4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Қазақ халық ауыз әдебиетінің жұмбақ жанры



бет13/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
ха общий

23. Қазақ халық ауыз әдебиетінің жұмбақ жанры

Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.


Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп кездеседі (мысалы, Жігіт пен қыздың жұмбақ айтыстары, Сапарғали мен Нұржанның айтысы, т.б.). Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті болып келеді, бірінші бөлікті Жұмбақтың байлауы, екінші бөлікті Жұмбақтың шешімі деп атайды. Жұмбақта заттың түрі-түсі, көлемі, қасиетімен қатар, оның атқаратын қызметі немесе қимыл-әрекеті де айтылады. Жұмбақ – таным құралы, сондықтан бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап, сан қырынан тануға болады. Кейде байламның барлық қасиеттері толық суреттелмей, бір ғана белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан Жұмбақ шешуін табудың ауыр-жеңілдігі нысан суретінің қаншалықты толық, дәл берілуінде. Жұмбақты шешу – сипаттамадан соң сыңар бейнеден байламды табу арқылы жүреді. Сипаттамада байламның белгілері айтылады, осы белгілерге қарап нысанды ойша кескіндеу, елестету, мәтінді ести отырып, ұқсастырылған нәрсе мен байлам арасындағы байланысты зерделеу процесі өрбиді. Жұмбақта белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан алуан жолдармен өрнектеледі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік.
24. В.В.Радлов – қазақ фольклорын зерттеуші
В.В. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық еңбегі болды. Бұл көптомдықтың әр кітабы әр түрлі халықтардың фольклорына арналған-ды. Оның 1-кітабы (1886) – алтай, құманды татарлары, шор, саян; 2-кітабы (1868) – шұлым, түрік, хакас; 3-кітабы (1870) – қазақ; 4-кітабы (1872) – барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына айналды.
Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Радлов жинаған фольклор үлгілері «халық өлеңдері» (жеке шумақтар, бата сөз, жоқтау, бақсы сөз, өтірік өлең), «Ертегілер», «Батырлар жыры» («Ер Көкше», «Ер Тарғын», «Сайын батыр») болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет