4. Мақал-мәтелдер үлгілеріне талдау жасау Новеллалық ертегілер


Ұлыс жырларының үлгілерін талдау



бет26/51
Дата16.12.2023
өлшемі5,25 Mb.
#139951
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
ха общий

43. Ұлыс жырларының үлгілерін талдау
Ұлыс жырлары. Қыс ызғары кетіп, жаздың келуі — тіршіліктің ең сәтті кезеңінен саналған Оны шығыс елдері жыл басы — Наурыз,- ұлыстың ұлы күні ретінде қарсы алып, тойлайтын болған. Қазақ арасында да жыл басы — наурыздың 22 жұлдызы болып саналған. Осы орайда туған өлеңдерді ұлыс жырлары дейміз. Бұл күні тоқсан шығып, күн жылиды, жердің тоңы кетіп, өсімдіктерге жан ене бастайды. Күн мен түң теңеледі. Қыстауда отырған ел жайлауға көшеді. Мал төлден, сүт көбейеді, жатақтар соқа-сайманың сайлап егіске шығады.
Ұлыс күні әрбір үй жеті түрлі дәннен наурыз көже жасап, бір-бірін шақыратып болған. Арпа, бидай, тары, бұршақ жүгері сняқты түрлі дәндер елдің сол кездегі ұғымы боиынша жеті түрлі тірліктің иесіне берілген атама (ас) болып саналған. Сол көжені жұрт үй жағалап жүріп ішкен. Мұны — ұлыс тойы дейміз.
Тойға келген жұрт: «Амансыз ба? Ұлыс оң болсып, сүт мол болсын, қайда барсаң жол болсын. Ұлыс бақытты болсын, төрт түлік ақты болсын, бәле-жала жерге енсін» деп бір-біріне жақсы тілек білдірген. Ұлыс күндері жастар ойнап-күледі, қарт-қариялар еңбек адамдарына ақ бата береді. Демек наурыз жайындағы өлең-жырлардың да еңбекпеп тығыз байланысы бар.
Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Шалдары бата беріскен:
«Сақтай көр» деп терістен, -деп келетін жыр жолдары Наурыз мерекесінің мәнін суреттейді.
Наурыз жырлары қазақ фольклорында айтарлықтай көп емес. Оның бір саласы төрт түлікке байланысты туған өлеңдермен байланысып жатады. Ұлыс жырларының мәні ескірмек емес. Өйткені оның тамыры өте тереңде халықтың көне дәуірлердегі тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты
44. Қазақ діни эпосының ерекшеліктері
Діни эпос- ислам дінін уағыздайтын, Мұхаммед пайғамбар мен оның төрт ярының есімдеріне байланысты мифтік аңыздар негізінде туған эпостар.
 Олар – «Сал-сал», «Зарқұм», «Кербланаың шөлі», «Хазрет расулолланың Мағражға шыққаны», «Жұм-жұма», «Әзірет Әлінің құлдыққа сатылғаны», «Әлінің сараң байды жолға салғаны», «Мұса ғалаиссалам мен Қарын хикаясы», «Жүсіп-Зылиха» т.б.
Ерекшеліктері:

  1. Діни эпостардың негізгі өзегі əлемдік деңгейдегі биік тұлға, пайғамбар, ислам дінін орнықтырушы — Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірімен байланысты. 

  2. Діни дастандар қазақ даласына XVIII ғасырда әуелде ауызша, кейін жазба түрде тарай бастады.

  3. Діни дастандарды 3 топқа бөлуге болады:

  1. 1-топтағылар - «Сал-сал» мен «Зарқұм». Бұлар басқа дінді табынушыларды ислам дініне енгізу жолындағы жорықтарды баяндайды.

 2) Діни дастандарда өсиет, насихат көп орын алады. Бұлар діни сарында жазыла тұрса да, оқиғасы тартымды, тілі көркем, тарихи шындыққа жақын, озбырлық пен қатыгездікке қарсылық нышаны да бар. 2-топқа кіретін Діни дастандар «Жұм-жұма» мен «Әзірет Әлінің пыраққа мініп, Мағражға шығуы».
3) 3-топтағы Діни дастандарда «Әзірет Әлінің құлыққа сатылғаны», «Әзірет Әлінің сараң байды жолға салғаны» және «Жүсіп-Зылиха» қиссаларында діни уағыздардан көрі тұрмыс тіршіліктері, әр алуан жайлар, тағылым, ғибраттар жырланады. 
Қазақтың діни эпосын жандандыруға айрықша үлес қосқан өнерпаз қайраткерлерді жырлаушылар, жинаушылар деп бөлуге болады. Жырлаушылардың өзін екіге, таратушы ретіндегі жырлаушы, нəзира дəстүрінде жырлаушы деп жүйелеген жөн тəрізді. Ал жинаушыларды ХІХ ғасырдағы, кеңес дəуіріндегі, қазіргі кездегі деп кезеңдік тұрғыдан қарастыра аламыз. Осылардың көшбасында Майлықожаның, Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің, Шəді Жəңгіровтің, Жүсіпбек Шайхысламұлының тұратындығы ақиқат. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет