41. ХІХ ғасырдағы қазақ фольклортануы
Қазақ фольклортану ғылымы – қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.
V–VIII ғасырларда тасқа жазылған көне түркі жазуларында алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи оқиғалар мен эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар, қанатты сөз үлгілері кездеседі.
* «Қорқыт ата кітабы» (VIII–IX ғасырлар),
* Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-түрк» (XI ғасыр),
* Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу біліг» (XI ғасыр),
* Рабғузидің «Қиссасу-л Әнбие» (XIII ғасыр),
* «Кодекс куманикус» (XIV ғасыр), т.б. ортағасырлық жазба ескерткіштерде қазақ фольклорының үлгілері жинақталған.[1]
Дегенмен, қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдан басталады. П.И.Рычков, П.С.Паллас, И.Г.Георги, И.Ф.Фальк, И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады.
Бұл еңбектерде, негізінен, этнографиялық деректерге назар аударылып, таныстырушылық сипат басым болса, XIX ғасырдың басында ғалым-саяхатшылар, әскери адамдар мен елшілер фольклорлық шығармалардың бірлі-жарым мәтіндерін жариялап, мазмұндарын баяндады. XIX ғасырдың 2-жартысында қазақ фольклорының ерекшеліктері жөнінде алғашқы ғылыми пайымдаулар айтыла бастады.
Тәуелсіздік жылдары қазақ фольклортану ғылымына жаңа серпін әкелді. Қазақ фольклорының түрлі жанрларын зерттеуге Бақытжан Уәлиқызы Әзібаева , Едіге Тұрсынов, Тынысбек Қоңыратбаев, Шәмшадин Керімов, т.б. атсалысты. Бұрын жарияланбай келген шығармалар, әсіресе, тарихи жырлар, діни дастандар ғылыми айналымға түсті. Шет елдегі қазақтар фольклорымен, ғалымдарының еңбектерімен етене танысуға мүмкіндік туды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты қазақ фольклорының 100 томдық басылымын шығаруды қолға алды.[2]
42. ХХ ғасырдағы қазақ фольклортануы
Монографияда ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклоры туралы ғылымның жай-жапсары, оның салаларының даму барысын зерттеу, фольклортану ғылымының қандай межелерге жеткенін, қандай мақсаттар қойып, қандай проблемаларды қандай дәрежеде шешкені анықталады. Сондай-ақ сол тұстағы фольклористиканың қай аспектілері зерттелгені, қандай тұжырымдар жасалып, олардың ғылым мен оқу процесіне қаншалықты енгені сөз болады. Сонымен бірге монографияда жарты ғасыр ішінде қазақ фольклоры қалай жиналды және қандай түрде жарияланды, әрі зерттелді деген мәселелер қарастырылды. Бұлармен қатар өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы фольклортануға өздерінің жинаушылық, жариялаушылық әрі зерттеушілік істерімен айтарлықтай үлес қосқан оқымыстылар мен қайраткерлердің еңбектері талданады.
Монографияны жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған қазақ фольклоры бойынша оқылатын дәрістерді, сондай-ақ арнайы курстар, семинарлар жүргізгенде кеңінен пайдалануға болады. Еңбек қазақ фольклорын зерттеушілерге, оқытушыларға, студенттерге, аспиранттар мен магистранттарға, жалпы халық мұрасына қызығушы көпшілік қауымға арналады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында фольклорды теориялық тұрғыдан зерттеу жұмысы Қазан төңкерісінен кейін қолға алына бастады. Бұл кезеңде фольклор мен әдебиеттің өзара байланысын, сондай-ақ қазақ фольклорының жекелеген жанрларын зерттеуге көңіл бөлу өсті. Кеңестік фольклористикада фольклор мен әдебиеттің өзара байланысына ерекше назар аударылды. Бұл мәселені зерттеу жұмыстарының негізі сонау 1920-шы жылдары қалана бастады. Сонымен қатар фольклордың теориялық мәселелері де зерттеле бастады. Мәселен, қазақ фольклорының әр түрлі жанрларының өзіндік ерекшеліктерін ажырату, саралау, сараптау т.б. жұмыстарының негізі қаланды. Көбінесе ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары т.б. тәрізді фольклор жанрлары қарастырыла бастады.
Кеңес кезінде, идеологиялық мақсатта болса да, фольклорды зерттеу ісі кең жолға қойылды, фольклорды зерттеу ең алдымен оқу-ағарту проблемасына бағынышты болды. Бұл қатарда 1920-30 жылдары мақалалар, оқулықтар мен хрестоматиялар жарық көрді (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ә. Марғұлан т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |