27. Қазақтың жыраулық және жыршылық өнері Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. ХV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Жыраулық үрдіс халықтық өнер мен дәстүрдің тоғысын анық аңғартатын, өте ерте замандарда өмірге келіп, халықпен біте қайнаса, ұлттың ақыл-ойының бір көрінісі ретінде өмір сүре отырып, біздің дәуірімізге жеткен өнер. Жыраулар жаугершілік замандарда жорыққа қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар шығарған. Олардың туындылары адам көңілін дөп басар әсерлілігімен, мірдің оғындай өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, қиыннан қиыстырған көркемдігімен ерекшеленеді. Жыраулық өнердің, жыраулардың көрнекті өкілі ретінде XIV-XV ғасырларда өмір сүрген Сыпыра, Асан қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, XVI-XVII ғасырларда өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырауларды айтамыз.
Жыраулық өнерді фольклортанушы ғалым Тынысбек Қоңыратбаев жүйелі зерттеп, еңбектер жазды. Ғалымның дерегініне сүйенер болсақ, жыраулық дәстүрге сонау оғыз заманындағы ұзандардың өнері бастау болып, Тоныкөк пен Қорқыттан жалғағанын, сөйтіп, XVIII ғасырға дейін дамыған жыраулық поэзия ары қарай жыршылық өнерге ұласқанын білуімізге болады.