтіретінін ғылыми
медицина дәлелдеген, тіпті кӛптеген емханаларда «арнайы тағам» ретінде тұзсыз
дайындалған тағаммен науқастарды емдейді.
Тұзға байланысты кӛптеген аңыздар мен нанымдар бар. Ертеректе араб
халықтары үшін тұз тұрақтылықтың, адалдықтың және шындықтың белгісі болған.
Тұзды «ант» белгісі есебінде пайдаланған екен. Ертедегі аңызда Якубе ибн Лейс
деген жас ұры Саманид патшасының алтын қорын ұрлауға барады. Алтынды
қапшыққа салып, арқасына кӛтере бергенде аяғын бір мӛлдір тас кесіп кетеді. Ұры
оны «алмас» болар деген оймен қаттылығын байқау үшін аузына салса, тұз болып
шығады. Осыдан ол қапшықтағы алтынды тӛгіп тастайды да, ӛз жайына кете береді.
Келесі күні қалаға келсе, уәзірлер: «Патша сарайынан алтынды алып тұрып тӛгіп
кеткен адам оның себебін түсіндірсін», - деп жар салып жүр екен. Якубе ибн Лейс
сарайға келіп, болған жағдайды айтып береді. Патша Якубенің «тұз антын» берік
сақтайтынына кӛзі жеткен соң, ӛзінің сенімді адамы етіп алады. Кейіннен сарайға
басшы етіп сайлапты.
Ертеде тұз жетіспеген. Адамдар тұз іздеп, мыңдаған шақырым жерлерді, сусыз
шӛлдерді және батпақты орман-тоғайларды кезді. Қазіргі кезде жер бетінде ас
тұзының мол қоры ашылды. Теңіз суларында ғана кездесетін ас тұзын жинаса,
Еуропаны 5 шақырым қабатпен жабуға болады екен. Қазақстан да ас тұзын ӛндіруде
әлем бойынша алдыңғы орынды иемденеді.
Тұз адам және жануар организмі үшін ӛте қажет. Ол адам денесіндегі қанның
құрамын тұрақтандырып тұрады. Денедегі тұз мӛлшерінің кӛбеюі немесе азаюы
қанның осмос қысымын ӛзгертеді. Нәтижесінде зат алмасуы бұзылып, адам түрлі
ауруларға ұшырайды. Ас тұзы қарын сӛлінде ас қорытуға жұмсалған тұз
қышқылының орнын толтырып отырады. Сӛйтіп адам организмінде әрдайым белгілі
мӛлшерде ас тұзы болуы шарт. Орта салмақты адамда 400 г ас тұзы болады екен.
Ересек адам жылына 7 кг тұз жейді. Қазақта «Адамның сырын білу үшін бір пұт тұз
жеу керек» деген мәтел бар. Екі адам бір пұт тұз жеу үшін жылдан аз ғана артық
уақыт керек екен. Бұл, әрине, кӛп емес. Жер жүзінде жылына 10200 тонна тұз
тамаққа жұмсалады.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
86
Ас тұзының маңызын мына мысалдан анық кӛруге болады. Организм денесінен
бӛліп алынған тканьді ас тұзының 0,9%-дық ерітіндісіне батырып қойсақ, 1-2 сағат
бойына ӛз қызметін тоқтатпай, тіршілік ете алады екен.
Тҧздыкӛлдің кереметі. Маңғыстау облысының Индер ауданындағы Тұздыкӛл
кӛлі ежелден емдік қасиетімен танымал, мұны дәрігерлер мен геологтар растайды.
Тұздыкӛлдің емдік қасиеті туралы айтар болсақ, адам ағзасы тері арқылы
ӛзінде жетпей тұрған микроэлементтер мен иондар, минералдарды қажетінше сіңіре
алады. Тұздыкӛлдің жағалауындағы қара балшық ӛте ерте заманда құрылған. 1938
жылы жазылған П.М. Татаринованың «Индер бораты» деген кітабында оны Юра,
Бор дәуіріне апарады. Қара балшық минералдармен қатар гумус, ферменттерге ӛте
бай. Олар адам денсаулығына ӛте пайдалы. Оның құрамы ӛсімдіктермен қатар
жәндіктер, тіпті құстардың қалдықтарынан түзілген, құрамында гормондық заттар да
бар (биологиялық белсенді гумус). Кӛлге түскен немесе қонған жәндіктер кейін ұша
алмай тұздалып, ешбір шімірікпестен ыдырайды және жел мен кӛлдің жағасында
балшыққа айналады. Осыған қоса мұнда кездесетін неше түрлі минералдар, оның
ішінде индерит, сатимуллит деген минералдар түзіледі. Олар дүние жүзі бойынша
басқа жерде кездеспейді. Үстіртте, тау етегінде жусанның 110 түрі ӛседі екен. Ол
бұлақ арқылы жуылып, кӛлге құяды.
Тҧздың пайдасы мен зияны. Кӛлдің кӛлденеңі – 12 шақырым, кӛлдің
айналасында кӛптеген бұлақтар жатыр. Бұлақтар бастауын жыл бойына қар жататын
үңгірлерден алады. Олардың ішінде аты аңызға толы «Қыз әулие» бұлағы ерекше
саналады. Тұзды кӛлге шомылып, қара балшыққа түсу үшін адамдар мұнда
Қазақстанның түкпір-түкпірінен басқа, алыс шетелден де келеді. Алайда, тұзды
кӛлдің суы қандай ауруға ем болатынын, қандай жағдайда тыйым салынғанын кӛп
адамдар біле бермейді.
Дәрігер мамандардың айтуынша, тұзға түсуге ревматизм, остеохондроз,
полиартрит, тері аурулары, әйелдердің жыныс мүшелерінің созылмалы қабыну
ауруы, невроз ауруы, бедеулік, ұйқы безінің ауруы мазалайтын адамдарға (ұйқы
безінің қызметі бұзылуы кезінде) т.б. рұқсат етіледі. Ал қан қысымы 200-ден асатын,
инсульт, инфаркт алғандар, бүйрек, бауыр сырқаты барларға тұзға түсу ӛте қауіпті.
Негізі тұзға бармастан бұрын әр адам ӛз денсаулығын тексертіп алғаны жӛн
және дәрігерлерден кеңес алу қажет. 300 метр тереңдікте тұз қабатында орналасқан
тұз шахтасы бар. Ӛкпесі ауыратын және бронхиалды астмасы бар адамдарға
бірталай ем ретінде кӛмек болады. Шахтада бірде-бір ауру туғызатын микроб ӛмір
сүре алмайды. Онда бактериологиялық зерттеу жүргізгенде, оның ауасының
тазалығы, яғни операция блогындағы ауадан таза болып шыққан.
Ал байырғы геолог, академик Хасан Қамашев кезінде кӛлге түсетін уақыттың
кестесін жасаған. Оның айтуынша, кӛлге кез келген уақытта баруға болмайды.
«Негізі ми қайнатар шілденің ыстығы ең қолайлы кезең болып саналады екен.
Тамыздың бастапқы күндерін де пайдалануға болады. Қалай еткенде балшықтың
қызған шағы – түске дейінгі сағат 11-ге дейін және түстен кейінгі сағат 5-тің
шамасында барған жақсы, – деп кеңес береді академик. – Балшыққа кӛп жатуға
болмайды, әрі кетсе, 15-20 минуттан кейін кӛл айдынына түсіп, күркіреуікке
шомылады. Келушілер қалың киімін, қалпағын, кӛзілдірігін бірге ала келуі керек.
Жел тигізбеген дұрыс және ӛте сақ болған жӛн».
Негізгі тҧздар туралы. Ас тҧзы – аса бағалы шикізат. Ас тұзы NaCI химиялық
аты – хлорлы натрий. Жыл сайын әр елде 35 миллион тоннаға жуық ас тұзы
ӛндіріледі. Оның 20 миллионынан астамын химия ӛнеркәсібі шикізат ретінде
керекке жаратады.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
87
Ас тұзынан халық шаруашылығына қажетті алуан түрлі заттар ӛндіріледі.
Олар: сода, тұз қышқылы, натрий гидроксиді, металл натрий және хлор. Бұл
ӛнімдердің әрқайсысының ӛнеркәсіпте ӛз орны бар. Мәселен, соданы алайық, ол
тоқыма ӛнеркәсібінде матаны ағарту және қайтадан ӛңдеу үшін қолданылады, шыны
және сабын жасайтын зауыттарда пайдаланылады, медицинада және күнделікті
тұрмыста жиі қолданылады. Содасыз түсті металлургия тіршілік ете алмайды. Ас
тұзының организм үшін және ӛнеркәсіптегі маңызын қорыта келіп, «Тұзсыз тіршілік
жоқ» деген халық мақалының дұрыстығына әбден кӛз жеткіземіз.
Мҧсатыр – ертеден белгілі тұздардың бірі. Ащы, қышқыл дәмі бар түссіз зат,
қыздырғанда буланады, суда жақсы ериді.
Мұсатырды алғаш арабтар алған. Ежелгі араб жазушылары Ливия шӛлінің
керуен жолдары түйісетін жасыл желек бір оазисінде Мысыр құдайы Аммонның
сәулетті шіркеуі салынғаны жайында жазады. Шіркеудегі дін иелері фараондардан
саяси билікті тартып алу үшін күрескен. «Кӛріпкелдігі» бар, болашақты болжайтын
әулиелігі бар жандар есебінде даңқы Мысырдан басқа кӛптеген елдерге жайылған
атақты Александр Македонскиймен Перияны жаулаған Ксеркс соларды әдейі іздеп
барып жолыққан деседі. Аммон оазисіне жер-жерден аса бағалы тарту сыйлықтар
жіберіліп, одан бір ғана зат сыртқа шығарылған. Бұл зат түйенің қиын жағатын
пештердің мұржасында ӛзінен ӛзі түзілетін, оазистің аты бойынша Аммон немесе
аммоний тұзы аталған. Мұсатыр аммоний хлориді, ертеден дәрі-дәрмек және
дәнекерлеуші зат есебінде қолданылуда.
Ас тұзы мен мұсатырдың ұқсастығы, екеуі де бір қышқылдың – тұз
қышқылының тұзы, құрамында хлорид иондары бар. Мұсатырдың формуласы
NH
4
CI – хлорлы аммоний.
Құрамында күрделі анионы бар тұздар да екі сӛзбен аталады. «Манганцовка»
деген заттың қызғылт ерітіндісі ашық жараларды залалсыздау үшін тұрмыста және
медицинада жиі пайдаланылады. Бұл заттардың формуласы KMnO
4
. Химиялық аты
– калий перманганаты, күшті тотықтырғыш.
Осы зат туралы ертегі оқыдым. Ертеден Мысыр ғибадатханаларында аспаннан
от жандыруды халықты алдап, ақша жасау үшін пайдаланған. Онда құдай мүсінінің
сыртынан құрғақ отын үйіледі. Отынның арасына жанғыш қоспасы бар ыдысты
жасырып қояды. Мешіт тӛбесінде отынның тұсынан тесік жасалған. Келушілер
қайыр-садақаларын береді де, аспаннан от жіберуін сұрап, құдайға жалбарынады.
Отқа қойылған садақамен бірге ӛздерінің күнәләрін ала кетуін тілейді. Жиналған
садақаның мӛлшеріне мешіт басы риза болса, тӛбедегі қызметшісіне белгі береді. Ол
тесіктен табынушыларға байқатпай от алдырғыш зат тастайды немесе сұйық
тамызады. Ол ернін жыбырлатып, шырпы үйілген ыдыстың үстіне қолын апарады.
Шырпы лап етіп жанып кетеді. Жанғыш қоспаның әсерінен құрғақ отын лаулап
жанады. Құлшылық етушілер «тілегіміз қабыл алынды» деп мәз болады.
Біздің заманымызда да аспаннан от жандыруға болады. Мен де «сиқыр отын»
жағуға тырысып кӛрдім. Міне, қараңыздар! Тәжірибенің химиялық мәні – фарфор
табақшасына аз ғана марганец қышқыл калий тұзын салып, қою күкірт қышқылымен
шыладым, оның үстінен шырпылармен жауып қойдым.
Тәжірибе
кезінде
«сиқырланған»
болып,
отырғандарға
байқатпай
саусақтарымның арасынан мақтадан спирт тамыздым:
2KMnO
4
+ H
2
SO
4
= 2HMnO
4
+ K
2
SO
4
2HMnO
4
= Mn
2
O
7
+ H
2
O
Mn
2
O
7
= 2MnO
2
+ O
3
O
3
= O
2
+ O
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
88
Атом күйіндегі оттегінен спирт жанады да, шырпы тұтанады. Химиялық мәнін
түсінбейтін адамдарға бұл тәжірибелер «ғажайып» болып кӛрінуі мүмкін.
KMnO
4
тұзының үш түрлі атауы бар:
1. Марганцовка – тұрмыстағы және медицинадағы аты;
2. Марганец – қышқыл калий, қышқылы бойынша аталған;
3. Калий перманганаты.
Қышқыл тҧздар. Кӛпнегізді қышқылдар толық бейтараптанбаса түзіледі.
Құрамында металл катионымен бірге сутек атомдары бар тұздар. Анионның атына
сутек атомының санын кӛрсететін грек саны есімі және «гидро» деген сӛз қосылып
айтылады. Na
2
HPO
4
– натрий гидрофосфаты, NaH
2
PO
4
– натрий дигидрофосфаты.
Қышқыл тұздар суда ерігенде металл мен сутегі катиондарын, қышқыл қалдығы
аниондарын береді. Екі жақты қасиет білдіреді.
Негіздік тұздар құрамында қышқыл анионынан басқа гидроксотобы бар тұздар.
Гидроксотобының саны кӛрсетіліп аталады. AIOHCI
2
– алюминий гидроксохлориді,
AI(OH)
2
CI – алюминий дигидроксохлориді.
Комплексті тҧздар – құрамында комплекс иондары бар, кең таралған тұздар.
Құрамында азоты бар органикалық заттарды – қан, тері және мүйізді поташ және
темір қиқымдарымен қосып, қыздырғанда сары қан тұзы дейтін тұз түзіледі. Бұл
құрамында комплекс анионы бар күрделі тұз – K
4
[Fe(CN)
6
] – калий
гексацианоферраты (ІІ).
Агар – Малаяның агар-агар – балдыр деген сӛзінен шыққан. Теңіз балдырының
кейбіреулерінен алынатын зат. Құрамының негізгі бӛлігі – полисахарид. Ыстық
судағы ерітіндісін салқындатқанда ұйыған тығыз массаға айналады. Агар-агар
микробиологияда, химияда, медицинада және кондитер ӛндірісінде қолданылады.
Ағылшын тҧзы – магний сульфаты кристаллогидратының ертеден келе
жатқан аты. Химиялық формуласы MqSO
4
• 7H
2
O. Оны 1695 жылы ағылшын Н. Гру
Эпсон минерал бұлағының суынан алған. Сондықтан Эпсон тұзы, ащы тұз деген
аттары да бар. Бояу, қағаз ӛнеркәсібінде, медицинада іске жаратылады.
Ағартқыш ізбес – кальций гипохлориті мен кальций хлоридінің қоспасы.
Құрғақ күйіндегі сӛндірілген ізбеске хлор қосу арқылы алынады:
2Ca(OH)
2
+ 2CI
2
= Ca(CIO)
2
+ CaCI
2
+ 2H
2
O
Тоқыма,
ағаш,
химия
ӛнеркәсібінде
тотықтырғыш,
тұрмыста
зарарсыздандырғыш ретінде қолданылады.
Ақ купорос – мырыш сульфатының кристаллогидраты ZnSO
4
• 7H
2
O.
Металдық мырыш және мырыштың басқа қосылыстарын алатын маңызды тұзы.
Бояу ӛнеркәсібінде медицинада антисептик есебінде қолданылады.
Ақ магнезия – магнийдің негіздік карбонаты – 4MqCO
3
• Mq(OH)
2
• 4H
2
O.
Табиғатта кездеседі және қолдан алынады. Қыздырғанда кӛміртек диоксидін бӛледі,
таза магний оксидін алу үшін пайдаланылады. Ақ магнезия опа, тіс порошогы,
нәрсенің бетін жуатын ұнтақтың негізгі бӛлігі. Бояу, қағаз, каучук ӛндіргенде
толықтырғыш ретінде қолданылады.
Алебастр – гипстің майда түйіршікті түрі. Формуласы – 2CaSO
4
• H
2
O. Гипсті
қатты қыздыру арқылы алады. Сумен араластырғанда қатайып, қайтадан гипске
айналады.
Құрылыста,
медицинада
байланыстырғыш
материал
ретінде
қолданылады.
Алмас – сынап хлориді – HqCI
2
. Суда және органикалық еріткіштерде еритін
ақ ұнтақ. Күшті у. Сынаптың ӛзге тұздарын алу үшін медицинада дәрі,
зарарсыздандырғыш ретінде қолданылады.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
89
Аммиак суы – тас кӛмірді кокске айналдыруда кокс пештерінде түзілетін
аммиактың судағы ерітіндісі. Аммиак суы сұйық тыңайтқыш ретінде, сода ӛндіруде,
органикалық синтезге қолданылады.
Аммонол – аммоний нитратының алюминий мен кӛмірдің қоспасы,
аммониттер тобына жататын қопарғыш зат.
Ангидрит – құрамында су молекуласы жоқ кальций сульфаты. Су сіңірсе
гипске айналады.
Ангидрон – магний хлораты (перхлораты) Mq(CIO
4
)
2
. Ақ түсті кеуек масса, су
тартқыш зат. Газдарды құрғату үшін пайдаланылады. Су сіңіргенде үгітілмейді,
кристаллогидрат түзеді.
Антимоний – сурьма элементінің аты. Химия тарихшысы Липманның айтуына
қарағанда, грекше «гүл» деген сӛзден шықққан. Сурьма жылтырының ине тәрізді
кристалдарының пішіні гүл секілді болғандықтан осылай аталған. Белгілі жазушы Я.
Гашек антимоний атауы монахтарға қарсы сӛзден шықты дейді. Бавариядағы
Штальгаузен шіркеуінің иесі Леонардус философия тасын іздейді. Бірде тәжірибеден
қалған затын қораға тастайды. Ол затты шошқалар жалап жүргенін кӛреді. Біраздан
соң шошқалар қатты семіріп кеткенін байқайды. Шіркеудегі сопылар сіңірі шыққан
арық болатын, оларды семіртейін деп ойлаған Леонардус жаңағы заттан тамаққа
қосады. Ертеңінде қырық сопы қиналып ӛледі. Сопыларының ажалына себеп болған
затқа қарғыс айтып, антимоний деген ат қойыпты.
Антихлор – натрий тиосульфатының – Na
2
S
2
O
3
• 5H
2
O – техникалық аты.
Құрамында күкірттің тотығу дәрежесі -2-ге тең атомы бар болғандықтан күшті
тотықсыздандырғыш. Дүние жүзілік соғыста улы зат есебінде қолданылған.
Барит – Барит ағы, Бланфикс – барий сульфаты BaSO
4
. Ол 1602 жылы
органикалық заттармен қосып қыздырғанда жарық шығаратын қасиеті бойынша
ашылған. Ауыр шпаттың мӛлдір кристалдары оптикалық құралдарда қолданылады.
Бертолле тҧзы – калий гипохлораты. Түссіз кристалдар түзеді. Ыстық суда
жақсы ериді. Күшті тотықтырғыш. Лабораторияда оттегін алу, хлор алу үшін
пайдаланылады. Сіріңке ӛндірісінде, пиротехникада қопарғыш заттар алу үшін
қолданылады.
Бордос сҧйығы – мыс гидроксиді мен мыс сульфатының қоспасы [Сu(OH)
2
]
3
•
CuSO
4
. Саңырауқұлақтарға қарсы қолданылатын дәрілердің ең тиімдісі. Кӛбінесе
жеміс-жидек ӛсімдіктерінің зиянкестеріне қарсы қолданады.
Глаубер тҧзы – мирабилит – Na
2
SO
4
• 10H
2
O. ХVІІ ғасырда неміс химигі И.
Глаубер ашқан. Ӛзі іш ауруынан емделіп, тұздың шипалық қасиетін бірінші
байқаған, «мирабилис – ғажайып тұз» деп атаған. Бұл тұзды Глаубер лабораторияда
натрий хлоридіне күкірт қышқылымен әсер ету арқылы алған. Глаубер тұзы шыны,
сода ӛндірісінде және медицинада қолданылады.
Гмелин тҧзы – калий гексоцианоферраты (ІІІ), комплексті тұз K
3
[Fe(CN)
6
].
Қызыл қан тұзы деп те аталады.
Жавель суы – калий немесе натрий хлориді мен гипохлоридінің судағы
ерітіндісі. Маталарды ағартатын қасиеті бар. Кейбір ағартқыш ізбестің әлсіз
ерітіндісі де Жавель суы деп аталады.
Ізбес – кальцийі бар қосылыстардың жалпы аты. Ізбестің түрлері кӛп. CaO –
сӛнбеген ізбес; Ca(OH)
2
– сӛндірілген ізбес; CaO + MqO – вена ізбесі немесе
магнезия ізбесі; 2CaO + NaOH – натрон ізбесі; CaOHNO
3
– селитра ізбесі.
Карборунд – силиций карбиді SiC. Ӛте қатты зат. Металдарды ӛңдеу үшін
қолданылады.
Карболка – фенолдың 50%-дық ерітіндісі медицинада дезинфекциялағыш
ретінде пайдаланылады.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
90
Достарыңызбен бөлісу: |