4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Хайуанаттар туралы ертегілердің бір үлгісіне талдау жасау



бет16/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
28. Хайуанаттар туралы ертегілердің бір үлгісіне талдау жасау
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегілер қиял-ғажайып, хикаялық, тұрмыс-салт, хайуанаттар туралы ертегілер деп бөлінеді.

Осының ішінен хайуанаттар жайлы ертегіге «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты ертегіні алдым.


Тақырыбы: Жыл басы- тышқан
Идеясы: тек өз күшіне сеніп қоймай, ақылына да жүгіну.
Жанры: ертегі
Тәрбиелік мәні: балаларды мақтаншақ болмауға, әр істі ойланып істеуге шақыру.
Композициялық талдау:
Басталуы: Жыл басына таласқан хайуанаттардың жиналысы;
Байланысуы: Әр хайуанаттың өз-өзін мақтауы;
Дамуы: Өз бойына сеніп қалған түйе;
Шиеленісуі: Тышқанның қулығы;
Шешімі: Тышқанның жыл басы атануы.

29. Қара өлеңнің үлгілеріне талдау
Қара өлең – қазақтың ежелгі өлең түрі.
• Қара өлең – ауыз әдебиетінің көне түрі.
• Қара өлеңде қазақ халқының тарихы, тіршілігі, тынысы сезіледі.
• Қара өлеңдер арқылы әлеуметтік мәселелер көтеріліп, ұнамсыз қылықтар сыналады. Ата-бабаларымыздың өмір тәжірибесінен алған тәлімін жастарға ақыл-өнеге ретінде бағыттайды.
• Жас ұрпақты ұлтжандылыққа, адамгершілікке, өнер-білімге үйретеді.

ТОЙБАСТАР
Ассалаумағалайкүм, жиылған топ,
Бұл тойға тағдыр айдап келіппіз дөп.
Болыпты жұрт көрмеген бір ұлы той,
Таң қалып қарағандай жер менен көк.

Басталар оқу басы әліппеден,


Тізілер сөз мәнісі әріппенен.
Тойы бар екі жастың дегеннен соң,
Жиналып, біздер келдік халықпенен.

Біз келдік той бастауға домбыра алып,


Кетуші ек айқай салсақ топты жарып,
Айтайын біраз өлең тойыңызға,
Тыңдаса көп әлеумет құлақ салып.

Төселеген қызыл ала сырмағыңыз,


Құтты болсын шымылдық құрғаныңыз.
Той баста деп көпшілік өтінген соң,
Жарамас бекер қарап тұрғанымыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет