Біздің осы сабақ жоспарымызда балалар бақшасы тәрбиеленушілеріне
моншақтармен жұмыс істеуді үйрету жолдарын қарастырдық. Қолдың ұсақ
моторикасын дамытуға ерекше кӛңіл бӛлдік.
Бұл жұмысқа ата-аналарды тартып, кӛрме ұйымдастыру арқылы балалардың
шығармашылығын арттырдық. Бұл сабақ жоспарын жас мамандар, тәрбиешілер, ата-
аналар ӛздеріне кӛмекші құрал ретінде пайдалана алады.
Жҧмысымыздың мақсаты:
- Балаларды жаңадан алынған кеспе түрлерімен таныстырып, олармен жұмыс
жасауды үйрету;
- Моншақтармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру;
- Ой-қиялдары мен шығармашылықтарын дамыту және алдарына мақсат қоя
білуге үйрету;
- Қолдың ұсақ моторикасын ӛрнектерді, бүлдіргендерді әшекейлеу арқылы
дамыту;
- Саусақ бұлшық еттерін жетілдіру;
- Қол ӛнері нәтижесінде эстетикалық талғамдарын арттыру.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
69
Қҧрал-жабдықтар: моншақтар, әр түрлі кеспелер, ағаштарға арналған дайын
моншақ бұтақтары, балықтардың қиылған бейнелері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, кӛрсету.
Әрекет кезеңдері: ынталандыру, балалардың сезімдерін ояту.
Негізгі іс-әрекеттер, тәрбиешінің іс-әрекеті, психологиялық сәт:
Армысың, алтын күн!
Армысың, асыл жер!
Армысыз, қонақтар!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің алақаным!
- Балалар, бір-бірімізге жылы жүзбен қарап, қуаныш сыйлайық. Осы алған
күш-қуатымызбен сабағымызды бастайық.
- Балалар, бізге шақыру билеті келіпті. Біздің балабақшада кӛрме болғалы
жатыр.
- Бәріміз барып кӛрмені тамашалайық.
Балалардың іс-әрекеті:
Балалар тақпақты мәнерлеп айтады. Кӛрмедегі заттарды кӛріп, тамашалап,
қысқаша сипаттайды.
Әр нәрсені қысқаша сипаттау.
- Балалар, бізде бүгін осы кӛрмеге жұмыстарымызды қойсақ дұрыс болар деп
ойлаймын.
Күтпеген сәт:
Қонаққа Дымбылмес келіп, амандасады және таңқалады:
- Мұнда не болып жатыр?
- Біз кӛрмеге келдік, сіз не істеп жүрсіз?
- Мен адасып қалыппын, - деп Дымбылмес жылайды.
- Неге жылайсың?
- Мен сабаққа барайын деп ойлап едім, бірақ мені алмайды ғой. Ӛйткені мен
түк білмейді екенмін. Сендер маған кӛмектесесіңдер ме?
- Ал сіздің сандығыңызда не бар?
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
70
- Білмеймін, ӛте ауыр бірдеңелер жатыр.
- Қане, кӛрейік.
- Балалар, мұнда неше түрлі кеспелер бар екен, моншақтақтар және мынау не
екен?
- Балалар, мынау неге ұқсайды?
- Ағаштардың бұтақтарына.
- Балалар, қане, Дымбілмеске кӛмектесейік пе?
- Бізде мұнда, міне, шеберхана да бар, қане, бәріміз шеберханаға барып,
Дымбілместің әкелген заттарынан неше түрлі әдемі бұйымдар жасайық.
- Балалар, мынау неге ұқсайды?
- Олардың түстері қандай?
- Балалар, осы кеспелерден не жасауға болады?
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
71
- Олардың пішіндері қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
- Тағы неге ұқсайды?
- Мынау не?
- Оларды да кеспелермен безендіреміз.
- Ал мынау не?
- Оларды немен әшекелейміз?
- Ой, мынау не?
- Ол – балалар, құрғақ аквариум. Оның ішінде ұлулар бар екен.
Олар маған бірдеңе дейді.
- Жақсы, жақсы.
- Балалар, олардың кӛңіл-күйлері болмай тұр, олар теңізде жүзіп жүретін
балықтарды жасауды ұсынып отыр. Жасайық па?
Қандай балықтарды білесіндер?
- Ал, балалар, біз серуенге шыққанда біздің аулада не ӛсіп тұр?
- Мұнда, міне, тек қана ағаштардың діндері.
- Дымбілмес, бұтақтары қайда екен?
- Олар маған ренжулі. Мен бұтақтарын жұлып тастағам.
- Балалар, ағаштардың бұтақтарын жұлуға бола ма?
- Жоқ, болмайды.
- Біз ағаштарды қалай күтуіміз керек?
- Жақсы күтуіміз керек.
- Ендеше Дымбілместің қателігін жӛндейік пе?
- Ендеше, балалар, қане, бәріміз жұмысқа кірісіп, әр заттың кӛңіл-күйлерін
кӛтерейік.
- Қане, бірінші үстел, бітірдіндер ме?
Не жасадыңдар?
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
72
- Қане, бүлдірген деген сӛзді буынға бӛлейік.
Неше буын бар осы сӛзде?
Бүл-дір-ген.
- Үш буын бар.
Екінші үстел, не жасадыңдар?
- Балалар, балық деген сӛзді тақтаға жазайық.
- Кім барып балық деген сӛзді тақтаға жазады?
Сергіту сәті.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
73
Осы балықтарды құрғақ аквариумға орналастырайық.
- Үшінші үстел, не жасадындар?
- Гүлдер туралы кім тақпақ айтып береді?
Тӛртінші үстел:
- Настя, қандай жұмыс жасадың?
- Мен ожауды жасап, безендірдім.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
74
- Ожаудың түсі қандай? Моншақтардың түсі қандай?
- Ожаудың түсі ақ.
- Моншақтардың түстері қызыл, сары.
- Ал мына үстел не жасады?
- Біз ағаш жасадық.
- Сендер ағаш деген сӛзге сӛйлем құраңдар.
- Жарайсындар, балалар.
- Дымбілмес, саған балалардың жұмыстары ұнады ма?
- Ия, ӛте ұнады!
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
75
- Біз бүгін сабақта не жасадық?
- Біз кӛп заттар жасадық.
- Енді осы заттарды кӛрмеге қояйық.
- Ата-аналармен, балалармен бірге кӛрме ӛткізейік.
Астанадағы Бәйтеректің, биік үйлердің бейнелері
Мұнда әртүрлі өсімдіктер, көлік бейнеленген
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
76
Гүлдердің жапырақтары, қызыл, қою көк, ақ, сары, әдемі гүлдер
Гүлдер, гүлдер шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, кӛк гүлдер,
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Ағаш бұтақтары
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
77
Балықтар, шортан, кит, дельфин, сегіз ақ, жұлдызшылар
Балалар жасаған қазақ оюларына ұқсайтын гүлдер, қаз бен қоян және әдемі сөмке
Ағаштарға су құюымыз, олардың астыңғы жағын ағартуымыз керек
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
78
Мына әдемі гүлдерді де балалар өздері жасады
Осылайша, балалар шаршы, сопақша, таяқшаларға ұқсайтын заттар жасады.
Моншақтардан бүлдіргендердің, аквариумдағы балықтардың, ағаштардың, теңіз
балықтарының бейнелерін безендірді.
Қортындылау. Осылайша, сабақ ӛте кӛңілді және қызықты ӛтті. Балалар
моншақтардан әсем заттар жасап, үлкен әсер алды.
Резюме
В данной разработке урока воспитатели рассматривают виды работ с биссером.
Они особо обращают внимание на мелкую моторику рук детей. Для развития
творческих способностей детей были привлечены родители и организована
выставка. Данная работа предназначена для молодых учителей, воспитателей, а
также для родителей.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
79
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «ҤЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН ЖҦМЫСТАР
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
КЕҢЕС Айым Ғалымжанқызы,
Б. Қаратаев атындағы Саралжын орта жалпы білім
беретін мектебінің 9 сынып оқушысы, Қаратӛбе ауданы,
Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ҚОЖАМҦРАТОВА Қарылғаш Қҧрманғабылқызы,
Б. Қаратаев атындағы Саралжын орта жалпы білім
беретін мектебі «Информатика» пәнінің I санатты мҧғалімі,
Қаратӛбе ауданы, Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІН ДҦРЫС ПАЙДАЛАНУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Балаға өз бетімен
зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын
ол одан әрі жақсы оқи түседі.
Питер Клайн
Аңдатпа
Интернет желісін дұрыс пайдалану – оның шығу тарихы, қарқынды дамуы,
сонымен қатар Интернет технологиясы туралы мәселелер зерттеліп, тиімді қолданыс
түрлері қамтылған.
Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, қоғамдағы демократияның ӛрісі кеңейген
шақта адамның қоғамдық та, тұлғалық та рӛлі жаңа сипатқа ие болды.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың
жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер
Тӛстік ертегісінде Тӛстік жыл санап емес, ай санап, күн санап ӛсіпті дейтін жері
болатын. Сол Ер Тӛстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол –
бүкілғаламдық желі Интернет деп санар едім.
Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері,
мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты
миллиондаған қайнар кӛзінен ақпарат алуға болады.
Қазіргі кезде Интернет сӛзін пайдаланғанда, физикалық желінің ӛзін емес,
дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.
Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RPC құжатына сүйенсек, онда
бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.
Егер Интернет сӛзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер
пакетін бағыттау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде
ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Кӛбінесе, бұл екі түсінікті бір-
бірінен ажыратып жатпайды.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
80
Интернет – кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу
мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет – байланыс араларын ӛзара
біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Әрбір топтарда кӛбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс
істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты
кейде хост деп атайды.
Торапты оның иесі – провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін
жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл
ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз – басқаша тәсілмен
үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен
жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді ӛзгертпейді.
Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс
істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар
беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-
қайсысы да басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.
Электронды пошта немесе e-mail (electronic mail – электронды пошта) адамдар
арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның
Интернеттегі негізгі функциясы – планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің
кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен – мәтіндік
хабарламамен оперативті және ӛте тез алмасуды жүзеге асыру.
Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға
болады:
дыбыстық
хабар,
құжаттарды,
сызуларды,
фотосуреттерді,
бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету
және әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-
әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат
қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау.
EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic
Funds Transfer – ақшалай қаражатты электронды аудару) жәнe EDI (Electonic Funds
Data Interchange – мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде
қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару. Қазіргі
уақытта кез келген ақпараттық технологияның жаппай техникалық компоненті
компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны
пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық
пошта режимінде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ,
электрондық пошта ӛте қолайлы жене аса қымбат емес.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
81
Интернет желісінің жалпы тарихына тоқталсақ. 1957 жылы Кеңес Одағы
Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты
тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу
жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды.
Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу
орталығына, Юта штатының университетіне және Санта-Барбара қаласындағы
Калифорния
штатының
университетіне
тапсырылды.
Компьютерлік
желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған тӛрт ғылым орталықтарын
біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып
отырды. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі
салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.
ICANN-ның Марина Дель Рейдегі штаб-пәтері, Калифорния штаты, АҚШ
Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі
Калифорния университетінде орнатылды. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ
оперативті жад бар болатын.
1971 жылы желі арқылы электронды пошта жіберуге мүмкіндік беретін
алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы кӛмегімен
Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1970-жылдары Интернет желісі негізінен электронды поштаны жіберу үшін
пайдаланылды. Бірақ, Интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде
жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.
1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен
тарай бастады, олар 1982-1983 жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1
қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан ТСР/IP протоколына кӛшірілді,
бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы
«Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.
1984 жылы домендік аттар жүйесі DNS жасап шығарылды.1984 жылы
ARPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF)
университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін
құрып, оған кӛптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet
және Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті
ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10
мыңдай компьютер қосылды.
1988 жылы Интернет Relay Chat IRC протоколы жасалып, Интернетте нақты
уақытта сӛйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
82
1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес CERN
қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын
ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін
және URI идентификаторларын ойлап тапты.
1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай,
ӛз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті
(Dialup access).
1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі
NCSA Mosaic браузері пайда болды.
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді
Интернеттің
барлық
траффигін
бағыттаумен
Ұлттық
ғылыми
қордың
суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы
Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жӛнінен
басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі кӛзіне айналды,
Бүкіләлемдік тор консорциумы W3C құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті
ӛзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға
болады. 1996 жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай
ауыстырды деп айтуға болады.
1990-шы жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің кӛпшілігін біріктірді
(Фидонет сияқты кейбір желілер Интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің
техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ
болғандықтан, Интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне кӛп әсерін тигізді.
1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік
аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.
1998 жылы Рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет күні 30
қыркүйек деп бекітті.
Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес,
сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар,
телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр
желілері арқыы да байланысуға болады.
Интернет технологисы жылдам ӛзгеріп отырады. Интернетпен жұмыс істеу
оңайланғандықтан, қазіргі ӛзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен
қолдануында болып отыр. Дегенмен, «Web-тен білгім келген нәрсе туралы ақпарат
таба аламын ба?» деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа телефон соғудан
бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен ақпарат алады.
Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенін білмесеңіз, оны
қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сіз қызмет
каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.
Компанияларды, ӛнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ
(Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі сізді қызықтыратын мамандықтары бар
компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз сол салаға
сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша ӛзіңіз қолыңыз жетпей жүрген затыңызды да
табуға болады.
Зерттеу. Заң кеңселері бұрын қажетті ақпараттар үшін сағатына $8600 тӛлесе,
қазір олар оны Интернеттен ӛте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен
айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Интернетке сай келетін
демографиялық мәліметтерді пайдаланады. Ғалымдар ӛздерінің соңғы зерттеу
нәтижелерімен бӛліседі. Интернет кӛмегімен бизнесмендер болашақтағы
нарықтарды үйренеді.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
83
Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту бағдарламаларын бақылап
отыра алады. Колледж оқытушылары ӛз шаңырақтарымен электрондық пошта
арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сӛйлесу ақысын үнемдейді.
Студенттер компьютерде курстық жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық
режимде энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті материалдарды
алуға болады.
Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те туристік
және басқа да қажетті ақпараттардан табуға болады. Желіде сапар шегушілер ауа
райы туралы мәліметтерді, кӛлік қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың
жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала алады.
Маркетинг және сауда. Мұнда бағдарламалық жабдықтарды шығарушы
компаниялар ӛз ӛнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі кӛмегімен
басқа да түрлі ӛнімдер сатылады. Электронды кітап және грампластинка дүкендерді
жедел режимде жұмыс істейді. Тұтынушы ӛзіне қажетті мәліметті каталогтардан
кӛре алады.
Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау
саласындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Ӛз білімдерімен алмасып
және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне кӛмектесіп отырады.
Инвестиция. Адамдар акция сатып алып, ақшаларын пайдалы айналымға
жібереді. Кейбір компаниялар ӛздерінің акцияларын жедел режимде ұсынады.
Осылайша инвесторлар жаңа ӛнеркәсіптерді, ал ӛнеркәсіптер капитал табады.
Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама жасау, ӛтініш
жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т.б. жұмыстарды Web-те жасайды. Мұнда
ақпарат барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда қағазды және кӛлік шығынын
әлдеқайда үнемдеуге болады.
Дін. Діни немесе басқа да қоғамдық ұйымдар Web-те ӛздері туралы айтып,
басқа адамдарды ұйымдарына шақыратын ӛз парақтары бар.
1998 жылы наурыз айының басында Республика телекоммуникациялық
компанияларының басқаруымен телекоммуникация ассоциациясы деген жаңа ұйым
пайда болды.
Коммерциялық емес құрылымның шығу мақсаты – кәсіпорынның іскерлігін
байланыстыру, желілер телекоммуникациясының дамуын, ақпараттық технологияны
пайдалану және байланыс қызметін ұсыну.
Ассоциацияның негізгі сан есебінде: отандық және шетелдік операторлар
арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық кӛмек кӛрсету кӛзделген.
Осыған орай тұтынушылар мен қолданушылар арасындағы қызметті де қамтиды.
Мұнда электрондық World Wide Web-тің ӛсуімен қоса, кӛптеген қызықты және
арнайы сайттар пайда болуда. Соңғы уақытта әртүрлі анықтамалар, каталогтар және
мәліметтер қоры (солардың ішінде неше түрлі керекті тақырыптар ақпараты бар)
кіре бастады. Мысалы, сайтта ӛзіңізге керекті Голливудта түсірілген фильмді таңдап
алып, сол фильм туралы толық анықтама алуға болады. Оның жанрын, актерлік,
режиссерлік бӛлімін және фильмнен бірнеше кадрларын кӛрсетіп шығарады. Сол
жерден сізді қызықтыратын кино актерлері, режиссерлері және дауыс операторлары
жайында толық мәлімет ала аласыз.
World Wide Web – қазіргі заманғы Интернеттің ең танымал қызметі. Оны
кӛбіне Интернетпен теңестіреді, бірақ шын мәнінде бұл оның кӛптеген
қызметтерінің бірі. Бір Web-серверде бірнеше сайттар болуы мүмкін. Электронды
Web-құжаттарды принтерде басу үшін емес, компьютер экранында қарап шығуға
арналған. Web-парақтарды қарап шығуға арналған бағдарламалар браузерлер деп
аталады.
№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
84
World Wide Web түп-түгел гипермәтіндерден тұрады. Гипермәтін – мәтінің
дара блоктарымен байланысты ассоциациялық түрде ұсынылған мәтін.
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік, оның қай жерде екені бізге
белгілі болсын. Енді сол файлды ӛз компьютерімізге қалай әкелу жолын
қарастырайық. Мұндай мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп аталатын
жүйе қолданылады (File Transfer Protocol-FTP).
FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас жасау үшін әркім стандартты кіру
сұхбатын орындау керек. Оның бір мысалы мынадай болу керек: Open named
password-FTP – серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
- Open FTP – сервермен қатынас жасауды сұрау;
- Қажетті ақпаратпен толықтырылған аты немесе anonymous;
- Password – сұраушы адамның паролі немесе оның пошталық адресі.
Тәуелсіз елді ӛркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін
тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ болмақ. Әр заманның ұсынары бар және
қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру – ұлы мұрат.
Достарыңызбен бөлісу: |