4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер



бет19/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Байланысты:
ха общий

34.Қазақтың тарихи эпосы
Тарихи эпос – қазақтың жүз, тайпа, ру­ларының бірігуінің, бүкіл халықтың жұдырықтай жұмылып сыртқы жауға қарсы күресінің, егемендік идеясының поэтикалық көрінісі. Халыққа танымал тарихи эпостардың санатында Есім хан мен Абылай ханға, Кенесары ханға, Бөгенбай мен Қабанбай, Ағыбай мен Олжабай сынды ержүрек ерлерімізге, Орақты, Исатай мен Махамбет, Сәтбек, Райымбек, Өтеген, Барақ, Жантай, Сырым, Бердіқожа, Досан, Жәнібек, Бекет, Арқалық, Жанқожа, Мырзаш, т.б. батырларымызға арналған жырлар. Батырлық пен тарихи жырлар халықтың ықыласына бөленіп, көптеген ақын, жыршы, жыраулардың репертуарынан берік орын алып келеді. 


Тарихи жырлар. Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи жырларда кейде оқиғаларжазба тарихке сәйкес баяндалса, кейде қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі.

Түркі халықтары тарихи жырларына Едіге батыр туралы жыр, аңыздар жатады. Едігенің ұрпақтары саналатын Орақ,Мамай, Қарасай, Қази жайындағы жырлар, «Шора батыр», «Ер Сайын» тарихта болған ноғайлы елі тұлғаларына арналған жырлар. Бұл жыр қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар, көшпелі өзбектер, алтайлықтарда сақталған. Тарихи жырларда окиғаның дәлдігі сақтала бермейді.


Әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, коғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан қорытылып бейнеленеді. Бұл жанрда ру-тайпалық мақсаттар қаға-беріс қалып, жалпы халықтық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады.
Бұл жырлардың бәрі - ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты кейіпкерлер - тарихта болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары - көбінесе, сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-ретімен баяндайды. 
"Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға басады" 
Тарихи жырлардың шығу, пайда болу мерзімдері әр халықтың фольклорында әр түрлі. Қазақ ауыз әдебиетінде тарихи жырлар 4 кезеңге бөлінеді. 

  1. Алғашқы кезеңдегі Тарихи жырлар Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтарына карсы феодалдық соғыстар (14 - 17 ғ.) суреттеледі ("Едіге", "Нұрадин", "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази", "Мұсахан", "Телағыс", т.б. жырлар).

  2. Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтарды (18 ғ.) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар туды.

  3. Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандык жолындағы күресті (19 ғ.) сипаттайтын жырлар шьпсғы: "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Досай батыр", "Жанқожа батыр", т.б.

  4. Төртінші кезең 20 ғ-дың басындағы төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар және 1916 жылғы патша үкіметіне карсы халық көтерілісі жайындағы жырлармен шектеледі ("Туар ма екен бізге күн", "Еріксіз келдім елімнен", "Зарлы заман кезінде", "Құлақасқа", "Бекболат", "Ұзақ батыр", "Амангелді" т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет