4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Мысал айтыстарды тиімді тәсіл ретінде айтыс формасын пайдалану деп түсінгеніміз жөн



бет23/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Байланысты:
ха общий

39. Мысал айтыстарды тиімді тәсіл ретінде айтыс формасын пайдалану деп түсінгеніміз жөн. Зерттеушілердің көбі мысал айтыстарды мазмұнына қарай бөліп алып, жеке түр ретінде талдайды. Мысалы, Х.Досмұхамедұлы: «Ел әдебиетінің түрі көп. Осы түрлерден ескерілмей келе жатқан түр – аруақпен ай- тысу» деп жіктейді. Қазақ халқы өлген адамның рухын, аруағын аса қастерлеген. «Аруақ аттамау», «Аруаққа тас атпау» деген ұғымдар, «Өлі разы болмай, тірі байы- майды» деген сияқты мақал-мәтелдер осы ойымызға дәлел болса керек. Х. Досмұхамедұлы да осы жайды атап айта отырып, там салу, ас беру, өліктің аруағына сыйыну секілді ырымдардың қазақтың шамандығынан қалғанын ескертеді. «Күйікке шыдай алмай сүйгенінің моласына барып зарлайды. Моладағы кісіден жауап алады. Іштегі шерін шығарып, мауқын басады. Өлік зарлаушыға жау- ап береді. Мола басында айтыс болады», – дей келе, «аруақпен айтысу – жоқтаудың бір түрі», – деп түйеді. Біз бұл айтысты мысал айтысына жатқыздық. Себебі, шығарманың пішіні – айтыс, ал сарыны – жоқтау емес, сүйген жарға деген сағыныш, үйде отырып зарлану емес, ерінің топырағын құшып отырып арманын айту. Аруақпен айтысу мағыналық тұрғыдан осылай аталғанымен, мұндай мысал айтыстың «Айтыс» жинағында екі түрі жарияланыпты. Біреуінде ері өлген әйелдің күйеуімен өзара сөйлесуі (Аймаңдай мен Бабас), екіншісінде қалыңдығы өлген ер жігіттің жарымен айты- суы (Ақбала мен Боздақ). 1942 жылғы жинақта бұл айты- стар «Дін айтысы» деген атпен, ал кейінгі жинақтарда «Әдет-салт айтысы» деген атпен жарияланыпты. Ғалым Б. Әбілқасымов фольклортану ғылымының қазіргі саты- сында бұл екі атаудың да термин ретінде пайдалануға жарамсыз екенін, ескіргенін ескертеді. Айтыс діни- наным сенімнен тууы мүмкін немесе діни сипатта келіп, діни мәселелерді көтеруі, діни қағидаларды негізге алып, уағыздаушылық мақсатты көздеуі ықтимал. Алай- да мұндай сарындағы айтыстарды да «Дін айтысы» деп атау қате. «Ақындар айтысы», «Билер айтысы» деген термин екі ақынның сөз таластыруын, екі бидің ой жа- рыстыруын білдірсе, «Дін айтысы» екі діннің таласын көрсетуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет